Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет9/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Аширов

 (5­том, 71­бет).
«Дала балладасы» драмасында:
«Желбуаз: Айналайын жұртым-ау, жазықсыз деп Желбуаз 
айтсаңдаршы қызылға. Кедей десең – кедеймін, сорлы десең – 
сорлымын, жоқ еді ғой қорлығым... Баламаңдар қажыға, күнім 
үшін істегем қызметімнің барлығын» 
(«Дала балладасы», 
қолжазба, 59­бет).
Өнер атаулының тамырына қан жүгіртіп, жүрегін соқтырар 
қуатты күш – өмір, халық өмірі, жеке адамдардың өмірі. Дә-
уірлік маңызы бар дүрбелең, атышулы оқиғалар өнерден көрініс 
таппай тұра алмайды. Құштарлық екі жақтан бірдей: айрықша 
маңызды, қатпарлы дәуір шындығы суреткерін тосса, суреткер 
кең құлашты, ауқымды материалға өзі де құлшына шүйлігеді.
Орта Азия мен Қазақстанда болған 1916 жылғы халық 
көтерілісі – тарихтың салқар көшінде Алатаудың Талғарындай 
аспандап тұрған биік заңғарлардың бірі. Бұл оқиғаның туысқан 
әдебиеттерде толып жатқан шығармалар тудыруы, түптеп кел-
генде, өмір мен өнер арасындағы кіндіктестікті сипаттайды, 
халық басынан өткізген қиян-кескі күрестің тарих қойнауында 
қалып қоймай, әдебиеттің мәңгі өшпес, өлмес беттеріне көшуі 
болып табылады.


41
Қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжіктерді патша үкіметі 
жүргізіп жатқан қантөгіс соғысқа алу туралы жарлық әбден 
шегіне жеткен халық ызасына түскен шақпақ от болатын. Он-
сыз да лаулап өртенгелі тұрған кек тұтанды. Ел қаһарының 
қайқы қара қылышы азаттық үшін жанын шүберекке түйіп, 
сыбанып шыққан ерлердің қолында жарқ-жұрқ ойнады.
Отаршылардың обыр өңештері үңгірдей кең еді. Олар бай-
тақ қазақ даласын аш қасқырша қарақтап, жылы-жұмсақты 
асап жатты. Бірді беріп, мыңды жетектеді. Көрбала, көзі 
ашылмаған, ұйқыдағы елдің 45 миллион десятина шұрайлы 
жерін зорлап, күшпен, тіземен тартып алды, сутегін мал мың-
мыңдап айдалды. Жалғыз мысал: патшаның алпауыт сау-
дагерлері 1894 жылы бір Ақмола жәрмеңкесінде 142000 қой, 
13000 ірі қара, 9300 жылқыны қолға түсірген.
Екі жақты езгінің зіл салмағы белін қайыстырып, соры 
қайнап, сорпасы төгілді қайран елдің. Еркіндікті аңсаған қыр-
дың батыр жігіттері атқа қонды. Құрулы пулемет, ақырған 
зеңбіректен тайсалмай қарсы шапқан өңшең қыршынның 
кеудесінде бостандық деп соққан жолбарыс жүрек тайша тула-
ды.
«Қазақстан мен Орта Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс им-
периализм қайшылықтарының әбден шиеленіскен жағдайын-
да болды. Бұл көтеріліс патша үкіметінің бүкіл отаршылық 
саясаты күйрегендігінің нәтижесі болып табылады. Орыстың 
әскери феодалдық империализмі кризисінің көрінісі болды 
және сипаты жағынан отаршылдыққа қарсы халық азаттық 
көтерілісі болды».
Патша жарлығы бойынша 18 бен 40 жас арасындағы жігіт-
тер мобилизацияланып, қара жұмысқа барлығы 400 мыңға тар-
та қазақ алынды. Далада дауыл тұрды! Көтеріліс өрті тұтанды. 
250-ден аса болыс ел жазғытұрымғы асау Ертістей бұлқынып 
ереуілге шықты. Сең қозғалды!
Жетісудың Албандары почталарды қиратып, телеграф 
сым дарын құлатып, Қарқара жәрмеңкесіне шабуыл жасаса, 
Тор ғайдың Қыпшақтары мен Арғындары ең алдымен сатқын 


42
болыстың басын шапты. Зайсан Наймандары мыңдаған жігіт-
терін қаруландырып, патша әскерлерімен соңғы демдері 
біткенше, бір табан да кейін шегінбей соғыс салды. Қасиетті 
күрес үстінде халық батырлары шықты: ол – Торғайдың 
ардагері Аманкелді Иманов, ол – Ақмоланың ақиығы Жаны-
бай Ниязбеков, ол – Жетісу жауынгері Бекболат Әшкеев, ол – 
Қастек қаһарманы Нәрке Сәтібеков.
Көтеріліс стихиялы арнада еді. Желді күнгі өрттей лау-
лағанмен, бас біріктіріп, күш топтастыра алмаған ереуілді пат-
ша отаршылары қалың әскер, көп қарудың күшімен басып тас-
тады. Жазалаушы отрядтар көтеріліске қатысқан ауылдардың 
қыстауына өрт қойып, жайлауларын қан қылып, ер азаматын 
опат етті. Еңбектеген бала, еңкейген кәрі ат тұяғына жан-
шылды. Туған жер, өскен аймқпен қоштасып, 300 мыңдай 
халық ауа көшті. Қанқұйлы генерал Куропаткиннің жалғыз 
өзінің кесімі бойынша Түркістан өлкесінде 347 азамат өлім 
жазасына бұйырылып, 168 адам жер аударылып, 120 адам 
абақтыда шіріді.
Дала оянды. Ол мең-зең ұйқы мен үнсіз мүләйім бағы-
нушылықты ғана емес, дабылды ұран қағып, табан тіресіп 
соғыса алатынын көрсетті. Патша тағының іргесі шайқалды. 
Аманкелді сарбаздарын жазалаушы отряд бас идіре алмады. 
Торғай қырандары қатарын сетінетпей, 1917 жылдың ұлы 
шеруіне шыңдалған қайрат, өршіген жігермен үлкен лек бо-
лып қосылды. Ер азамат кімнің қас, кімнің жау екенін ұқты. 
Қазақтың байы мен орыстың отаршылары жан алқымға кел-
генде бірінің аузын бірі жалап, ақ балтаны кедей мен мұжыққа 
қарсы сілтейтінін көздерімен көрді.
Революция алдындағы әйгілі 1916 жыл оқиғасының 
осындай тарихи сабақтары бар. Отаршылдыққа қарсы ба-
ғытталған көтерілістің түпкі мәні қанау атаулының барша-
сына қарсылық арнасына ойысты. Осындай зор дүрбелең, 
аласапыран дәуірде жеке адам тағдыры, халық тағдыры қат-
қабат шиеленіске түсті.


43
Әдебиет аса сезімтал прибор тәрізді, халық өміріндегі тит-
тей өзгерістің өзі оның айнасына түспей қалмайды. Әйгілі 
1916 жыл көтерілісінің әдебиетте қалдырған ізі терең де 
көрнекті.
Оны бірінші боп шығармаға өзек еткен – ауыз әдебиетінің 
өкілдері, халық ақындары, өлеңші-жыршылар. Бір қызық 
құбылыс – жай уақытта әдебиеттен мүлде сырт тұрған адамдар 
бастарына күн туып, ауыр халдерді кешкен кезде жай-күйлерін 
стихиялы түрде қағазға түсіреді. Шын сезімнен туған мұндай 
шығармалардың көп ретте көркемдігі ақсап жатса да, олардағы 
өмірлік ақиқат олқылық орнын толтырғандай болады. Он ал-
тыншы жыл жайлы жазылған фольклорлық шығармалардың 
бірталайын осы кемерде бағалауымыз керек.
Дарын қуаты әр шамадағы түрлі авторлардың еңбектерін 
тұтастай алып қарағанда байқалатын басты қасиет мынау: 
көбіне өмірлік материалдардан қолма-қол туған бұл шығар-
малардың негізгі рухы – азаттық үшін күрес пафосы, ереуіл 
лебі. Көтерілістің әр кезеңін, тіпті қысылшаң, тас босаға, қамау-
қоршау сәтті бейнеленгенде де пессимистік сарыннан өршіл оп-
тимизм иығы асып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет