Стилистика ғылымы және салалалық ҚҰрылымы



Дата15.09.2017
өлшемі96,28 Kb.
#32904
СТИЛИСТИКА ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ САЛАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Ажибекова А.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті

Ғылыми жетекші, ф.ғ.к., доцент Қ. Жидебаев

Стилистиканың тіл ғылымының басқа салаларындай өзіне ғана тән тұлға -бірліктер (единицалары) жоқ. Ол фонетиканың нысаны- дыбыстарды, лексикологияның нысаны-сөздерді, морфологияның нысаны-морфемдерді, синтаксистің нысаны-сөз тіркестері мен сөйлемдерді, солардың бәрін жиынтығын зерттейді. Бірақ, стилистика тілдік тұлға-бірліктердің жоғарыдағыдай ғылым салаларындай, құрылысы мен мағыналарын ғана емес белгілі бір қолданыс саласының мақсат-міндеттеріне сай қызмет ету жағдайларын зерттейді. Тілдік қатысымның саласында қызмет еткенде тілдік құралдар қалай өзгереді, қандай мағыналық эмоционалдық реңк үстейді. Адамға қалай әсер етеді, соларды бір-бірімен салыстыра отырып қарастырады. Мысалы, лексикология тілдегі синонимдік қатарларды тіркеп, көрсетумен шектелсе стилистика әр синонимдік қатардың қандай қолданыста қандай мағыналық эмоционалдық реңк үстейтінін, қайсысы қандай сөйленіс кезінде қолданылатынын ашып көрсетеді.

Стилистиканың тарихы әріден басталғанмен қазақ тіл білімінде стилистика мәселерін зерттеуге жаңа көңіл бөліне бастады. Соңғы жылдары ғана жоғарғы оқу орындарында өз алдына жеке пән ретінде оқытылатын болды. Қазақ тілі стилистикасының мәселелері арнайы зерттеу нысаны.

Стилистика бойынша теориялық біліммен қаруланып, дәрісханада және одан тыс жүргізілген тәжірибелік жұмыстардың нәтижесінде студенттер өздерінде стилистикалық түйсікті қалыптастыра алады. өздерінің алдына қойған мақсаттарына сәйкес тілді дұрыс, ұтымды, әсерлі шешендікпен қолданудың әдіс – тәсілдерін үйренеді. Стилистикалық тіл білімінің бір саласы болып есептеледі. Стилистиканың тарихи әріден басталса да, қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге енді ғана көңіл бөліне бастады. Соңғы жылдары ғана жоғары оқу орындарында өз алдына жеке пән ретінде оқылатын болды. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зерттелуі көптен бері қолға алынып, біраз жұмыстар істелді. А.Пешковский, Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, Г.В.Винокур, А.Н.Поздев, А.ИЕфимов, В.П.Мурат сияқты зерттеушілердің еңбектерін айтуға болады. Стилистика стиль туралы ғылым деп есептелсе, стилистиканың негізгі ұғымдарның бірі – стиль. Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. [1]

Стиль – латынша stilos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Стиль термині әдебиеттану, бейнелеу өнері, музықа тағы басқа ғылым салаларында да қолданылады. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі “Жазу мәнері” деген мағынада жұмсалатын болған. Оның осы мағынасы Европа ғалымдарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде стиль – сөзге сендіру, жаздыру тәсілі, стилистика – риторика (шешендік) өнері болып саналған Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Кейін, ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде, кейбір елдерге стиль белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құрал денгениұғымда қолданылады. Бұл ұғым Ресейге де кең тараған болатын. Мысалы, “Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық қағидаға, принципке” негізделген.

Сонымен, лингвистикада “стиль” жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәерлі сөйлеу және белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылып келген. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған.

Қазақ тілі стилистикасы ғылымының алдында оның мәселелерін қазіргі талаптарға сай зерттеу міндеті тұр. ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарында жазылған алғашқы – оқулықтан басқа стилистиканы тұтас ғылым ретінде не жекелеген мәселелерін тереңірек зерттеген еңбектер жоқтың қасы. Осындай олқылықтың орнын толтыруға бағытталған академик М. Серғалиевтың «қазақ тілінің стилиситикасы» атты еңбегі (Астана, 2007) жарық көрді.Стилистика өз ішінде мынандай салаларға жіктелуі:

1.Құрлымдық стилистика немесе тіл стилистикасы

2. Қолданымдық стилистика немесе сөз стилистикасы

3. Көркем әдебиет стилитикасы [2]

Құрлымдық стилистика тілдік құралдардың стилистикалық сапа-қасиеттерін нақты қолдану жағдайына қытыссыз тұрғыда зерттесе, қолданымдық стлиситка, керсінше тілдік құралдардың қызмет ету ерекшеліктерін олардың белгелі – бір жағдайларда мысалы, белгілі-бір жанрда ауызша, жазбаша тұлғада әртүрлі салада қолданылуымен байланыстырып зертейді. Ал көркем әдебиет стилистикасы тілдік құралдардың көркем шығарамадағы өмірін, яғни көркем шығармадағы өнер тудырушы құбыыс ретіндегі қызметін зерттейді.

Қазақ тілі стилистикасы пәнінің мазмұны: «Құрлымдық стилистика немес тіл стилистикасы» мен «Қолданымдық стлистика немесе сөз стлилистикасы» екеуі құрайды, яғни, қазақ тілі стилистикасының негізігі байлығын құрайтын тілдік құралдар, олардың стлистикалық мағыналары мен бояулары қолданылатын орны және қазақ тілінің функционалды стилдері болып есептеледі. Алайда көркем әдебиет тілі де стилистикалық нормаларды реттеуші нысаны болады. Жоғарыда айтылғандардан стилистика қазіргі қазақ тілі курысының барлық салаларымен, қазақ әдеби тілінің тарихымен, тіл мәдениеті, көркем мәтінге лингвистикалық пәндерімен тығыз байланысты екені байқалады.

Тіл білімінде ойды жан-жақты жеткізу үшін қолданылатын түрлі тілдік, стилистикалық құралдар бар. Сондай құралдардың қатарына парадигма мен синтагманы жатқызуға болады. Парадигма мен синтагма стилистикада сөздің мағынасын толық та жан-жақты жеткізуде елеулі орын алады. Қазақ тіл білімінде парадигма мен синтагма жан-жақты зерттеу нысаны болған емес. Олар тураы жазылғандар жан-жақты зерттелген тіл білімінде де аса көп емес. Стилистикада стилистикалық ұғымдардың қатарында қолданылатын метафора, синекдоха, метонимия сияқты сөздермен бірге (көркемднгіш құралдар ретінде) парадигма мен синтагмада айтарлықтай қызмет атқарып, ойдың және жан-жақты жеткізілуіне қызмет етеді. Стиль, және оның түрлеі туралы сөз еткенде парадигма мен синтагмада назардан тыс қалуға тиіс емес.

Тілдегі кез келген ұғым сөз арқылы беріледі. Сөз өзінің білдіретін ұғымына қарай түрліше мағыналық топтарға бөлінеді. Сөйлемдегі стилистикалық мағына дұрыс көрсетілгенде ғана айтылатын ой түсінікті болады. Стилистиканың басты міндеті жеке сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай – ақ синткасистік конструкциялардың қолданылу заңдылықтары мен экспрессивтік сапасын айқындау болғандықтан, сөздердің мағыналық түрлеріне де ерекше көңіл бөлінеді. Сөздер синоним, омоним, антоним, көп мағыналы, ауыспалы мағыналы болып жұмсалады. Синонимдер қай стильде болса да, бәрінеде бірдей дәрежеде қолданылмайды. Ресми – кеңсе ғылыми стильде синонимдердің жеке бір сыңарлары кейде ретіне қарац қлданылады. Ал екі не үш синоним бірдей қатар жұмсалмайды. Бұлай тек публицистикалық және сөйеу стилінде, көбінесе көркем әдебиет стилінде ғана, қолданылады, сөйлеу тілі стилінде өте сирек айтылады. Жалпы тілге, ағайын мағынасындағы қарындас негізінен көркем әдебиет стилінде, шешендік стильде, ара – тұра сөйлеу сөйлеу тілінде жұмсалады. Серт, уәде, ант сөздері бір – бірімен мағыналас. Жоғарыда айтылған «қарындас» сөзі тек ағадан кейінгі қыз бала ғана емес, барлық ағайындарды, туыстарды білдіреді. Атақты «Елім-ай» өлеңіндегі: «Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айрылған жаман екен,

Екі көзден мөлтіндеп жас келеді» (астын сызған біз) дегенде, «қарындас» сөзі тек әйелді ғана емес, ағайын, туысты аңғартып тұр. [3]

Жазушы да, ғалым да, басқалар да синонимді әдетте бір сөзді, қайталай бермеу үшін, тыңдаушы мен сөйлеуші мезі етпеу үшін қолданады. Синонимдер әсіресе көркем әдебиет стилінде жиі қолданылады. Көркем әдебиет стилінде синоним белгілі бір ойды толықтыра түсу, нақтылап, дәлді айту ыңғайында қолданылады. Жалпы сөйлеу тіліне тән синонимдер бар да, публицистикалық, көркем әдебиет стилінде қалыптасқан синонимдер өз алдына бір бөлек. бұл екі топ синонимнің әдеби тіл аясындағы қолданылуы бірдей емес. көркем шығармада автордың өзіндік стиль ерекшелігіне байланысты қолданылатын синонимдердің кейбіреуі ғана жалпы халықтық сипат ала алады.

Стиль ұғымы да сөйлеу және оның нормаларына байланысты қарастырылады. Стильдердің негізгі арқауы – сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары (түрлері).

Қоғамдық өмірде, қатынастың көптеген түрінің болуына байланысты онда тіл біркелкі пайдаланылмайды. өйткені адамдардың қатынасы әр түрлі жағдайда жасалады. әр түрлі жағдайда, әр түрлі сөйлейді, әр түрлі жазылады. Мысалы, “Тыңдадыңдар, Алматыдан сөйлеп тұрмыз!” бен “Әй, тыңдасаңдаршы!” дегенді салыстырсақ, біріншіден, әдеттегі, күнде радиодан естіп жүрген ресми хабар түрі де, екіншіде – үйреншікті сөйлеу тілі бар. Формасы жағынан екеіу – ауызша, бірақ айтылып жеткізілуі әр баса.

“Ана тілін құрметтей білуді насихаттау – басты міндеттердің бірі болуға тиісті. Ғылыми мен техиканың, мәдениет пен әдебиеттің табыстарын білу құралы, өмір мен пікірді білдіретін қарым – қатынас құралы бола алатын ана тілімізді сүйе білудің айрықша мәнін түсіндіп отыру қажет. Ана тілін ардақтау өзге тілді елемеу деген сөз емес. Бұларды бір – біріне қарама – қарсы қоюдың зиянын оқытушыларға да, оқушыларға да уағыздап отыру тиімді. Мұның интернациональдық мәні зор екендігі түсінікті де” (І. Кеңесбаев).

Орыс тілі – жұлдызым,

Қадірлі бізге аманда!

Бірақ қырғыз өз тілін

Білмеген жаман да.

Ана тілін білмеген –

Ақылы жоқ желікбас.

Ана тілін сүймеген – халқын сүйіп жалықпас. [4]

Мысалдың екеуі де ана тілі туралы сөз болған. Екі мысалда сөйлеудің жазбаша түріне жатады. Ал жазылу тәсілі жағынан біріншінің публицистикалық (көсемсөз) стиль, екіншінің көркем сөз (поэтикалық) стиль екенін ажырату қиын емес.

Немесе, мынадай фактіні келтіретірейік: ғылыми стильде оқулық жазылады және лекция оқылады. Мұнда оқулық жазбаша, лекция ауызша, яғни сөйлеудің әр түрлі формасы бір стильде келгені. Сөйтіп, сөз (речь) формасы мен стиль ұғымдары бір емес (В.В.Виноградов. “Вопросы языкознания”. 1955 , № 1).

Форма – ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің (речь) сыртқы көрінісі. Стиль – ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің көрінісі.

Форма – тұрақты ұғым. Мәселен, тілдің ауызша түрі адам қай кезден бастап сөйлесе, содан бері бірге жасап келеді және бұдан былай да жасай бермек. Стиль болса, ол тарихи категория сондықтан тарихи кезеңде кейбір стильдердің болмауы заңды құбылыс деп саналады.

Қазақ тілі стилистикасы дербес пән ретінде соңғы кездерде атап айтқанда өткен ғасырдың 60 жылдары қолға алына бастады және жоғарғы оқу орындарының филология факультетерінде оқыла бастады. Бұл тұрғыдан лағанда орыс тіл білімінде стилистика мәселесі ерекше –ақ зертеле бастаған. Стильдің мағынасы латын тілінен аударғанда жазу мәнері деген мағынаны білдіретін ғылыми еңбекерде көрсетіліп келеді. Стильдің жұмсалу қызметіне қолдану түріне қарай біреше салаға бөлінеді. Және олардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар. Көркем әдебиет стильі немесе көркем сөз ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше этикалық қызмет атқарады.

Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. Бұл тұрғыдан алғанда тілдің қолдану өрісі кең да, шексіз. Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көңіл –күйін, эмоциасын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтуының өз түснігі бойынша өз ойын тілд құралы арқылы жеткізе білуінене болса, көркем шығармалар жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне көзқарасына сол өмір факітісын жинақтап, қорытып, бейнелі тілмен жазу мәнерімен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған, үйренішті қалыпта жұмсалады. Ал, көркем шығарманың сөздер сараланып, белгілі стилдік мақсатта қолданладжы. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма өмер фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та бәрі де қатысады.

Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салараның қалпы даму жолдары көрсетіледі. Көркем шығармда көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысы өз алдына жеке-дара сырт пішіні , портерті жасалып, іс-әрекеттері ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп Типтік образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігн айқындаудда маңызды қызмет атқарады.

“Стиль” терминінің мазмұны кең және оның жұмсалатын орны көп. “Стиль” әдебиеттану, бейнелу өнері, музыка т.б. ғылым салаларында қолданылады. Орта ғасырда Грция Римде стиль көзге сендіру, надыру тәсілі, стилистика, риторика (шешендік) өнері болып саналады. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу турал ығылым деп есептейді.

Кейін ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде кейбір елдерде стиль әр бір жанрға тән тілдік құрал деген ұғымда қолданылады. Бұл ұғым Рессейдже кең тараған болатын. Мысалы, Ломоносовтың үш стилі (жоғары, орта, төмен) осы жанрлық принципке негізделген. [5]

Публицистика (латынша көпшілік, әлеумет) - қоғам өмірі үшін маңыздды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Көсемсөз стилі қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде көсемсөздің өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты көсемсөз стилі де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвисттер көсемсөз стилінің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журналдардағы мақалалар, памдлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді көсемсөз стилінің ауызша түріне жатқызып жүр.

Көсемсөз стилінің жазба түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен эканомикасына байланысты.

Мәдениеті ерте дамыған елдерде көсемсөз жанры ерте қалыптасады. Оған орыс тілі мысал бола алады. Ресейде ХҮІІІ ғасырда ең бірінші рет газет жарық көрді, сықақ журналдар шыға бастайды. Радищевтің “Петербургтан Москваға саяхаты сол кезде жалынды публицистикалық шығарма болып есептелген.



Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі - ”Қозы Көрпеш – Баян сұлу” қиссасы (ең алғаш 1816 жылы басылыпты).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2008.

  2. Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1983.

  3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. А., 1982

  4. Кеңесбаев І.К. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.А., 1977ж.

  5. Мұсабекова Ф. Қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы. А., 1976.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет