Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет171/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
– Ə, Гүлжанка, қалайсың? – деп жаныма келіп ие гім нен 
көтеріп көзіме бітік көзімен жымсиып қарады. Май бас қан 
бет тақалып келгенде зəрем ұшты. Даусым дірілдеп:
– Жақсы, – дедім. Маған бастықтың көңіл бөлгені Шол-
пан ға ұнамай қалды, маған жақындап келіп, бөксесімен қаға:
– Марат Жан-гал-ич, – деп əндете, – Анау бөлмеде Сізді 
керемет дастарқан күтіп тұр, – деп алдына түсе жөнелді. 
Мен байғұс сасқан үйрек артымен жүзеді дегендей арты-
ма қарай шегініп, келесі есікке кіріп кеттім. Ұяттан өр те ніп 
барам əрі «Шолпан енді мені жұмыстан қуып жіберетін шы-
ғар», – деп қорқып та барамын. Сөйтіп аяққа оралып жүр ге-
нім де Шолпан бізге қайта айналып кірді де:
– Сен қыздың көлеңкеңді көрмейтін болайын! – деп тіс те-
ніп шығып кетті. Дəмелі жағдайды түсіне қойды:
– Сен бастықты танушы ма едің? – деді мүсіркей қарап.
– Мені апайым сол кісіге əкеп таныстырып кеткен, – де-
дім.
–  Ана  жүрген  жеріне  шөп  шықпайтын  бəленің  кө зін ше 
бастықтан аулақ жүр. Оны ол иемденіп алған, – деп сыбыр-
лады. 
Өзі  бес  биенің  сабасындай,  мінезі  салмақты  Дəмелінің 
аузынан  сөз  шықпаушы  едім,  мына  сөзі  Шолпаннан  біраз 
қор лық көрген адамның шағымындай естілді. Үндемедім, не 
де йін,  мен  сол  қабан  сияқты  бастығына  көрінейін  деп  жүр 
дей ма екен. Соның жымсиған көзін, майлы бетін көрсем жү-
ре гім айниды. Пиғылы да дұрыс емес екенін бала да болсам 
ішім сезетін. 
Бастық  жанындағылармен  біраз  улап-шулап  отырды. 
Шол пан ның сылқылдаған арсыз күлкісі «Жан-гал-ич, Жан-
гал-ич», – деген жағымпаз үні бізге естіліп тұрды. Өмірімде 
мұн дай отырыс болатынын, біздер сияқты құлдары басшы-
лары  көңілін  көтеріп  болғанша  күтіп  отыратынды  бірінші 
рет  көруім.  Олар  түннің  ортасына  қарай  бөлмеден  шығып 
жатты, мен көздеріне түспеуге тырысып түпкірге қарай қаш-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет