Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет45/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
49
ңе ше сі не  жəне  көкесінің  өсіп  келе  жатқан  қызы  Жа на тай ға 
бір-бір  алтын  сырға  алды  ана  пəледен  жасырып  беруге.  Ол 
сыр ға лар  кезінде  Жирен  шалдың  бұған  сапарлап  қайт қан да 
əке ле тін базарлығы еді ғой. Енді оларды несін сақ та сын. Одан 
да жақындары жарқырап тағып жүрсін деп ойлады. Баласын 
жуындырды. Ермет көкесі шашын тықырлап алып бер ді.
– Əни, əтиім алып берген бешпентімді кием бе? – дейді 
қуа нып жүрген ұлы.
– Жоқ, құлыным, оны Қажы атаңның медресесіне күзде 
тіл сындырып, қаріп тануға барғанда киесің. Əзірге Шəлиға 
апаң тіккен кеудешең мен шалбарыңды кие ғой, – деп маң-
да йы нан сүйді.
Төрегелдінің төсегіне жатқалы бері осы ұлының алдында 
өзін кінəлі сияқты сезінеді. Бала боп шын қуанғанын бірін-
ші көріп тұр көптен бері. «Шешесінің жанында жүріп же тім 
болды-ау, жарығым», – деп ойласа көмейіне тас ты ғыл ған-
дай болады.
Түс ауа қос атты парлап жеккен арбаға Төрегелді, Хадиша 
жəне Тауфиық мініп жолға шықты. Келіншектің есіне жирен 
шалдың  алтындатқан  пəуескесімен  төркініне  баратын  сал-
танаттары түсті. Үш-төрт жыл болыпты ғой елге бар ма ға лы 
да. Төрегелді екеуінің ортасында отырған ұлы біраз жүр ген 
соң  қалғи  бастады.  Шешесі  алдына  алып  бауырына  басып 
отырып əндетті.
Айналайын қарағым, кекілдім-ай,
Балапаны аққудың секілдім-ай.
Қолда барда алтынның қадірі жоқ,
Қолдан ұшып кеткен соң өкіндім-ай.
Шилі өзен қамыс-ай,
Бізді ойлай жүр таныс-ай…
деп анасы Зерліқанның іс тіккенде мəшинесінің құлағын бұ-
рап отырып айтатын «Шилі өзенге» салды. Сондайда Қан тай 


50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет