Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет73/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
81
шала туды. Адам болмай ма деп қорқып жүріп тымаққа са-
лып бағып алды. Артынан жеті жылдай қара ермей жүр еді, 
əкесіне ұқсап жалғыз болып қала ма деп жүргенде құ дай ға 
шүкір, келіні биыл бірдеңе көтерген болды. Ендігі бақ қа ны – 
соның  жүрген-тұрғаны,  ішкен-жегені,  қабағы. «Жа рат қан-
ау, жомарт едің ғой, мені тағы бір қуантшы, Қай ра тым ның 
соңынан  бірдеңе  ілестіре  гөр», – деп  жалбарынады  бай ғұс 
ана  күні-түні.  Келінін  сорпалап  жатқызып  қойды.  Ұлы  əлі 
жоқ, не түске келмеді. 
– Өсержан тағы «Жұлдыздыға» кеткен ғой, егіннің уағы 
емес  пе? – деп  келініне  қарап  сөйлеп,  күні  бойы  жо ғал ған 
ұлын ақтағандай болады. Бəрін біліп жатқан Раушан не де-
сін, үндемейді. Алдымен Қайрат келген қас қарая, балалар-
мен ойыны қанып даладан. 
– Апа, көкелер соғысып жатыр дейді балдар, – деді.
– Қой қайдағыны айтпа, соғысқаны несі, жəй ес ті ген де-
рін  айтқан  шығар, – деп  шешесі  мəн  бермегенсіп  еді,  бала 
та қым дап қояр болмады:
– Апа, біз соғысады екеміз. Көкелер алысқа барып со ғы-
са ды екен, Əріпбай айтты.
– Қой, қайдағыны айтпа, əжең естімесін. Қолыңды жу да, 
та ма ғың ды іш, тым сөзқұмар болма! – деп ұлына жекіп қой-
ды. Əріпбай дегені арғы көшеде тұратын ересек бала.
–  Ибай-ау,  мына  бала  қайда  жүр.  Қой,  Раушан,  мен  жа-
тайын. Қайратжан күні бойы ойыннан сүрсігіп келді, – деп 
кейуана төсегін жайғастыра бастады.
Раушанның көзі ілініп кеткен екен, түс көрді...
...Өсер үйге қасқыр алып келіпті, соның ішек-қа ры ны нын 
тура төсегінің алдына алып келіп ақтарып, сарыала тегенеге 
салып жатыр екен. Бір түсі суық еркек, (Мəзімбайға ұқ сай ды 
əскери киім киген) келіп:
– Өсер, сені военком шақырып жатыр, алдыма түс! – деді 
де қаруын кезеніп үйден айдап алып шықты. Апасы Өсер дің 
бар  киімін  түйіншекке  буып,  бас  киіміне  дейін  қал дыр май 


82


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет