Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет250/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
се тін көрінеді. Əрине мұндай көмек алатындардың қалтасы 
қа лың болмаса мəселе шешілмейді. Донор болатындар мен 
құр сақ ана болатындардың еңбегін шарт бойынша тапсырыс 
беретін жұбайлармен нотариус арқылы өзара келісім жасап 
тө лей ді екен. Осылай оны заңдастырып та қойыпты.
Шараның айтуынша балаға зар болып жүргендердің кей-
бірі  тіпті  пəтер  де  алып  береді,  ақшалай  да  үлкен  ба ға мен 
келісетіндері де бар көрінеді. «Балаға тапсырыс беретіндер 
құрсақ аналарды да таңдайды. Кез келген туып берем деген-
ге келісе салмайды. Олар алдымен ананың ден сау лы ғы ның 
жақсы болғанын, мінез-құлқының орнықты болғанын, наша, 
арақ-шарап,  темекі  сияқты  жаман  əдеттерден  аулақ  бол ға-
нын алдымен талап етеді. Кейбіреулері тіпті жоғары білімді, 
интеллигентті  отбасынан  шыққанын,  мейірімді  болғанын 
талап етеді. Өткені балаларын тоғыз ай бойы жүрегінің тү-
бін де көтерген адамның қанша айтқанымен қаны араласып, 
соның бойынан нəр алатындықтан келешекте мінез-құл қы на 
əсер етуі мүмкін ғой. Ондай жоғары талап қойғандар тө ле-
мін де жоғары төлейді» – дейді. 
Шараның  əр  келген  сайынғы  əңгімесі  əсер  етті  ме,  кү-
йеуі  алыста,  өзі  қайтсем  отырған  баспанамнан  айырылып 
қал ма йын деп уайыммен жүрген келіншекке күндердің кү-
нін де «Сондай шын ғаріп болып баласыз жүрген отбасына 
бала туып беріп Мақсұт келгенше бір баспана жасап алсам 
ба екен?», – деген ой да түсті.
– Апа, мынандай хат келді, – деп қарсы алды баласы, қо-
лын да алақандай қағазы бар. 
Ұлының қолындағы қағазды алып оқыған Жарияның көзі 
қарауытып, «Бəрібір  осылай  болатынын  білгем», – деп  ой-
лап орындыққа отыра кетті. Дəрмен анасына шошына қа рап 
қалған:
– Апа, көкемнен бе? – деді.
– Жоқ, балапаным, үйді бір айдың ішінде босатыңдар, – 
депті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет