Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет10/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
Аширов

 Июньде жиырма бесінші шықты жарлық,
 Жарлықты естіген соң естен тандық.
 Жар қылды үш­ақ күнде жиясың деп,
 Болады бұдан артық қандай тарлық?
 Ұлық тұр: «Айтқаныма көнесің! – деп, – 
Кісіңді шапшаң жиып бересің! – деп. –
 «Ал!» деген патшаның бұйрығы бар,
 Болмаса қантөкті боп өлесің!» – деп.
Он алтыншы жыл туралы жырлардың бірталайы Төлеу 
Көбдіковтің осы «Сарыарқаның сарыны» толғауына ұқсас 
келеді.


44
 Ел болмас бұған солдат бергенменен,
 Патшаның дегеніне жүргенменен.
 Жақсылық жауыздардан қазақ таппас,
 Соғысқа босқа барып өлгенменен, – 
дейді Бұзаубақ ақын «Құты қашты патшаның» өлеңінде.
Халық поэзиясының көптеген туындылары көтерілісті әр 
қырынан көрсетеді. Олар бірнеше рет жеке жинақ болып ба-
сылды. Бұлардың ішінде халық батыры Аманкелді туралы 
өлең-дастандардың өзі бір төбе. Омардың «Аманкелді айба-
ты», «Торғай соғысы», Күдіренің «Ер туды», Сәттің «Июнь 
жар
лығы», Бақыттың «Аманкелдінің анасымен қоштасқаны» 
өлеңдері. Бұлардың барлығын көтеріліске қатысқан сарбаз 
ақындар шығарған.
Жамбылдың «Зілді бұйрық», Бөлтіріктің «Ел жарыла 
көшкенде», Нарманбеттің «Сарыарқа», Исаның «Бекболат», 
Біржанның «Прием», Теміртайдың «Жатқан жерім казарма» 
деп аталатын шығармалары, идеялық-көркем дәрежесінің әр 
деңгейде тұрғанына қарамастан, қат-қабат күрделі кезеңнің 
әдебиеттегі көрінісі ретінде қымбат, бағалы.
1916 жылғы көтеріліс тақырыбы Орта Азия мен Қазақстан 
халықтары әдебиетінің іргелі жанрлары проза мен драма-
тургияда да көптеген шығармалар тудырды. Көтерілістің 
ұқсастығынан шығар, қазақ, өзбек, түрікмен, қырғыз жазу-
шыларының туындылары бір-бірімен үндесіп жатады. Бұл 
бауырластықты өмірлік материалдарды іріктеу принципінен, 
қаһармандардың арақатынасын белгілеу тенденциясынан, түп 
қазық идеядан жақсы аңғарамыз.
Түрікмен әдебиетінде 1916 жыл көтерілісін бейнелейтін 
шы ғармалар ішінде Берді Кербабаевтың «Алып адымдар» ро-
маны айрықша орын алады. Шығармада тарихи шындық терең 
көрініс тауып, әлеуметтік тартыс, тап күресі жеке адамдар 
тағдыры арқылы бейнеленді.
Романдағы орталық қаһарман Артықтың эволюциясы – 
мыңдаған түрікмен шаруасының таптық санасының ояну эво-


45
люциясы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың ащы зардабы, патша 
отаршыларының түрікмен халқын сүліктей сорып, титықта-
тып барып, ақыры Июнь жарлығына тірелгені реалистік ше-
берлікпен суреттеледі. Бір кезде чиновниктер жалғыз атын 
әскерге зорлап тартып алып кеткенде жер соғып қалған Артық 
басына қара күн патша жарлығымен қоса жетеді. Қожамұрат, 
болыс Хұммет секілді Халназарбай, Нобат бай екі сөзге келме-
стен патша әміріне құлдық ұрады.
Сары ала түймелі жендет, полковник Беланович толқи 
бастаған азаматтарға топырақ шашады, отаршыл төре күш көр-
сетіп, айбат шегеді.
Халық ызасында шек жоқ. Кеше ғана өзі оң мен солын 
танымаған Артық енді саяси күрес сферасына тартылып, қа-
ладағы жұмысшылармен білекке білек қосқан, саналы жолға 
бет алған. Артық – патшаға қарсы көтеріліске шыққан үлкен 
толқынның қолбасшысы. Шығармадан туатын объективті идея 
патша самодержавиесі тірлігі ұзаққа бармайтынын мегзейді.
Өзбектің белгілі жазушысы Айбектің «Қасиетті қан» ро-
манының да көтеретін тақырыбы – 1916 жылғы көтеріліс. 
Психологиялық анализге, детальді суретке шебер Айбек рево-
люция алдында өзбек халқы өмірінің көп шындығын қаз-
қалпында береді. Мырзакәрім байдың есігінде жүрген малай 
Жолшының азаттық күреске бет бұруын жазушы сенімді 
суреттейді. Жолшы характері сыртқы ортамен органикалық 
сабақтастықта өрбіп отырады. Халық басындағы ауыртпалық, 
елдің қоңторғай күйі жігіт жүрегіне қатты батады. Гүлнәрді 
Сәлім бай у беріп өлтіретін сцена трагедиялық дәрежеге кө-
терілген. Қыз әкесі Ярматтың кегін алуы да әсерлі жазыл-
ған. Түрмеге қамалғанмен, онда көп отырмай қашып шыққан 
Жолшы Июнь жарлығы кезінде халық алдында сөз сөйлеп, 
көтерілісшілерді бастап полицейлер үйіне шабуылға аттана-
ды.
Мұхаметжан байдың, керуенсарай иесі Шаюностың, шай 
сататын Әлімбайдың, Құрбанқожаның ұлдары солдатқа алын-
байды, қанды құрық кедей-кепшік, диқан-сушы мойнына сарт 


46
ете түседі. Наразылық. Бүлік. Көтеріліс. Байлар, саудагерлер 
патша ағзам жағында. Халық бір жақта. 
Айбек наразылықты көпшілік сценасы арқылы бейнелейді. 
Көтерілісшілердің полицейлермен қақтығысы үстінде Жолшы 
қаза табады. Әйел, бала, қарт демей пристав Мочалов бастат-
қан казактар тобы қылышпен шауып, пулеметпен қырып, ат 
тұяғымен езеді. Жолшы өлгенмен ереуіл туы жығылмайды. Ол 
Қаратай, Ораз, Жұмабайлардың қолында. Күрес тоқтамайды.
Патша отаршыларымен кескілесе күрескен қырғыз хал-
қының еркіндік сүйгіш рухының зор көрінісі 1916 жыл болды. 
Орта Азия мен Қазақстанды жайлаған ереуіл өртінің жалы-
ны аспанға лаулаған ауданның бірі – Қырғызстан. 1916 жыл 
оқиғасы қырғыздардың басына зіл батпан ауыртпалық түсірді, 
көтеріліс күшпен басылғаннан кейін де жазалаушы отряд бейбіт 
жұртты мың-мыңдап қырды, ауылдарды жойып жіберді, ел 
үркіп жан-жаққа қашты.
Қырғыз әдебиетінде 1916 жыл туралы жазылған туынды-
лар бірқыдыру. Рас, олардың идеялық-көркемдік қуаты бірдей 
емес. Қасымалы Жантошевтің айтылмыш тақырыпты қоз-
ғайтын «Алым мен Мария» пьесасы, Мұқай Елебаевтың «Ұзақ 
жол» романы солғын, үлкен ақын Аалы Тоқамбаевтың өзі 
«Қанды жылдар» аталатын өлеңмен жазылған романында 
тақырыпты толық игере алмады.
Жүсіп Тұрысбековтің «Ажал орнына» драмасы – қырғыз 
әдебиетінің 1916 жыл көтерілісін бейнелейтін шығармалардың 
ішіндегі ең сүбелісі. Отыз үш жасында қайтыс болған 
Тұрысбеков – көптеген лирикалық өлеңдердің, бірнеше шағын 
поэманың авторы, белгілі ақын. Алынған өмірлік материал жа-
зушы биографиясына жақын, тіпті оның өз басынан кешкен 
жағдай болып, шеберлік, талант, көп еңбек жұмсалған шақта 
аса сапалы дүниелер туатыны әдебиет тарихынан жақсы мәлім. 
Тұрысбековтің «Ажал орнына» драмасы жайлы осыны айту лә-
зім.
Бала Жүсіп сергелдең жыл ауыртпалығын тартқан, ол 
Тұрпанға қашып барған босқын елдің ішінде де болған. Кейін 


47
ержетіп, қолға қалам алып, бірнеше татымды туынды берген 
кезінде көтеріліс туралы материалдардың ізіне түсіп, сары-
ла жинайды, топтаған деректерді екшеп, таптар арасы жігін 
ғана емес, жеке адамдардың көтеріліс үстіндегі психология-
сын қазыла зерттейді. Реалистік драма дәстүріне ден қойып, 
Тұрысбеков үлкен өмірлік материал негізінде 1935 жылы 
реалистік шығарма тудырды.
«Ажал орнына» драмасы жеті суретті. Пьеса көтері 
ліс-
шілердің патша әскерлерімен қиян-кескі соғысын көр 
се-
туден, қарудың аздығынан, бас біріктіре алмау салдарынан 
қырғыздардың жеңіліс табу сценаларынан басталады. Көте-
рілісшілер Қытайға қашады. Мұнда да жетісіп тұрған ештеңе 
жоқ, қайта зорлық-зомбылық, қайыршылық, тентіреу. Россия-
да патша өкіметі күл-талқан болып, азаттық таңы атқан соң, 
1917 жылы қырғыздар туған жер, атамекенге қайтып оралады. 
Сюжеттің ұзын ырғасы осындай.
Пьеса қаһармандары ішінде көтеріліс басшысы, жаужү-
рек жігіт Ескендірдің, оның сүйген қызы, үзеңгілес досы 
Зылиқаның, тапқыр қарт, қажырлы күрескер Бектұрдың, қа-
рақан басының қамы үшін көпті сатқан Мақсұттың, қу мүйіз 
манап Алымбайдың, жырым жалаған қытай саудагері У Чей-
Фудың образдары драмалық әрекет үстінде көрініп, дараланған 
характерлерімен есте қалады.
«Ажал орнына» драмасында типтік ситуация алынып, та-
рихи шындық көркемдік шеберлікпен бейнеленеді. Түрікмен, 
өзбек, қырғыз әдебиеттеріндегі 1916 жыл көтерілісін суреттей-
тін көрнекті шығармалардағы сарындарға ұқсас халықтық 
идеялар ұлттық ерекшеліктерге орай өзіндік спецификасымен 
қазақ әдебиетінде де көрініс тапқан.
Патша жарлығының халыққа алғаш қалай жеткендігі, 
тыныш жатқан бейбіт елдің сұмдық хабарды естіп, дүрлігіп 
үрейленуі, іле-шала ақыл жиып, күш құрап, топталып, орта-
сынан басшы шығаруы, ұлт алауыздығының қырсығы, патша 
қаруының алдында тізе бүккен жігіттердің еріксіз солдаттық-
қа жіберілуі – он алтыншы жыл оқиғасының осындай қилы-


48
қилы кезеңдерін, өзі көрген фактілерді Сейфуллин «Тар жол, 
тайғақ кешуде» суреттеп береді. Мұнда бояу-қоспа жоқ. Сәкен 
мемуарының айрықша құндылығы қанды кезеңнің кейбір де-
тальдарын документтік дәлдікпен беруде жатыр. Омбы семина-
риясында өзімен бірге оқыған офицермен кезігіп қалып Сәкен 
одан сөз тартады:
«– Өз қолыңмен қазақ өлтірдің бе, неше қазақ өлтірдің?
Зиранов күліп:
– А-а... Өз қолыммен бес-ақ қазақ шауып өлтірдім, – деді.
Міне, хал осындай болған!»
Жалғыз ауыз диалогпен Сейфуллин патша жендеттерінің 
қара жүрек, садистік кейпін көз алдыңа әкеледі.
Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» романының «Таң атарда» 
бөлімінің 5-тарауы («Бүліншілік», «Өлім үстінде», «Бас кескен 
балта», «Жантаста», «Таң атқанда») он алтыншы жыл оқиғасын 
көрсетеді. Көтеріліс жайы кең тынысты роман қалыбына лайық 
көп тармақты сюжетпен өрбиді.
Дүниежүзілік соғыс қазақ сахарасына ауыр салмақ, қы-
зыл көзді пәле болғандықтан үст-үстіне төгілген көп салықтан, 
тоналған мал-мүліктен, халықтың күйзелуінен жақсы таныла-
ды. Оған Итбайлардың қылшығы құрып жатқан жоқ, бәрі ел 
мойнында. Осындай қысылшаң шақта Июнь жарлығы дүңк ете 
түседі. Кошкин, Горбуновтар пара қапшығын дайындай баста-
са, Итбай болыс аш қасқырша жалаң қағады.
Негізгі қаһармандар тағдыры бұрынғыдан бетер шырғалаң-
ға түседі. Итбайдың басы Темірбек балтасының бір сілтегені-
нен қалмаса, Темірбектің өзі де жазалаушы отряд құрығынан 
қашып құтыла алмады. Амантай бастаған көтерілісшілер жау-
мен арпалыса жүріп, патша тағынан құлаған соң, ақыры қызыл 
әскерлерге қосылады.
Ж. Аймауытовтың «Қартқожа» романына, Бейімбет Май-
линнің «Жалбыр» операсы либреттосына, Ғабит Мүсірепов-
тің «Аманкелді» пьесасына (Бейімбетпен бірігіп жазылған 
«Аманкелді» де бар) өзек болған да аласапыран уақыт шынды-
ғы еді.


49
Қысқасы, аса үлкен әлеуметтік-тарихи маңызы бар 1916 
жылғы көтеріліс тақырыбы тағдырлары тамырлас Орта Азия 
мен Қазақстан халықтары әдебиеттерінде көптеген прозалық, 
поэзиялық, драмалық шығармалар тудырды. Мұхтар Әуезовтің 
«Түнгі сарын» драмасы осылардың жуан ортасынан орын ала-
ды.
Шығарманың тууына себепші өмірлік материал, қа 
лам-
гердің жазуға кірісер алдындағы жоспарлары, күнделік дәп-
терлері, көңілдес жақын-жуық жандарға жолдаған хаттары, 
қа 
һармандардың прототиптері әдеби зерттеудің қызықты 
объектісі болып табылады. Мұндай өрістегі ізденістер жазу шы 
шығармашылық лабораториясына бойлап еніп, талант рухын 
тереңдеп ұғынуға зор қызмет атқарады.
Әуезовтің отызыншы жылдарға дейін жазған көптеген 
шығармаларының, мақалаларының, әңгімелерінің, повес 
те-
рінің, пьесаларының, аудармаларының қолжазбалары сақ-
талмаған. Ал 1932 жылдан бергі жазылған шығармалардың 
қолжазбалары, түрлі варианттары, сан алуан жоспарлар, 
эскиздер, жобалар, неше түрлі материалдар жазушының әдеби-
мемориалдық музейі архивінде сақтаулы. Бұл материалдарды 
түгел тексеріп, ғылыми пікірлер қорыту аса қызықты зерттеу-
дің нысанасы екені шүбәсіз.
Жиырмасыншы-отызыншы жылдары М. Әуезовтің күрделі 
шығармашылық ізденістеріне сәуле шашатын бір үлкен фак-
тіні айта кету абзал. Ол – жазушы архивінен табылған «Тұман 
айығарда» романының эскизі. Қолжазба араб әрпімен қалың 
дәптерге қарындашпен жазылған. Ішінара сиямен түзетілген 
жерлері де бар. Көлемі машинкаға басқанда 70 беттен асып 
жығылады.
Ең алдымен елуден астам қаһарманның аты-жөні, шық қан 
тегі, руы, басқалармен жақындығы, қарым-қатынасы, білімі, 
кейбіреулерінің қысқа мінездемесі, бастан кешірген жағ-
даяттарының ұзын ырғасы, жалпы сюжет 10 тарау болып қа-
ғазға түскен. Сол жоспар ізімен оқиға киносценарийге ұқсас 
ыңғайда өрбиді.
4-0195


50
Роман эскизі бойынша негізгі қаһармандар сипаты, басты 
конфликт, шығарма идеясы деген жайттар туралы нақ байлау 
жасай аламыз. Шығарманың түп қазық кейіпкері Сейіл – көзі 
ашық, оқыған жігіт. Сейілдің өзі бой тартып, араласпаймын де-
генмен, дауылды жылдар күресі оны еріксіз көп талқы, үлкен 
тайталасқа түсіреді.
Қабыш, Жортар, Жақыпбек, Сыдық, Наурызбай, Самат, 
Қуатжан, Әкімбек секілді жуандар мен кедей-кепшік Смағұл, 
Жүсіп, Ұста, Шоқпыт, Сабыр, Серіктердің күресі үлкен кон-
фликт, негізгі тартыстың арнасы болады.
Әуезовтің өмір құбылыстарын терең, күрделі қалпында 
алып, алуан ситуациядағы характерлерді, қат-қабат психо-
логиялық күйлерді реалистікпен бейнелемек болғаны эскизден 
көрініп тұр. Жазушы бай мен кедей арасындағы күрестің тек 
таптық жағын ғана құптамайды: шығармада екі жуан Қабыш 
пен Сләм өзара жұлқысып жүр; патша алауыздығы, сайлау 
таласы қым-қуыт; комсомолец Сері мен Спасск жұмыскері 
арасындағы кикілжің бар; Сейіл бұрынғы достары, ұлтшыл ин-
теллигенттерден іргесін бірте-бірте бөлек салады.
Эскизден көптеген типтер, қыр суретінің әр түрлі қалпы 
бой көрсетеді. Ескішіл Қази, момын Қаныш, күрескер жандар 
Зейнеп, Гүлсімдер әйелдер образы галареясын құрағандай. 
Мес, Құлайғыр, Көкторсық, Иткөрмес, Шынтұр, Шайтимес 
сияқ ты ұрылар – Жортар, Тәңірбергендердің қолшоқпарлары.
Ірі байлар Қабыш, Жортар, Қуатжан, Жақыпбектердің 
конфискациялануымен, кедейлердің қала болып бірігуімен 
оқиға тәмамдалады.
Эскиз, шамасы, 1932-1934 жылдары жазылған. Қазақ-
стандағы тап тартысын, әлеуметтік күресті, сол арнадағы ұр-
пақтар тағдырын, жеке адамдар тағдырын жан-жақты алып, 
мол оқиғалы, кең тынысты «Тұман айығарда» романының эс-
кизіне арқау ету Әуезовтің шығармашылық өмірбаянының 
мағыналы, маңызды бір беті болып табылады. Күллі оқиға 
желісі тартылып, адамдар образы айқындала бастаған терең 
идеялы күрделі романын Әуезов неге аяқтамай, жазбай кетті? 


51
Бұл сұрақ жауабын да іздестіруіміз керек. Оқушы қауымды 
«Тұман айығарда» романының шебер, көркем жазылған эс-
кизімен алғаш «Лениншіл жас» газеті 1966 жылғы 25, 27 қыр-
күйектегі сандарында таныстырды.
«Түнгі сарын» драмасының жоспары да өте қызықты мате-
риал.
Мұнда да алдымен драматург пьесаға қатысатын қаһар-
мандарды жазып қойған. Олар: Майқан, Бибіш (Жүзтайлақ), 
Нұрқан, Кәрім, Жүніс, Сапа, Жантас, Мөржан, ояз Казан-
цев, Жұмажан, Сәруар, Қыдырбай (Қыдыш), Тәнеке, Ділдә, 
Шатақан, Бөрібасар, Қойбермес, Семенов. Осының ішінде кейін 
бір-ақ әріп өзгертіліп, Қойбермес – Бойбермес боп ауыстыры-
лады. Қаһармандардың бір-екі ауыз сөзбен қайырылған қысқа 
мінездемелері бар.
Кейін Майқанның қай болыстан екендігі дәл көрсетілгені, 
Бибіштің қу деген сипаттамасының алынып қалғаны болмаса, 
жоспар мен кітаптағы мінездемелерде айырма жоқ.
Айта кетуіміз керек, Әуезовтің көп қолжазбасы араб, бір-
талайы латын, қазіргі әліпбимен жазылған. Ол ерекше бап 
таңдамай, неше алуан қағазға өз ойын қарындашпен, сиямен 
түсіре берген. Ал соғыс кезінде Әуезов қағаз тапшылығынан Со-
винформбюро бюллетеньдерін пайдалануға да мәжбүр болыпты. 
«Түнгі сарынның» жоспары араб әріптерімен жазылған.
Сия табына, әріптердің қағазға түсу қалпына қарағанда, 
дра матург жоспарды көп толғанып, әбден пісіріп алып, бір оты-
рыста жазып тастаған сияқты. Бұл жоспар әр нәрсенің шетін 
қылтитып қана көрсетіп қойған, шашыраңқы, түсініксіз нәрсе 
емес, бастан-аяқ жүйелі, логикалы, ұғынықты дүние.
Тіпті «Түнгі сарын» драмасы жазылмай қалған күннің өзін-
де, осы жоспар бойынша болашақ пьесаның тартысын, компо-
зициясын, идеясын, қаһармандарын, олардың қысқаша мінез-
сипатын сөз ете алар едік. Өйткені шағын жоспарда үлкен 
пьесаның барлық бітімі тап басқан дәлдікпен көрініс тапқандай.
Драматург пьесаны бес актілі етіп жоспарлаған. Ол жеке кө-
ріністердің арасын жіктеп жатпай, тек актілерді ғана бөлектеп 
алған.


52
Жоспар Жүзтайлақ серуенінен басталады. Мөржанмен 
арадағы сөздің тоқетері. Одан кейін Нұрқан, Жүністер шығады. 
Осыдан соң сахнаға Жантас, Сапалар келеді. Оқиға үсті-үстіне 
қоюлана бастайды. 
Жоспардағы сюжет «Түнгі сарын» трагедиясы сюжетімен 
бірдей. Әуезов әңгімешілік шеберлігін пайдаланып, ұзақ пьеса-
ның тарам-тарам, сала-сала оқиғасының ізін қағазға түсірген. 
Үзік-үзік, бір-бірімен байланысы жоқ фабула емес, күллі оқиға 
табиғи қалыппен өсіп-өрбиді, жан-жаққа тамыр жаяды.
Пьесаның барлық қаһарманы өзара әрекетке түсіп, кон-
фликт белең алады. Драматург кейіпкерлер қарым-қаты 
на-
сының дистанциясын айқындап, әрқайсысының ең басты 
қасиетін даралайды. Қаһармандардың күреске араласуы, қан-
дай жағдайда сөз тастауы, персонаждардың бірінің келіп, екін-
шісінің кетуі, ситуация атмосферасы жоспардың ұзына бо-
йында үнемі айтылып отырады. Жоспардағы көріністердің ау-
ысу ретінің трагедиядағы ретпен тура келуі Әуезовтің болашақ 
пьесасының архитектоникасын айрқша ойланып, жете топ-
шылап алғандығының, көкейде әбден пісіргендігінің дәлелі 
болса керек.
«Түнгі сарын» драмасының жоспары – Әуезовтің шығар-
машылық лабораториясының құпияларын ашуға көмегін 
тигізер кілттердің бірі. Драматургияның үлкен бір қиындығы –
характерді конфликт үстінде көрсету, осы екеуінің өзара әсе-
рінен туатын тартыс десек, мына жоспарда болашақ пьеса дағы 
айтылмыш компоненттер төбе көрсетеді. Әуезов қаһармандар 
арасындағы қақтығыстар қалай өтетіндігін, ситуацияның 
дәл қалпын, әрбір адамның психологиялық күйін айтады. Ке-
йіпкердің киімі, жүріс-тұрысы, сөйлегендегі бет құбы лыстары, 
дене қимылы – осы сияқты негізінен режиссер белгілейтін 
жәйттер де бірқыдыру қағазға түседі.
Жоспар бастан-аяқ қара сөзбен ғана жазылмаған. Көп жер-
де диалогтар бар. Олардың бірсыпырасы төл сөз болып келсе, 
бірқыдыруы төлеу сөз болып беріледі.


53
Кішкене жәйттердің өзі кейін пьесаға ауысқанда ұлғайып, 
жаңа түр, соған лайық мазмұн табады, бірақ алғашқы эскиз-
ден танымастай болып өзгермейді. Жоспар мен пьесадағы жеке 
сөздер, тіркестер, фразалар, сөйлемдер, тұтас-түйдек оралым-
дар бірдей келеді.
Қаһармандар сөздері бірде жоспардағы тірек фразалар-
ды ұлғайту, өткірлеу, дамыту негізінде туса, бірде жаңадан 
жа салған. Бірақ қаһармандардың өзара айтар сөздерінің не-
гізгі мазмұны, оқиға ағысы ылғи жоспардағы арнада отыра-
ды. Ситуациялық жағдай, кейіпкерлер басындағы психоло-
гия, олардың коллизиясы пьесада алғаш із негізінде туып, 
нақтылана түседі.
Жоспарда:
1. «Молда-ай, қойшы күйіс қайыра бермей, – деп тәкаппар 
Бибіш, – ана құманды ал», – деп шығып кете берді.
2. Нұрқан кемпірді қорқытады: «Келініңді алғызбаймын, 
баладан да, келіннен де айрыласың», – дейді.
3. Тәнеке, Жантас, Жұмажан, Бөрібасар көп атынан: «Спи-
сокты қолға бер», – дейді.
4. Мұғалім: «Шен таққан төренің алғаш сатқаны бұл емес», – 
дейді.
5. «Қайраңға соғып, шабақтай ілінерсің», – дейді.
Жантас: «Жігіттерімді сенімен тояттатармын», – дейді.
6. «Қармағымды шабағына қамдаймын, шортанын ілін-
діремін». «Алыстағы сәлемнен әзір тұрған құшағым игі» – Жан-
тас сөздері.
7. «Қарсақ баласы қайсың, мынаның әйеліне шейін басыма 
ойнайын деген екен», – деп Жүніс әлек салады.
8. Жантас соңғы оғын ата бергенде, Жүніс артынан құшақ-
тай алады: «Бір алысатын кезім жетті», – дейді.
9. Бибіш: «Адыра қал, күңімсің», – дейді. 
Кітапта:
1. «Жүзтайлақ (қатты): Мұғалім, қойшы күйіс қайыра бер-
мей. Ана құманды ал онан да».


54
2. «Нұрқан: Ана келе жатқан елдің ішінде балаң да бар. 
Міне, не елді де тоқтатып, өзі де тоқтайды. Немесе осындағы 
келініңді де бұйыртпаймын, білдің бе? Балаңнан – бір, келі-
ніңнен – екі. Міне, айттым да қойдым».
3. «Тәнеке: Сал, әпкел мұнда списогіңді». «Антас: Тәкең-
нің айтқаны рас, списокты беріңдер». «Бөрібасар: Списокті 
қолымызға беріңдер, келгеніміз сол!»
4. «Мұғалім: Сары ала түйме таққан төренің қазақты алғаш 
сатқаны бұл емес (Тұрып жүре береді)».
5. «Жантас: Алыстағы сәлемнен әзір тұрған құшағым игі 
демес пе ем, мен болсам! Еліңнің құшағы емес пе?»
7. «Жүніс (айғай салып): Уә, қайдасың, Қарсақ-Борсақ, 
Олжай-Қарсақ, шыға ғой олай болса. Өлейін мен мұның қо-
лында, қайдасың, мен деген ел?! Шық мен жаққа, керегі жоқ! 
Асқан екен бұл Борсық! Тамам елдің төбесіне шығып, қатынына 
дейін басыма ойнатайын ба?»
8. «Жүніс: Ә, Жантас, бір алысатын кезегім келген еді! 
Тосқаным осы еді».
9. «Жүзтайлақ (селк етіп жоғары қарап): Ә, жүзіқара, 
бақыты күйген сорлы күң! Сен әлі аяғыма шырмалып жүр ме 
едің? Әпкеліңдер ұстап ана күңді». 
Жүзтайлақтың жоспардағы сөзін пьесаға көшіргенде дра-
матург «молда-айды» «мұғалім» деп ауыстырады. Инверсия 
жасау үшін «онан да» деген сөз қосылған. Нұрқан сөзі дамып, 
ұлғайған. Көпшілік сценасын күшейту мақсатымен «Списокты 
қолға бер» деген сөйлемді Тәнеке, Жантас, Бөрібасарлар жеке-
жеке, әрқайсысы өз ыңғайына қарай айтады. Мұғалім сөзіндегі 
«шен таққан» дегеннен гөрі «сары ала түйме таққан» деген 
тіркестің образдылығы айқын. Жүніс сөзі пьесада драмалық 
жағынан күшейтілген. Жантасқа айтатын сөзі алғашқы 
күйінде. Жүзтайлақтың пьесадағы сөзінде жоспардағы «кү-
ңімсің» деген сөз кеңейтіліп пайдаланылған. Көрсетілген жер 
аттары Қарабұжыр, Көксу, Қызылжар, Жыланды пьесада бо-
лыс аттары ретінде келеді.


55
Драматург жоспарда тартыстың финалын айқын шеше 
алмаған сияқты. Бір жазуға қарағанда, Жүзтайлақ: «Арам 
болармысың, арысымды өлтіргенде қайда едің?!» – деп Жүністі 
басқа соғады. Бірақ мұны автор сызып тастаған.
Жоспарда болысты 4-актінің соңында Жантас атып өлті-
реді; 5-актіде Жантас Нұрқан оғынан қаза табады. Мөржан 
тастан құлап өледі. Бойберместер қашып шығады. Ділдә мен 
Бөрібасар көгенделеді, мұғалімге кісен салынады. Жүніс: 
«Соңғы кісің мен. Уәдеңнен шықтым, Бибіжан!» – деп ұм-
тылады. Бибіш үндемей басын иеді. Ал пьесада Жүніс Жантас 
оғынан қаза табады.
«Түнгі сарын» драмасы алғаш рет «Әдебиет майданы» 
журналының 1934 жылғы оныншы санында жарық көрді. 
Пьеса тұтастай емес, тек 4 акті, 5 сурет басылған болатын. 
Пьесаның барлық басылымдарын салыстырып қарағанда, 
ішінара өзгешелік осы журналдағы вариантта ғана бар. 
Өзгелерінде ауытқу жоқ, бәрі «Тастүлек» жинағындағы нұс-
қамен тура келеді. 
Журналдағы үзіндідегі қаһармандардың бәрі де кейінгі 
басуларында сол қалпы, оқиғада ешқандай айырма жоқ. Кей-
бір өзгерістер стильде жатыр. Драматург журналдағы вариант-
ты кейін ықшамдаған.
Жүністің екіжүзділігін, айлалы зымиян екендігін көрсе-
тетін сцена, кейбір сөздер қысқартылған. Фразаның екпінін 
күшейту, диалогқа астар беру қажет болған. Жібі босаң бірнеше 
сөйлемнің мүлде алынып қалуы орынды.
Журналда:
«Жантас: Біз сендерге әдейі ауызба-ауыз өзі мәлімдесін деп 
осында алып келдік...» 
Кітапта:
«Жантас: Біз сендерге ауызба-ауыз өзі мәлімдесін деп алып 
келдік осында». 
Ешқандай өзгеріс жоқ. Инверсия жасау мақсатымен дра-
матург «осында» сөзін әдейі сөйлемнің соңына әкелген. Жур-
налдағы үзіндіде Майқан болысты Жантас атса, кейінгі басылу-


56
ларында Бөрібасар атады. Ал екеуінің айтатын сөзі бір.
Журналда:
«Бөрібасар (мергендер ішінде атып жатып): Ұшты біреуі... 
ұшты ма? Екеуі... Бас! Бас!
Бойбермес: Мынау Борсақ үшін! Ұшты ма? Мынау жазықсыз 
қырылған кемпір-шал, қан жылаған ел үшін.
Бөрібасар: Мынау Қарсақ үшін! (Оғын салып жатып) Мынау 
қызыл қарын жас бала үшін. Мә, ұлық! Мә, төре! Саған, саған 
атамыз! Серейді бірі тағы да.
Жантас: Шегін! Шегін! Енді аттарыңа мініп баса бер... Беті 
қайтып қалды, баса алмай қалды.
Бөрібасар: Ә, жан керек екен, бәлем, саған да.
Бойбермес: Қолы батпайды дейтін шығарсың, ал сыйыңды». 
Кітапта:
«Бөрібасар: Мынау Борсақ үшін! Мынау жазықсыз қырылған 
кемпір-шал, қан жылаған ел үшін! Серейді ме? Мынау Қарсақ 
үшін! Мә, төре! Саған, саған атамын! Қылжиды біреуі тағы да». 
Бірнеше диалог қысқартылып, ықшамдалып, өңделіп, бір-ақ 
кісінің – Бөрібасардың сөзі боп шыққан. Қорғасындай салмақты, 
шиыршық атқан ашу-ызаны, әділ кекті дәл бейнелейтіндей сөз. 
Бұдан соң келетін кішкене көріністегі Семеновтың, ояздың диа-
логтары да алынып қалған.
«Түнгі сарын» драмасының үзінді боп шыққан ең алғаш 
басылуы мен кейінгі жариялануларының арасындағы айыр-
машылықтар негізінен осындай.
«Түнгі сарын» драмасы алғаш рет 1935 жылы қазақ драма 
театры сахнасына шықты.
«Түнгі сарын» әлеуметтік маңызы және көркемдік қасиеті 
жағынан Әуезовтің ең үздік шығармасы болып қалар», – деді 
Ілияс Жансүгіров. Сыншы Ілияс Қабылов, белгілі революцио-
нер Әліби Жанкелдин, драматург, режиссер Жұмат Шанин, 
профессор Құдайберген Жұбанов «Түнгі сарын» трагедиясын 
жоғары бағалады. Көп пікір бір жерге құйылды.
Насыр және Әбітай деген авторлардың мақаласында 
спектакльдің режиссерлік жағына назар аударылған.


57
Тәнеке роліндегі Қалыбек Қуанышбаев, Казанцев ролін-
дегі Шәкен Айманов, мұғалім роліндегі Қапан Бадыров, 
Жантас роліндегі Елубай Өмірзақов, Нұрқан роліндегі Ка-
мал Қармысов, Жүзтайлақ роліндегі Мәлике Шамовалардың 
артистік шеберліктері сөз болады. Ш. Жантілеуов, Ж. Сәрсеков 
мақалалары да пьесаны талдауға арналған.
Әуезов «Түнгі сарын» драмасының алғаш сахнада қойыл-
ған вариантын кітап етіп шығарарда бірталай редакция жа-
сады, соның нәтижесінде Жантас образы жоталана түсті; 
көтерілісшілердің жер мәселесіне қалай қарайтыны Тәнеке 
образы арқылы айқындалады; шығарманың оптимистік 
рухы артты; қаһармандар сөзі ширады. Пьесаның тұңғыш қо-
йылуында айтылған пікірлерді драматург сараптап, екшеп, 
қажеттілерін орынды пайдалана білді.
Қазақ театры сахнасында зор табысқа жеткен «Түнгі са-
рын» драмасы Әуезовтің өзінің қатысуы, басы-қасында болып, 
басшылық етуінің арқасында орыс тіліне аударылып, 1937 жы-
лы орыс драма театрында қойылды.
«Түнгі сарын» – орыс тілінде қойылған қазақтың тұң-
ғыш пьесасы. Спектакльді дайындауға қазақ артистері бер-
ген көмекті, костюм таңдауға, декорация жабдықтауға пье-
са авторының тікелей қатысқанын «Түнгі сарынды» қазақ 
тілінде алғаш қойған, орыс сахнасына шығарған режиссер 
Ю. Рутковский айрықша сөз етті. «Спектакльді сәтті деу аз, ол –
театрдың белді табысы», – деп көрсетті сыншы М. Воронцов. 
«Қазақтар орыс тілінде бар даусымен, күшті сезімдердің қуат-
ты толқынымен, жарқын бояу, ашық өрнекпен үн қатты», – деп 
жазды композитор Е. Брусиловский.
Үлкен шаттық Әуезовтің басында еді. Спектакльге риза 
болған автор: «Өздері шала білетін өмірдің, тарихтың жұмбақ 
түндерін жанды образдар арқылы бұлжытпай ойнап беру оңай 
іс емес болатын. Батылдық пен ізденгіштікті барынша мол 
жұмсайтын жер еді. Мынау коллектив бұл жөнінде көп еңбек, 
ауыр еңбек етіп кеп, ақырында көрнекті іс істеп шықты», – деп 
орыс артистерінің еңбегіне өз тарапынан үлкен баға берді.


58
Екінші рет «Түнгі сарын» орыс драма театрында 1960 жылы 
қойылды. Көрермен қауым, әдебиет жұртшылығы спектакль-
ді ыстық ықыласпен, зор ынтамен қабыл алды.
СССР халық артисі Б. Харламова: «Өз басым Жүзтайлақ 
ро лін ойнаудан зор шығармашылық шабыт алды. Мұндай об-
раздар театр репертуарындағы пьесалардан сирек кездесіп 
жүргенін жасыра алмаймын», – деп Жүзтайлақ бейнесінің үл-
кен драматургтік шеберлікпен жасалғанын тағы да ескертті. 
Бірталай мақалаларда драманың көркемдік күші, спектакль 
табысы айтылды.
Халық тарихынан ерекше шығарма жазғанда қаламгер ал-
дында әдеттегі шығармашылық қиындықтармен қоса тағы да 
үстеме тосқауыл тұрады. Оның біріншісі – жеке адамдардың 
күй-жайын суреттеу аясынан шыға алмай қалушылық болса, 
екіншісі – дара характерлер мүсіндеудегі олқылық, образды 
табиғи күйде бермей, идеялық рупор етуге түсіп кетушілік. 
Пушкин айтқандай, адам тағдыры – халық тағдыры, бұл 
екеуін бөлмей-жармай, біреу арқылы мыңды, мың арқылы 
бірді бейнелеп беру үшін үлкен талант, биік шеберлік үстіне 
қаламгерлік тәжірибенің мол болуы – аса қажет фактор. Шекс-
пир қыруар тарихи хроника жазып, сол жолда көп шаршап-
шалдығып, екінші жағынан шынығып, марқайған кезінде 
ұлы трагедиялары «Отелло», «Гамлет», «Король Лир», «Мак-
беттерді» дүниеге әкелді. «Борис Годуновтың» тууы да Пушкин 
талантының әбден толысуымен сабақтас.
Даланың революциядан бұрынғы тіршілігінің әр түрлі қы-
рын жиырмасыншы жылдардағы шығармаларында бірде тра-
гедиялық, бірде эпикалық кең тыныстылықпен, бірде нағыз 
суретші бояуымен берген, бәрінен де қазақ өмірінің бұрынғы 
соқпағы отқа апара жатқанын терең ұғынған Әуезовтің тарихи 
маңызы зор, әлеуметтік-таптық тартыстардың қиын түйіні – 
он алтыншы жыл оқиғасын драматургиялық шығармаға ар-
қау етуі жазушы талантының кемеліне келуін көрсетеді.
Тақырып таңдау жазушы үшін көңіл күйдің әлдеқандай, 
кездейсоқ соғып кеткен желі емес, бар ықылас, бар пейіл объек-


59
тіге ауып, материалды екшеп, даралап, оған қан құйып, тіл 
беріп, соның үстінен табылу. Жадырай алатын, ашулана алатын, 
егіле алатын, күресе алатын, күлетін, қуанатын, зарланатын, 
бекінетін, толқитын адамды көрсету – қызық та қиын. Бұл – 
көркем шығарма жасаудың ащы азабы мен тылсым рақатына 
берілу. Сондықтан да Әуезовті он алтыншы жыл тақырыбына 
екінші рет әкелген – сыртқы әсер, сыртқы ықпал емес, ішкі им-
пульс, шығармашылық зор құлшыныс, суреткерлік шабыт.
Драматург пьесаны Жүзтайлақтың қыр асып шыққан 
серуенінен бастап кетеді. Бұл, бір қарағанда, драмалық әреке-
ті аз, сырдаң ситуация. Қаһармандардың сөзіне құлақ асып, 
қимылға ден қоя бастасаңыз еріксіз қызығасыз. Өйткені қаһар-
мандар арасындағы тартыс, ілініс, қақтығыс оты шымылдық 
көтерілмей тұрып тұтанып кеткен. Сөзден сөз туады. Жай, 
қарабайыр сөзден іргесі бөлек, мінезді характерді кескіндейтін 
бейнелі, өрнекті сөз. Әрекеттің, драмалық соқтығыстың тілі.
Айқасқа түскен қылыштардың алғашқы сарт-сұртынан 
дұшпан тегеурінін іштей сезе қоятын кәнігі жауынгердің та-
нымпаздығындай сұңғылалығы бар Жүзтайлақ Мөржан қар-
сылығының бекем екенін салған жерден ұғады. Шу бастағанда-
ғы райын өзгертпейді, өрекпи түседі, тізеге басады. Мөржан 
тағдырының әміршісіндей сөйлейді Жүзтайлақ.
Бұйрығында ешқандай ерсілік жоқ сияқты. Қайта Нұр-
қан қолқасына көнбей жүрген Мөржан қылығы Жүзтайлақ 
ұғымында астамшылық, қадір білмеушілік, ана бір мәтелде 
айтылатын «алтын табаққа салғанда шоршып түскен иттің 
басының» кебі секілді. Қайны Нұрқан тілегінің жоғын қууы 
Жүзтайлақтың көңілі түсіп, көл боп кеткендігінен де емес. 
Оның түкпір ойы – Мөржанның жастығын рәсуа ету, аз күндік 
арам жүрістің құрбандығына шалып жіберу.
«Жантас – кімнің Жантасы?» Сұмдықтың төркіні осы жал-
ғыз ауыз сөзде. Егер Нұрқан тояттап кетсе, гүлінен айрылып 
қалған Мөржанға Жантас тұрақтамасын зымиян Жүзтайлақ 
іш есеп етеді. Қарулы, жалынды Жантасты өзі ғана құшпақ 
әманда. Ешкімге ортақ еткісі келмейді. Жүзтайлақтың алдына 


60
шығар, кесе-көлденең тұрар мынау есігінде жүрген сорлы қыз 
ба? Жүзтайлақтың паң күлкісі, астам сөзі өзіне шақ. Ешкімді 
бойынан асырмас.
Әуелі алдына жеңгесін салып, соңынан өзі шыққан Нұр-
қан тілегінің қандай тілек екенін жасырмайды. «Махаббат – 
жастық, онда арам, адал деген болмайды». Бұл Нұрқанның ау-
зынан сөз арасында жауапсыз айтылып қалған нәрсе емес, берік 
ұстанған моралі. 
Көптеген шығармаларында теңсіздікті жүрегі сыздай оты-
рып жазған Әуезов масқаралықты, сорақылықты, сан алуан 
сұмдықтарды таңбалаумен ғана шектелмей, әйел сезімдерінің 
небір ыстық шұғылалы, сәулелі күйлердің табанға басылуын 
шіміркене бейнелейді.
Жүзтайлақ – Жүніс, Нұрқан – Мөржан араларындағы қақ-
тығыста үшеуі бір жақ. Мөржан бір жақ. Бірақ бұл жерде «Қы-
рық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деген мақал жүрмейді.
Мөржанның ұстанғаны – ар жолы, ол халық қастерлейтін, 
дәріптейтін адалдыққа бас ұрады, сол жолда өзін қорғауға күш 
салады.
Жүзтайлақ – беттің қызылы барда жалғанды жалпағынан 
басып өтуді мұрат тұтатын әйел, сондықтан оны көргенде Жүніс 
сияқты бозбалалық базарының дырдуына енді қадам басқан 
жігіт-желеңнің аузының суы құриды. Нұрқанға ерген болып, 
соның шашбауын көтерген болып, Жүніс өз көңіліндегі ниетін 
Жүзтайлаққа сөз арасында айтып қалады.
Драматург ескі қазақ ауылының ішкі күйін, психология-
лық астарлары, бармақ басты, көз қысты жайттарды әрбір 
қаһарманның бойына шақ мінезбен, әсерлі түрде, қаз-қалпымен 
береді. Қараңыз.
Мөржан мұндар қайтсем қасқыр Нұрқанның қанды қақ-
панына түспеймін деп күтіп тұр. Нұрқанның есіл-дертін әкетіп 
бара жатқан – қу нәпсінің құтырынған жыландары. Жүніс 
Нұрқанды қолтықтай жүріп Жүзтайлақтың оң көзіне ілінсем 
дейді. Қанаты қатпаған, қақ-соқты көре қоймаған Мөржанның 


61
адалдыққа ұмтылған қалпы, аңғалдығы, балапан күйі ана 
үшеуінің аямастығына қарама-қарсы алынған.
Нұрқан мен Жүніске қарағанда, Жүзтайлақтың еңсесі әл-
деқайда биік. Сөзі мірдің оғындай Жүзтайлақ ашуланса дү-
ниенің астан-кестенін шығарардай көк долы. Құр байбалам 
салатын, өз шашын өзі жұлып, әптер-тәптер шығаратын 
бақыра уық емес, түскен жерін удай ойып түсер кесір.
«Сені адал қатын, жақсы қатын дегізіп, онымен жақсы 
дәурен сүргізіп, тыныш қарап отырармын мен. Сіңірі шыққан 
күң, менің иығымнан түскенге неге місе қылмайсың? Мырза 
жігіттен қалған сарқытқа Жантас неге шүкірлік етпейді? Бо-
лыс төсегін арамда да, өзіңдікін тағы да адалдан қыл! (Кекетіп 
күліп) Жоқ шығар, өйтсең ойын бұзылады (тоқтап), Жүзтайлақ 
сүйсе де тістеп сүйіп әдеттенген».
Осы шағын монологтан Жүзтайлақ болмысының көп сыры 
ашылады. Ең алдымен Жүзтайлақ – өр, асқақ, кеуделі адам. 
«Мен» деп сөйлейді. Жай ғана айтыла салатын момын «мен» 
емес, атқылап, бетінен оты шығып, төсін қағып тұрған «мен». 
Жүзтайлақ басқаны кекете, кеміте, төбесінен басып, тұқыртып 
тұсап, төрт тағандата түйіп сөйлейді. «Күң, – дейді Мөржан-
ды, – сіңірі шыққан күң!»
Жүзтайлақ жалтақ, жымысқы емес, ашық, күйеуінің көзіне 
шөп салып жүргенін жасырмайды, бірақ жалғыз күйгісі де 
келмейді. Басқаны қоса сүйретпек, өлсе де жастық іздейді. Арам 
жүріс жолына өзгелердің түспеуі аш өзегін өртейтін сияқты. 
Көнбейді оған Жүзтайлақ. «Сүйсе де тістеп сүйіп әдеттенген» 
деген фразада ішкі астар мол. Жүзтайлақтың өзін-өзі мінездеуі 
дәл, терең, өткір.
Нұрқан қолқасын Мөржан аяқасты еткен соң ашуға мін-
ген, іштей кеселді серт байлап, сұмдықты қадамға бекінгендей 
болған Жүзтайлақ өзіне сөз айтып тұрған Жүніске кекесінді 
күлкімен жауап береді. Бұл сценада Жүзтайлақ характерінің 
тағы бір қыры ашылды.
Ол – әзіл-қалжыңға ұста. Сұлулығымен жігітті өзіне ын-
тықтырып қана қоймайды, соған желеу боларлық қылық 


62
істейді. Сиқырлы күлкімен, арбағыш тілімен ғашық жүрек-
ті тұтқын етеді, бірақ өзі беріліп кетпейді. Күшіне сенген 
паңдықпен әуреге салып, шырға тастап, бұлаңдатады. Қажет 
болса, Жүзтайлақ қазір жылы жүз беріп, қолма-қол сырт айна-
ла салады.
Жүніс шешіліп, сүйетіндігін ашық айтып тұрғанда, сай-
қал Жүзтайлақ оны әрлі-берлі қақпақыл етеді. Әйелдік зы-
мияндықпен арақатынасты белгілі бір мөлшерде ұстау тәсілі 
бар. Біржолата ат кекілін кеспейді де Жүзтайлақ, іші-бауы-
рына тартпайды да Жүзтайлақ. Жүніс бейбақ дел-сал.
«Бала, не қыласың бізбен ойнап?!», «Біздің көмей – үлкен 
көмей, бала». «Бала» деген жалғыз сөзбен Жүзтайлақ Жүністі 
тымақтай ұшырып түсіріп тұр. Жүністің быжылдап қайнаған 
сезіміне Жүзтайлақ мұздай суды бүрке салады.
Тақымдап қоймай қойған Жүністі көңілі ұнатпаса да, Жүз-
тайлақ мүлде жер қып кетпеуі керек. Кетпейді де. Бірде болмаса 
бірде кәдеге жарар. Еркек емес пе... Жүзіне телміргендерге өз 
сойылын соқтырып қою – аяр сұлудың қашанғы әдеті.
Жүзтайлақ – Мөржан, Мөржан – Нұрқан, Жүніс – Жүзтай-
лақ араларындағы тартыстың психологиялық шиеленістері 
біршама ұлғайып, драмалық әрекет өріс алып келе жатқанда 
сахнаға пьесаның іргелі қаһармандары Сапа мұғалім мен Жан-
тас шығады.
Дүрбелең, ел басына туған қаралы күннің жай-жапсары 
осы екеуінің ішкі толқынды жасыра алмас диалогтарынан аян 
болады. Келе жатқан үлкен сергелдеңнің ұшқыны іспетті әсер 
береді.
Жантастың мұғалімді ес көріп, ұстаз тұтатындығы салған-
нан айқын. Мұғалімнің сөз әлпеті ойлы, байсалды адамның 
сыңайын танытады.
Бұл сценада Майқан болысты сырттай мінездеу бар. Халық 
қан жылап, ер азамат басына екіталай заман туғанда қыл 
бұрауын бұрынғыдан ширата түскен безбүйректің мінезін 
Жан тас жалғыз-ақ детальмен жеткізеді. Жантас пен мұғалім 
бір-біріне бас изесіп, бірі бастап, бірі қостап келе жатқан жоқ, 


63
бұлардың арасында да аңыс бағу бар. Жантас тағдырдың қара 
дауылы соғып беріп, алай-дүлей күн болса, мұғалімнің кім деп 
сойыл сілтейтінін білсем деп ынтызар. Мұғалім өз көзіне тә-
уір көрінген, көкірегі ашық сияқты Майқан болыстан мүлде 
құрық үзіп кетуге бекінбейтіндей. Тоқетерге келгенде, Жантас – 
мұғалімді, мұғалім – Жантасты тапқандай.
Халық басындағы ауыртпалыққа қабырғалары қайысып, 
қинала ойланып келе жатқан қос арыс тапа тал түсте зорлық 
етіп, Мөржанды мазақ жасамақ Нұрқан сойқандығының 
үстінен шығады. Бұл сюжет өрбуінің жасанды бұрылысы емес, 
характерлер сипатының ішкі логикасынан шыққан ситуация.
Нұрқандар мен Жантастар қақтығысуы шарт. Мөржан – 
Жантастың көңіл сүйген қалыңдығы. Ардагер жігіттің ала-
қанға салған аяулысын Нұрқан бір күндік қызық-дырдуға 
құрбандық қылып шалмақ. Бұл орайда туатын тартыстың зар-
дабы қайсысына да осал соқпаса керек-ті. 
Бетпе-бет келіп қалған сәтте екеуі де сөз сүңгісін салып-са-
лып алады. Талай ырғасып, талай жаға жыртысқандары мәлім 
болады. Нұрқанның да, Жантастың да ішінде селдей жина-
лып қалған, көбіктеніп, шеңбек атып тұрған бір-біріне деген 
өшпенділік тасқыны сыртқа лап қойып төгілмегенмен, келе-
шек балталасудың болатынын сездірген ызғар-аяздай қариды.
Басынан сөз асырып көрмеген менмен Нұрқан үшін Жан-
тастың қалыңдығын айналдыруда тұрған ешқандай өрескелдік, 
шідер үзгендік жоқ. Бұл атыраптың әдет-ғұрпында іргелі рудан 
шыққан ұлдың мұндай ісін кім айыптайды? Қызды кім алмай-
ды, қымызды кім ішпейді, бәтір-ау? Ер жігіт, бозбала үшін қыз-
келіншекпен ойнап-күлу, серілік құру мақтан, марапат емес пе 
еді? Ендеше, сіңірі шыққан кедей Жантастың қай құтырғаны? 
Көзі түскен қыз оның қалыңдығы болса қайтеді екен?
Нұрқан осылай ойлайды. Шыққан ортасы, алған тәрбиесі, 
көргені, түйгені сол моральға алып келген. Шын сенімі сол, 
характерінің болмысы осы. Бұдан бұғып қалар Нұрқан емес, 
өйткені ол – қордалы жерден шыққан жуан түбірдің қисық 
бұтағы.


64
Өлім мен өмір сағаты соқты. Аждаһа патшаның сұмдық ха-
бары даланың бұрыш-бұрышына өрттей тарап жатыр. Елдің 
көшін бастар ер кім? Жұрт сағалар тыныш мекен, жайлы қоныс 
бар ма? Көп болып бас қосқанда істер айланың кілті табы-
лар ма? Қилы заманның қырық батпан салмағы басқа түскен 
уақытта қалыңдығы Мөржанды қой соңына түскен қасқырдай 
Нұрқан үркітіп жүрсе, қай асқандығы? Шектен шыққандығы 
ғой әбден. Шыдар ма мұндай қорлыққа намысты жігіт, ортан 
қолдай азамат?
Жантас осылай ойлайды. Жоқшылық жанға батып, те сік 
өкпе болып өссе де, ол ез емес, есесін жіберер қор емес. Нұр-
қанның көзіне айтады, қамшымен басқа салып жібергендей 
болады. Егер кінәсін мойнына алып, кішірейіп, кешірім өтініп 
басын исе Нұрқан Нұрқан болар ма еді? Сөздің жүйесінен 
тұсалса да азу басқанын қоймайды, тіпті үлкен пәленің шетін 
шығарады. Соғыс! Окоп! Трагедиядағы басты конфликтінің бір 
шақпақ оты жарқ ете түседі.
Бұл сценадағы күшті тартыс Жантас пен Жүзтайлақ ара-
сында. Қай жағынан алғанда да өте шебер жасалған ситуа-
ция. Жантас – кедей жігіт, ер жігіт, басы бос, бойдақ жігіт. 
Жүзтайлақ – бай жерден, байдың әйелі.
Екеуі де әр түрлі әлеуметтік баспалдақтың адамдары. Жүз-
тайлақ жоғарыда. Жантас төменде. Тіпті Жүзтайлақ оң жақта 
отырған күнінің өзінде ұмтылғанмен, Жантастың қолы жет-
пес еді. Көңілді, сезімді айтып отырған жоқпыз, әр таптың өз 
моралі өзіне, адамдар арасындағы көп жайттарға сол таңба ба-
сып, тізгіндейді ғой. Жүзтайлақ – Майқандай аюдай ақырған 
болыстың нақсүйері. Жантас – болыс әулетінің өлердей жек 
көретін адамы, олардың ата жауы.
Логика бойынша, Жантас Жүзтайлақтың да қас дұшпаны 
болуы керек-ті. Бірақ өмірдің логикасы формальды логикамен 
сәйкес келмейді. Таптық-саналық сезімдері кереғар адамдар-
дың арасындағы сүйіспеншілік аясында туған драмалық халді 
реалистікпен бейнелеуден Әуезовтің суреткерлік көрегендігі, 


65
өмірлік материалды іріктей, сұрыптай ілудегі талғампаздығы 
аңғарылады.
Қазақ әдебиетінің ұзақ тарихына асығыс көз жүгірткеннің 
өзінде жағымды қаһарман жасау дәстүрі тамырының тереңде 
жатқанын, оның тарам-тарам бұтақтары барлығын көреміз. Үлгі 
алар, бетке ұстар қаһарман – қазақ эпосының діңгек кейіпкері. 
Төл әдебиетіміздегі жағымды қаһарман жасау дәстүрін Әуезов 
шығармашылық сапардың алғашқы кезеңінен бастап-ақ қолға 
алды. Прозадағы кейіпкерлерді былай қойғанда, трагедияла-
рында жасаған қаһармандары қаншама : Еңлік, Кебек, Сырым, 
Қарагөз, Ғазиз, Абыз, Жапал.
«Түнгі сарын» драмасының үлкен табысы жағымды қа-
һармандар образын жасауда жатыр. Драматург Жантасты 
күрделі әлеуметтік күрес аренасында кескіндейді. Жалған, 
жарамсыз бояу қоспайды. Әрқашан Әуезов қаһарманды сүттен 
ақ, судан таза күйге түсіретін желөкпе идеализациядан аулақ. 
Мұның нақты дәлелін Жантас пен Жүзтайлақ арасындағы 
қарым-қатынастан жақсы байқауға болады. 
Мөржанды сүйсе де, Жүзтайлақтай асқақ, өр, тәкаппар, 
жалынды сұлудың құшағынан тартынбайды Жантас. Біз Жүз-
тайлақ пен Жантас арасындағы сүйіспеншілік хикаясының 
қалай басталғанын, олардың алғаш рет қалай табысқанын, 
жасырын жолығысулар, түн жамылған кездесулердің қалай 
өткенін білмейміз. Егер бұлардың бәрі бейнеленсе, «Түнгі сарын» 
көлемі ұзақ, тарам-тарам оқиғалы, ғашықтық жайлы романға 
айналып кетер еді. Драматург батыл түрде көз алдымызға Жан-
тас пен Жүзтайлақтың тартысқа түскен, екіұдай боп жарыл-
ған сезім бауырластығынан айрылған шағын тартады.
Бұл екеуінің арасында әуел баста-ақ сезім бауырластығы, 
шынайы махаббат болмағандығын, қызбалық желікпен аңсары 
ауған жігіт нәпсіқұмар, жалынды әйелді көзжұмбай тәуекел-
мен аймалағандығын ұғыну қиынға соқпайды.
Жантастың Мөржанды арашалауы Жүзтайлақтың ашуы-
на шоқ тастап жібергендей әсер етеді. Нұрқан қолқасын орын-
дамай, Жүзтайлақ бұйрығын жер еткені былай қалып, енді 
5-0195


66
Жантасқа ортақ болмақ екен ғой, бұған көне алмас. Қылыштай 
өткір тілмен жарып-тіліп айтатын Жүзтайлақ бұл жолы өзгер-
сін бе, Жантасты бас салады.
Түгі бетіне шыққан ашу, дұшпанын балағаттап қорлау, теп-
сіну – бәрі аралас. Осы шағын көріністе Жүзтайлақ пен Жан-
тас басында өте күрделі психологиялық хал бар. Жүзтайлақ 
әуелі қызғанышпен, өзінің есігінде жүрген қызға нақсүйерінің 
пейілі мүлде ауғандығын ойлап өртенген күншілдікпен долда-
нады. Сескентіп, шошытып қайтармақ өзіне Жантасты. Өрекпи 
түскен Жүзтайлақ Жантас намысына қол салады: «Жаман атқа 
жал бітсе, жанына торсық байлатпас». «Өзіміз-ау жал бітірген».
Шыдамайды жігіт. Дәл осы жерде жарылады: «Олай болса, 
маған, майға бөккен бай қатыны, өзің тіленгенсің». Оқ атылды. 
Екеуінің арасындағы құпиялы сырдың бетпердесі дар етіп бір-
ақ жыртылды. Сыр ашылып қойған жоқ, Жантас – Жүзтайлақ 
арасында дәнекер боп келген қызбалық, құмарлық оты тас 
босағаға, тар қамауға келгенде, бір шалқыған желден қалмай, 
жалп етті де сөнді.
Енді Жантас үшін Жүзтайлақ кім? Ал Жүзтайлақ үшін 
Жантас кім? Ер жігіт аз күндік арам жүріске бой алдырғанына 
бармақ шайнап, өкініш уын ішкендей күйге түседі. Сол торда 
шырмалып қалмай, Мөржандай қызға жар құшағын жаюмен 
өзін-өзі ақтаған, тазарған, сезім мөлдірін мұрат еткен жолға бет 
бұрады.
Анталаған жігіт-желеңді көзге ілмей, бақайына отырғызбай 
жүргенде пейіл берген Жантасы мынадай қадамға басқан соң 
еңсесі түскен, талақ болғандай жерленген Жүзтайлақтың ат 
кекілін кесісіп, қас дұшпандыққа біржолата бет бұруы – оның 
характерінің табиғи күйінен, ішкі сипатынан туындап жатқан іс.
Кешегі жалын құшақтарды тұлан тұтқан, тас түйін жау-
лықтың арылмас өшпенділігі аяздай қариды енді. Пьеса дағы 
найзағай шартылындай қақтығыстың бір тармағы Жантас – 
Жүзтайлақ арасында қоздайды.
Ыза, қорлық, өкініш, кекті ашу, тапталған ерлік, кесіскен 
серт – осы алуандас сезімдер арпалысып кеп Жүзтайлақ 


67
жүрегін тайша тулатқан кезде басу айтқан адам – мұғалім. Ал-
дымен пана іздегендей, мұң шаққандай болған асқақ сұлудың 
өзі. Жүзтайлақтың алапатты көркемдігіне сырттай құмар боп, 
ұнатып, құлай беріліп жүрген мұғалім осындай қиракезік сәт-
те, ыңғайсыздау жағдайда ашылып сыр айтады.
Алдында ғана кешегі нақсүйері Жантаспен жауласып, дұш-
пан болып айрылысқан Жүзтайлақ қанды қақпанына өзі келіп 
түскелі тұрған құрбандықты қалай мазақтап, шырғалаңға салу 
жөнін ойланып жатпайды. Ежелгі әдеті – бір кәдеге жарар-ау 
деген жігітке үміт сәулесін алыстан, көз ұшынан болар-болмас 
жылтыратып қойып, қалаған мақсатына жұмсау, өз сойылын 
соқтыру.
Кітаби тәрбие алған, шығыстың ғашықтық жырларындағы 
махаббат хикаяларына сусындап өскен мұғалім Жүзтайлақ-
тың оң назарына ілінуді зор қуаныш санап, тебіреністі халге 
түседі. Сүйіспеншілікті рухани бауырласу деп ұғынудан мүлде 
аулақ Жүзтайлаққа сөз айтқан еркекті табанға басу, қорлау 
үлкен бір рақат сияқты.
«Түнгі сарын» драмасының бірінші актісіндегі барлық 
қақтығыстың түп қазығы – Жүзтайлақ. Осы қазыққа Мөржан 
да, Жүніс те, Жанас та, Сапа мұғалім де, Ділда да, Нұрқан да, 
Сәруар да соғып кетеді. Әрине, Жүзтайлақ бір төбе, қалғандары 
бір төбе деп үзілді-кесілді айтуға болмайды, біз тек драмалық 
тартыстың негізгі линиясын көрсетіп отырмыз.
Жеке бастың халдерінен туған тартыстарда қарама-қар-
сы полюстерге ойысқан қаһармандар характерінің үлкен әлеу-
меттік соқтығыс кезінде қай кемерде ашыларын іштей сезе 
бастайсың. Жайшылықтағы қақтығыстан етек алған конфликт 
заман қабағы бұзылғанда желді күнгі өрттей шалқуы заңды.
Болыс дастарқанында бас қосқан Кәрім адвокат, Қыдыш 
бай, Нұрқан тентек, Жүзтайлақ зымиян халық қабырғасын 
қайыстыра келген қаралы күнде мәз-мейрам болып, қолдарына 
жаңа күш, орасан билік тигендей күпінеді. Алғашқы актіде 
Жантас пен Сапа мұғалімнің қазақтан әскер алуға қарсылығы 
көрінсе, мыналар шоқ үстіне шоқ десіп отыр.


68
Көпшілікті Жүзтайлақ «құтырынған малшы, қосшы» деп 
менсінбесе, Нұрқан «көп шуылдақ, көп суыр, малшы, қос-
шы, өңшең елден шыққан, келімсек, қырық ру» деп одан бе-
тер кемітіп, шарасынан асып ақкөзденіп, шалқып сөйлейді. 
Жантастың шешесі Ділдәні Жүзтайлақ пен Нұрқан екі жақтан 
тізелеп, көкірегі надан, көзі байлаулы, ошақ басындағы сорлы, 
пұшаймен халде жас төгеді, іштен шыққан жалғыз баласын 
аналардың азғыруымен қарғауға дейін барады. Адасудан, мән-
жайды ұғынуға өресі жетпегендіктен туған хал.
Ескілік шырмауындағы Ділдә үшін Қыдыш сөзі – заң. Оның 
айтқанында қате бар, жалғандық бар деп ойлатудың өзі Ділдә 
үшін шеңбер аттағандық болар еді. Кеше күйеуі өліп, жесір 
қалғанда Майқан болыс босағасына әкелген осы Қыдыш екен, 
енді ұлы сол Қыдышқа қарсы шықса, Ділдә кімді жақтамақ? 
Қыдышқа ден қоймаса, аруақтан шет болмай ма? Ділдә топшы-
лауы осы кемерде шырмалады.
Жүзтайлақ пен Қыдыштың Ділдәға жасап отырған алдау 
шырғалаңының түптеп келгендегі мақсаттары – іштен шыққан 
баласына шүйлеп салу, екі ортаға араздық отын жағу, сөйтіп 
өз ниеттерін іске асыру. Олар суыртпақтап сөз тарту арқылы 
Жантастың мұғаліммен ет жақын екендігін біліп алады.
Ең алдымен мұғалімнің көкейіндегісін түю үшін Қыдыш 
тиісе, киліге сөйлейді. Дұшпанына қара борандай қаптайтын 
қатал, қатыгез, ұрт мінез одағайлайды, түйеден түскендей 
түйдек, кесек сөз Қыдыштың бір ұрты май, бір ұрты қан, шұбар 
балақ шонжар екендігін салған жерден танытады.
Биязы, сыпайы мұғалім халық алдындағы борыш, ел игі-
лігіне іс жасау деген өзекті жайттарға келгенде ру ақсақалы 
Қыдыштың өзіне есесін жіберіп, оның бұйрығына көніп, итере 
тастаған айдауына жүре алмайды, батыл байлауын кібіртіксіз 
ашып салады. Бала оқытумен, көпшілікке ақыл, өнеге ай-
тып, үгіт жасаумен жүрген біртоға жаннан мынадай қадам-
ды, қанша ішті-тысты, қырық айлалы болғанмен, Майқанның 
өзі де күтпеген. Бірақ сарқынды болыс онысын бүгіп қалып, 


69
мұғалімге жылы жүзбен тіл қатып, көпшік қоя сөйлейді. 
Ереуілдей бастағандарға тоқтау айт дейді.
Нұрқан, Қыдыш көпті көзге ілмей күпілдегенмен, аңыс ба-
ғып, тісқаққан, ол екеуінен айлалы, қалталы сойқан қауіп ба-
рын алты қырдың астынан сезіп, күні бұрын амал іздеп, төрт 
бұрышты түртінектенеді. Сонда қолға түсірсем деп отырған 
мықты бір тірегі – ел-жұртқа, ауыл-ауданға, ағайын-туысқа 
беделді мұғалім.
Лақ етіп ақтарылмай, лебізін білдірсімен тына қалады 
бо лыс. Кәрім – мұғалім, мұғалім – Жүзтайлақ орайындағы 
сөздерге құлақ тосып, талайға дейін олардың бет-бағдарын 
аңдиды.
Алыс қырды, зиялы қауым ортасынан шет жерді жайлап 
жүрген мұғалімнің Кәрім адвокаттың аужайына қарап, аяғын 
байқап басуы нанымды нәрсе. Жағымпаздық емес, көптің ойы 
қай жерде бірігіп, қандай мәселеге келгенін естіп, қабырғасы-
мен кеңесіп барып өз пікірін айтсам деген сақ қимыл.
Еркектер жағы бір-бірімен арбасып жатқанда, Жүзтайлақ 
құр ер қарасы болып босқа отырмайды. Нұрқан, Қыдыш, күйеуі 
Майқанға астары түсініксіз: «Серт десе қашайын деп пе еді-
ңіз?» – деген жалғыз фразамен мұғалім көңіліндегі үміт сәуле-
сін сайқалдықпен бір үрлеп қояды. Аяр сұлудың көркемдігін 
тамашалаған мұғалім бұл сәтте абдырап-дабдырап қалады.
Қолқа айтып қыңқылдап жүрген Жүніске де құрылған тор 
Жүзтайлақтың өз сойылын соқтыру ниеті болса, дәл осы жолы 
оның да бүйірін қыздырады. Бұл астарлы сөзден, Жүзтайлақ 
емеурінінен ұғылатын нәрселерді мұғалім мен Жүністен басқа 
еркек сезбейді.
Мұғалімді ортаға алып, содан сыр тартып, арасында Ділдә 
кемпірді қаңқу етіп отырған болыс үйіндегілер алыс қауіпті сез-
генмен, көпшілік баса-көктеп, тура таптап үстеріне кіріп келеді 
деп ойламаған.
Драмалық әрекет іле ширап, тартыс қызып қоя береді. 
Пьесадағы негізгі конфликт – Жантас, Тәнекелер мен Майқан, 


70
Қыдыштар арасындағы айқас – дәл осы орайда ашық майдан 
үстінде көрінеді. 
Халық ашуы Тәнеке қарттың аузынан өрттей жалынды сөз 
болып шығып тұр. Махамбеттің Баймағанбетке айтқан өлеңі 
еске түседі. Қаһарымен тауды жыққандай суық сөз. Кекке 
суарылған, енді илікпеске беттеген серттің сөзі.
Қыдыш жауабы да қолма-қол.
Жалғыз-жарым емес, топ құрап келген Тәнекенің жотасы 
биік, бұл жолы бас имек емес, жағаласпақ, тіреспек. Осылайша 
екі тарлан шу дегеннен қорамсаққа қол салды.
Көлденеңнен қарап, сергек сақшыдай қалт жібермей ба-
ғып отырған Майқан болыс бұл жұлқыс жақсылыққа беттет-
пейтінін, өз пайдаларына ұпай әкелмесін дереу сезе қояды. 
Ештеңе болмағандай, бойын кеңге салған кісімсіп, басалқы 
айта сөйлейді. Бірақ көпшілік көкірегінде қайнап келген ыза, 
әділетсіздіктен туған ашу оңайлықпен басыла қалатын нәрсе 
емес, лақ етіп сыртқа шығады.
Тәнеке бастап, Жантас қостап, Бөрібасарлар анықтап жат-
қан сөз бір-ақ нәрсеге тіреледі – тізімді қолға алу. Қулығына най-
за бойламас Майқан анталап келіп қалған көпшілік қыспағы-
нан қорқып, есебінен жаңылып қалмайды. Тізімді жай жаза 
салған, ешкімге зияны жоқ қағаз ретінде көрсетпек секілді.
Даусы қатал шығып, талабы бұйрыққа айналып бара жат-
қан Жантас жағасына жармасушы – Жүзтайлақ. Бұл екеуі-
нің арасындағы диалогтан ұшқындаған от сыры көзге де айқын, 
ал астарлы емеуріннен ұғынылатын ащы шындық тіпті сұ-
рапыл. Жантас Жүзтайлақтың жіңішке жүрісін бетіне баса-
ды. Көмейіне құм құйылған долы, тәкаппар сұлу көпке дейін 
қыстығып, іштей түйіліп, ұзын арна тартыстан шеттеп қалады.
Болыс үйіндегі сцена өте күрделі. Тартыс тарам-тарам. Ашық 
айтыс, бет жыртыса ұмтылу, астарлай қамшылау кейде кезек-
тесе келсе, кейде қатар өрбиді, кейде аралас-құралас жүреді. 
Қаһармандардың бір-біріне деген антипатиялары өлім мен өмір 
күресінде бұрынғыдан бетер шиыршық атып кетеді. Таптық 
тар тыстың бітіспес күйінің қазақ топырағындағы көрінісі осы 


71
сценада характерлер қақтығысы арқылы, драмалық тілмен, об-
разды, бейнелі, келісті суреттелген.
Әуезов тізімді талап еткен көпшілік екпінінің сыртқы ай-
қай-шуын қуалап отырған жоқ, әрбір қаһарман сөзінің ішкі ру-
хын жалғыз ауыз талапқа көгендеп қоймайды.
Тартыс үстінде Тәнеке – дана, көпті көрген көне, Жантас – 
жалындай жалаң қаққан батыр басшы. Бөрібасар – табаны тай-
мас қайсар, тоқетерін айтар бірбет болып, дара-дара мінездік 
өзгешеліктерімен көрініп, дұшпандары – айлалы аяр, зымиян 
Майқан, ұрт, сал сойыл, кеуделі Қыдыштармен күреске шыға-
ды. Селдей қаптап, алқымға алуға айналған жұрт ашуының 
бетін азулы Қыдыш екінші арнаға салып жібереді. Орталарында 
қолақпандай азамат, аты шулы зиялы Кәрім отырғанда, соның 
лебізін естімеу құрық сүйретіп кету болатындығын басқа-
ларға дабырайтып шулатып жеткізеді.
Ақ жағалы адвокаттың ұзын-сүре сөзінің тобықтай түйіні 
«қарсылықты қой, соғысқа жөнел, патша үшін қан төкке» 
тірелген соң Жантастардың зығырданы бұрынғыдан бетер 
қайнайды. Үміт артқан көзі ашық кісінің айтары мынау бол-
са, ол да Майқан, Қыдыштардың тобырынан табылғаны ғой. 
Бірақ негізгі қақтығыс Кәрім мен мұғалім арасында.
Алғашқыда ауыз бағып, адвокаттың алдынан кесе-көлде-
нең өтпей отырған мұғалім, шынтуайтқа келгенде, Кәрімнің 
халық қамын мүлде ұмытып, аямастық, жаны ашымас қа-
тыгездік байлау жасағанын көрген шақта шыдап отыра алмай-
ды. «Сары ала түйме таққан төренің қазақты алғаш сатқаны бұл 
емес», – деп салады.
Бір ауыз сөзде ащы шындық, үлкен драмалық күш жатыр. 
Бұл образ сәтімен қызған кезінде, сенім, ұғым, бағдар қай-
шылығы соқтығысқан сәтте айтылған сөз оқығандар арасын 
пышақпен кескендей, екіұдай етіп бөліп тастайды.
Кәрім – заманның түзу, аспанның ашық уақытында елге жа-
ны ашығандай болып, бұлт шығып, ауа райы бұзылғанда жуан-
дар тобына қарай жалт берген сатқын өмірден алынған тип. 


72
Кәрімнің бетпердесін жұлып алған сәттен бастап мұғалім тар 
жол, тайғақ кешуде Тәнекелер қасында.
Тартысқа әр дәрежеде, әр кезде негізгі қаһармандар түгел 
қатысады. Осы драмалық айқас үстінде, әрекет арқылы әр-
қайсысы өз мінезін көрсетіп, жаңа ситуацияның тууына себеп-
ші болады. Болыс үйіндегі сценадағы ілік-қақтығыс желді күнгі 
өрт секілді шалқиды.
Қаһармандар арасындағы күрестің оты әр түрлі қызумен 
жалын атады. Қатар өрбіген сала-сала бірнеше коллизия үзіліс-
сіз көз алдыңызда жүріп жатады. Таптық күрес саяси талаптар-
ды ұран түрінде айқайлап ұсынумен көрінбейді, кішкентай де-
таль арқылы жанды қалыпта, образды бейнеленеді.
Алғашқы актіден мәлім, Нұрқан – Мөржан, Нұрқан – Ділдә 
арасындағы тартыс шайқастың қызу кезінде, ер азаматтың ба-
сына күн туған шақта жаңаша құбылып, қайтадан қоздайды. Са-
насы оянбаған, көрбала Ділдәні шүйлеп-шүйлеп ұлы Жантасқа 
айдап салумен шу туғызады Нұрқан. Алдаудан есі шыққан сор-
лы кемпір теріс бата оқып, қарғыс айтуға бет бұрғандай.
Надандықтың қара пәлесі ана мен бала арасына жылан дай 
оратылып, көлденең жатып алған. Драмалық ситуация. Тап-
тық өрісі мешеу адамдар арасындағы адасушылықты М. Әуе-
зов «Барымта» әңгімесінде, «Бәйбіше – тоқал» трагедиясында 
суреткерлік қуатпен, зор көркемдік шешіммен берген болатын.
Мөржанды қайтсе өз қарамағына іліндіруді ойлаған Нұрқан 
Жұмажанды және салады ортаға. Жұмажан да Ділдә тақылеттес 
өрісі тар, ұғымы шамалы жан. Тургеновтің Сучогі тірізді өмір 
тепкісі есеңгіретіп, мәңгіртіп жіберген бейшара. Жұмажанның 
Нұрқан сілтеуімен Жантас шылбырына жармасып, Мөржанның 
аяғына оратылуы – оның табиғатына лайық қылық. Жұмажан 
бейнесі – әлеуметтік күрес күрделілігін аңғартатын, бұқараның 
кейбір өкілінің адасушылығын көрсететін тип.
Тартыс додасына Мөржанның басы тігіліп, әрі тарт та бері 
тартқа түскенде Жантас, Бөрібасарлар тізеге салуға айнала-
ды. Күпініп, желкесі шодырайып жүрген даңғой Нұрқан әпер-
бақандықпен артын ойламай, арандап қала жаздайды.


73
Шешуші сөз – болыста. Ол Жантастар да, Нұрқандар да 
күтпеген жерден табылып, билік айтады – Мөржан басы азат! 
Кінәнің салмағын, пәленің бетін Жантастың өзіне аударады. 
Аярлықпен көлгірсіп, кең қолтық, ашық адамсып, жастар 
қамын ойлаған, соларға жаны ашығандай болып көрінеді. Қу 
мүйіз Майқан жамбасын тастайды. Өз көңілінде осымен көптің 
аптығын бастым деп түйгенімен, Тәнеке тағы да тізім туралы 
суық талапты көтереді.
Әуезовтің драматургтік шеберлігі көп адам қатысқан, олар 
бір-бірімен өзара қым-қиғаш конфликтіге түскен күрделі си-
туацияны сетінетпей, хаосты дүниеге айналдырып жібермей, 
алуан дыбысты оркестрдегідей ыңғайластықпен бейнелеуде 
жатыр. Бір қаһарманнан кейін екіншісінің әрекетке түсуіне 
заңдылық, характер логикасы үнемі ықпал етіп отырады. Іліп 
әкету, қостай жөнелу, аяқтан шалу, кесе-көлденең тұру, шырға 
тастау, тоқетерін айту, айналып өту, басқаны айдап салу – осы-
лар алуандас диалогты өрбітудің небір тәсілдері пайдаланылған.
Болыс билігінен кейін оқиға, тығырыққа тірелу былай тұр-
сын, қайта өршіген, серпінді сипатпен Тәнеке – Қыдыш ара-
сындағы тартысқа ойысады. Өркеуделік, кесірлік, жуандық – 
Қыдыштың басты қасиеттері.
Салмақты ой, түйгені мол білгірлік Тәнеке мінезінен жақсы 
аңғарылады. Екеуі шарпысқан кезде біреуі: «Жуанмын, қор-
лымын», – деп, екіншісі: «Кедеймін, көппін, күш менде, сенің 
енді күнің қараң», – деп атысады. Қайсысы болсын осал емес – 
тобы бар, қуаты бар қарама-қарсы екі жақтың серкелері.
Жантас аузымен айтылатын батыл талап, қатал үкімдей 
сөздің орайында тасада бас бағып, үнсіз отырған Жүзтайлақ бой 
көрсетеді. Алыстан құрған торын мықтап бір пайдаланбақ ни-
етпен Жүніске иек қағады. Оңаша кездессем деп ыдыны құрып 
жүрген жігіт нұсқаған жерден шықпас деген қауіп қаперіне де 
кірмейді.
Әуезов әрқашан характердің табиғи қалпына, ішкі рухына 
жүгінеді. Аз-кем оқығандығы бар, жеңсікқұмар Жүніс қан-
ша дегенмен рулық сезімдерден арылмаған, қызды-қыздыға 


74
түскен шақта аруақ, өз сүйегі оның да намысын шабақтайды. 
Сондай сәтте Жүзтайлақ сұлуға берген сертін аяқасты етіп, 
шындықтың бетін ашып, тізім жөнін Тәнекелерге айтып са-
лады. Мықтыбай тұқымынан ешкім де тізімге ілінбеген, 
соғыс қа аттанатын – өңкей кедей-кепшік, жарлы-жақыбай, 
Қарсақ-Бор сақ руларының жігіттері. Көп ашуы мұны естігенде 
шарасынан асып төгіліп, лықсып кетеді.
1916 жыл оқиғасы туралы жазылған бірқыдыру шығарма-
да бұл ситуация конфликтінің ең шырқау биігіне көтерілген 
кезі болып табылады. «Ботагөз» романында осындай сәтте Ит-
бай болыстың басы шабылады. «Түнгі сарын» драмасындағы 
шешім өзгеше. Майқан болыс Итбай секілді сасып-абдырамай-
ды, ол өз тобындағылардың ішіндегі ең ақылдысы, Нұрқанға 
ұқсап дарақыланбайды, Қыдышқа ұқсап көкірегін қақпай-
ды, сөзінде айқай-шу, дабыра-дау жоқ, майда, жұмсақ астарлы, 
түйінді.
Көпшіліктің қысымы шегіне жетіп, енді қара бастарына 
қауіп төнген кезде Майқан бір-ақ қозғалады, жасырған тізім 
жөнін жалған, өтірік, көлгірсіген сөздермен түсіндіре бастайды. 
Халық үшін күйіп, өртеніп жүрген адамдай шеттігіне ілініп, 
таусылып сөйлейді. Сонысымен надан жұртты сендіргендей 
болады. Кәрім адвокатты қасына алып, ақ патшаның алдына 
бармақшы ниетін де ортаға салады.
Болыс байлауына біржолата тұрақтамаса да, басқалардың 
үміттеніп қалған көңіліне Тәнеке, Жантастар көлеңке түсіре 
алмайды. Стихиялы түрде шыққан көтерілістің көреген 
бас 
шысы болмағандығы, адасулар реалистікпен бейнеленіп 
отыр. Бір сәт ереуілдеп келген нөпір топ, қара нардың ары-
ны басы лып, ашу, ыза, кек толқыны сабаға түскендей болады. 
Жүзтайлақ – Жүніспен, Майқан – Жантастармен, Тәнеке – Қы-
дышпен арбасып қалысады.
Зор дүрбелең, атышулы көтеріліс қазақ өмірінің барлық са-
ласына әсер етіп, қозғау салып, адамдар қарым-қатынасы ның 
мәре-сәрелік жағдайын айқындап, оларды қас не дос етіп кет -
кен еді. Көтерілістің ең басты себебі – асқынған, шектен шық қан 


75
отаршылдықтың зардабы, бай мен кедей арасындағы таптық 
айқас. Осыларды суреттемеу өмір шындығынан алшақтауға 
соқтырар еді. 
Сондықтан да айтылмыш тақырыпқа арналған күрделі 
шығармалардың қайсысын алмаңыз – бәрінде де патша отар-
шыларының типі бар: полковник Белановичті (Б. Керба баевтың 
«Алып адым» романындағы), пристав Мочаловты (Айбектің 
«Қасиетті қан» романындағы), Кулаковты (С. Мұқановтың 
«Ботагөз» романындағы) ұқсас ететін, барлы 
ғының басын 
қосатын қасиет біреу. Ол – еңбекшілерге деген өшпенділік, жуан-
дармен ұлып табысу.
Майқан қолындағы балғаны ояз Казанцев те соғады. Жал-
ғыз айырмашылық – болыс ояздың қас-қабағына қарап қыл-
пылдайды, өйткені ол бағынышты, кіріптар. Ұлық алдында 
Майқан сыйсыз емес, сыртқа білдірмей, сыпайы жалынып пара 
бергізеді. Пәленің алдын күні бұрын алып отыратын сарқын-
ды қу бүлігінің шаң-шұңын осы жуан жұдырықпен жаншып 
тастамақ.
Болысты арқаға қаққанымен, ояз аяқ астынан оқыранып, 
жер тарпып, көз алайтып қояды. Ожар, дөкір характері әр сөзі-
нен айқын аңғарылып, жақсы сезіледі. Ояз Казанцевтің тілі 
басқа қаһармандардың тілінен мүлде бөлек. Сөздерді ретсіз 
қолдану, грамматиканың қалыпты нормасын бұзу, орыс-
қазақ атауларын араластыра сөйлеу – Казанцев тіліне хас 
ерекшеліктер.
«Жақсы болыс, как раз осындайда жақсы болып, ақылды 
болып шығатын керек. Біздің его превосходительство губерна-
торға да мен Майқанды сондай деп характеризовать етем... Ел 
мына жұмысқа көнеді ғой? Айттың ғой ақымақ болма деп, солай 
емес пе?» Ояздың осы бір ауыз сөзі – оның қалай сөйлетіндігінің 
жақсы дәлелі. «Шығу керек» деу орнына, өткен шақ формасын 
қолданып, қазақ тілін бүлдіріп айтады. Орыс сөздері де ретімен 
келіп тұрған жоқ.
Ояздың көзіне тікелей қарай алмай отырған Майқан, Кә-
рімдердің Шатақанмен келген суық хабардан соң құты қашып 


76
кетеді. Болыстың атқан оқ, шапқан қылышы – Шатақан ереуіл-
ге көтерілген елдің қауырт қимылын айтып, Майқан, Кәрім 
бас шұлғып, бұқара халықты жамандай бастайды. Казанцевтің 
аузына алған бірінші сөзі – жазалау, жаныштау. Аналар арыз 
жазбақ, мұрсат сұрамақ райларынан мүлде безіп шығып, не 
істейміз деп ояз аузына аңтарылады.
Драмалық әрекет сахнаға Қыдыштың шығуымен күшейе 
түседі. Алды-артына қарамай, сасып-пысып зытып келген түрі 
бар кеше ғана аюдай ақырған сабаздың. Тағы да көтерілісшілер 
жайлы суық хабар, сұмдық хабар. Әр қаһарманның бұл хабарды 
қалай қабылдағанын көрсету арқылы олардың психологиясы 
ашылады, характері көрінеді.
Бәрінің бойында үрей мен шошыну. Майқан тістеніп, қанын 
ішіне тартып, сұрланып, Кәрім жұдырық түйеді. Екеуі де бір 
сәтте ояз қаһарынан жасып, жерге қарап қалған. Ұлық алдында 
тәлтірек қағып, қарақан бастарының қамы үшін халқын сатқан 
сорлылар! Айтқандай-ақ, Казанцев долданып, Майқан, Кәрім, 
Қыдыштарға азу басып шыға келеді. Иә, қасқырлар ұлып та-
бысқанмен, кеселді түйін шешіліп, кердең мойын кесілерде 
мықтысы әлсізін талайды.
Түптеп келгенде, барлығының ортақ жауы – көтеріліске 
шыққан қалың ел болғандықтан Казанцев бір рет жұдырық 
көрсетіп, аналарды сескендіріп, шошытып алмақ. Ояз жаза-
лау керек, таптау керек деген байлауын бұйрықтай етіп айта-
ды, өзгесі қуана бас изейді. Қазақ жуандары, сатылған оқыған, 
патша ұлығы көтерілісшілерге қарсы аямастықпен, қара-
жүректікпен келісім жасайды.
Ішіне кектің қаны қатқан Жүзтайлақ бірінші болып Жан-
тас басын оққа байлады. Сорлы Ділдә тағы да шырылдап отқа 
түседі. Адам жаны ашырлық ауыр күйзеліспен тебіренген 
байғұс кемпірді Кәрім адвокат итере тастап кете барады. Бұл 
ситуацияда Кәрімнің халық тағдыры, ел бақыты деген үлкен 
сөздерді жақсы жамылғы ретінде бетіне перде тұтып жүрген-
дігі, пышақ алқымға келгенде оның шөп басын сындыруға 
дәрмені жоқ қауқарсыз екендігі көрінеді.


77
Көтеріліс басталған шақтағы әр түрлі типтердің – заман 
аңысын баққан түлкі мінезді, айлалы болыстың, қисық бұтақ, 
кәрі тамыр дала содырының, беті жылтыр, сөзі жылмаң, 
табиғаты сатқын арам оқығанның – осылардың бәрінің қожа-
сы, бәрінің төбесінен қамшы үйірген ұлықтың жауыздығын 
драмалық әрекет үстінде, бір-бірімен қарым-қатынаста көр-
сеткен сцена соңында оқиға желісі кілт бұрылыс жасайды – сах-
нада Жантас.
Қарсыластар тағы бетпе-бет, драматургияның негізгі 
тала бы – характерлер, сенімдер, нанымдар, көзқарастар қақ-
тығыста, күресте көрінсін. Әуезов бұл жерде тезиске бас 
ұрғандықтан Жантас келіп тұрған жоқ, көтеріліс табиғатына 
кесек қимыл, күтпегендік, ойламаған арадан шыға келушілік 
етене нәрсе.
Жантас қатал, ширақ, дұшпанына өшігіп алған әбден. Бо-
лыспен арадағы сөзден илікпес қаһар сезіледі. Қара басын ара-
шалап қалу үшін Майқан болыс қымбатты, қасиетті нәрсенің 
өзін сатып жүре береді. Ел тілегінен орындайын деп аруақ аты-
мен ант етуі – оның екіжүзді, алаяқ характеріне жарасымды, 
сыйымды қылық. Жүзтайлақ басы – қанды серттің кепілдігі.
Бір жағында – болыс, екінші жағында Жантас тұрған қар-
сыластар тобының арасындағы жаулық асқынып барады. 
Конфликт өршіп, ауданданып, жарқабақ басына жетіп, құз-
құламаның аузында тұр. Әуезов сіңірлі тартыс тізгінін бірден 
қоя бермей, шым-шымдап, сыздата өрбітеді, сол өрістеу үс-
тінде ситуациялар жаңғырып, алуан қаһарманның сан қилы 
характері ашылып, идеялық арна тереңдейді. «Түнгі сарын» 
драмасындағы оқиғалар әлеуметтік қабаттарды мейлінше кең 
қамтиды. 
Пьесаның сюжет бітімінде көптармақтылық бар. Олар бей-
берекет, үзік-жұлық емес, бір үлкен түбірден шығып, тарам-
тарам жайылған жуан еменнің иір-иір бұтақтары іспеттес. 
Солардың әрқайсысында бүлкілді тыныс, дүбірлі қозғалыс 
жатыр. Рамадағы соқтығыстардың жан-жақтылығы басты 
тар тыс – үстем тап пен кедейлер арасындағы таптық күресті 


78
айқындап көрсетеді, түптеп келгенде, қаһармандар арасында-
ғы ілініс, қақтығыс атаулының саяр жері – негізгі конфликт ар-
насы.
Кішкентай ғана көрініс – Нұрқан мен Жұмажанның оңаша 
қалған сценасын алайық. Жүріс-тұрыс, қозғалыс, сыртқы 
әрекет жоқтың қасы. Нұрқан винтовка тазалап отыр. Жұмажан 
босағада.
«Нұрқан: Тұқымын құртып мынамен басып салсам ғой, 
серейесің де қаласың. Қолымнан кім алады сонда сені? (Жұ-
мажан ыржыңдап күледі) Ауылға кеп жасағым боп отырған 
әскер анау...
Жұмажан (күліп): Апырым-ай, ә!.. Басып салса, табанда 
жатқызар еді-ау, ә? Өзі неше атылады дейді осы, Нұрыш аға?»
Бұл сөзден мінез көрінеді әрі Жұмажанға түрпі тиеді. Мы-
сықтың тырнағына ілінген тышқанмен ойнағандай хал. Нұр-
қан ерігіп отырып атып тастаса, Жұмажан сорлының құнын 
сұрайтын ешкім табылмайтыны рас. Адамдық намыстан ай-
рылған, езгіден милау болып қалған Жұмажанды әжуалап, 
мазақ етіп қорлау Нұрқан содырға әлдеқандай қызық. Содан өзі 
рақат табатындай көрінеді.
Трагокомикалық сцена. Алдымен сескентіп, әурелеп, қор-
қытып, шошытып, соңынан ақылсыз Жұмажанды Нұрқан 
қайтадан түрегелтеді. Арманның шегі – мойнына сумка асы-
нып, атшабар болу, сарықурай атқа бір міну. Сол мақсатына 
жеткізем деп отырғанда Жұмажан Нұрқан айтса тескен тау өтіп, 
жердің жарығына кіріп кетпей ме? Арман желігі қай күйдегі, 
қай дәрмендегі кісіні болсын үміттендіріп, ұмтылдыратын 
күш емес пе? Атшабар жасаймын деген сөздің шеті қылтиуы 
мұң екен, бейшара Жұмажан алақанына түкіріп шыға келді. 
Нұрқанның көкейін тескен нәрсе – Мөржан қызды қолға түсіру. 
Әуелі күпиіп, құтыртып ап, сол іске Жұмажанды салмақшы. 
Өлермен жандардың күресу үшін қару талғамайтын, қолға 
түскенін, ыңғайлы сәтте кез келгенін жұмсай беретін дағдысы.
Сөйтіп кішкентай көріністің өзінен екі адамның мінезін, 
бірқыдыру астарлы, психологиялық қызық жайттарды түйеміз. 


79
Сахнаға басқа қаһармандар шығып, оқиға ілгері жалғасып кете 
береді.
Көтерілген елді басу үшін қырға аттанған жазалау отря-
дының бастығы Семенов – қылышынан қан тамған жендет. Сөз 
аяғын жұтып қою, жүйесіз сөйлеу бірден-ақ Семеновтің шама-
шарқын көрсетеді.
Көкірек керген мақтаншақ, дарақының тілін табу Жүз-
тайлаққа қиынға соқпайды. Айлалы сұлу Казанцев пен Се-
меновті қылықты мінезбен разы етумен оларды Жантастарға 
жауықтырып, қайрай түсуді қатар жүргізеді.
Қазақ сахарасында патшаның отаршылдық саясатын іске 
асырушы ояз бен қос өкпеден қысқан екі жақты ауыртпалық-
қа шыдамай, бұлқына көтерілген ереуілшіл көпшіліктің бас-
шысы Тәнекенің кездесуі түн қараңғылығы мен күн сәулесінің 
шарпысуындай әсер қалдырады.
Тәнекенің сөзі ырғақты, жігерлі, динамикалық, мазмұны 
бай, оралымы шебер, құрылысы қызық. Ақылды қарт қалың 
елдің көкейдегісін айбарлы, салмақты күйінде үлкен ұлықтан 
ықпай, жасқанбай, қасқиып, садақтан оқ атқандай етіп айта-
ды. Жуаннан көрген зәбір, жайлауын өрт алып, қыстауын жау 
шапқан күйкі күн, патшаның қанды бұйрығы, әділетсіздікпен 
жасалып отырған пәле тізім – осының бәрін түйдектетіп кеп, 
заңды талап, орынды тілек етіп көп толғап, терең топшылап, 
жүйе-жүйесін тауып жеткізеді. Бірақ бұның бәрі бос үміт, бе-
кер әурешілік. Халық үнін тыңдап, оған ден қойса, жаны ашыса 
ұлық болар ұлық па? Жаза сөзі «Заберите их, подлецов!»
Нұрқан мұздай қаруланған жазалаушы отрядты арқа-
ла 
нып, Тәнекенің қол-аяғына кісен салып, сабамақ болып 
ұмтылғанда Жантастар анталай кіріп келеді. Бұл сырт қи-
мылдың ұлғаюы ғана емес, қоюлана түскен конфликт бұлтының 
қақтығысуы болмай қалмайтын заңды соғыс. Салы суға кет-
кен Нұрқан жаңа ғана өзі соққыға жықпақ Тәнекенің аяғына 
оралып араша тілейді. Нұрқанда табан тіреп жауласа алатын 
қауқар жоқ. Өлім балтасы Нұрқан басына көтеріле бергенде 
оқиғаға Жүзтайлақ килігеді.


80
Жүзтайлақ – мұғалім арасындағы интрига бірінші актіде-
гі ұшқынмен сөніп қалмай, тас босаға, тар өткелде қайтадан 
бұрқ ете түседі. Сұңғыла, сайқал сұлу Сапаның сентимен-
талды сезімнің осал пернесін тауып, басып-басып жібереді. 
Жүзтайлақпен жақын қатынаста болуды армандай көріп, 
аңсап жүрген мұғалім ол мойнына оралып, жалғыз ауыз тілек 
айтқанда қайтіп шыдасын, беделін жұмсап, Нұрқан басын 
сұрап алады.
Бұл – мұғалім мен көтерілісшілер арасына түскен жа-
рық 
шақ. Драматург қаһармандардың характеріне олардың 
әлеуметтік тегінің жасайтын әсерін көркемдік шешіммен 
дұрыс көрсе теді. Расында да, қара сирақ, сіңірі шыққан ке-
дей Жан тас жол айрығына келгенде Жүзтайлақтың құшағын 
кері серпісе, өзіне жетерлік дөңгелек дәулеті бар мұғалім 
Жүзтайлақтың көңілі үшін содырлы Нұрқанды көтерілісшілер 
жазасынан арашалап қалады.
Сюжеттің осыдан кейін өрістеуіне Жүзтайлақ – мұғалім, 
Жүзтайлақ – Жүніс линияларының орны үлкен. Бұлардың 
арасындағы қақтығыс негізінде туатын ситуациялар көтеріліс 
сценаларымен алмасып отырады. Іргелі әлеуметтік оқиға фо-
нында жеке тағдырлардың тасада қалып қоймай, айқын, бе-
дерлі күйде көрініс берген қалпы бар.
Тіпті төртінші актінің бесінші суретіндегі алғашқы екі кө-
рініс атқарып тұрған идеялық-көркемдік салмақ қанша. Рас, 
оларды қысқартып тастағанмен пьесаның сюжеттік желісіне, 
композициялық бітіміне келетін нұқсан жоқ. Бірақ сол екі 
көрініс болмаса, он алтыншы жыл оқиғасының бір ірі суреті 
кемшін болып тұрар еді. Кемпір мен шал аузындағы сөздерде 
үлкен өмірлік шындық жатыр, жерінен, атамекенінен айрылған 
босқын елдің зары мен өксігі, шамырқанған кегі бар. Қысқа 
эпизод, кішкентай деталь ішкі серпіні мол драмалық әрекет 
арқылы ұлы дүбір қозғалыстың бір көрінісі көз алдыңызға кел-
гендей болады.
Бұдан әрі оқиға екі арнамен өрбиді: бірі – жуандардың 
қолшоқпары, намыс атаулыдан жұрдай болған Шатақан, 


81
Жұмажандардың жалған хабар тарату әрекеттері, екіншісі –
мұғалім – Сәруар, Мөржан – Жүніс арасындағы ілініс. Әуе-
зовтің драматургтік шеберлігінің ерекше белгісінің бірі деп қа-
һар мандар мінезін диалектикалық өзгермелі қалыпта алуын 
айтар едік.
«Түнгі сарындағы» Тәнеке, Жантас, Жүзтайлақ, Майқан 
характерлеріндегі күрделілікті былай қойғанда, жалғыз Жү-
ніс басынан талай психологиялық құбылыс өтеді. Ол әуелде 
Жүзтайлақтың оң қабағына іліну үшін Нұрқанды сағалап, 
соның сойылын соғады, он алтыншы жылдың қатал сағаты жет-
кенде ереуілшілер соңынан ереді.
Жүніс характері, әсіресе, соңғы актіде айқын көрінеді. 
Сәруар мен Мөржан аузынан мұғалімнің Жүзтайлақ тілегін 
орындап, Нұрқанды босаттырып ал-ғандығын естігенде Жү-
ніс яголық алаяқтық жасайды. Жүніс зымияндығы ашылған.
Мұғалімнің зайыбы – Сәруар пьесаның ұзына бойында оқи-
ғаға араласып отырады. Ол – көзі ашық, оң мен солын жақ-
сы айыратын, әділ, сенгіш әйел. Образдың ұлттық колоритін 
сақтау үшін Әуезов Сәруар сөздерін татарша қалпында береді, 
әдейі қазақшаламайды. Мұғалімнің Жүзтайлақ шылауында 
кетіп бара жатуын, тіпті соның тыңшысы деген жайтты Сәруар 
өзі сезеді, бұл шаланы Жүніс қасақана үрлей түседі.
Тәнеке, Жантастар, олардың соңынан ерген көп халық 
Майқан болысты ортаға алатын сцена – трагедиядағы қарама-
қарсы күштердің ең қатты соқтығысатын тұсының бірі. Бұл 
жерде логикалық талас, сөз арбасу, тапқырлық жарысы ғана 
жатқан жоқ, ең бастысы, ең негізгісі өліспей беріспейтін қар-
сыластардың шарпысуы бар. Нанымдар, көзқарастар айқасы.
«Түнгі сарын» драмасы тұңғыш сахнаға шыққанда кейбір 
сыншылар Жантас образы солғын деген пікір айтқан болатын. 
Оған келісуге болмайды. Жантас ірі қимыл, үлкен істің адамы 
екендігін танытады, көріністен көрініске өсіп отырады.
Сондай бір биік қалыпты Майқан болыспен бетпе-бет келген 
шақта көрсетеді. Бұл сценадағы айтқыштық, терең тапқырлық 
«Еңлік – Кебектегі» билер сценасына ұқсайды.
6-0195


82
Көтерілістің сипаты, оның қозғаушы күштері, жеңілу се-
бептері деген түйіндер, әсіресе, соңғы актіде жеке характерлер 
арқылы аса нанымды суреттеліп, терең ашыла түседі. Әр жер-
ден болыстың алдаусыратқанына иланған дауыстар да шығады. 
Бұл – жай сахналық эффектіге бола драматург тарапынан 
жасалған зорлық қадам емес, екіжақтылықты бейнелейтін диа-
логтар.
Рухани жағынан болыс айтылмыш сценада қаусап күй-
рейді. Келесі көріністе Жүністің көмегімен қашып кетпек 
болған Майқан болыстың Бөрібасар қолынан өлім табуы се-
німді, драматургтің өмір шындығын реалистік дәлдікпен бей-
нелегенінің жақсы көрінісі. Таптық сана-сезімі жетіле қой-
маған көтерілісшілердің болысты өлтіруді айрықша мақсұт 
тұтқаны он алтыншы жыл оқиғасындағы типті факт болатын. 
Бұл Россиядағы халықшылдардың патшаға жасаған террорла-
рын еске түсіреді.
Драмадағы конфликт шырқау биікке жетіп, қатер сағаты 
соққанда қаһармандар арасындағы қарым-қатынас бұынғы-
дан бетер айқындалып, домбыра ішегіндей тартылған хал. Енді 
ешқандай мәре-сәрелік жоқ, екінің бірі: я өлім, я өмір!
Сапа мұғалімнің Тәнекелер тобынан жырылып қалуы оның 
көтерілісшілерді сатуы емес, өзінің интеллигенттік болмысы-
на лайық қадам. Бұл орайды Әуезов суреткерлік жітілікпен 
көре білген. Жүністің Жантасқа оқ атып, жалт беруін де осылай 
түсіну керек.
Ақырғы актінің соңғы көріністеріндегі драмалық әрекет 
өте күшті. Драматург соғыс сценаларын қысқа, дәл штрих-
тармен көз алдыңа әкеледі. Сырт қимыл, жүріс-тұрыс керемет 
психологиялық шиеленіс атмосферасын, конфликтінің бетке 
шарпып тұрған жалын отын күшейте түседі.
Көтеріліс жеңілді! Жантас оққа ұшты, Мөржан қаза тапты, 
Майқан да жер құшты. Бір сәт бел алған Казанцев, Нұрқан, 
Жүзтайлақ тобының ертеңгі өрісі шолақ, алды тар екендігі Сапа 
мұғалімнің жүректің тереңінен жарып шыққан жалынды моно-


83
логынан белгі береді. Бұл жалғыз мұғалім сөзі емес, барлық 
көтерілісшілер айтқан ереуіл ұранындай естіледі.
Драманың жанрлық табиғатынан туатын айрықша белгі-
нің бірі – шығармадағы тартыстың ең ақырында зор жа-
рылыс – басты қаһармандар өлімімен аяқталуы. «Түнгі сарын» 
да осылай тәмамдалады. Бірақ шығармадағы күрестің астарлы 
ағыны, тереңдегі толқыны жеріне жетпегендігі, түптің түбінде 
анау Тәнеке, Бөрібасарлар бойындағы қайрат халық жүрегін-
дегі кекпен қайта тұтанып, Казанцев, Нұрқандардың күлін 
көкке ұшыратынын іштей сезіп отырасың.
Сәбит Мұқанов алғашқы драмалық шығармасын жазуға 
зор творчестволық тәжірибемен, поэзия, проза жанрларында 
күрделі туындылар беріп, шебер қаламгер ретінде толысқан 
шағында кірісті, әуелі «Алтын астық», «Гвардия, алға!» либрет-
толарын жазды.
Автор тырнақалды пьесасы – «Күрес күндерінде» ең алды-
мен тақырыбының әлеуметтік маңыздылығымен, саяси көз қа-
растарының айқындығымен өмір құбылыстарын жан-жақты, 
кең қамтуымен ерекшеленеді. Жазушы трагедия деп көрсет-
кенмен, бұл шығарманың жанры – қаһармандық драма.
Шығармаға драмалық ситуация сәтімен таңдап алынған. 
Бұрын әдебиетімізде бейнеленген, бірақ, әсіресе, сахналық туын-
ды үшін лайық материалды қаламгер дәл көріп, дұрыс суреттеп, 
екшеп ала білген.
Қазақстанның солтүстігінде 1919 жылы аз уақыт Колчак 
билігі жүрген кезде бұрынғы үстем тап өкілдері қайтадан бас 
көтере бастады; коммунистердің беріктігін сынайтын екіта-
лай ауыр заман туды; саяси күрестің қыр-сырын анық ұғып 
болмаған кедей-кепшік екі жаққа бірдей жалтаңдаған кезең 
келді.
Осындай өлара, тұман айықпаған шекаралық жағдайда ғы 
өмір құбылыстары драмаға арқау болған. Қаламгердің әлеу-
меттік топтар өкілдерін кең қамту мақсатын көздегені алғашқы 
көріністен-ақ аңғарылады: қажы Құлым, бай Қозыке, алаш 
офицері Әбу, атқамінер Нұрмағамбет, ұры Жанат – бұлардың 


84
әр тараптан, әр деңгейден шығып жатқан сөздерінің мағына сы, 
түпкі нысанасы бір.
Драматург әрбір көрініс сайын жаңа кейіпкерлерді әрекет-
ке қосып отырады. Жуандар тобы адамгершіліктен безіп, 
қаныпезерлікке ойысады. Ат, ақша жинап, қару іздестіріп, 
қанды күреске дайындалып жатқан жендеттер. Алғашқы сце-
наларда есте қалатын, тілдік, мінездік ерекшеліктерімен 
көзге түсетін екі персонаж бар: бірі – Құлым қажы, екіншісі – 
Қыстаубай кедей. Тілі «р»-ға келмейтін сақау, жасы 70-тен ас-
қан қажы орынсыз көп сөйлейді, кемістігін сезінбейді, сөздері 
өте сөлекет шығады.
Қазақстанның кей атыраптарында қазақтар мен орыстар-
дың алғашқы қарым-қатынасы әр түрлі жағдайлар тудырғаны 
мәлім. Архивтегі кейбір материалдарда қазақ балаларының 
ақшаға сатылғаны айтылады. Шоқынған, аты-жөнін христиан-
ша қойып алған қазақтар бар. Тілде көп құбылыстар пайда бол-
ды: ұғымдар, жаңа сөздер келді.
Исі орысша атаулыға ілесуді жақсылық белгісі санаған, 
келсін-келмесін орыс сөздерін қыстырып сөйлеуді мұрат еткен-
дер шықты. Кедей, көп жыл орыс есігінде жүрген Қыстаубай 
шал өзін байлардан, атқамінерлерден артықпын деп санайды, 
өйткені орыс тілін білем деп есептейді. Сөйлеген түрі былай 
келеді: «Аққар қаласының қойын бағып, пастух болып отыр-
мын», «малымның құнын платить қылдыр», «мырза, көрдің бе 
мыналардың сәпсім обида қып тұрғанын», «пропал баран».
Кейін, көп жылдар өткен соң қазақ драматургтарының бір 
тобы ана тілін білмейтіндерді күлкі ету үшін тілді шұбарлап 
сөйлеуді сахналық бір тәсіл ретінде қолданған болса, Сәбит 
Мұқанов тіл шұбарлығын реалистік образ жасауға сәтті пай-
даланған.
Қаламгер алғашқы пьесасының өзінде драмалық әрекет-
ке – сюжеттің сахналық сипатына көңіл бөлген. Бір шағын 
көріністен соң тағы бір шағын көрініс ауысып отырады. Оларда 
мазмұн жөнінен контраст принципі бар десе де артық емес. 


85
Төңкеріс нәтижесінде ара жіктері әбден ашылған әр түр-
лі таптардың өкілдері, тіпті бітіспес, антагонистік таптар нә-
сілдерінің арасында толып жатқан әлеуметтік күрделі 
қарым-қатынастармен қоса, қат-қабат адамдық, жеке бастық 
байланыстар пайда болғаны рас. Осындай тоғысулар неше түрлі 
адам тағдырларын шығарды. Талай семьялық, махаббат траге-
диялары туды.
Қатар қонбас, заман мүдде қатар қондырмай отырған кеше-
гі үстем тап өкілінің ұлы не қызы кедейдің перзентін сүйді ме? 
Кедейдің ұлы байдың қызына ғашық болды ма? Өмірде осын-
дай оқиғалар кездесті ме екен? Мұның арты немен тынды?
Бұл өмірде болған, көп ұшырасқан, талай адамдардың ғұ-
мырын жаралаған оқиға ғой.
Дәл осы құбылысты Сәбит Мұқанов пьесасына негізгі тар-
тыс желісінің бірі етіп алады. Драмадағы басты арна – контрре-
волюционер мен коммунистер арасындағы күрес десек, екінші 
жүйе – Қозыке байдың қызы Зүбәйла мен коммунист Жақып 
ара сындағы сүйіспеншілік хикаясы.
Жақып – Зүбәйла. Сағынып кездескен беттері. Бірақ бұлар 
Әуе зовтің «Қарагөзіндегі», яки Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – 
Баяй сұлуындағы» лапылдап жанып тұрған романтикалық 
тұрғыдағы ғашықтар емес. Әуезов, Мүсірепов кейіпкерлері 
іштегі өрттей сезімді селдетіп, нөсерлетіп, өлеңдетіп, ақтарып 
айтса, Мұқанов образдары сабырлы, салмақты.
Жақып пен Зүбәйла арасындағы диалогта реалистік сипат 
бар. Күнделікті тіршілікте қоңыртөбел, қатардағы қыз бен жі-
гіт аузынан шығатын сөздер. Жақыптың Зүбәйлаға үйленгісі 
келеді. Оның ойынша, қыз әкесінің байлығы бұларға бөгет бол-
мауға керек. Қыз да кетәрі емес.
Іздеп, қолға түсіре алмай жүрген Жақыптың үстінен түс-
кенде, әсіресе, күш көрсететін адам – Құлым қажы. Тіл мү-
кістігі өз алдына, заманның өткенін сезінбей, дүниенің тұтқасы 
қолында тұрғандай сабасынан асып кіжініп, өкірештенуі күл-
кі тудырады. Жапалақша жалпылдаған бейшара мықтысынып 
тұрғанымен, шын мәнісінде аянышты, сорлы кейіп.


86
Абыр-сабырды пайдаланып жылыстап кеткен Жақыптан 
соң сахнаға шығатын жалшылар сценасында драматург поли-
логты, көп дауысты лебізді қолданады. Бірінші актінің соңғы 
көрінісінде тағы улап-шулап сахнаға шығатын Садри, Әбу, 
Нұрмағамбет, Василий сөздерінен берекесіздік, бір-бірін анық 
қадірлемеу, дөрекілік, сатқындық сипаттары анық аңғарыла-
ды. Ағаларыңды тауып бермедің деп Қыстаубайдың екі ұлы – 
Қали мен Бейсенбайды Василий жендет жиырма бес рет шом-
балмен ұрады. Л. Толстойдың «Балдан кейін» әңгімесіндегі 
масқара сұмдықтың қазақ даласында қайталануы!
Арада бір жыл өткен. Билік ревкомның қолында. Тартыса-
тын күштердің арасалмағында көп өзгеріс бар. Екінші перденің 
алғашқы көрінісіндегі оқиға Қозыке байдың үйінде өтеді. 
Ерлі-зайыпты адамдардың отбасындағы әңгімесінің үстінен 
шығамыз. Ескі қарым-қатынас, ескі дәстүр, ескі сана. Қалың 
малы алынған, құданың сөзі әбден бекітілген, оң жақта отырған 
қыз туралы қатал әке не дер еді? Әрине, әйелін нығыртып, сақ 
болу, ойын-күлкіден тыйылып, санаулы сағатты тосуды айтар 
еді. Қозыке – осындай адам. Тілінде майдалық, сипай қамшы-
лау жоқ, «құдай соққан қу қатын-ау» деген дөрекі, дүлей са-
рын бар. Әйелі Зағипа оңай көніп, тез майысатын адам емес. 
Еркіндігі өз алдына, заман дауылы мұның да мінезіне өзгеріс 
ендіре бастаған. Еркін, тең, тіпті астам сөйлейді: «Зүбәйла ноқта 
емес, әр аттың басына бір іле беретін. Ішіңнен шыққан балаң, 
өзі жалғыз, менің тілімді алсаң, енді балаңның басын шарға 
салма. Маңдайына жазғаны осы шығар, «Теңі келсе, текке бер» 
деген. «Заман мынау, еркімен кеткен қыз жалғыз біздікі емес. 
Балаңа батаңды бер де, кінәңді заманға артып отыра бер! Саған 
не істер дейсің?» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет