Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет246/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Сонда екі жыл, мен не істеймін, қалай күн көрем бала-
мен?
– Менің айлығым карточкама түсіп тұрады, сонымен ба-
ланы оқытып күн көресің.
– Егер басымда баспанам болса үндемес едім, үйдің түрі 
мынау, қашан қуып шығады деп қопаңдап отырмыз, – деді 
əйел.
Екеуінің тірлігін қалай қарай бұрса да айналып келіп бас-
пана мəселесіне тіреледі. Баспана жағдайын түзеп алмай еш-
бір  ұмтылыстары  алға  баспайтыны  айдан  анық  болып  тұр. 
Сəттің үй-іші сияқты несиеге болса да пəтер алса ма екен? 
Екеуі  қанша  ойласа  да,  қанша  достарымен  ақылдасса  да 
мəселе алғашқы жарнасын төлеуге келгенде «бар ғыз ба сым 
барғызбас  болды  дегендей»  ауыздарына  құм  құ йы ла тын. 
Алатын үйдің отыз пайыз құнын алдын ала төлеуге қар жы-
ны қайдан алады. 
Жария  қазақтың  əйеліне  тəн  көнбістікпен,  қашанда  кү-
йе уі нің  айтқанымен  жүретін  анасынан  көрген  тəрбиесімен 
қан ша  қиналып  тұрса  да  Мақсұттың  оқуға  деген  ынтасын 
қай тар май Түркияға барып білім жетілдіріп келуіне келісті. 
Мақсұттың оқуға баратын мезгілі жақындаған сайын ішін 
бірнəрсе  қуыстап  кеміріп  жатқандай  мазасыз  күй  кеше  ба-
стады. Не болатыны белгісіз баспанаға жары мен ұлын қал-
ды рып, қызын енесіне тапсырып кетіп бара жатқаны жанын 
жейді.  Бармайын  десе,  арғы  жағынан  бір  сезім  «осы  жолы 
оқып,  докторлығыңды  қорғап  кел,  сонда  сенің  өміріңе  бір 
жарық сəуле түседі. Жолың ашылады», – дейтіндей. Ақыл-
да са тын дай кімі бар, жасы жетпістегі анасы сауатсыз. Ала-
көл дің маңайында жалғыз інісінің қолында. Батасын берген-
нен басқа берері де, қосар ақылы да жоқ. Ол кісінің аналық 
ақы лы осы заманның оқыған баласы мен нарықтың жағадан 
ал ған жанталасына жұлық болар ма?! 
Жанын  қоярға  жер  таппай  кеткен  соң,  үлгі  алып,  дəріс 
тың да ған институттағы Ағыбай Слəмұлы деген доктор аға-
сы нан барып ақыл сұрап еді,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет