Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет12/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41
Байланысты:
Аширов

Екінші тарау
САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ДРАМА
Сәкен Сейфуллиннің «Бақыт жолында» драмасы қанша 
уақыт өтсе де ұлттық әдебиетіміздің тарихында әлеуметтік-
эстетикалық маңызын жоймайтын, қымбат туындылардың 
бірі болып қала бермек. Мезгіл жағынан Мұхтар Әуезовтің 
«Ең 
лік – Кебек» трагедиясымен дүниеге қатар келген бұл 
шығарма – драматургия жанрындағы алғашқы үлгілердің бірі.
Әйгілі трагедияның әр жылдардағы әр түрлі нұсқаларын 
салыстыра зерттеу арқылы Әуезовтің творчестволық эво-
лю циясына, әдебиетіміздің өсу сатыларына қатысты ой қо-
рытсақ, Сейфуллин драмасының варианттары, яки жоспа-
ры, не қолжазбасы жоқ, сондықтан сөз 1922 жылы тұң ғыш 
жарияланған, кейін қайта басылған туынды, оның идея лық-
көркемдік ерекшелігі, образ әлемі, композициялық-струк ту-
ралық сипаты, өнер дүниесіндегі орны туралы болмақ.
Үстірт қарағанда, «Бақыт жолында» драмасының тақы-
рыбында жаңалық жоқ секілді. Әсіресе XX ғасыр басындағы 
қазақтың демократ-ағартушы жазушыларының бәрі де қалам 
тартқан мәселе – әйел теңдігі проблемасы тағы сөз етіледі. Зер 
салып, ой жіберген кісіге Сейфуллин нысанасында әдебиет-
тегі дәстүрлі тақырып жаңа қырынан көтеріліп, өзгеше, соны 
сипатта бейнеленгендігін ұғу қиынға соқпайды: біріншіден, 
эпос, аңыз материалы емес, жұртшылыққа жақсы таныс ке-
зеңнің көкейкесті, әркімге аян құбылыстары қамтылып отыр; 
екіншіден, авторлық концепция мүлде жаңа, пафос айқын, идея 
тың; үшіншіден, әлі әдебиетте жоба-жөні, нұсқа-өрнегі белгісіз 
жанрға бара отырып, драматург мазмұнды форма талаптарына 
жауап беретін шығарма жасаған.
Үш бөлімді драмаға қатысатын кейіпкерлер саны көп емес, 
шағын, негізінен бір шаңырақ астындағы адамдар: отағасы 
Терлікбай, оның әйелі Жәмила, қызы Мүслима, ұлы Ермек. 


93
Бұдан өзге бейнелер персонаж қалпында алынған десе де қате 
болмас.
Салған жерден автордың сахналық талаптарды айрықша 
ескергендігі байқалады.
Қаһармандардың жасы, кейбірінің мінез ерекшелігі, өза-
ра туысқандық қатысы, білімі, қызметі көрсетіледі. Деко-
рациялық сипаттағы ремаркаларда үй ішіндегі заттар айтыл-
ған. Бірқыдыру ремаркалар жүріс-тұрыс, қимыл-қозғалысты, 
психологиялық күйлерді білдіреді.
Адамдар арасындағы түрлі қайшылықтардан туатын 
конфликт – драма өзегі екендігін автордың терең ұғынып, 
шы 
ғармада жақсы ескергендігі бірінші перденің алғашқы 
көрінісінен-ақ байқалады. Расында да, «Драмадағы әлеуметтік 
конфликт таптық антагонизмді көрсетумен шектеле алмайды, 
драма арқауы – болмыстағы бүкіл қайшылық атаулы» 
(В. Сах­
новский­Панкеев. Драма. – Л., 1969. – 66­бет).
Оң жақта отырған Мүслима басына қара бұлт үйіріле 
бастағаны Жәмила, Терлікбай арасындағы әуелгі диалогтар-
дан көрінеді. Бұл ғана емес, ерлі-зайыпты екеудің мінез айы-
рымы ашыла бастайды. Ұрт, доғал, ноқай сөздерімен іштей-
сырттай сырын жария ете бастаған Терлікбайдың сенімі, ойы, 
әйел жөніндегі көзқарасы сол замандағы типтік ортаға лайық, 
типтік жағдайдан туғандығы хақ.
Мұның өзі М. Дулатов, С. Көбеев, С. Торайғыров секілді 
жазушылардың әйгілі шығармаларындағы жуандықтың бей-
несі іспетті белгілі кейіпкерлердің рухани туысы – мал-мүлік 
барда үйі ішінің барлық тағдыры өз қолымда деп санайтын 
ескіліктің нышаны.
Сөз қарсылығы болғанмен, қимастықтан ет жүрегі өртенсе 
де, қызының бағы күйетініне күні бұрын кезі жетіп отырған 
пұшайман Жәмила бетпе-бет келгенде күйеуі Терлікбай 
дан 
тайқып, батыл әрекетке бара алмай, іштей қиналып, күйзеліп 
жүр.
Драмалық әрекет тартысқа Ермек араласқаннан кейін тез 
ширыға бастайды. Терлікбай бойына ылғи жаманшылық, кем-


94
кетікті жинамау арқылы драматург реалистік әдісті мақсат 
тұтқандығын көрсетеді. Мал соңында салпақтаған, өз байлығы 
өзіне бұйырмаған бұрынғы надан, соқыр бай емес, Терлікбай-
дың үй-тұрмысынан, ұлы Ермекті оқытып шығаруынан заман 
ықпалынан туған жаңа сипаттарды аңғаруға болады. Оның 
үстіне Терлікбай қызын болысқа беріп қалың малын бір алса, 
мықтыны күйеу ету арқылы баласын тағы әскерден құтқарып 
қалмақ.
Ел көзімен қарағанда да, өз топшылауында да ешқандай 
оғаш кетіп, бұра тартып тұрған өрескелдігі жоқ құтты қадам 
жасамақ ниетіне әуелі әйелі Жәмила қыңқыл-сыңқыл көрсет-
се, одан кейін енді адам болды, өзі көш бастап, тірек болар деген 
ұлы Ермек аттан салып қарсы тұрса, Терлікбай аспанға шапшы-
май, кім аспанға шапшысын?
Патриархалдық-феодалдық институттың моралі енді ыды -
рай бастаған. Соның айқын дәлелі – осы шаңырақ астын дағы 
өзгеріс. Драматург Қазақстанның Россияға қосылуы нәти-
жесінен, жаңа әлеуметтік-қоғамдық жағдайлардың әсе рінен, 
ең бастысы революция алдындағы ситуация ықпа лынан қазақ 
қауымында бел алған маңызды сарынды көре біліп, көркем бей-
нелер арқылы, реалистікпен суреттеп берген.
Әке – қыз – ұл. Жұртшылыққа мәлім, бірқыдыру шығар-
маларда қатал әке кесімімен жат адамға кете барған қыздың 
жақтаушысы сүйген жары болатын. Оның өзі жылап-сықтауға 
бар болғанмен, күреске, бел шешіп, білек сыбанып майданға 
түсуге жоқ еді. Ал Сейфуллин пьесасында мұндай дәстүр 
өзгертілген, еріксіз, бөтен, беймәлім біреуге берілмек қыздың 
жанашыры, жақтаушысы – өзінің туған ағасы. Бұл орайда 
ол жай шығарып салма сөздің, құр маймөңкенің кісісі емес, 
жігердің, әрекеттің, күрестің иесі. Сөйтіп, драмадағы конф-
ликтінің себепшісі – қыз тағдыры, ал тартыстың өрбіп даму, 
шарықтауына мұрындық – әке мен ұл арасындағы көзқарас 
қайшылығы.
Екеуінің арасындағы диалогта бүкпе, астар, емеурін емес, 
ашық, айқын, ащы шындық сөйлеп тұр. Әке болып, оқыған 


95
ұлды сүйіп, еркелетер Терлікбай жоқ. Жолына кесе-көлденең 
тұрса, ата рәсімін бұзса, бұлардың әулетін байлыққа, дәулетке 
бастағалы тұрған құдалыққа қарсы болса, ондай ұлды Терлік-
бай қалай атауы керек? Әрине, Терлікбай «ақымақ, сайтан, 
әдепсіз, бұзылған» демек оны.
Әке тарапына мұндай сөз айтпағанмен, Ермектің де ісі дәл 
сол кездегі қазақ үшін шылбыр сүйретіп, тізгін үзіп отыр ғой, 
«жемқор, парашыл, еңбекші елді қан қақсатып байыған тас-
бауыр» деді емес пе? Әке билігі дегенді мүлде жиып қойып, 
Мүслиманы болысқа беруге мүлде қарсы, үйден кетсе де тек 
кетпесін сестеніп айтады.
Драмалық коллизия осындай халге жеткенде екі оттың ор-
тасына түсіп шырылдайтын сорлы ана – Жәмила.
Екінші перде ашылсымен Мүслиманың жасырын сыры-
мен танысамыз. Драматург хат формасын пайдалану арқылы 
ықшам детальмен Мүслима – Біржан арасындағы махаббат 
хикаясы нан хабардар етеді. Басында шері, мұң-қайғыдан көкі-
регі жарылардай болып отырған сорлы қыздың ішкі әлемін дәл 
бейнелейтін күрделі монолог бар.
Әуелде Терлікбайдың үй ішіне деген ызғары, бетінен 
қайтпайтын тоңмойындығы, ескілік дәстүрді берік ұстанатыны 
байқалса, бірте-бірте сараңдығы, дүниеқоңыздығы, мақтан-
шақтығы, қомағайлығы сезіледі.
«Қырық жеті қара аз мал емес! Әлгі қу бала ақымақ, 
Нөкербайдай кісіге қыз бермеймін дейді. Байлық анау!.. Тәңір 
берген бақ анау! Терлікбайдың күйеуі кім? Нөкербай болыс!.. 
Нөкербайдың қайны кім? Терлікбай! Әй, Терлікбай келеді! 
Терлікбай келеді! Күйеуінікіне, болыстікіне? Әй, бар, хабар 
бер, болыстың қатынына! Әкесі келеді, Терлікбай келеді! (Шат-
танып күледі) Ха-ха-ха-ха!.. Жәке, әнеугі Құдабайдан алған 
сұр жорға атын алсам, ә... Келетін уақыттары болды-ау! Тысқа 
шығайыншы!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет