Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет113/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Кетіңдерші-ей, өздерің барактың суығына тоңып жүр-
ген соң қызғанасыңдар, – деп Қымбат та сөз қағысып қояды.
Сондай бір жақсы жандардың қамқорлығында жүріп ас-
тық жинау науқанының бір айы қалай өте шыққанын да біл-
мей қалды. Сабақ басталатын уақыт болып, Перизаттың от-
басымен қимай-қимай қоштасып Қарағандыдан жіберген ав-
то бус қа құрбыларымен бірге отырған. Қымбатты шығарып 
са лу ға Перизаттың апасы да келіпті. Екі бетінен кезек-кезек 
сүйіп:
– Келер айда, есеп-қисабын тапсырып болып, Перизат да 
барады. Бірге жүріңдер, – деп тапсырып жатты. Автобус қоз-
ғал ған да студент қыздарды шығарып салған ауылдың бір топ 
ақкөңіл  адамдары  қимай  қол  бұлғап  тұрды.  Автобус  əй не-
гі не ұрып тұрған күзгі тамшылармен жарысып Қымбаттың 
да көзінен қос тамшы үзіліп түсті. Ай жарым уақытта осы 
кішкентай  ауылға  үйреніп  қалғаны  сонша,  қимасы  қал ған-
дай  артына  алаңдаған  қыздар  мінген  автобус  Қарағандыға 
қа рай бет алды.
Күзгі колхоздың практикасынан оралған студенттер көп-
ке дейін сонда көргендерін ұмыта алмай, жиі-жиі еске алып 
жүр ді. Əсіресе, Қымбаттың қыздары:
– Ойбай, енді бір-екі жеті жүргенде Қымбат сол ауылға 
келін болып қалар еді, – деп мазақтап отыратын болды.
Сабақ басталып, курстастар бір-біріне енді үйренісіп, бі-
лім деңгейлерін салыстыра қарап жүргенде Сарыарқаға қыс 
та  келді.  Арқаның  аязымен  бірге  жаңа  жылдың  алдында 
Қым бат тың оқу орнына ауылдан Перизат келіп қалды. Оны 
кор пус тың алдынан көрген қыздар танып аудиторияға ер тіп 
келді.  Қымбат  нағашыларының  үйінен  келетін  болған  соң, 
кейде кешігіңкіреп қалатыны бар еді. Бүгін дəл сол күн ге тап 
келген  Перизат  сабақ  басталатын  болған  соң  аудиториядан 
шы ғып дəлізде құрбысын күтіп тұрды. Бір кезде бас пал дақ-
тан Қымбаттың көтеріліп келе жатқанын көріп қуанып қар-
сы жүрді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет