Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет27/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей
(pdf) Алмас Нүсіп — Сатқын
Үлкен үйдегі үрей
– О, не көке? – деді дір-дір етіп. 
Арғы  жақтан  Арслан  шықты  тілеп  алған  жалғыз  ұлын 
құшақтап.
– Кім бəйбішені қораға бөліп шығарған? – дегенде барып 
есін жиған Хадиша ішінен «Құдай-ау, соны да сөз етіп, Арс-
ланнан ұялсашы», – деп ағасын кіналағандай болып, кү йе уі-
нің жанына жақындап, міз бақпай:
– Біз! – деді.
– Бізің кім? Сен бе, күйеуің бе? – деді ағасы да қайтпай.
Дүниеқоңыз, арсыз тоқал бірдеңе дейін деп еді, күйеуі қа-
йын аға сы нан ұялғанынан тоқалын итеріп бөлмесіне кір гі зіп 
жіберді. Өзі көзімен жер шұқып тұрды...
Хадиша «Сол сорлы үшін де сонша айқайлағаны несі?», – 
деп ішінен ағасын жазғырып, өзінше көкесінің сол қы лы ғы 
үшін  күйеуінен  ұялғансып  барып  қолынан  ұлын  алды.  Қа-
рын да сы ның безірейген түрін ұнатпаған ағасы:
–  Бəйбіше  деген  қазақта  үлкен  үйде  отырып,  тоқалдың 
тап қан балаларын бағып, байының оң тізесін басып отыра-
тын. Татар мен орыстың салтын білмеймін. Оларда да Құдай 
бала бермеген мүскінді қораға шығарып жібермейтін шығар. 
Құ дай дан қорқыңдар, оның да көз жасы бар. Əне, сорлыны 
жеп байығанды заман талап жатыр. Сондай күн əркімге тү-
се ді. Арыслан, шырағым сені тектінің тұқымы еді, перзент 
көр мей  сорлап  жүр  деген  соң  жалғыз  қарындасымды  атас-
тыр ған  жерінен  бата  бұзып,  тоқалдыққа  беріп  едім.  Бəй бі-
ше ні  де  көр ген нен  көңілім  толған,  күндестік  жасайтындай 
кө рін бе ген.  Мыналарың  сұмдықтың  басы  болды... – деді 
де пешпентін қайта киіп, тарсылдата басып сыртқа беттеді. 
Кермеде тұр ған атын өзі шешіп мінді де артына бұрылмаған 
қал  пы тартып кетті. Сол түні Жақыптың қаладағы та ны сы-
ның  үйіне  қонғанын,  не  бірден  ашу  үсті  қырға  тарт қа нын 
еш кім білмеді... 
...Қырда бұл күндері жұрт дүрлігіп жатыр. Əң гі ме ле рі нің 
атымы  жаман. «Жер – халықтыкі,  мал – батырақтыкі.  Бай-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет