Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет243/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
бала  бұйырмағандарына  қанша  көмек  жасасаң  да  жолдары 
болмайды.  Өмірден  солай  баласыз  өтеді,  сондықтан  дү ние 
де керек болмай қалатын кездер болады, – деп жұ мы сы ның 
бірдеңесін түсіндіргендей болды.
– Сенің мына Құдай бере салғандарың тұрғанда – пə тер 
деген немене, – деп жұбататын ақкөңіл құрбысы. 
Келіншек  арғы-бергіні  ойлап  жатқанда  кеш  түсіп,  сам 
жамырады. Күйеуі болса асханадағы стол басында əлі отыр. 
Əйе лі нің  жанына  барып  жұбатайын  десе,  не  айтарын  біл-
мейді. Оның аяғының күйгенінен емес, жанының күй ге ні нен 
солай бүрісіп жатқанын сезіп отыр. 
Қайта  Жарияның  тəрбиелілігі  ғой,  əйтпесе  кейбір  əйел-
дер ге ұқсап шаңқылдап, аузына ақ ит кіріп, қара ит шықса 
қай тер  еді.  Басының  панасын  бұзып,  шаңырағын  ортаға 
тү сір ге лі жатқанда қай əйел болса да ойбайын салады ғой. 
«Жаным-ай, тектілігі ғой, осы күнге дейін мына күніміз не? 
Сен ғылымның ұшына шығам деп жүргенде балаларыммен 
далада  қалатын  түрім  бар.  Ұлымды  алып  анама  кетем  де-
мейді. Не көрсе де жанымда. Асын əзірлеп, қабағы күлімдеп 
жолыма қарап отырады осы кішкентай үйшігінде. Енді осы 
үй шік ті де əкімшілік көп көрді ғой», – деп ойлап, көмейіне 
тас, кө зі не жас тығылғандай болып отырғанда жатын бөл ме-
ден келіншек шықты, аяғын сүйрете басып.
– Мақсұт, сен əлі тамағыңды ішпегенсің бе, жаным, – деп 
қазанға жақындады. 
«Дəл осылай жаным дегенше, маған шаңқылдап ұрыс қа-
ны дұрыс еді», – деп еркек іштей жер болды.
Орта  кесемен  көжені  алдына  қойып,  қасығын  ұсын ды. 
Өзіне де құйып орындыққа отырды.
«Не  болды,  аяғың  күйіп  қалды  ма? – деп  сұрайын  десе 
Мақсұттың  тілі  байланып  қалғандай.  Отырған  үйлерін  бұ-
зу ға басты кінəлі өзі сияқты. Еркек болып он жылда бір пə-
тер алып ең жақындарын қуанта алмаған өзі кінəлі емей, кім 
кінəлі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет