Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет244/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
267
– Мақсұт сен өзіңді жей берме, – деп бастады əңгімесін 
əйе лі, ойындағысын оқып қойғандай:
–  Одан  да  осы  тығырықтан  шығудың  жолын  іздейік. 
Жа тақ ты  бұзса  бұзар,  ол  үшін  бізбен  келіспес.  Өмір  бойы 
осында  қалмас  едік  қой.  Бір  шарасы  болар.  Басымыз  аман 
болсын,  Құдайдың  берген  мына  екі  баласына  шүкіршілік 
ете йік. Хан сарайы барлардың өзі осындай бір балаға зар бо-
лып отырғанда, біздің байлығымыз осылар, – деді келіншек 
ма на ғы төсекте жатқандағы ойын жалғастырғандай.
– Кешеден ана жартысындағы студенттерді шығара бас-
тап ты, бізге енді ескерту хат береді дейді. Бұл біздің жеке-
меншігіміз емес, сондықтан соттаса да алмаймыз ғой, – деп 
бір уақытта барып күйеуінің тілі шықты.
– Шығарып жіберсе пəтер жалдармыз. Сен док тор лы ғың-
ды қорғағанша кезегіміз де жылжып қалар, – деді əйелі кү йе-
уін жақсылықтан үміттендіріп.
– Биыл Дəрменнің мектепке баратын жылында үйсіз қал-
ға ны мыз қиын болды-ау, – деді күйеуі.
– Қиналып бара жатсақ, мұны да Арайдың жанына оқы-
тар мыз, – дегенге келгенде əйелінің дауысы дірілдеп кетті. 
Туыл ға лы  бауырынан  шығармаған  кішкентай  ұлын  қа лай 
жер түбі Сарқамысқа апарып тастасын. 
Есік сарт етіп ашылып тентек ұлы кіріп келді. Қо лын да 
құлақшыны, терлеп кеткен,
– Апа, көкем келді ме? – деп алқынып тұр.
– Мен үйдемін, Дако, – деді əкесі. 
Баласының алдымен өзін іздейтінін біледі, сол құлынын 
қай тып  ел  қиырына  жіберсін.  Асқар  таудай  əкесінің  үйде 
бол ға ны на қуанған балақай аяқ киімін лақтыра сала жуына-
тын бөлмеге кіріп кетті. «Ойынмен жүріп қуығының сыз дап 
кеткенін де сезбейді, баламысың деген», – деп ойлады Мақ-
сұт ішінен күліп. 
– Апа, Сəттер жаңа үйге көшеді екен, – деп бастады əң гі-
ме сін тамақ іше бастаған балақай.


268


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет