Бағдарламасы бойынша шығарылды Досжан С. Д 64 Үлкен үйдегі үрей. Алматы: Жазушы, 2013. 304 бет



Pdf көрінісі
бет62/272
Дата10.07.2020
өлшемі1,47 Mb.
#75054
түріБағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   272
Байланысты:
Үлкен үйдегі үрей

Сәуле Досжан
67
ша ның алғашқы ойы. Екі еркек зембілді көтерген күйі үйге 
кі ріп кетті. Хадиша үрпиіп тұрған ұлдарына:
–  Сендер  əзірге  үйге  кірмей  тұрыңдар.  Көкелерің  аттан 
құ лап, ауырып қалыпты, – дей салды да өзі ілбіп үйге бет-
теді. 
Қонақ бөлмедегі болыскей керуеттің көрпелерін тү сі ріп, 
Төрегелдіні  жатқызып  жатыр  екен.  Жанына  барды.  Шашы 
қанмен ұйысып, өңі қап-қара болып, жүзі əлемтапырақ, көзі 
жұмулы.  Қор-қор  етеді.  Еңкейіп  денесін  көрпемен  қым та-
ды. Сүтпісірім уақытта сынықшы Домбай қария келді. Ұзақ 
қарап көрді де:
– Жұлынына зақым келген. Ертеңге шыдамас, – деп ке сіп 
айтты. 
Өзі  қалтаңдап  жүрген  əйелге  бұл  оңай  соққы  болмады, 
талып түсті. 
Төрегелді сол қорылдаған қалпымен таңға дейін жатып, 
Шолпан туа мəңгілікке аттанды...
Хадиша есінен қайта-қайта танып күйеуінің мəйітін үй-
ден қалай шығарды, қай тұсқа жерледі хабарсыз қалды. Өлік 
жөнелтудің барлық жөнін Жақып көкесі мен ержетіп қал ған 
Тауфиығы жайғастырды. Төрегелдіден туған екі ұл əлі жас. 
Үлкені – Заманбек  көкесінің  аттан  құлап  өлгеннін  бі ле ді. 
Кішісі – Ергенбектің тілі енді шығып келеді. Апасының ау-
руы жандарына барып жүргенде көкесінің өлгені За ман бек ті 
жасытып кетті.
Төрегелдінің  қырқын  өткізген  соң  анасы  Зарлықан  елге 
қайтты. Күнде ауру қызының жанында, екі ұлға бас-көз бо-
лып отыратын еді.
– Ой, соры арылмаған балам-ай, – дей береді Хадишаға 
қараған сайын, күбірлеп.
Шешесі кеткен соң-ақ жатын бөлмесінде оңаша ұйық та са 
Хадиша шошып, таңға көз ілмейтінді шығарды. Жанына үш 
ұлын бірге алып жатады. Таупаны он алтыға қарап, жігіт бо-
лып қалды. Күні бойы ауланың тірлігінен босамайды. Бая ғы 


68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет