Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет6/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Аширов

(5­т., 
166­бет),
– деп келетін толғауын психологиялық, реалистік мо-
нолог қатарына қаймықпай қосуға болады. Кейіпкердің ішкі 
әлемін, сезім күйін, көзқарасын, тұтас тұлғасын танытатын сөз.
Тағы бір көркемдік ерекшелік – негізгі сценалардағы жина-
қылық айқын, әрекет жан-жаққа шашырамай, негізінен екі 
адамның арасында өтеді. Нұрай, қыздар аузымен айтылып 
жатқан Имашты мансұқ еткен сөздер қанша дегенмен солғын. 
Объективті өмір ағысын жанды бейнелер арқылы көрсету 
мақсатындағы драматург, әсіресе, Райхан образына қатысты 
сыншыл идеяны айқын аңғартпайды. Трагедияда айыпкер 


24
жалғыз Имаш емес, ең алдымен қыз намысын аяққа таптаған 
оның өзі екені күңгірттеу көрсетіледі.
Ілияс Жансүгіров алғашқыда драматургия саласындағы 
шағын формаларды игеріп, жанр техникасына машықтану-
мен болса, «Кек» пьесасын жазу үстінде талант толысуына, 
қаламгерлік марқаюға, шеберлік шыңына көтеріледі.
Ең алдымен, суреткер дүниетанымында ілгерілеп өскен-
дік, диапозон кеңеюі байқалады. Бұрын қазақ ауылының 
пейза жын, ел өміріндегі өзгерістерді өлең, шағын поэма ар-
қылы жырлап жүрген ақын енді ұлт тарихындағы ғаламат 
бетбұрыс – революция тақырыбы, тап күресіне батыл барып, 
туған әдебиетте әлі іргесі толық қаланып бітпеген жаңа жанрда 
күрделі, көлемді шығарма тудырып, суреткерлік эволюция-
ның биік сатысына көтеріледі.
Бұрын жазылған, сахнада қойылып жүрген белгілі шы-
ғармалар – «Еңлік – Кебек», «Бәйбіше – тоқал», «Қарагөз», 
«Арқалық батыр» аңыз, эпос материалдарын, солардың көр-
кемдік поэтикасын арқау еткені мәлім. Ревоюциялық та-
қырыпта маңызды пьеса тудырған С. Сейфуллин үлгісі деме-
се, дәл «Кек» жазылар тұста қазақ драматургиясы реалистік 
дәстүрлерді түгел игеріп кетті деп айтуға болмайтын еді.
Із түскен, өлеңшіл, әңгімешіл оқиға жүйесін қа 
лып-
тастырған, образдардың жалпы нобайын, негізінен идеялық 
сарынды белгілеген объекті емес, өмірдің өз ағысынан таңдап, 
талдап, сұрыптап алған материалды шығармаға арқау ету – 
қазақ өнерінің өмірмен байланысындағы жаңа диалектика-
лық қарым-қатынасты білдіреді. Рас, пьесаға арқау болған 
оқиғалар, тіршілік жағдайлары драматургтің бастан-аяқ ой-
дан шығарған, қиялдан тудырған нәрселері еместігі айқын: 
драманың негізгі кейіпкерлері – өмірде болған адамдар, олар-
дың бірталайының аттары өзгеріссіз алынған; қаламгер өз 
ауылында өткен, өзі ішінде араласқан, көзбен көріп, қолмен 
ұстаған, құлақпен естіген, айрықша жақсы білетін, ет жүрегін 
елжіреткен дүниелерді қағазға түсірді, сыр етіп шертті.


25
Бүкіл Қазақстанға, әсіресе, Біржан – Сара айтысы арқылы 
мәлім болған ауылдың төңкерістен кейінгі тағдыры – пьеса-
ның негізгі фабуласы. Қаламгер драмалық түйінді, басқа қатер 
төнген екіталай, аумалы-төкпелі кезеңнің шындығын, қарама-
қарсы күштер тартысқа түсетін мезгілді дәл тапқан.
Жуан әулеттің болған-толған кезі емес, бағы қайтқан, сер-
гелдеңге жолыққан шағында, атақоныс, туған жерінде емес, 
қуғын-сүргін көріп, қашып-пысып, арғы бетте бір таудың қуы-
сын паналаған шерменде күйінде кезігіп отырмыз.
Әуелі шаңырақ иесі көзге түспейді, сылаңдаған бойын нәп-
сінің құтырынған оқжыландары буған жас тоқал Кәріс шы-
мылдық бетін ашады. Пьесадағы негізгі қаһарманның бірі 
Тә ңірберген қажы тіршілігінің көп дертінің үстінен түсесің. 
Өкімет басына большевиктер келіп, дәулеттен, байлықтан ай-
рылып, қиырға қашып кеткен оның үйінде тыныштық, төсе-
гінде адалдық, жанында рақат, қосарында дос жоқ екен.
Тоқал ғана болса бірсәрі, бәйбіше де қажының көзіне шөп 
салып отыр. Осындай іштей шіріген, бауырынан өртенген 
ұяның отбасылық тірліктегі күйі, алдамшы кейпі алғашқы 
көріністерден белгілі болады, драматург бұл бастаудан терең-
детіп әкетуге негізі бар тартыстарды қуалап кетпей, әлеу-
меттік қақтығыстар нәтижесінде туған характерлерді сахнаға 
шығарады.
Маңдайынан тері сорғалап, арқа еті арша, борбай еті борша 
болып, жылқы бағып жүрген Аятбай қазаншы үндемес кем-
пірдің ұрлап құйып берген бір тостаған қымызын ішіп тұрып, 
сорлы ананың мұңын дәрменсіз тыңдайды. Кісі есігінде жүріп 
көрген қорлық-зомбылық өз алдына, алыста қалған туған жер 
еске түскенде жүректері қарс айрылады. Үндемес кемпір боль-
шевик ұлы Бейсенбайды есіне алып зар қағады. Үндемес – Аят-
бай диалогында әлеуметтік сарын мол.
Осыған қарама-қарсы алынған екі сценада екі түрлі күй бар. 
Екеуі де сезім, нәпсі базарының ұрыларын көрсетеді. Үйіме 
ес, малыма қорған деп қажы тастап кеткен Өкендау өліп-өшіп 
бәйбіше құшағында жүр; ел билігін беріп кеткен Сейдахмет 


26
би тоқалды жайлап жатыр. Шіріген, адалдық, тазалықтан 
айрылған, көлгір, өтірікші екі әйел – бәйбіше мен тоқал – екі 
мінездің, екі тұрпаттың адамы. Бәйбіше – ұртоқпақ, дөкір, ма-
засыз, қытымыр, күйеуінің алдында өп-өтірік монтаны, жы-
мысқы; тоқал әрі сақ, әрі нәпсі жолында көзді жұмып жіберетін 
сумақай, кербез, төсек қызығын күйттеген жіңішке жолдың па-
луаны.
Қажы келгенде бәрі құрша жорғалап сала береді: бәйбіше 
мен тоқал адалдық құрбаны, Өкендау мен Сейдахмет сақ кү-
зетші, мызғымас қорған іспетті – мұның бәрі сырт көзге ғана.
Ел хабарын әкелген, шекарадан жасырынып өтіп келген 
қажының сөзінде зіл, салмақ, ызғар бар. Қасындағы офицер 
Меделхан жеңілтек, ұшқалақ, пәтуасыз екендігін оңай білдіре 
бастайды.
Драматург бір бай отбасының әлеуметтік, рухани, эко-
номикалық тұрғыдан күйреу тарихын көрсете отырып, сол 
арнада әр түрлі таптың өкілдерін бейнелеу мақсатын алға 
қойғандығын «Кек» драмасының композициялық струк 
ту-
расының көп тармақтылығынан, әр түрлі тіршілік суреттерін 
қамтитын сценалардан аңғаруға болады.
Бірінші перденің екінші суретіне көңіл қойыңыз.
Табиғаттың төл перзенті, көп уақыты ашық аспан астын-
да, өзен-көлдің жағасында, тау арасында, қысы-жазы мал 
бағумен өтетін қойшы ең алдымен қоршаған ортамен сырлас, 
оған мелшиген таспен, бой түзеген ағашпен, жүгіріп өткен жан-
жануармен, сылдырап аққан сумен сөйлесу, солармен ой бөлі-
су, тіршілік туралы толғану, шер тарқату, мұң шағу – дағдыға 
айналған дәстүрлі нәрсе. Тағы ескерерлік жай, ауыздықпен 
алысқан қаба жалды айғыр мініп, бет қаратпас боранда кеудесі 
ашық жүретін, желігі бойына сыймайтын жылқышы емес, 
қойдың жүні қоңырша, жыбырлаған малдың сырт-сырт ет-
кен тұяғына көз тіккен шопан шіркін мұңшыл, уайымшыл, 
қиялшыл да ғой.
Ескі ауылдың сол қойшысы – алдыңызда тұрған Таста бан. 
Дүниедегі бір жөні түзу есім де бұйырмапты: Тастабан... Қой 


27
соңында салпақпен қанша жүре берсе өкшесі тесілмейтін, та-
баны тас болсын деп қойған ғой. Әлде кемсітіп, қорлап, осылай 
атандырып жіберді ме екен?
Хош, өзін тыңдап көрейік, не дер екен? «Аһа-һайт-ай! 
Һайт-ай! Біздер өлгенде айтақтап өлеміз ғой. Түні бойы кірпік 
айқастырмадым. Түнде – күзет, күндіз – бағын. Осымен өмір 
өтіп келеді. Әй, бүйтіп берген күні құрысын!.. Сөйтсек те байға 
жақпаймыз. Керек десе, табан ет, маңдай тер ақымызды да 
жарытып бермейді. Айтқанынан және жырғамайды. Аузы-
мен – алты айға бір бесті, қолымен – алты айға бір ешкі. Әй, 
қажы-ау, оңбассың-ау, көріңде өкірерсің-ау. Бәлем, осы мал-
ды ақыретке айдап барсаң – бардың, бармасаң, қажы, кебініңе 
жармасармын-ау. Бәрінен бұрын бізді торғайдай тоздырып 
әкеткенін айтсаңшы. Біз, қара бауырлар, осылардың сүргінімен 
қазір тілім-тілім болмадық па? Мынау жатқан құз Алатау біз-
дің басымызда емес пе?» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет