Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет11/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41
Байланысты:
Аширов

(С. Мұқанов. Таңдамалы шығармалар. 5­том, 
1974. – 21­бет).
Ойлы, ақылды әйелдің сипатын көреміз. Бұл қалпын ол 
Қыстаубай келгенде де танытады. Қатпары көп Қозыке Қыс-
таубайды кекетіп-мұқатып, кісі санатына алмай отырғанда 
Зүбәйла іш тартып, жекжат болу үмітінен дәмеленіп тілеу 


87
тілегендей. Жап-жас Нұрмағамбет те Қыстаубайды жойып 
жіберуге заманнан қорқады, бірақ қорлау, мазақтауға дайын.
Драматург бір кейіпкердің ойы арқылы екінші тұлғаны 
мінездеу тәсілін де қолданады. Зүбәйла монологында Қыстау-
бай семьясы, Жақыптың бір жыл ішіндегі тағдыры, екеуінің 
арасында сүйіспеншілік хикаясы айтылса, әнші Сыздық Зү-
бәйла мен Жақып арасындағы жеңгетай, достық көпірі секілді. 
Сыздық сөздерінде юмор, күлкі элементтері бар.
Алғашқы пердеде қарсы топтың өкілдері негізінен бір-
бірімен сырттай шаршысып, жауласып, қармасып жатады. 
Енді бетпе-бет келетін шақ туған. Алым-салықтың өкілі Жақып 
ашық майданға шыққан. Ет, астық талап етеді. Оңайлықпен 
көніп жатқан үстем тап өкілдері жоқ. Қарсылық, жалтару. 
Осындай әрекеттер үстінде әлеуметтік көзқарастармен қоса 
адам мінездері де ашылады.
Сырт қарағанда тұтас көрінетін жуандар тобы қыл бұрау 
қыса бастағанда бір-біріне тап беріседі, алауыздық шаң береді, 
бір-бірін қаба бастайды. Нұрмағамбет Қозыкені шоқпарлап жа-
тыр: Зүбәйла мен Жақып арасындағы әңгімені шалдың бетіне 
шыжғырып баспақ. Әбу мен Садри екіұдай. Жақып үстінен 
жазылған өтірік арыздар, домалақ қағаздар нәтиже бермепті.
Осылардың үрейін ұшырып, төңкеріс күндерінің қатал тала-
бымен ащы сөйлеп, қырғи тілді Жақып бәрін темір шеңгелмен 
алқымнан алады. Басың бар, көзің бар демейді, ашық, батыл, 
қатал.
Өз үйірінің табанының астындағы құм сусып жылжып 
бара жатқанын, енді олар жеме-жемге келгенде сүйеніш бола 
ал майтынын сұңғылалықпен тез сезген Қозыке жеке бастың 
қамын ойлай бастайды. Арамдық, эгоистік психология, шаруа 
мінезіндегі құбылма мінез су бетіне қалқып шыға келеді.
Алдында ғана Зүбәйланы құдалық жолымен ұзатпақ 
Қозы ке енді Жақып қолындағы биліктің күшін көрген соң, аяқ 
астынан нілдей бұзылып, өзгеріп шыға келеді. Өз басын аман 
алып қалу үшін ескі дәстүрді бұзудан тайынбайды. Екіжүзді 
Зағипаны да қызын үгіттеуге көндіреді. Қызықты драмалық 


88
ситуация. Бірақ автор осы мүмкіндікті жеріне жеткізіп пай-
далана алмаған. Зүбәйлаға: «Әкеңе көмектес, оны түрмеге қа-
матпа», – деуі де, Жақыптың оған беретін жауабы да оңай. 
Осындай екіұдай сәтте – тағдыр таразысының бір басында әке, 
бір басында сүйген жар тұрған шақта, сөз жоқ, кім болса да зор 
толғаныс, көп тебіреніске түспек. Саяси сенім, сүйген жарға 
деген махаббат – бұл арадан әділет жолын табу екінің бірінің 
қолынан келмейді. Қиналады, іздейді, тіпті қателеседі, ада-
сады. М. Шолоховтың әйгілі Григорий Мелеховы бізге күрде-
лі тағдырымен, адам ретінде, басын тауға, тасқа соққан асау 
мінезімен қымбат қой.
Дәл, сәтімен табылған тартыс арнасын, күрделі характер-
лер жасауға мүмкіндік беретін драмалық линияны драматург 
қожыратып, оп-оңай, қалыпты плакаттық-үгіттік схемаға тү-
сіріп, жеңіл шеше салады. Бұл орайдағы Зүбәйла – Жақып диа-
логы қарабайыр, жадау.
Прозашы ретінде Сәбит Мұқановтың сюжетке ұсталығы, 
әсіресе қызық оқиғалар жүйесін қиыстыра білудегі шеберлігі, 
роман жазудағы мол тәжірибесі алғашқы күрделі драма-
лық шығармасының структурасына ықпал еткен. Пьесада 
характерлердің ішкі тартыс, психологиясынан гөрі фабула-
ға, сырт әрекетке, қимыл-қозғалысқа, сахналық оқиғаға мән 
берілген. Өз тұсындағы бірқыдыру қазақ пьесаларында отырып 
алып құрғақ әңгіме соғу, қысыр кеңес шерту, бос сөз көп болса, 
Мұқанов драмасында сахна эстетикасына көңіл бөлініп, әрекет-
қимыл бірінші қатарға шыққан.
Бұл тұжырымның әділдігін, әсіресе, үшінші пердеге на-
зар аударғанда айқын көруге болады. Бір жүйе оқиға Қозыке 
шаңырағында өтсе, енді соған қай жағынан алғанда да кереғар, 
контраст оқиға қыстыгүні боранда, Қыстаубайдың шым үйі мен 
қорасында өрбиді.
Аттың тұяқ серпісіндей, соңғы күштерін салып, қанды жо-
рыққа аттанған байлар мен кулактар ақыры Қыстаубай үйіне де 
келіп жеткен. Ызыңдаған жел, есік тықырынан қорқып, келе 
жатқан пәлені сезіп отырған бір шаңырақ астындағы пұшай-


89
ман жандар қалың жендет сау ете түскенде жандарын қоярға 
жер таппайды.
Әбу, Садри, Қозыке, Нұрмағамбет, Игнат... Бәрі де қаһарын 
төгіп тұр, зұлымдыққа келгенде бірінен-бірі өткендей. Қарулы 
еркектер қазған ордың екі жағында жатып атысса не арман?! 
Жекпе-жектің жөні тіпті бір бөлек. Қара жүрек жаналғыш-
тар жазықсыз, қорғансыз, қарусыз бейшаралардың үйіне жеті 
қараңғы түнде басып кіріп, әй-шайға қаратпастан, сұрақ-жа-
уапқа да келтірмей тап-тап береді: ақ-қарасын айырмай, өз 
ығына көнбесе жойып жіберуді ғана білетін фашистік кесепат.
Абыр-сабырдың ішінде Қыстаубай үйіне келген Зүбәйла ірі 
мінезімен ашылады. Ол анау жалынсыз жандар – Қаратай, Бей-
сенбайлардан көш ілгері тұр. Әуелі пәленің келе жатқанын ха-
барласа, артынан дұшпанға батыл қарсы шығады.
Өзгелеріне айтқан сөздерін былай қойғанда, әкесінен іргені 
бөліп алады: «Адам кезіңде сенің қызыңмын, қасқыр кезіңде 
мен саған қыз емеспін». Ойланбастан әкесінің берген жауабы: 
«Менен туды деп аямаңдар, бұны да өлтіріңдер».
Төңкеріс жасаған адамдар санасындағы өзгеріс осы. Бұрын-
ғы көшпелі ауылдағы қыз бен әкені әлеуметтік төңкерістер 
кезіндегі мына қызбен, әкемен салыстырып көріңіз: айтып 
бол мас айырма, құшақ жетпес алшақтық жатыр. Жазықсыз 
жандарға, тек бірі – Жақыптың әкесі, бірі – анасы, бірі бауы-
ры болғандығы үшін масқара жазаны Игнат айтады: «Құлағын, 
мұр нын кесіп, мойнына тас байлап, Есілдің суына ағызу керек». 
Өзге қасқырлар да осы бұйрықты үнсіз қостайды.
Зүбәйланы Әбудің кесігімен Игнат тұншықтыра бастаған-
да ара түсуші – Жанат ұры. Екіжүзділікпен осындай әрекетке 
әдейі барады, мыстандықпен, өзгелерден асып түсіп қулық ой-
лайды. Бәрін қырып тастамай, Жақыпты қолға түсірудің бір 
амалы ретінде Зүбәйланы арашалап алып қалады.
Қуақы қалжыңмен шошқаның майын сөз етіп, күліп отыр-
ған Сыздық, Алпысбай, күрес жағдайын баяндап отырған Сер-
гей коммунист, түптеп келгенде, Жақып шаңырағының траге-
диясына қабырғалары қайысып күйзеледі.


90
Қысылтаяң кезде жағдайды тез-тез хабарлап айтып жатқан 
Жақыптың өз үйі ішінің трагедиясын білмеуі сахналық әсерді 
күшейте түседі.
Достарының қазаны естіртуі де, оны Жақыптың қабылдауы 
да оңай, жеңіл берілген. Ауыр күйзеліс, терең тебіреніс жоқ, 
жеңіл-желпі сөздер айтылады. Дәл осындай сәттен кейін қолма-
қол Зүбәйла мен Жақыптың махаббат әңгімесіне кірісуі де 
сенімсіз.
Осы көріністің аяғы сенімді реалистік драмадан гөрі оқыс 
оқиғаға құрылған детективтік сипатта аяқталады. Баяғы ұры 
Жанат Жақыпты қолға түсірем деп жүріп, өзі өлім құшады. 
Сахналық эффект бар. Әсіресе наган көркемдік қызмет атқарып 
тұр.
Дұшпан ортаның ішкі әлемі соңғы суретте ашыла түседі. 
Олардың Совет өкіметіне, большевиктерге қарсылығы, дұш-
пандық-жаулығы тайға таңба басқандай айқын. Бір-біріне се-
німі аз. Сырттай тұтасқанмен, іштей шіріген. Ақ офицері Васи-
лий мен Әбу арасындағы диалог шовинистік пен мансапқорлық 
ауруына шалдыққан, үлкен әлеуметтік мақсаттар үшін мүлде 
күресе алмайтын, тоқыраған, дағдарысқа ұшырағандардың 
психологиясын танытады. Кеше ауыз жаласқан, саяси 
мақсат үшін күреспек, бір тілектегі жақтастар қазір ит пен 
мысықтай. Бірі: «Его превосходительство, адмирал Колчак ай-
татын еді «Қазақта ерлік жоқ» деп, өз алдына правительство 
болып, алашорда комитетін құрғанда да қазақ елін арттарыңа 
ерте алмап едіңдер. Сондай бейшаралықтарыңды, міне, енді де 
көрсеттіңдер!» – деп тұтас халыққа тіл тигізсе, екіншісі: «Орыс 
халқын сіз де ертіп отырған шығарсыз, господин поручик», – 
деп одан қалыспай, шаужайдан алып, тістеп, қауып қалып жа-
тыр.
Драманың соңғы көрінісі оқыс оқиғаға, күтпеген шешімге 
құрылған. Ақ офицері Василий ойлағаннан өзгеше, мүлде басқа 
әрекеттер аяқ астынан бел алып кетеді. Шіркеуде жасырынған 
ақгвардияшылар түгел қолға түсіп, Жақып, Сергей бастаған 
коммунистер жеңіске жетеді.


91
Тұтастай қарағанда, қызық оқиғалы пьесада бірқыдыру 
кемшілік бар. Әр түрлі тап өкілдері ретінде алынған кейіпкер-
лер дараланып, характер сомдалып жасалмағаны көрініп тұр. 
Әбу, Садри, Құлым, Нұрмағамбет – осылардың барлығын әр 
жерде оқиғаға араластырып, бәрін сөйлете бергенше, драма-
тург бір-екі кейіпкерді ғана алып, ірілендіріп, типтендіріп 
шығарғанда ұтатыны сөзсіз еді.
Осындай пікірді Алпысбай, Қамза туралы да айтуға болады. 
Әділіне келгенде, Қыстаубайдың Жақыптан басқа ұлдары Қали, 
Бейсенбай, Қаратай – санда бар, санатта жоқ, кісі қарасын, пер-
сонаж санын көбейткенмен, көркемдік қызмет атқарып тұрған 
жоқ.
Бұрын Мұхтар Әуезовпен бірлесіп жазған «Ақан – Зайра» 
пьесасы демесе, драматургия жанрында қалам тартпаған Сәбит 
Мұқановтың алғашқы сахналық туындысында драма эстети-
касын жап-жақсы игергендігін көрсетіп, әлеуметтік маңызды 
тақырыпта сапалы шығарма беруі, сөз жоқ, жазушының өзінің 
де, сол кезеңдегі әдебиетіміздің де бағалы олжасы болатын.


92


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет