Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет31/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей
өзі үйретті. Əкесінің кітапханасындағы кітаптардың сурет-
терін көрсетеді. Санамақ ойнатады. Көзі көгілдір, шашы ал-
тындай ақсары сəби өмірінің жалғасы болса да бір Құ дай ға 
аманаттады. «Аман  жүрсе  кездесерміз,  сап-сары  та тар дың 
баласы  ешкімнің  қорасына  сыймас.  Қайта  айналып  ке ліп 
алып кетермін. Көп ақша əкеліп берсем, Хадиша қай та рып 
берер,  дүниеқоңыз  тоқал  содан  кейін  өз  жолын  тапсын», – 
деп буды іштей.
Нұрия  жолға  əзірлігін  білдірді.  Таңсəріде  оянғанымен 
Арс лан  күні  бойы  ештеңе  болмағандай  жүрді.  Көшірлерге 
екі  салт  атты  əзірлетті.  Ас-ауқатын,  тағы  бір-екі  жол  қор-
жын ды артына өңгертті.
– Мен Нұрияны алып төркініне барам. Сен үйге ие бол. 
Ұлымды  қара  шаңырағынан  бөлме.  Заманды  байқа,  ел  ты-
нышталса оралармын. Мен осында болсам байдың тұ қы мы 
деп  барымызды  кəмпескелер.  Мені  қашып  кетті  десең  сен 
ке дей дің қызы едің ғой, тиіспес. Тауфиықты аман өсір, қай да 
жүр сем де жиғаным сонікі… – деді даусы дірілдеп. 
Күні  бойы  ойланып-толғанып,  ұлының  жолында  жүр ді. 
Есін де қалсын деп сырнаймен татаршалап əн де салды... 
Ел орынға отырғанда қос ат мінген ерлі-зайыпты татар-
лар алыс жолға шықты.
Хадиша ең болмаса қоштасарда жылы сөз айтуға да жа-
рамады. Құтылғанша асыққандай ұлын сүйген əкесінен тез-
тез бөліп алып, үйге қарай сүйрей жөнелді. Сəби жүрегі бір 
бə ле ні сезгендей «Əти…Əти…» деп шырылдап айырылды. 
Арс лан ның  жүрегі  қан  жылап,  аяғын  үзеңгіге  салды.  Сол 
кеткеннен мол кеткен еді...
Күздің  қара  суығымен  Қарқаралы  дуанына  «кəмпеске» 
деген  дүрбелең  бірге  келіп,  кеше  ана  ауылда,  бүгін  мына 
ауылда «Малын, дүние-мүлкін сыпырып алыпты» деген қа-
уе сет тер шығып, дақпырты Семей үйезіне жайылып жатты. 
Мың ғыр ған  байларды  Ібір-Сібірге  айдатып  жатыпты  де-
ген  де  бар.  Хадиша  Арсланның  барындағыдай  емес,  елден 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет