Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет88/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
97
–  Осыдан  Өсер  келсін,  үйге  қарамай,  бала  тауып  отыра 
берем. Есіңізден танып, түнімен бала тербетіп, күнімен жая-
лық жудырмасақ па сізге, – деп келіні əзілдеп қойса:
–  Ой,  айналайын  аузыңа  май.  Менің  күшім  барда  ба ла-
ла рың ды  бақтырып  пайдаланып  қалмайсың  ба? – деп  мəз 
болады.
–  Апа,  немене  балаңыздан  хат  келген  бе?, – деп  сөйлей 
келген Науат жанына жайғасты.
–  Келер  де...  Мыналары  өткен  айдағысы  ғой.  Раушанға 
қай та ла тып  оқытып  отырмын.  И...тəйірі-ай,  қайбір  дейсің, 
са ғын ған соң əр сөзін тыңдай бергің келеді екен, – деп ақ тал-
ған дай  болды.  Кемпірдің  сезімін  ұғатын  Науат  па,  мұр нын 
бір сіңбіріп жіберіп:
– Шалқарбай өткенде бір жазғанында «жаралы болдым, 
орыс сəнитар қыз құтқарып алды, сол қарап жатыр», – деп ті. 
Содан бері хат та, хабар да жоқ, – деп өз «жырын жырлады».
– Кім қараса, ол қарасын, тірі болса болды да. Жа ра лан-
ған дар қайтып оралып жатыр дейді ғой, – деді Əсиқа.
– Оралса қанеки, Апа, сүйіншісі сізге, – деп жіпсиген көзі 
біржолата көрінбей мəз болды Науат келіні.
–  Жеңеше,  сол  санитарканы  ала  келсе  қайтеміз? – деп 
Рау шан күлді.
–  Өзі  аман  келсе  болды,  балаларына  ие  болсын.  Менің 
ден сау шы лы ғым жоқ, – деп Науат сəл мұңайып қалды.
– Е, əкелсе несі бар ана сенің нағашы шешең құсап бəй бі-
ше боп отырады. Сəнитар болса тіпті жақсы, ден сау лы ғы на 
қарайды.  Науат  баласын  бағады, – деп  Əсиқа  сөздің  ая ғын 
əзілге айналдырды.
Госпитальға  түскелі  хабар  жоқ  деп  жүрген  Шалқарбай 
күн дер дің күнінде баяғы хатқа жазған санитаркасын по йыз-
бен  алып  келді.  Аудандық  военкоматтан  өкіл  келіп  екі-үш 
күн бұрын ескертті.
–  Шалқарбайды  бір  медсестра  алып  келе  жатыр,  дайын 
оты ры ңыз дар, – деді.


98


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет