Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет32/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
35
келген  ағайыннан  қашпайтын  болды.  Қайта  елден  келіпті 
дегендерге елең етіп, əңгімесіне құлақ түретінді шығарды. 
Тіпті қалаға келгендер үйіне де түсіп жүрді. «Партия, кəм-
со мол» – дегендер шығып ел-елді аралап «қызылдардың өкі-
ме ті не  өтіңдер»  деп  жатыр.  Өкіметке  өткенді  жарылқайды 
екен» деп келді бір ағайыны. Немен, қалай жа рыл қай ты нын 
біл мей ді. «Оған тек кедейлерді алады, байлар барын өткізіп 
ор та ша ға теңеліп барып өтеді екен» – деп қояды. Өзінің, əл-
ау қа ты,  өкімет  жарылқайтынға  жатпайтынын  сезіп  ішінен: 
«Барымды  тартып  алмаса  жарар  еді,  жарылқамай-ақ  қой-
сын», – деп  жүрген  Хадишаның  үйіне  де  тықыр  жетті  бір 
күні. 
Аулада ұлына ағаш ат жасап ойнатып жатыр еді, қақ па-
ны  сындыра  жаздап  тарсылдатты.  Үйлерінде  Арсланның 
барындай топ-топ қызметші жоқ еді, баяғы Нұрияны бөлген 
тамда  əйелімен  Ермет  деген  бір  татаршалыс  тұратын.  Шə-
ли ға ның үй-іші қырға кеткен. Ермет қақпаға сүріне-қа бы на 
жетіп, ашып жіберіп еді, өкіметтің үлгісімен киінген екі ер-
кек жедел басып үйге беттеді. Жүрегі бір бəлені сезген то қал 
оларға қарсы жүрді. Түсі суықтау біреуі:
– Сен бе, Акметовтың тоқалы? – деді зілді дауыспен. 
Еркек  отты  жанарымен  Хадишаның  тұла  бойын  тінтіп 
өтті. «Жап-жас екен ғой. Қоянның көжегіндей түрін. Құ шақ-
тай  алып  үркітейін  бе?» – деп  ойлап  та  үлгерді.  Есіне  өкі-
мет тапсырмасымен жүргені түсіп, түсін қайта суыта қойды. 
Оның түрінен қорыққан дауыспен:
– Ие… – деп күмілжіді Хадиша.
– Жолдас, сен осында күзет, мен мына əйелмен іште сөй-
ле се йін, – деді.
Ермет Таупанды өз үйі жағына жетелей жөнелді. «Үйге 
кі ре йін бе?», – деп рұқсат сұрау жоқ, əлгі еркек бас пал дақ ты 
ны ғыр лай басып, есікті шалқайта ашып кіріп кетті. Хадиша 
соңынан ерді. Өзі осы үйге түскелі осылай басынып кір ген 
адамды бірінші көруі. Ішінен «Е, байың жоқ болса, осы» деп 


36


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет