«Қазақтан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы «Мәдениеттану» курсы бойынша Реферат тақырыбы: «Мәдениет тілі» Орындаған: «Сөз сөйлеу жанры» мамандығының 2курс студенті Г.И.Құрбанқұлова Тексерген: «ҚT және ӘҒ» кафедрасының доценті филос. ғ. к. Б.М.Божбанбаев
Алматы, 2020 Мазмұны: Кіріспе.....................................................................................................................3
Негізгі бөлім 1.Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде..........................................................4 2. Мәдениет тілі мәдениет болмысының тәсілі ретінде.....................................8 3.Структурализм және оның лингвистикалық басымшылықтары....................9 Қорытынды............................................................................................................14 Пайдаланған әдебиеттер:...........................................……................................ 15
Кіріспе Жаңа дәуірден бастап ХІХ ғасырға дейін мәдениеттегі тілге көп көңіл бөліне қойған жоқ. Тіл үнемі сананың, ақыл-ойдың, рухтың құралы ретінде, солардың көлеңкесінде қарастырылып келді. Тек ХІХ ғасырдың басында философияда тілге деген бетбұрыс байқалды. Соның нәтижесінде тіл адам болмысының ең негізгі тәсілі екендігі айқындалды. ХХ ғасырда тіл – коммуникация және таным көзі деген қағида артқа ығысып, оның орнына тіл – ұлттың жалпылама мәдени коды, бет-бейнесі деген ұстаным келді. Бұндай ұстаным бір күннің ішінде өздігінен пайда бола қалған жоқ, оның іргетасының алғашқы “кірпіштеріне” – В. Гумбольдт, А.А. Потебня, Ф. де Соссюр, М. Хайдеггер және т.б. тіл туралы толғаныстарын жатқызуға болады.
Тіл, мәдениет және ұлттық дүниетаным мәселелерін жеке жеке өз алдына түрлі ғылым салалары қарастыратындығы белгілі. Мысалы, тіл, оның құрамы және оны пайдалану ерекшеліктерін – лингвистика, филология, әдебиеттану, тілтану зерттейді. Мәдениет сынды адам баласының бүкіл тіршілік тынысын зерттейтін мегапән – мәдениеттану бар. Ұлттық сана, ұлттық діл, дүниетаным ерекшеліктерін этнология, этнопсихология, этнолингвистика, мәдени антропология және т. с.с зерттейді. Ал осы бір-бірімен қоян-қолтық араласып жатқан әрі бір-біріне деген ықпалдастығы жағынан бірыңғай дүниелерді өзара байланыста жүйелі зерттеу мүмкіншілігі сол жоғарыда аталған пән салаларының бірлесе күш салуының нәтижесінде ғана мүмкін болмақ. Жалпы, қазіргі замандағы ғылым дамуының өзіндік ерекшелігі күн өткен сайын “дефисті” бағыттардың, яғни пәнаралық ғылыми бағыттардың өсіп келе жатқандығы.