Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет58/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
63
Ертесіне  күн  жарықта  қылмыс  жасаған  жерлерін  түгел 
қай та дан тексеріп шықты, қан ізі қалмады ма деп. Ошақтың 
ма ңа йы на келгенде Шəлиға алдынан шығып:
– Түнде су ысыттыңыздар ма? – деп сұрады.
– Иə, мен кештеу келген соң жуындым, – деді еркек қыз-
мет ші сі нің көңілінде түйткіл қалмасын дегендей.
2
Хадишаның сол күннен бастап ұйқысы бұзылды. «Жирен 
шалының қалай өлтірілгенін көрмесе де, өзі өл тір ген дей бо-
лып шошыды. Үш-төрт күннен соң ауырып мұрт тай ұшты. 
Денесі  оттай  жанып,  тұрса  болды  басы  айналады.  Тə бе ті 
жоғалып,  тамақ  іше  алмай  қалды.  Оны  шошытып  ал ға нын 
бі ліп Төрегелдінің жаны Хадишаның үстінде болды. Ұшық-
та ту ға Қарқаралыға аты шыққан тəуіпке апарды.
Қожа-молда, емші-тəуіп дегенді қудалап, мешіттерді бұз-
ды рып жүрген «кəмөнес» алдына келгенін көріп Ақберен ақ-
са қал көтеріліп кетті. Төрегелдіні алдына отырғызып қойып 
бі раз өсиет айтты. Соңында:
– Көп қан төгілген өміріңде. Соның дағы əйеліңнің жү-
ре гі не  түскен.  Үйіңде  аруақ  бар,  сол  сендерді  мазалайды. 
Арғы-бергідегі  əруақтарға  өмірі  бір  құран  оқытпапсың… 
Мына атқарып жүрген қызметіңнің өзі қарғысты көп ал ғы-
зып, жүрегіңді суытып жіберген. Бір құдайы таратып, əруақ-
тар ға  құран  шығарт.  Дінмен,  мешітпен  көп  алыспа.  Ақы-
рың ды ойла. Есті азамат бүгінгісін ақырына азық етер, – деп 
шы ға рып салды. 
Қанша «кəмөнес» болса да, қанша партбилетті жүрек тү-
бі не ұстаса да Ақберен ақсақалдың мына сөздерінен шошып 
Ер мет ті жанына ертіп алып елге барып бір қойды сойып та-
ратты. Бірақ жиналған жұртқа «құдайы таратып жатырмын» 
деуге «кəмөнестігі» жібермеді. Үйіне келген соң Ақ бе рен ді 
алып  келіп  құран  оқытты.  Онда  да  үй  қыз ме тін де гі лер ден 


64


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет