Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет97/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
ңы ра ғын да шешесінен айрылған Қайрат əжесіне ерте ес бол-
ды. Жаз шыға нағашылары жаққа барып ауылдағы достарын 
жиып, шөп орып, отын шауып қысқа қам жасайды. Оны өгіз 
арбамен  апталап  жүріп  тасып  алады.  Əсиқа  кемпірдің  ұлы 
мен келінінің қайғысынан іші-бауыры баяғыда «өртеніп кет-
кен». Тек «Қайратжанды кімге қалдырам, жаратқан-ау, осы-
ның басын екеу етіп кетсем екен», – деген жалғыз арманмен 
сұ рау белгісіндей иіліп кетті.
Қайрат он сегізге толғанда «ақ белет» беріп, отбасының 
жал ғыз асыраушысы деп əскерге алмады. Оған əжесі қуанып 
жүр ге ні мен, жігіт қатарынан қалғандай жасыңқырап қал ды. 
Мынау бүкірейген байғұс кемпірдің өзінен басқа жер бе тін-
де жанашыры жоқ екені шындық. Сол «ақ белет» дегені қол-
ға тиісімен-ақ əжесінің аузы жабылмай:
–  Қайратжан,  менің  түрім  мынау,  енді  өкіметке  керегің 
жоқ екен, үй болуды ойла шырағым. Өз отаныңа өзің ие бол, 
мен қашанғы қазан-ошақтың басында жүрем, міне жетпісті 
орталап барам, – деп зарлай берді.
Қарқаралының жеті жылдығын бітірген жігіттің Қа ра ған-
ды ға барып оқу жалғастыруға шамасы жоқ. Содан «Жұл дыз-
ды да ғы» нағашыларының қолына барып жыл бойы трактор 
айдайтын көкесіне серіктесіп жүрді. Келер көктемінде ауыл-
ға келген жаңа трактордың біріне ие болды. Өзі темір-терсек-
ке əуес еді, құдай тілеуін берді. Астындағы КТЗ деген темір 
тұл па ры мен жер жыртудан келген соң ауылды бір айналып 
шы ға ды. «Жұлдыздыдағы» кыз атаулының жыры – Қай рат-
жан. Ұзын бойлы, денелі, күлгенде көзінен нұр төгілген əде-
мі жігіттің əжесіне келін түсіру қиын болмады. 
Сол жылы Алматыда мұғалімдік оқып жүрген колхоз бас-
тық тың қызына Қайратжанның көзі түсе кетті. Баланың кө-
ңі лі кеткенмен, бастықтың қызы қарай қойсын ба? Қасына 
ба ру ға қолы жетпей, сырын айтуға сөзі жетпей, қызды алыс-
тан  бақылап  жүргенін  сезген  ауылдың  бір  қуы  нағашысы 
Нұр қа діл ге жеткізсе керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет