Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет93/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Əсиқаның «ойбайын» қабырғалас көршілер естіп, Науат 
пен балалары шұрқырай жетті. Былдырлап арасында Люда 
да жүр жылаған жұртқа қарап бір сұмдықтың болғанын сезіп 
Раушанды құшақтай береді. Кешке қарай Шалқарбай келді 
ақырып-бақырып,  бауырымдап.  Көшенің  арғы  жағындағы, 
бергі жағындағы көршілер жиналып қалды.
Асу да асу бел дейді,
Асуға қонған ел дейді.
Батысқа кеткен Өсерім
Бақырсам-дағы келмейді-ау,
Белес те белес бел дейді,
Белестен ассаң ел дейді.
Бойына байлап белдігін
Өсерім қайтып келмейді, – 
деп  зарлап  жоқтау  айтқан  Əсиқаның  даусы  Қарқаралының 
түніне сіңіп жатты.
– Қой, шырағым, сабыр тұт «кебін киген келмейді, кебе-
нек киген келеді», – деген бар. Өсержанды өз қолымызбен 
майданға аттандырып едік қой, – деп бір қария тоқтау айтты.
–  Анау  ауылда  бір  жездемізден  қара  қағаз  келген  екен, 
қыр қын  беріп  жатса,  артынша  мүгедек  болып  өзі  ке ліп ті. 
Сөйт се  бомбаланған  үйдің  астында  қалыпты.  Жолдастары 
өл ген екен деп «қара қағаз» жібере салыпты. Оны санитар-
калар тауып алып, госпиталға салып тірілтіп алыпты. Содан 
аман оралыпты, – деп бір келіншек əңгіме бастады. Сол, сол-
ақ екен, ана ауыл, мына ауылда соғыстан оралған жауынгер-
лер жайлы аңыздар басталды. Шалқарбай да осы жолы бір 
ашылып, өзінің жертөледе қалған жерінен Люданың та уып 
ал ға нын,  содан  оған  өмірін  алып  қалғаны  үшін  қа рыз дар 
се зі не ті ні нен  ауылға  ала  келгенін  ақ  жарылып  тұң ғыш  рет 
айт ты.


Сәуле Досжан
103
Науат  үйіндегі  бар  етін  асып,  дастарқанға  барын  қойып 
келгендерге шəй берді.
– Қара қағаз өтірік болсын. Өсер кебенек киіп кетіп еді, 
аман оралсын, – деп Əсиқаға тоқтау салып көршілер та расты. 
Ақ  көңіл  көршілерінің  сөзі  құлағына  майдай  жақ қа ны-
мен Раушанның есіне баяғыда соғыс басталарда Өсері үйде 
жүр ген де, өзі екінші баласына екіқабат болғанда көрген түсі 
оралды. Көз алдында суреттей сайрап тұр.
...Өсер  үйге  қасқыр  алып  келіпті,  соның  ішек-қарынын 
тура төсегінің алдына алып келіп ақтарып, сарыала тегенеге 
салып жатыр екен. Бір түсі суық еркек, (Мəзімбайға ұқсайды 
əс ке ри киім киген) келіп:
– Өсер, сені военком шақырып жатыр, алдыма түс! – деді 
де қаруын кезеніп үйден айдап алып шықты. Апасы Өсер дің 
бар  киімін  түйіншекке  буып,  бас  киіміне  дейін  қал дыр май 
қол ты ғы на  тығып  беріп  жатыр.  Өзі  жайшылықта  жы ла уық 
кем пір ғой, жыламады. Қабағы тас боп қатулы.
– Кебініңді алып кет, – дейді. 
Раушан жылап енесінің аяғына оралып жерде жатыр, ма-
ңа йы былжыраған жаңағы қасқырдың қаны.
– Апа, Өсерді дұрыстап шығарып салайықшы, – деп жы-
лайды. Өсер əскеридің алдында кетіп бара жатты да бір кез-
де  артына  қарай  жүгіріп  келіп  қанның  ортасында  жатқан 
Рау шан ды орнынан тұрғызып алып жетектей жөнелді. Сол 
кезде  енесі  етегіне  оралып  «кетпеші,  кетпе»  деп  жалынып 
жылады. Раушан не еріне ерерін, не енесімен қаларын біл-
мей дал болды. Сонда да құдай қосқан қосағы ғой, соны қи-
май енесінің жылағанына қарамай Өсермен қолұстасып қыр 
асып кетіп бара жатып оянып кетті...
«Сұмдық-ай, Өсер сойған қасқыр – түсік болған ұлы бол-
ды. Бар киімін, бас киіміне дейін жиып алып, əскери адам-
ның  алдына  түсіп  кеткені – кебін  киіп  кеткені  ме?», – деп 
ойлап жатып ұйықтап кетті.
Бөлменің ішінде қоңыр жел есті. Терзенің шілтерлі пер-
десі дірілдеді. Арғы жағынан толып туған Ай қарайды. Сол 


104


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет