Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет251/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
275
– Біз қайда көшеміз?
– Білмеймін...
Анасының  көзі  жасқа  толып  кеткенін  көрген  балақай, 
алыста жүрген жалғыз сүйеніштерін есіне алып:
– Апа, көкеме звондайық, – деді. 
–  Көкең  біледі  ғой,  қайта  айтпайық,  оқуын  бөлмесін, – 
деп  əйел  дереу  есін  жиды.  Орнынан  тұрып,  Мақсұт  беріп 
кеткен жетекшісінің телефонын іздей бастады. Тауып ал ға-
ны мен бірден хабарласуға батпады. «Алдымен Шараға теле-
фон шалайын, ақылдасайын. Ағыбай Слəмұлына ертең жұ-
мыс та кездесіп түсіндірермін», – деп ойлады. 
Айналайын  Шарасы  қай  кезде  де  салып  ұрып  жетіп  ке-
леді  ғой.  Жұмыстан  шыға  сала  таксилетіп  келіп  қалды. 
Бір  шəйнек  шəй  мен  қуырдақты  ортаға  алып  екі  əйел  ұзақ 
отырды. 
Жария  баспана  мұңын  айтып,  Мақсұттың  жуастығына 
ша ғы нып жылап алды. Бір кезде Шара:
– Жария, сенің мəселең шешілетін мəселе ғой. Ертең кү-
йе уің  шет  елден  білім  алып  келеді,  содан  кейін  осындағы 
қол дан-қолға тимейтін маман болады. Қазір құрылыс са лу-
дың  дəурені  жүріп  тұр,  шамасы  келгендер  котедж,  дүкен, 
рес торан  салып  жатыр,  солардың  бəріне  сенің  Мақ сұ тың-
ның сызбалары керек болады. Содан ақша жасап үй ала сың-
дар. Докторлығын да қорғап алады. Екі балапаның өсіп ке-
леді. Жария, сен білмейсің ғой, менің сорымды, – деп бе тін 
басып жылап жібергені.
– Саған не болып қалып еді, – деп шошып кетті. 
– Болған... болған, – деп досы қоймай жылады. 
Өзі  орысша  оқыған  адамның  ойын  қазақша  жеткізуі  де 
қиын екен. Дауысы қатты шығып кетті ме, телевизордың ал-
дында отырған Дəурен де жетіп келді. Шара тəтесінің жылап 
отырғанын көріп көзі бақырайып анасына қарады да еш те ңе 
сұрамай қайтадан телевизорына кетті.


276


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет