Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет29/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
Бір күні Арслан түн ортасында баяғыдай Нұрияның тө-
се гі не келді... Өзінің өмір бойы күткен баласын туып берген 
ақы мақ тоқалдың алдында əлсіздік танытып сүйікті жарын 
сырт қа шығарғанына кешірім сұрағандай бауырына басып, 
ұзақ сүйді... 
Ештеңе деп сөз айтпай-ақ бір-бірін түсінді. 
Екеуі  таң  атқанша  сырласты.  Арслан  заманның  жаман 
болып бара жатқанын, өздеріне де қауіп барын айтып, көр-
ген-білгенін жайып салды. Əкесі мен шешесі қатар өліп елі-
нен жырақта жүргенде жансерігі болған Нұрияның ақы лы-
на, шешімталдығына сенетін көпес көңілінің түбіне ты ғып 
жүрген бір сырын да жасырмады.
– Нұрия, менде бір ой болып жүр. Байлардың мүлкін кон-
фискациялау тықыры бізге де келуі мүмкін. Іштей əзір лік те 
жүрейік. Қапы қалмайық. Қолға ілінетінді алайық, та мақ қа 
ауыстыруға  болатынын  ойлайық.  Өткенде  Қа зан да ғы лар ға 
хабар  бердім.  Екі  əйелің  мен  балаңа  қарасатындай  жағ дай 
бар деді. Ертең Хадишаға ескертіп қоямын, – деді. 
Арслан осы ойын жайлап Хадишаға айтқанда тоқалы бір-
ден суынып:
– Мен ешқайда кетпеймін, Таупан екеуміз осы үйде қа ла-
мыз. Қызметшілер бар, баламды өсіріп отыра берем, – деп 
азар да безер болды. 
«Мүлікті тəркілейді, тоқалдарды тартып алады», – деген-
ді, байы кетсе, қызметкерлердің де бетімен кететінін ұқ пай-
ды-ау, ұқпайды. Есіл-дерті дүниесі тіреліп тұрған үш қа бат-
ты үйдің байлығы. 
«Жирен  шал  кетсе  кетеді  де  татар  қатынын  алып,  мен 
үйін басып қалам, бірдеңе десе артыңда ұлың бар, соған қа-
ла ды деймін, мені баладан бөлмес», – деп іштей сөзін жұп-
тап қояды. 
Хадиша  айтар  сөзін  жұптап  жүрген  күні  түнде  Арслан 
отын  қораның  түпкірінде  кезінде  əкесі  қаздырған  екеуі-ақ 
бі ле тін шұңқырға барып:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет