Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет66/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
71
үшін.  Ішкені  алдында,  ішпегені  артында,  асылдан  киім  ки-
гі зіп, Таупандай ұл сүйгізіп, астынан алтын пə уес ке түс пей, 
Үл кен үйдің ханымы болып алшаңдатқан арысын өзі зын дан-
ға көмдірген əйелді ар соты соттап, ұяты тұн шық тыр ды...
Ертесі бейсенбі еді, түскі асқа дейін жеті шелпегін пісір-
ген Шəлиға:
–  Ханым,  көрші-қолаңға  айтайын  ба,  қожайынға  құран 
оқы тып жатырмыз деп, – деп шалғышына қолын сүрте сөй-
лей  кіргенде  жайнамаздың  шетінде  отырған  Хадишаны 
көрді. Үндемей есік түбіне бір тізерелей отыра кетті. Ха ны-
мы ның намазын аяқтағанын күтті.
–  Сіз  намазға  жығылғасыз  ба?-,  деп  таңырқап  сұрады. 
Жайнамазын жинап болған соң Хадиша:
– Бастадым... Баяғыда көкемнің үйінде жүргенде Нəс рəт 
молдадан біраз дəріс алған едім ғой, – деді. Аздан соң барып:
– Ешкімге жар салмай-ақ қой, екі ұлмен өзіміз отырып-ақ 
құран бағыштармыз, – деп жалғастырды сөзін.
Құран  бағыштаса  да  Арсланның  əруағы  Хадишаға  ты-
ныш тық бермеді. Түн баласы елеспен алысып шығатын бей-
шара  əйелдің  жүйкесі  тозды,  сіркесі  су  көтермейтін  халге 
жет
  
ті. Үйде жалғыз қала алмайды, оңаша қалса болды елес 
же тіп  келеді.  Көктемгі  көкөзек  шақта  сол  елеспен  оңаша 
сөй ле се тін болды. Ондайда Шəлиға:
– Ханым, маған бірдеңе дедіңіз бе? – десе, ол сан ды рақ-
тап:
– Жоқ,ə, баяғы Арслан ғой, келіп тұрған, – дейтіндей хал-
ге жетті.
– Біссіміллə, ханым, үйде екеуміз-ақпыз ғой. Сіз өт кен ді 
ойлай бермесеңізші. Аман болса бір келер де, – деп кү ту ші-
сі ханымның қылығынан шошына бастады. Жалғыз қал дыр-
мау ға тырысып жүрді.
Жазға  қарай  Хадиша  алдағы  қысқа  отын  даярлық  жа-
сап  жүрген  баласымен  алысты. «Отын  қораның  қоры  азая 
бастапты,  отын  түсіріп,  соны  толықтырып  қояйын», – деп 


72


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет