Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет248/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
айтса нанғысыз оқиғалар болып жататын көрінеді. Оларын 
«адамдардың тағдыры, медицина саласындағы жаңа баста-
ма», – деп бастап, жаны қалмай келіп Жарияға тү сін ді реді. 
–  Қазаққа  көбею  керек.  Статистикалық  мəліметтер  елі-
міз де гі  отбасылардың 15 пайызы  балалы  болуға  қабілетсіз 
дейді, 30 пайыз  отбасының  репродуктивтік  технология  бо-
йынша  емделуі  қажет.  Əрбір  бесінші  отбасы  бедеуліктен 
қор лық  көріп  отыр.  Соңғы  уақытта  кейбір  мəжбүр  болған 
жағ дай да перзент бұйырмаған отбасы «бала табудың» жаңа 
тə сі лі не  көшкен.  Бұл  əйелдің  жатырынан  операция  кезінде 
айырылып  қалған  жағдайда,  немесе  жатыры  болса  да  жү-
рек  ауруына,  бүйрек  ауруына  байланысты  бала  көтеруге 
ден сау лы ғы  жарамайтын  жағдайларда  амал  жоқ  жүгінетін 
тəсіл. Яғни, суррогат анаға – қазақша құрсақ анаға сүйенеді. 
Мұ ның тиімді жағы – өз ұрпағын жалғастыру, ша ңы рақ тың 
шай қал мауы, жұбайлардың жарасымды өмір сүруі. 
«Тапсырыспен» бала көтерген ананың қызметі тегін тұр-
май ды. Баласыз жақ пен бала тауып бере алатын жақ ке лі сіп 
мəселесін  шешеді,  табиғатымызға  жат  болса  да,  бұл  үр діс 
өмірімізге еніп келеді. Балаға құштар болған ата-ана ме ди-
ци на ның мұндай мүмкіндігіне қуанады. Біз соған кө мек те-
се міз», – деп барып бір тоқтайды. 
– Сендердің орталықтарың шетелден көргендерін ұсын-
ға ны мен оны біздің халық қалай қабылдар екен? – деп Жа-
рия қарсы сұрақ қояды.
– Денеден тыс ұрықтандыру (ДТҰ) орталықтардың қыз-
ме ті не жүгінетіндердің 90 пайызы өзіміздің қаракөздер. «Ба-
лалы үйді – базарға, баласыз үйді – қу мазарға» теңейтін қа-
зақ үшін өмірінің соңында жалғыз қалудан үлкен қасірет жоқ. 
Осы ДТҰ негізінде жасалған құрсақ ана (суррогат ана) тə сі лі 
көпшілікке қолданыла бермейді, тек қана жатыры жоқ неме-
се денсаулығы жүктілікті көтермейтін əйелдерге ғана жа сау-
ға болады. Немесе кейбір жағдайда бірнеше рет ДТҰ жасап, 
жатырында өз эмбриондары өнбей қалған əйелдер, ке ле сі де 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет