Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет84/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
93
оянып, елегізіп, кейде таңға қиялдап шығады. Төсегінде жүз 
ау нақ шып жатып көзі ілінеді. Кейде біреу бетін сипағандай, 
жел желпіп өткендей болып оянатыны бар. Көзін ашып алып 
жан-жағына қараса, мүлгіген тыныштық. Айдың жарығымен 
бөл ме нің ішіндегі заттар анық көрініп тұрады. Соңғы кездері 
шіл тер лі перденің арғы жағынан қалың мата тұтып қойды. Ай 
сəу ле сі ұйқысын бұзып, ойына өткен-кеткенді түсіріп, түсіне 
бая ғы да өлген ата-əжелерін кіргізе береді. Əсіресе, Өсерден 
хат алған күндері таң атқанша ұйқылы ояу жатады да қояды. 
Өсер  келіп  сипалап  жатқандай,  еңкейіп  сүйгісі  келетіндей. 
Тіп ті  демін  де  сезетіндей.  Ай  толып  туғанда  біреу  тұтқан 
пер де сі нің  шетін  ашып  тастағандай  болады.  Ай  сəулесі  ақ 
тө сек те  балбырап  ұйықтап  жатқан  əдемі  келіншекке  түсіп, 
сəу ле сі мен аймалап тұрады. Сол сəтте бір жылы леп соғып 
Раушанды оятып жібереді. Жарын сағынып жүрген келіншек 
от  құшақта  жатқандай  болып  күбірлеп  оянып  кетеді.  Біреу 
қолын қысып амандасатындай, бетіне-бетін тақағандай. Са-
қа лы өсіп кеткен Өсер сияқты...
Үлкен үйге келгенде көрген түстері мен сезгендерін ай-
ту ға жанындағы келіншектерден ұялады. Апасына осы үйде 
жайсыз ұйықтайтынын айтып еді:
– Құлдығым, сол, ауылдан қалжырап келесің, содан жай-
сыз  жатып  жүрген  шығарсың.  Молдахметке  айтайын  сені 
биыл күз осындағы үшкөлге ауыстырсын. Балаларды оқыт-
саң,  соғысқа  қосқан  үлесің  сол  болады.  Əрі  Қай рат жан ды 
үш көл ге  өзің  алып  кетіп,  ала  келесің, – деп  сөзінің  аяғын 
өзін ше қуанышпен аяқтады.
Əсиқа содан ұзатпай-ақ Молдахметтің мекемесіне барды. 
Ол баяғы өзінің Өсері əскерге алынарда істеген орны – ау-
дан дық  оқу  комиссариаты.  Молдахмет  деген  Өсердің  ауы-
лында  мұғалім  болған,  соғысқа  жасы  ұлғайып  қал ға ны нан 
алын ба ған  болатын.  Өсердің  əкесіне  жамағайын  болып  ке-
леді.  Соны  арқа  тұтып  бастықтың  кабинетіне  еркін  кірді. 
Бая ғы Өсерінің үстелінде жарбиып Молдахмет отыр. Ойлап 
келген əңгімесін амандықтан соң тез бастады.


94


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет