Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет82/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
91
Байғұс шал байталы митыңдап ары жиырма, бері жиырма 
шақырым жүріп хат-хабар, газет əкеледі. Оларын сонау жай-
лау да ғы лар  мен,  егістіктегілерге  таратады.  Қашан  көрсең 
терлеп, таңдайы құрғап жүргені.
– Сусының бар ма? – дейді əуелі амандықтан соңғы сөзі, 
даусы қарлығып.
Раушанның Өсерінен хатты қаладағы почтальон үйге əке-
ліп береді екен. Сырттағы қақпаға кішкентай ағаш жəшік қа-
ғып қойған Қайрат пен əжесінің баққаны сол жəшік. Ойнап 
жү ріп ара-арасында Қайрат, үй тірлігін істеп жүріп ара-ара-
сында əжесі сол жəшікке қолдарын сұғып қояды. Тіпті оған 
хатты түсірмейді де, почтальон Мария апай алыстан кө рін-
ген нен атой салып алдынан топ балдырған шығады. Əркім 
өз фамилиясын айтып шу-шу етеді.
– Шапанбаев! – деп Қайрат та саңқ етеді. Арғы атасы Шо-
панбай ма, Шапанбай ма кім білген? Құжатқа «Шапанбаев» 
болып түскен. Содан əкесі екеуі Шапанбай шалдың ұр па ғы 
болып жүр. Оны тіпті Мəрия апай «Чапанбаев» деп ша қы ра-
ды. Содан бері тілі қыршаңқы Қуаныштың ағалары «Чапаев» 
деп  алды.  Басында  атасының  атын  «Шопанбай»  екенін  тү-
сін ді ріп көріп еді, одан əрі мазақ болды. Не десе, о десін. Мə-
рия апай «Чапанбаев» деп шақырып көкесінің хатын беріп 
тұр са болғаны. Хат алған күні қоразданып жүреді. Əжесі де 
ол күні бақытты. Тек Қайрат пен əжесінің көкесінен келген 
хатты өз беттерімен оқи алмайтыны қиын. Содан амал жоқ 
Қуа ныш тың Күлсімқан əпкесіне істері түседі. Əжесі самау-
рынына су құйып жатып:
–  Қайратжан  Күлсімқан  тəтеңді  шақырып  келе  ғой,  кө-
кем нен хат келді де. Раушан келгенше ішінде не барын біл-
мей отыра береміз бе, түге, – дейді.
Шəйін қайнатып, кішігірім дастарқан мəзірін əзір ле ген ше 
көршінің қызы Күлсімқан да келеді-ау. Сауаты шамалы қыз 
көкесінен келген хатты қор ғып, қырық бөліп, ежік теп оқып 
шығады.  Ал,  хатты  мəнерлеп,  əжесінің  құ ла ғы на  дəм ді леп 


92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет