ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТТІҢ ӘДІСКЕРІ РИЗА МАНЕЙ
9-сыныпқа арналған «Тіл тарихы» атты факультативтік курстың бағдарламасы
Бұл күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Тіл жəне əдебиет» білім саласы пəндерінің оқу бағдарламаларына (Астана, 2013), 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген оқу бағдарламасына (Астана, 2015) негізделіп жасалды.
Мақсаты: оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту.
Міндеттері:
1.Қазақ тілінің шығу тегі мен қазіргі мемлекеттік мәртебесі және ол туралы заңдар бойынша білімін пысықтау.
2. Қазақ тілі білімінің салалары мен олардың зерттеу обьектілерінің кестесін оқып-үйрену.
3. Қазақ әдеби тілінің нормалары, стильдік ерекшеліктері, пунктуация мәселелерін жетік меңгеру.
4. Ауызша да, жазбаша да жоғары тіл мәдениетін, танымдық-біліктілігін, яғни қазақ халқының материалдық, рухани, тарихи-мәдени байлығын ана тілі арқылы таныту.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар, 68 сағат
№
|
тақырып
|
сағат саны
|
уақыты
|
ескерту
|
1
|
5-8-сыныптарда тіл білімінен өткенді қайталау (лексика, фонетика, орфография)
|
1
|
|
|
2
|
5-8-сыныптарда тіл білімінен өткенді қайталау (грамматика)
|
1
|
|
|
3
|
Тіл дамыту, тест.
|
1
|
|
|
4
|
Кіріспе сабақ. Тіл білімінің негіздері ғылымы. Тілдердің шығу тегі
|
1
|
|
|
5
|
Қазақ тілі туралы. Қазақ тілінің шығу тегі мен қазіргі мемлекеттік мәртебесі және ол туралы заңдар бойынша білімін пысықтау. Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы»
|
1
|
|
|
6
|
Түркі тілдер тобының 6 топқа бөлінуі
|
1
|
|
|
7
|
Қазақ тіл білімінің салалары, тараулары мен олардың зерттеу обьектілері
|
1
|
|
|
8
|
Фонетика және орфография.
Дыбыс, фонема, әріп, алфавит. Тіл дыбыстары. Емле. Тест.
|
1
|
|
|
9
|
Үндестік заңы туралы түсінік.
Буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
Екпін. Ой екпіні, сөз екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні. Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар. Орфография және орфоэпия
|
1
|
|
|
10
|
Лексика. Негізгі салалары.
Сөз бен ұғым. Сөзбен мағына.Сөз мағыналары.
Ономастика, топонимикалық сөздердің шығу тарихы. Эвфемизм мен дисфемизм.
|
1
|
|
|
11
|
Тілдің суреттеме құрал – троптары. Көркем мәтіндерді пайдалана оқып ұғындыру. Термин сөздер, олардың қолданылу аясы. Басқа тілден енген сөздерді ажырата білу. Фразео-логиялық сөз тіркесі. Фразеология. Фразео-логиялық сөз тіркесі. Фразалық тіркес пен идиомалық тіркес. Мақал мәтелдің айырма-шылығы. Диалектология. Арготизм, жергілікті диалектілер мен әлеуметтік диалект, әдеби тілдің ара салмағы. Говор, диалект, метатеза. Сөздік, түрлері.
|
1
|
|
|
12-13
|
Шығармашылық жұмыс. Тіл тарихы
|
2
|
|
|
14-15
|
Грамматика. Сөзжасам және орфография. Сөзжасамдық тізбек пен сөзжасамдық ұя, сөзжасам жүйесі. Тарихи грамматика, сипаттама (синхрондық) грамматика, салыстырмалы грамматика.
|
2
|
|
|
16-17
|
Грамматикалық тәсілдер, грамматикалық құрылым, грамматикалық форма, грамматикалық мағынаны ажырату. Жұрнақтар, нөлдік форма, көмекші морфема, сөз тұлғаларын оқыту. Тест
|
2
|
|
|
18-19
|
Дара сөздер, күрделі сөздердің жасалу жолдары. Негізгі және көмекші сөздер. Туынды сөздердің жасалуы
|
2
|
|
|
20
|
Сөзжасам жүйесі. Сөз таптары. Жасалуы.
|
1
|
|
|
21
|
Есім сөздер, жасалуы. Сайысқа дайындық
|
1
|
|
|
22
|
Етістік, жасалуы. Сайысқа дайындықты пысықтау
|
1
|
|
|
23-24
|
Еліктеуіш, одағай, шылау сөздер, жасалуы. Тест
|
2
|
|
|
25
|
Синтаксис және пунктуация. Жобамен жұмыс
|
1
|
|
|
26
|
Сөз тіркесі. Байланысу тәсілдері. Байланысу түрлері бойынша қайталау жаттығуларын орындату
|
1
|
|
|
27
|
Сөз тіркесінің топтастыру принциптері. Сөз тіркесінің мағыналық түрлерін қайталау. СКТалдау
|
1
|
|
|
28
|
Сөз тіркесінің құрылысы. Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағыналарын оқыту. Тұрақты сөз тіркесі мен еркін сөз тіркесінің айырмашылығы. Реферат қорғау
|
1
|
|
|
29
|
Сөз тіркесінен өткенді пысықтау жаттығулары. Тест
|
1
|
|
|
30
|
Сөйлем. Негізгі белгілері. Айтылу мақсатына қарай түрлері. Сөйлемді талдау
|
1
|
|
|
31
|
Шығармашылық жұмыс «Мен болашақта қандай мамандық иесі боламын?»
|
1
|
|
|
32
|
Сөйлем мүшелері, оның негізгі белгілері. Тұрлаулы мүшелер. 1.Бастауыш, негізгі белгілері, құрамы, мағынасына қарай бөлінуі. 2.Баяндауыш, негізгі белгілері. «Предикат» термині. Бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Предикативтік қатынас.
|
1
|
|
|
33
|
Синтаксистік талдау. Ой толғау «Тілім менің –тірлігімнің айғағы»
|
1
|
|
|
|
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыштың негізгі белгілері: мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері.
|
1
|
|
|
34
|
Анықтауыш, негізгі белгілері, мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері.
|
1
|
|
|
35
|
Пысықтауыш, негізгі белгілері,мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері
|
1
|
|
|
36
|
Зерттеу жұмыстарын жүйелеу сабағы
|
1
|
|
|
37
|
Зерттеу жұмыстарын пысықтау (қазақ тіл білімі, негізін қалаған ғалымдар, қазіргі даму барысы)
|
|
|
|
38
|
Оқшау сөздер түрлері. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің өзіндік ерекшеліктері, олардың тыныс белгілері, орын тәртібін пысықтау
|
1
|
|
|
39
|
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері. Оңашаланған айқындауыш, тыныс белгілері. Қосарлы айқындауышты қайталау
|
1
|
|
|
40
|
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Жалпылауыш сөздер, олардың тыныс белгілеріне арналған практикалық жұмыс
|
1
|
|
|
41
|
Сөздердің орын тәртібі және ой екпініне арналған қосымша материалдармен жұмыс
|
1
|
|
|
42
|
Зерттеу жұмыстарын қорғау (өздік жұмыстар бойынша)
|
1
|
|
|
43
|
Жай сөйлем синтаксисі (зертеуші ғалымдар)
|
1
|
|
|
44
|
Жақты және жақсыз сөйлем. Жақсыз сөйлемнің жасалуы. Жалаң және жайылма сөйлем. Толымды және толымсыз сөйлем. Атаулы сөйлем. (қайталау)
|
1
|
|
|
45
|
Жай сөйлемді пысықтау жаттығулары
|
1
|
|
|
46
|
Жай сөйлемдер тақырыбы аясында тест құрастыру
|
1
|
|
|
47
|
Қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі (зерттелу тарихы) (үйге реферат жазуға беру)
|
1
|
|
|
48
|
Жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемге жаттығулар
|
1
|
|
|
49
|
Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері
|
1
|
|
|
50
|
Салалас құрмалас сөйлемнің тыныс белгі. қайталау
|
1
|
|
|
51
|
Салалас құрмалас тақырыбында сұрақ-тапс-лар, тест құрастыру
|
1
|
|
|
52
|
Көп құрамды салалас
|
1
|
|
|
53
|
Құрастырған сұрақ-тапсырмалар, тест құрастыру бойынша топтар арасында сайыс, қатемен жұмыс
|
1
|
|
|
54
|
Мазмұндама «Бес арыс»
|
1
|
|
|
55
|
Мазмұндаманы талдау
|
1
|
|
|
56
|
Сабақтас құрмалас сөйлем (зерт. тарихы, ғалымдар)
|
1
|
|
|
57
|
Сабақтас құрмаластың мағыналық түр.қайталау
|
1
|
|
|
58
|
Сабақтастың жасалуын пысықтау
|
1
|
|
|
59
|
Көп басыңқы сабақтас пен көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктерін ажырата білу. Көп бағыныңқы сабақтас. Сатылы және жарыспалы көп бағынынқы (Бірыңғай жарыспалы және әр алуан жарыспалы сабақтас)
|
1
|
|
|
60
|
Сабақтасты қайталау, тест құрастыру
|
1
|
|
|
61
|
Аралас құрмалас сөйлем, тыныс белгілері.
|
1
|
|
|
62
|
Құрмалас сөйлем бойынша тест
|
1
|
|
|
63
|
Қазақ әдеби тілі. нормалары, стильдік ерекш-рі
|
1
|
|
|
64
|
Тіл стилистикасы туралы ұғымды тереңдету.
|
1
|
|
|
65
|
Пунктуация. Тыныс белгілердің қойылу ерекшеліктері
|
1
|
|
|
66
|
Өткенді қайталау. Сынақ сабағы
|
1
|
|
|
67
|
Қазақ шешендігі. «Тәуелсіздік толғауын» талдау
|
1
|
|
|
68
|
Қорытынды сабақ
|
1
|
|
|
Меңгерілетін білім-білік, дағдылар:
Тіл тарихы. Қазақ тілі туралы
Түркі тілдер тобының 6 топқа бөлінуі. Оңтүстік тобы (түрік, гагауыз, әзірбайжан, түркімен) , батыс тобы (қарайым, қарашай,малқар,қырым татарлары, құмық,татар , башқұрттар), орталық топ (қазақ, қарақалпақ, ноғай,қырғыз), шығыс тобы (өзбек, ұйғыр, сары, салар), солтүстік тобы (алтай, шор,хақас, тува, тофа, саха), чуваш тобы.
Көне түркі тілдері (хазар, бұлғар, ғұн, көктүрік, сақ, авар) мен әлемдегі түркі тілді халықтар тіл туыстығы жағынан 6 топқа бөлінеді. Қыпшақ бұтағы, оғыз бұтағы , қарлық бұтағы, аралық бұтақ, чуваш, саха.
Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы заңдары (1989,1995,1997 ж), Қазақстан Республикасының Ата Заңында қазақ тіліне берілген бабы (7 бап), қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін арттыру, дамыту мақсатында «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасын» (2001- 2010 ж) басшылыққа алу. Заң, тұжырымдамаларды жаттау.
Қазақ тіл білімі тараулары туралы түсінік. Фонетика туралы.
Қазақ лингвистика ғылымы үлкен 3 салаға бөлінеді. Лингвистика қай тілден енгенін айту.
Фонетика, лексика, грамматиканың зерттеу салаларына қысқаша тоқталу.
Фонетика және орфография.
Дыбыс, фонема, әріп, алфавит. Тіл дыбыстары туралы түсінік. Дауысты дыбыстардың емлесі: а,ә,е,о,ө,ұ,ү,у,ы,і,и,я,ю,е,э әріпітерінің қолданылуы.
Дауысты дыбыстардың емлесін тест-бақылау алу. 1-сағ
Дауыссыз дыбыстыр, оның түрлері, емлесі:
Қ,к,ғ,г,х,б,в,д,,ф,ц,ч,щ, (дифтонг-ю,я) қосарлы дауыссыздардың емлесі, айыру (ъ) және жіңішкелік (ь) белгілерінің қолданылуы. Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолына қарай бөлінуі.
Буын және оның түрлері. Тасымал.
Тасымалдауға болмайтын сөздер мен буын туралы айту.
Үндестік заңы туралы түсінік. Буын үндестігі және дыбыс үндестігі. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Кірме сөздегі буын үндестігіне бағынбайтын жағдайлар.
Дыбыс үндестігі: ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал түрлері.
Екпін. Ой екпіні,сөз екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні. Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар.
Орфография және орфоэпия. Орфография-дұрыс жазудың нормасы, орфоэпия-дұрыс сөйлеу нормасы. Орфографиялық заңдылық негізделетін принциптер:
А) фонетикалық; ә) дәстүрлі принцип; б) морфологиялық принцип.
Қайталау – тест қорытындысын алу. Лексика тарауы туралы түсінік. Лексиканың негізгі салалары.
Сөз бен ұғым. Сөзбен мағына.Сөз мағыналары.
Полисемия туралы түсінік. Омоним мен полисемияның айырмашылығын түсіндіру. Табу сөздер мен этимология тарауы туралы түсінік беру. Ономастика, топонимикалық сөздердің шығу тарихы. Эвфемизм мен дисфемизм. Тілдің суреттеме құрал-троптарын оқыту. Метафора, эпитет,синекдоха, метонимия, теңеуді көркем мәтіндерді пайдалана оқып ұғындыру. Термин сөздер, олардың қолданылу аясын айту.
Басқа тілден енген сөздерді ажырата білуге үйрету. Араб- иран тілдерінен, монғол тілдерінен, түркі тілдерінен енген сөздерді білуге бағыт беру.
Фразеологиялық сөз тіркесі туралы түсінік. Фразеология грек тілінен шыққан термин.
Фразеологиялық сөз тіркесі екіге бөлінеді: фразалық тіркес пен идиомалық тіркес.
Мақал мәтелдің айырмашылығын оқыту. Қайталау- тест қорытынды сабағы (1сағ)
Диалектология. Арготизм, жергілікті диалектілер мен әлеуметтік диалект, әдеби тілдің ара салмағын ұғындыру. Говор, диалект, метатеза туралы түсінік беру.
Сөздік. Сөздіктің түрлері: омонимдік, энциклопедиялық, синонимдік, аударма, түсіндірме сөздік, терминдік сөздік.
Грамматика. Сөзжасам және орфография. Сөзжасамдық тізбек пен сөзжасамдық ұя, сөзжасам жүйесі. «Грамматика» терминіне түсінік беру. Тарихи грамматика, сипаттама (синхрондық) грамматика, салыстырмалы грамматика бөлімдеріне шолу жасау.
Грамматикалық тәсілдер, грамматикалық құрылым, грамматикалық форма, грамматикалық мағынаны ажырату. Грамматикалық тәсілдер үшке бөлінеді: синтетикалық, аналитикалық,лексика-семантикалық тәсілдер.
Жұрнақтар,нөлдік форма, көмекші морфема, сөз тұлғаларын оқыту. Дара сөздер, күрделі сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру. Негізгі және көмекші сөздерді мысалдармен ұғындыру. Туынды сөздер бес түрлі жолмен жасалатынын дәлелдеу: лексикалық жолмен, жұрнақтар арқылы, бірігу арқылы, қосарлану,тіркесу жолдарымен. Сөзжасам жүйесі.
Зат есімнің сөзжасамы. Сын есімнің сөзжасамы. Сан есімнің сөзжасамы.
Етістіктің сөзжасамы. (шақ, рай,есімше,көсемше,етіс,тұйық етістік, болымды, болымсыз етістік категориялары.)
Есімдіктің сөзжасамы. (құрамына қарай, тұлғасына қарай, мағынасына қарай, мағынасына қарай бөлінуі.) Еліктеуіш сөздерінің сөзжасамы: (дыбыстық және бейнелік түрлері)
Одағайдың сөзжасамы : (шақыру, жекіру,көңіл-күй одағайлары)
Шылау: Жалғаулық,демеулік,септеулік,сұраулық.
Синтаксис және пунктуация туралы жалпы түсінік.
Синтаксис-грек тілінен енген сөз (Sintaxis- құрастыру деген мағынаны береді.
Синтаксистің басты арнаулы объектісі екеу: бірі-сөз, екіншісі-сөйлем. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері төртеу: интонация арқылы, орын тәртібі арқылы, жалғау арқылы, шылау арқылы. Сөз тіркесінің байланысу түрлері: Қиысу, меңгеру,матасу, жанасу,қабысу.
Сөз тіркесінің топтастыру принциптері. Сөз тіркесінің мағыналық түрлері екеу: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі.
Сөз тіркесінің құрылысы. Сөз тіркесінің лексика-грамматикалық мағыналарын оқыту.
Тұрақты сөз тіркесі мен еркін сөз тіркесінің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.
Сөйлем. Сөйлем ,оның негізгі белгілерін білу. Айтылу мақсатына қарай сөйлем: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді.
Сөйлем мүшелері, оның негізгі белгілері. Бастауыш, негізгі белгілері, құрамы, мағынасына қарай қалай бөлінуі. Баяндауыш, негізгі белгілерін оқыту: есім баяндауыш, етістік баяндауыш, құрама баяндауыш. «Предикат» деген термин-баяндауыш екенін ұғындыру. Бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Предикативтік қатынас.Толықтауыштың негізгі белгілері: мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері:
Анықтауыш, негізгі белгілері,мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері.
Пысықтауыш, негізгі белгілері,мағынасына қарай бөлінуі, байланысу түрлері
Оқшау сөздер түрлері. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің өзіндік ерекшеліктері, олардың тыныс белгілері, орын тәртібі туралы түсінік қалыптастыру.
Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы. Оңашаланған айқындауыш, тыныс белгілері.
Қосарлы айқындауыш. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы.
Жалпылауыш сөздер, олардың тыныс белгілері. Сөздердің орын тәртібі және ой екпіні.
Жай сөйлем синтаксисі. Жақты және жақсыз сөйлем. Жақсыз сөйлемнің жасалуы. Жалаң және жайылма сөйлем. Толымды және толымсыз сөйлем. Атаулы сөйлем.
Тірек сызбаларды қолдана отырып, мысалдармен түсіндіру.
Құрмалас сөйлем синтаксисі.
Салалас құрмалас сөйлем түрлері. Жалғаулықты және жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем.Тыныс белгілері. Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері. Көп басыңқы сабақтас пен көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктерін ажырата білу. Көп бағыныңқы сабақтас, оның екі түрі: Сатылы және жарыспалы көп бағынынқы (Бірыңғай жарыспалы және әр алуан жарыспалы сабақтас)
Аралас құрмалас сөйлем туралы.
Аралас құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері.
Қазақ тілінің стилистикасы. «Стиль» терминіне түсінік беру.
Тіл стилистикасы туралы ұғымды тереңдету.
Ауызекі сөйлеу стилі. Ауызекі сөзге ерекшелік беретін түрлері лексикалық тұлғалар.
Ауызекі сөйлеу стилінің түрлері: дидирластық, полемикалық, көпшілікке арналған сөз.
Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктерді тану.
Ресми ісқағаздар стилі, түрлері. Ісқағаздары стилінің ерекшеліктері Публицистикалық стиль, публицистикалық стильдің сипаты, ерекшеліктері.
Ғылыми стиль , тілдік көріністері.Ғылыми стильдің ерекше функционалдық міндетін білу.
Пунктуация. «Пунктуация» термині латын тілінен аударғанда «punctum» -нүкте деген сөзден шыққан .Тыныс белгілердің қойылу ерекшеліктері:
1. Сөйлем соңына қойлатын тыныс белгілер.
2. Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілер.
3. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер.
4. Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты қойылатын сызықша.
Оқушылардың негізгі білім –біліктілігіне, икем – дағдысына қойылатын талаптар.
Оқушылардың ана тілінің нәрімен мол сусындап өсуінің ,олардың ғылыми ойлау жүйесінің дамуындағы, әлемдік ілімді жете меңгеріп, өз елінің ұлтжанды азаматы болып ер жетуіндегі рөлі ұшан-теңіз.
Мектеп бітіруші түлек, келешек мамандық иесінің, қазақ лингвистикасымен берік қарулануы-оның жазбаша сауатты, жоғары тіл мәдениетін жетік меңгерген, педагогика-психологиялық тұрғыдан зор тәлім-тәрбие алған, эстетикалық талғамы биік, салиқалы да саналы азамат қатарынан орын алуының көрінісі.
Төменгі сыныптардан бастап грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді ауыр, жеңіл түрлеріне қарай сипаттап, ажыратып, жүйелі тиянақтап шыққан оқушы ауызша да, жазбаша да грамматикалық қателерге ұрынбайды.
Тіл дамытудың сыры мен заңдылығына терең үңіліп, мән берген оқушының ой-өрісі, дүние танымы кеңейіп, өзіндік пікірі қалыптасып, ғылым саласында да әдеби мәнерде сөйлеуге дағдыланады.
Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорының ұшы – қиыры шексіз, сондықтан білімді, мәдениетті адамның ғана сөзі орынды, жинақы, жатық келетінін есте ұстау ләзім.
Дөрекі, жағымсыз сөздерден аулақ болып, аз сөзге көп мағына сыйғызып, түйінді, ойлы, сыпайы сөздерді ретімен қолдану-бүгінгі өмір талабы екенін айтуымыз қажет.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Кеңесбаев, Мұсабаев Қазіргі қазақ тілі «Лексика, фонетика» Алматы 1975ж
2. Ж. Садуақасұлы «Тілдік талдау үлгілері» Қызылорда 2000ж
3. «Кестелі грамматика» , «Ана тілі» 1996ж С. Хасанова, Т. Әбдіғалиева
4. «Орфографиялық варианттар», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы 2000, 4
5. «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі», «Қазақ тілі мен әдебиеті».
6. Қазақ тілінің грамматиксы 1,2 –томдары
7. Қазақ диалектологиясы Ш. Сарыбаев
8. Қазақ тілінің аймақтық лексикасы Ш. Сарыбаев 1989ж
9. «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту» М. Балақаев 1989ж
10. «Жай сөйлем синтаксисі» Р. Әмір, Ж. Әмірова 1998ж
11. Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді оқыту Ә. Әлметова «Арыс» 2001 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |