Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет90/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
99
шып кетеді деген орыстың қызы батпандай ұл тапты. Оның 
толғағы басталғанда талып қала сақтап, етегіне сүрініп На-
уат тағы апасына қарай жүгірді.
– Апа, Лөдесінің толғағы басталды! – деп бір кетті.
– Апа, Лөдесі ұл тапты! – деп не қуанарын, не жыларын 
білмей тағы келді.
– Ой, айналайын, Шалқаржан! Кім айтады мүгедек деп, 
еркек нағыз! – деп апасы риза болып отыр. Тісі жоқ аузын 
аң қи тып Науат апасына таң қалып қарайды.
– Əй, Науат сен енді бəйбіше болдың. Баяғының бес бие-
нің  сабасындай,  ақылы  алдында  əулеттің  анасы  болдың! – 
деп оған көпшік қойып, не дерін білмей тұрған Науатқа: 
– Шалқарбайдың қай қатыны тапса да бала сенікі, – дей ді 
тіпті.
Науат  апасына  ренішін  айтып,  Люда  мен  Шалқарбайды 
жамандағалы келіп еді. Апасы баладан басқа ешкімді білгісі 
келмейді:
– Шалқарды аман алып қалған Лөде. Сенің ақылың бар 
ғой,  егер  Лөде  болмаса  сен  Шалқарбайды  қалай  бағасың? 
Əне, тамағын аузына тосып, жуындырып, тазалап отыр. Тіп-
ті қосылып орыстың əнін салғаны қандай. Кармонын тартса 
алдында тарсылдатып билеп те береді, не дейсің енді. Бала-
сын  бағысып  бер.  Сол  орысымен  мəз  болып  жүрсін, – деп 
апасы елде жоқ кеңес берді. 
Шындығында  Людасы  анау-мынаумен  шаруасы  жоқ, 
осылар не жесе соны жеп, не ішсе соны ішеді. Шал қар бай-
дың асты-үстіне түседі. Апасының ақылымен На уат ша лы-
ның кенжесін баға бастады. Люда емізгені болмаса, балада 
жұ мы сы жоқ, баланы бесікке салып қойды, баққаны – байы. 
То қа лы ның  буынан  ба,  кеш  көрген  баласының  несібі  ме 
Шал қар бай аудандық кеңеске қызметке ілінді. Аяғының про-
тезімен жүріп қатардан қалмады. Екі қолтығындағы бал да-
ғы мен тарсылдатып кіріп келгенде кеңседегілер тақ тұ ра ды. 
Бұ рын есеп-қисап жасап, бұғалтырдың оқуын оқып ал ға ны 


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет