Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет111/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
алып кетті. Жігіттер комбайншылар мен астық таситын ав-
то ма ши на лар ға көмектесіп, қыздар қырман басында болды. 
Астрахань ауылына қарасты бір ауылдың қырманына бө лін-
ген Қымбатпен бірге оқитын «кооперативканың қыз да ры» – 
деп аталатын бригада болды. Қабырғасын соқпа таммен сал-
ған  атшаптырым  қырманның  ішінде  бидай  тау-тау  болып 
үйі ліп  жатады.  Ортада  үш  көмейлі  қырман.  Екі  жағынан 
бидай  тасығыш  аппараттың  көмейіне  қыздар  күрекпен  би-
дай лақтырады. Кішкентай қалақшалар айналып отырып ол 
бидайларды жоғары көтеріп қырманға құяды. Бидайлар онда 
қа бы ғы нан тазаланып үңгірдің астында тұрған ав то ма ши на-
лар ға құйылады. Содан кейін ол көліктер сыртқа шығар есік-
те тұр ған таразыға барып тұрады. Сол жерде ауылдың Пери-
зат деген есепші қызына көмектесіп Қымбат жүрді. Перизат 
өл шей ді, салмағын шығарады, оны Қымбат қағазға түсіреді. 
Бидай  таситын  жүргізушілердің  көзі  қағазды  қадағаламай 
Қым бат тың  қабағын  бағады.  Бір  себеп  тауып  тіл  табысып 
қал ғы ла ры  келеді,  əзіл  тастайды.  Кейбіреулері  кəмпит  ала 
келеді.  Сол  жылдары  Қарағандының  кондитерлік  фабрика-
сы «Мишка на севере» деген шоколад кəмит шығарып, қолы 
жет кен де рі  соны  қырмандағы  қыздарға  таситын.  Əсіресе, 
Перизат пен Қымбаттың үстелінің үсті кəмпиттен босамай-
тын. Тіпті сол ауылдың жігіттері қыздарға келгіштей беретін 
болды. Қыздар түскі үзілісте үлкен-үлкен термостармен ор-
та лық  асханадан  тасыған  тамақтарын  ішіп  алатын  да  əнге 
салатын.  Орыстары  басымдау  аймақ  болған  соң  ба  көбіне 
орысша  частушкалар  айтатын.  Оңтүстіктен  келген  бір-екі 
қыз Шəмші Қалдаяқовтың əндерін шырқап еді, ол қыздарға 
ұнап, жазып алып жаттап үйреніп жүрді.
Қою қараңғылық түскенде барып барлығы бірге кол хоз-
дың  студенттерге  арнап  салған  жатағына  қайтатын.  Кейбір 
қыздар  қырманға  келгіштеп  жүрген  ауыл  жігіттерімен  қы-
ды рып та жүрді. Қымбатты кейде Перизат өзімен үйіне ала 
кететін. Екеуі жақсы достасып алды. Перизат екі жыл бұ рын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет