Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет1/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Аширов




УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (Қаз)
Н 86
Қазақстан Республикасының Мәдениет 
және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды
Нұрғали Р.
Шығармалары. 
– Астана: Фолиант, 2013.
ISBN 978-9965-35-995-8
Т.2. Драма өнері: 
монография.
ІІ кітап. – 304 б.
ISBN 978-9965-35-997-2
Көрнекті әдебиеттанушы ғалым әрі жазушы, Қазақстан Рес 
пуб-
ликасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымда-
рының докторы, профессор, академик Рымғали Нұрғалидың 8 том-
дық шығармалар жинағының екінші томына «Драма өнері» атты 
мо но графиясының үшінші бөлімі беріліп отыр.
© Нұрғали Р., 2013
© «Фолиант» баспасы, 2013
УДК 821.512.122.0
ББК 83.3 (Қаз)
ISBN 978-9965-35-997-2 (T. 2) 
ISBN 978-9965-35-995-8
Н 86


Үшінші бөлім
Д Р А М А



5
ДРАМАДАҒЫ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ҚАҺАРМАН
Қазақ драматургиясы жүйесінде драма жанр ретінде тра-
гедия, комедиямен бір мезгілде дүниеге келді. Жалпы ерек-
шеліктері жөнінде қазақ драмасы жанрдың дүние жүзі әде-
биетіндегі сипаттарының қалыбынан көп ауытқымайды.
Күнделікті тұрмыстың әр түрлі құбалыстары драмада жан-
жақты бейнеленеді. Сан алуан тартыстар драма қаһарманын 
ауыр шайқастарға салып, оның рухани-адамгершілік қуатын 
сынап жүреді, алға қойған мақсат, белгілі нысана үшін күрес 
үстінде адамдар мінезінің неше түрлі қырлары ашылады. 
Уақыт, заман талаптары, әлеуметтік шарттар қалыптастырған 
нормаларды бұзу, шеңберден шығып, шекарадан өту секілді 
қаһармандар әрекеті тартысты психологиялық ситуациялар, 
драмалық жағдайлар тудырады.
Тұрмыстың, отбасының, жеке бастың сан қилы қақ 
ты-
ғыстарын сюжет арқауы ететін драма гипербола, гротеск 
секілді көркемдік құралдарды сараң қолданады, оның есесіне 
дәуір, нақты детальдар, табиғи бояулар бұл жанрдың өмірді 
реалистікпен бейнелеуіне көбірек мүмкіндік береді.
Драма кейіпкері – көптеген көгенкөздің бірі, ол ауыр күй-
зеліс, үлкен сынға түсіп, тіршіліктің қиын бір кезеңін басы нан 
өткереді; сол тар жол, тайғақ кешуде не күйреп, рухани жүдеп, 
тозып, тоналып шығады, не жалаңаяқ қар кешіп, маңдайына 
тас тиіп, сонда да мойымай, басқа түскен таудай ауыртпалықты 
қайыспай көтеріп, арып-ашып жүріп белге көтеріледі, салқын 
сабыр иесі болып марқаяды. Ерекше ескеретін бір жайт – 
драмалық әрекеттің ширақтық сипаты.


6
Қатардағы жұмыр басты пенденің, көпшіліктің өзіне ұқсас 
қоңыртөбел жанның басынан өтетін драма ерекше оқиғалар-
дың түйісуінен, ерекше характердің қақтығысынан туады. 
Кейіпкерлер басына бұлт үйіріліп, шешім қабылдайтын, күреске 
түсетін шақ туады, дос кім, дұшпан кім – осылар анықталады; 
сөйтіп кеше оң мен солын, ақ пен қараны дәл ажыратпай жүрген 
адам енді аяғын байқап-байқап басатын болады, өзгені де, өзін 
де тартыс үстінде танып шығады, басынан белгілі бір драма 
өткізеді. Мұның бәрі сахналық шығармада әрекет, қимыл, кү-
рес арқылы ашылмақ. Драма кейіпкері – негізінен көпшіліктің 
қо ңырқай өкілі, ол басын қанша тауға, тасқа соққанмен, ас-
пандағы айды алатын трагедиялық қаһарман деңгейіне шыға 
алмайды; күтпеген күйге түсіп, керемет күлкі болатын, ішек-
сілеңді қатыратын комедия кейіпкері де емес, ұмтылып құлап, 
қайта тұрып, тағы ентелеп жүріп, мақсатына жеткенмен, 
бәрібір қалыбынан аспайды, көктемде бұлқан-талқан бұзылып, 
бір тасып басылған шолақ өзен іспетті арнасына түсіп, қайтадан 
жылап аға бастайды, бұрынғы мимырт тірлігіне қайта көшеді. 
Сондықтан да мінезі, іс-қылығы, дүниетанымы, сөзі, жүріс-
тұрысы – күллі сипаты жөнінен бұл – театрға ең жиі келетін 
қатардағы көрерменнің өзіне ұқсас, өзіне етене, өзімен туыстас 
кейіпкер.
Әдебиетіміздің көп жылдар бойы жиналған фактілеріне, 
көркемдік процеске сүйене отырып, қазақ драмасын мынандай 
салаларға жіктеуге болады: а) қаһармандық драма; ә) саяси-
әлеуметтік драма; б) тарихи-ғұмырнамалық драма. Бұған қазір-
гі әдебиетімізде көріне бастаған психологиялық, лирикалық, 
дискуссиялық драмаларды, түрлі инсценировка-пьесаларды 
қосу керек.


7


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет