Бірінші тарау
ҚАҺАРМАНДЫҚ ДРАМА
«Қызыл сұңқарлар» драмасының шығармашылық тари-
хы туралы не айтуға болады?
Рас, белгілі себептердің зардабынан С. Сейфуллиннің басқа
шығармалары секілді бұл туындының да қолжазбасы, автор-
дың алғашқы эскиз, жоспары секілді дүниелер жойылған. Деген-
мен, драматургтің эволюциясын аңғаруға, шығармашылық
ұстаханасына енуге мүмкіндік беретін материалдар ретінде
пьесаның әр жылғы басылымын тексерген жөн.
Шығарма 1922 жылы Орынборда басылып шықты. Пьеса –
революциялық драма, пролетарлық әдебиет принциптерін ұс-
танып жазылған туынды.
Шығарманың идеялық дәл бағасы, сол кезде «...бұл пьеса-
ны еңбекшілер табының төңкерісі туғызған, оның геройлары –
күллі еңбекші тап» деп
(«Еңбекші қазақ», 1923, 2 ақпан)
көр-
сеткендей, негізінен әділ берілген еді.
1926 жылы пьеса екінші рет Семейде басылып шыққан-
да көркемдік талаптар тұрғысынан бірқыдыру редакция жа-
сағанын С. Сейфуллин алғы сөзде ескертеді.
Үшінші рет, 1936 жылы драматург пьесаға қайта оралды,
жаңадан жазылған екі перде жарияланды
(«Әдебиет майда
ны», 1936, №9).
Осы кезде пьесаның сахнаға қайта қойылуына
байланысты бірқыдыру пікірлер айтылды
(«Қазақ әдебиеті»,
1936, 12 шілде; «Лениншіл жас», 1936, 12 желтоқсан; «Қазақ
әдебиеті», 1936, 18 желтоқсан; «Қазақ әдебиеті», 1936, 24 жел
тоқсан).
Журналда жарияланған үзінді – «Қызыл сұңқарлардың»
белгілі тексін қайта редакциялау, өңдеу, өзгерту негізінде
ту
ған нұсқа, вариант емес, мүлде тыңнан жазылған, жаңа
оқиғалы, өзге кейіпкерлері бар дүние.
Негізгі әрекет Маштай байдың шаңырағының астында өте-
ді. Совдеп құлатылып, қаланы қайтадан ақтар алғандықтан,
8
адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қайтадан өзгеріс түс-
кен. Кеше ақырзаман орнағандай көрген жуандар бүгін қайта
тіріліп, ауыздарынан от шашады, кеше зорлық атаулы жо-
йылып, енді теңдікке қолымыз жетті ме деген кедей-кепшік
қайтадан тұнжырайды.
Айтылмыш үзіндіні «Қызыл сұңқарлардың» прологы, яки
түрме сценаларының алдында келетін көрініс деп қарауға бо-
лады. Пьесада Жұмаш, Байділда ақтардың қолына түсіп қа лу
қаупінен қашып, Маштайдың үйін паналайды. Маштайдың өз
есебі өзінде: біріншіден, Жұмаш қанша қызыл болса да, Ана-
пиямен көңілдес, екіншіден, Байділданы пайдаланып, Совдеп
ақшасын қолына түсіріп алса, дәулет тұрғанда аспаннан қан
жауса да мұртын балта шаба ма? Бірақ қатер таянғанда Маштай
қиналмай-ақ большевик жігітті жау қолына ұстап бере салады.
Мұхамеджан Қаратаев бұл жөнінде: «Маштайда нағыз байдың,
керек болған жерде өз басының қамын тап күресі, капиталис-
тер, помещиктер, қазақ байларының мүддесіне ба ғындыра тын
байдың кейпі берілген»,– деп дұрыс айтқан
(«Қазақ әдебиеті»,
1937, 18 қаңтар).
Үзіндіде Дарабай болыс, оның інісі Төлеутай, Маһира, Ана-
пия, Нұрила секілді әйелдер, комендант Чех, Джорж сияқты
шетелдіктер – мінез даралығымен ашылмаса да, драматург ізде-
ністеріне куә боларлық персонаждар.
Сонымен, біздің ойымызша, «Қызыл сұңқарлар» драма-
сы ның алғаш 1960 жылы жазушының көп томдық шы-
ғарма
лар жинағында жарияланған вариантын негізгі, жү-
йелі, тия
нақ
ты нұсқа деп тану дұрыс болмақ. Драматург
шығармашылы ғын зерттеушілер үшін, пьесаны сахнаға шы-
ғармақ режиссерлер үшін айтылған үлгілердің қай-қайсы сын
қарастырып, пайдаланудың ерсілігі жоқтығы, әрине, дау ту-
дырмайды.
«Қызыл сұңқарлар» драмасының жазылу мезгілі, бір
жағынан, Сәкен Сейфуллиннің пролетарлық дүниетанымды
ерте меңгеріп, көркем шығармашылықта төңкеріс платфор-
масына бұлтақсыз, тура жолмен келгендігін көрсетсе, екінші
9
жағынан, қазақ әдебиетінің эстетикалық-философиялық биік
деңгейге тез, шапшаң көтерілгендігін дәлелдейді.
Белгілі монографиясында Әбділда Тәжібаев әйгілі «Броне-
поезд 14-69», «Любовь Яровая», «Мылтықты адам», «Эскад-
ра өлімі», «Оптимистік трагедия» шығармаларының «Қызыл
сұңқарлардан» уақыт жөнінен кешірек туғанын айтады
Достарыңызбен бөлісу: |