Бекітемін:
Күні: 25.04.2017 ж Класы: 4 «Ә» Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Әнуәрбек Дүйсенбиев «Сабанмен байыған Сәлім»
Сабақтың мақсаты: Әнуарбек Дүйсенбаевтің өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, “Сабанмен байыған Сәлім” әңгімесін түсіндіру, мағынасын ашу білімдерін тереңдету.
Білімділігі: Оқушылар әңгіме мазмұны арқылы адамгершілік құндылығы туралы түсініктері кеңейеді, еңбек ету қызығушылығы оянады.
Дамытушылық: Өз ойын жинақтай біледі, сұрақ жауап қою арқылы сөйлеу дағдысы қалыптасады.
Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, адамгершілікке, шыдамдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: топтық, сахналау, сұрақ-жауап, еркін жазу,шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың жабдығы: Үлестірмелі парақшалар, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін тексеру және пысықтау
Психологиялық дайындық
Тыңдаңыздар қыздар!
Тыңдаңыздар ұлдар!
Қолымызды созайық,
Алақанды ашайық.
Қане қайсымыз «5»
Алудан жалықпаймыз,
Ендеше үй тапсырмасына
Жауап беруді бастаймыз!
ІІ. Үй тапсырмасына жауап беру
Құдайберген Қазыбекұлының «Бата» өлеңін оқып, мазмұндау немесе сахналау
4 топта 4 оқушы тақтаға шығып кейіпкерлерді рольге бөліп сахналау
Үй тапсырмасын қорыту сұрақ-жауаптары
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді. Әр бұлтта тапсырмалар берілген. Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады.
- Өлең кім туралы?
- Жаны ашыған анасы қандай әрекет жасады?
- Бұл істің арты немен аяқталды?
- Анасы баласына қандай кеңес берді?
- Ал, баласы анасының тілін алды ма?
- Әкесі баласына не деді?
- Сендер төменгі кластарда осы «Бата» өлеңінің мазмұнына ұқсас қандай ертегімен таныстыңдар? Грузин ертегісі «Еңбекпен тапқан тиын»
- Өлеңдегі негізгі ойы неде?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Жақсы енді балалар, «еңбек» деген сөзді жиі қолданып жатырмыз манадан бері, енді интербелсенді тақтаға назар аударып, мына бір мақалдардың жалғасын тауып, мағыналарын ашайықшы.
Мақал-мәтелмен жұмыс
Мақалдардың мазмұнын талдау.
І топ: Еріншектің ертеңі .... (бітпейді) (Жұмысты атқармады, еңбектенбейді, ертеңге қалдыра береді, сол істелмей қалады)
ІІ топ: Еңбегін қатты болса, жегенің ... болады (тәтті) (Жұмысты көп атқарып, еңбектеңсен, жемісін көресін)
ІІІ топ: Еңбек етсең ерінбей, .... .... ... (тояды қарнын тіленбей) (Жаз бойы ерінбей еңбектенсең, дастарханын мол болады)
ІҮ топ: Еңбек түбі – ..... (зейнет).
- Балалар, «Ер еңбекте сыналады» деп бекерге айтылмаса керек. Өйткені әрбір тіршілік иесі өзіне тиесілі жұмысты жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен жасаса, жақсы нәтижеге қол жеткізеді. Мақтаншақтықтан, ұқыпсыздықтан, жалқаулықтан арылмайынша, жұмысың алға баспайды. Сондықтан өзіңе тапсырған істі мұқият, тындырымды етіп орындау керек. Еңбек ер атандырады.
- Міне, балалар, және өздерің тапқандай бүгінгі тақырыбымызда еңбекке байланысты.
- Олай болса Бүгін еңбек туралы Әнаурбек Дүйсенбиевтің «Сабанмен байыған Сәлім» әңгімесімен танысамыз.
Автор туралы мәлімет (интерактивті тақтадан көрсетіледі)
Әнуарбек Дүйсенбиев - 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және БЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.
Шығармашылығы
М.Ю.Лермонтов, Дж.Родари, С.Маршак, С.Михалков, А.Барто, М.Жалил, Я.Колас, Тоқтағүл секілді ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударған.
Парадта. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1956;
Сыйлық. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1956;
Не деу керек? Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1957;
Қызғалдақ. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1958;
Ана жүрегі. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1959;
Қайырлы таң, балалар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960
Гүлзар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962,
Аққулы айдын. Таңдамалы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1976;
Ой қозғау
Оқушылар , бұл тақырыптың атауынан түсініксіз сөз бар ма сендерге?
Дұрыс. «Сабан» - дегеніміз не? Бір оқушыға оқыту және интербелсенді тақтадан көрсету. Оқушыларға сабанның қандай өсімдіктерден алынатындығын түсіндіру.
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар мәтін бөліктерін интербелсенді тақта арқылы оқып немесе алдарына берілген қағаздардан мәтін бөліктерін оқып топта мәтіннің одан әрі қалай өрбитінімен ой бөліседі, келесі бөліктері де дәл осы бағытта орындалады.
«Еркін жазу» әдісі бойынша мәтіннен не түйгендерін 5 мин уақыт ішінде үздіксіз қағаз бетіне түсіреді. Жазғандарын әуелі жұпта сосын топта. Одан соң әр топтан бір оқушыдан тұрып, түсінгендерін айтады.
Сергіту сәті
«Әке мен бала» бейнеролигін тамашалау
Оқушылар бұл жерден не түсіндіңдер?
Сөздікпен жұмыс Оқушылар жаңа сөздерді табады, мағынасын ашады.
Тұрмыс тауқыметі – өмір қиыншылығы
Енші беру – жеке үй болып шыққан балаға мал бөліп беру
Басыбайлы – малай, құл
Тебінгі – атқа салатын ердің аяқ тірейтін бөлігі
Күпі – қыста киетін жылы сырт киім
І топ - 5 жолды өлең құрау
ІІ топ – Шашыраңқы сөздер
ІІІ топ – Сөздер стратегиясы
ІҮ топ – Еңбек туралы шағын эссе жазу
«Қиындықтар» топтастыру (Сәлімнің басынан кешкен қиындықтары).
Шығармашылық тапсырма
Сабақты бекіту сұрақтары
Кейіпкеріміз Сәлім қандай өмірді басынан өткерді?
Кейіпкеріміз ненің арқасында байыды деп ойлайсыңдар?
Сәлімге байлық бірден келді ме?
Бас кейіпкер өмір қиыншылығын қалай жеңді?
Оқиғаның басты ойын білдіретін сөйлем қайсы?
Үй тапсырмасы
Мәтінді мазмұндау. Мәтінді оқи отырып кейіпкердің қандай қиындықтарды басынан өткергенін сипаттау.
Күнделіктеріне жазады
Бағалау: Топ басшылары бағалау парақшасы арқылы топ мүшелерін бағалайды
Кері байланыс: «Сәттілік баспалдағы»
Бүгін не білдіңіздер? Не үйрендіңіздер? Қандай тапсырма қиын болды? Сабақтан алған әсерлеріңіз қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |