Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет70/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Демалыс күндері Өсер де қырдағы Раушан мен Қай рат-
қа жеткенше асығатын. Мондалинасын ала келіп, кешкі сал-
қын да ауыл жастарымен бірге əн шырқайтын. Домбырамен 
Мə ди дің,  Иман-Жүсіптің,  Абайдың  əндерін  тө гіл ді ре тін. 
Рау шан ның да тəп-тəуір əн салатыны бар. Екеуін қыр да ғы-
лар «Жібек пен Төлегеннің қосылған түрі» дейтін. 
Қырдан қалаға қайтар жолда Өсер Раушан мен Қай рат ты 
«Қырық қыздың ауылы» деген атпен халық аузында қалған 
ескі мекенге алып барды. Аңыз бойынша бұл бағ зы заман-
да Шыңғыс ханның Бату деген ұрпағының қызы жа нын да-
ғы  нөкерлері – қырық  қызымен  еліне  қайтып  бара  жат қан 
жолда  арқада  қар  қалың  болып,  қыстап  шыққан  орны  де-
седі. Ханшайымның сарай болды десе сенетіндей, үл кен бір 
бөлме бөлекше тұр да маңайында көптеген тағы бөл ме лер-
дің орны бар. Сол мекенде қанша жасқа келгенін кім біл ген 
кəрі  терек  əлі  жайқалып  тұр. «Қырық  қыздың  ауы лы ның» 
ор на лас қан  жері  де  керемет.  Қоршаған  таудың  ішінде  ық, 
жел  соқпайтындай.  Ортасынан  заманында  аққан  жі ңіш ке 
өзен нің  ізі  жатыр.  Маңайында  хош  иісті  гүлдер  мен  шөп 
жай қа ла ды. Қойбүлдіргеннің көптігі сондай, еңкейіп қа лып 
қо лың мен  үзіп  жей  берсең  болады.  Əкесі,  шешесі,  баласы 
үшеуі жарыса жүгіріп жүріп бүлдірген теріп жеді.
–  Мынадан  апама  да  теріп  алайық, – деп  Өсер  ат  қор-
жын ның  бұрышынан  қалта  тауып  əкеліп  бүлдірген  сала 
бас та ды.
–  Апам  арғы  көшедегі  Тая  деген  орыс  кемпірмен  таны-
сып,  достасып  алыпты.  Ол  кісі  шақпақ  қантты  талқандап 
езіп  бүлдірген  қосып  қайнатып  тосап  жасап  алады  екен. 
Апама да көрсетіпті. Соны өткенде айтып отыр еді ғой, шы-
нында тере барайық, – деді Раушан əйелге тəн ұқыптылық 
танытып. 
– Онда жолдан дүкенге соғып қант ала барайық. Бар бол-
са болды ғой, ол да бір қат дүние, – деп қояды күйеуі.
– Апа, тосап деген не? – дейді Қайрат.


Сәуле Досжан
77
–  Əжең  жасағанда  жеп  көресің.  Сені  сағынған  шығар. 
Неше  түрлі  дəмдісін  жиып  отырған  болар, – дейді  əке-
шешесі.
Тарихи жер көріп, бүлдірген теріп енді үйлеріне асық  қан 
үшеуі аттарын желдірте түседі.
Күн бата əжелерімен шұрқырай табысты.
–  Құлдықтарым,  құлдықтарым.  Садағаларың  кетейін, – 
деп басталатын Əсиқа шешей жер бетіндегі ең жақсы те ңеу-
лер дің бəрін балаларына үйіп-төгіп жүріп дастарқан жайды. 
Онда  елдегі  ағайынның  жағдайы  сұралып,  туыстары  Нұр-
қəділ дің қызы Толғанай ұзатылатыны жайлы əңгіме болды. 
Содан соң баяғы əдетінше Қайрат:
– Əже, мен келгенше жаңа ертегілер ойлап қойдың ба? – 
деп əжесінің көрпесіне күмп берді.
– Құлынынан сол, қозысынан сол! Əжең саған ертегі ой-
ла ма ған да ай бағып жүрді ма екен. Осы үйге сыймай кеттім 
емес пе, ертегі дегенді қойша иіріп, жылқыша жусаттым. Қа-
зір саған біреуін асықша атам, – деп сөйлей отырып кимеше-
гін шешті де, немересінен «Əпшу! Əпшу!», – деп насыбайы-
нан атып алып, жастыққа бас қойды.
– Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл жүні қызыл екен,
Балақ жүні ұзын екен.
Балқан таудың басында,
Балдыр қоян қасында, –
деп келе жатыр еді Қайрат:
–  Əже  біз  көкем,  апам  өткенде  ауылдан  келе  жатқанда 
Бал қан тауды көрдік, – деп басын көтерді.
– Сол Балқан таудың басында..
– Əже «Қырық қыздың ауылына» да бардық...


78


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет