Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет19/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41
Байланысты:
Аширов

(5­том, 122­бет).
Мал соңындағы салпыетек шаруаның, дүкенде тықылда-
тып балға соққан қажыған ұстаның сөзі емес, бұл – уақыт 
екпінін сезіп отырған қажырлы, жігерлі жұмысшы үні.
Пьесаның соңғы көріністерінде драматург қайым айтыс 
формасымен жұмысшы әйелдер мен еркектерді айтыстырады. 
Салтанат, әзіл-қалжың, күлкі бар. Дәл осы кезде үйге қайтып 
бара жатқан Қозықанды тығылып тұрып Сыдық бас салады. 
Бала таниды. Баяғы күміс ақша есінде. Баланы өлтіреді-ау 
деп жүрегіңіз зырқ ете түседі. Бесінші суреттегі жиналыс – 
митинг сарыны шығарманың драмалық арқауын босаңсытып 
жібергенін байқаймыз. Дұшпан түгел жеңілмей-ақ, Қозықан 
тірі қалмай, жау қолынан мерт болса пьеса әсері күшейе түсетін 
еді.
Драматург тақырып табиғатына байланысты экскаватор, 
тепловоз, перфоратор, компрессор, модель, гигант, интелли-
гент, индустриялизация, инструкция, администрация, депо, 
практикант, динамит, дистанция, анархия, элемент, фигура, 
принцип, шахмат, интернационал секілді сөздерді авторлық 
ремаркада, диалогтарда мол қолданған. Музыкалық сүйемел, 
сахналық заттар тиянақты, дәл көрсетіліп отырады.
Пьесаның эстетикалық-көркемдік ерекшеліктері, өнер та-
рихындағы орны жөнінде айтылған салмақты пікір аз. Шы-
ғармаға дөрекі социологиялық тұргыдан келіп, отызыншы, 
тіпті алпысыншы жылдардың басында тұжырымдалған қате 
пікірлерді қайта жаңғыртып жатудың қажеті шамалы. Тіпті 
пьеса мазмұнымен нақты таныспай, кейіпкерлердің аты-жөнін, 
оқиғаларды шатастырып жіберген шалағайлық, салақтық та 
кездеседі. Ал Ғабит Мүсіреповтің 1932 жылы жазған: «Пьеса-
ның күшті бас тақырыбы – ұлы орысшылдық пен ұлтшылдыққа 
қарсы күрес... Пьесаның бас персонажы – Түрксібтің өзі. Жазу-


128
шы алған тақырыбын жақсы иемденіп, жеңіп алған. Темір жол 
пьесада шетте қалмай, барлық оқиғаға қатысып, бірге ойнап 
отырады.
«Түрксіб» – Қазақстан секілді көп ұлтты жерде, әр ұлттың 
өсу-өнуінде өзінше өзгешелігі бар жерде, жергілікті пролетари-
ат жаңа жасалып жатқан жерде, тап тартысының түрлері өте 
шиеленісіп, ұлттық өзгешеліктердің шымылдығын бүркеніп 
алдайтын жерде, осының бәрін бойына сыйғыза білген және 
соның бәрін пролетариат билігіне жеңдіре білген, шындықты 
жазған көркем әдебиетіміздің бір көрнектісі. Мұндай еңбекті 
бағалай білуіміз керек», – деген пікірі бүгін де өз маңызын 
жойған жоқ (
«Суреткер парызы». – А., 1970. – 76­77­беттер
)
.
* * * 
XX ғасырдың басында дүниеге келген қазақ драматургия-
сы әр уақытта замана тынысынан алшақтап, дәуір проблемала-
рынан бойын аулақ салған жоқ, мезгілдің көкейкесті мәселе-
лері, кезеңнің толғақты сырлары сан алуан пьесалар тудырған.
Қалың қауым Мұхтар Әуезовтің революциядан бұрынғы 
қа зақ тұрмысын классикалық шеберлікпен көрсеткен траге-
дияларымен, драмаларымен ертеден жақсы қанық, біліс еді, 
енді ұлы суреткердің көп томдық кітаптары басылған соң жаңа 
шындықты бейнелейтін пьесаларымен, замандас тұлғасын сом-
дап шығару жолындағы ізденістерімен жете таныса бастады.
Тіпті «Октябрь үшін», «Тартыс», «Тас түлек», «Шекарада» 
секілді отызыншы жылдар сахнасында қойылған пьесалар өз 
алдына, қазіргі дәуір бүгінгі өмірді бейнелейтін «Алуа», «Асыл 
нәсілдер» драмаларында көп қызық өрнектер, суреткерлік мол 
олжалар бар. Үңіле, зерттей қараған адам бұл дүниелерден та-
лай үлгі, өнеге алмақ.
Мұхтар Әуезовтің әр кезде Сәбит Мұқановпен, Ғабит 
Мүсіреповпен, Әлжаппар Әбішевпен, Әбділдә Тәжібаевпен бір-
лесіп пьеса жазуында мол ғибрат бар. Үзеңгілес дос, өкшелес 
ініні әдейі қиын жанрға баулу, білекке білек қоса жүріп, іс 
тындырудың бір үлгісі.


129
Жаңа шындықты бейнелейтін М. Әуезов пьесаларына 
немқұрайды қарау, оларды драматургтің творчестволық мүм-
кін дігінен төмен шыққан деп кемсіту, көзді жұмып өте шығу – 
ескірген, қате концепцияның кесірі.
Әділін айтқанда, ұлы суреткердің ондаған жыл бойы тер 
төккен, жастықтың күш-қайратын жұмсаған саласы драматур-
гия, оның ішінде өзгерген сана адамының тұлғасын мүсіндеу 
мақсаты еді.
Дмитрий Фурмановтың әйгілі «Бүліншілік» романымен 
тақырыптас, дегенмен, 1933 жылы жарияланған «Октябрь 
үшін» пьесасы инсценировка, белгілі шығарманы сахнаға ла-
йықтау емес, дербес оқиғасы, басқа қаһармандары, өзіндік 
идеясы бар бірегей, мәнді туынды екенін кезінде О. Беков, 
Ғ. Мүсірепов дұрыс көрсеткен.
Әзірше бүгінгі зерттеушілер назарынан қалыс жатқан «Тар-
тыс» пьесасында қазақ интеллигенциясы өткен ауыр жолдар 
жайлы көп сырлар бар. М. Қаратаевтың бұл драма туралы за-
манында үлкен мақала жазуы тегін емес-ті.
Жаңа адамды, жағымды қаһарманды бейнелеудегі Мұхтар 
Әуезов ізденістері жанрлық формалардың ішкі мүмкіндіктерін 
ерекше ойластыруынан да айқын көрінеді.
Революциядан бұрын қазақ өміріне арналған пьесалар ци-
клына енген шығармалардың бәрі формалық жағынан еуро-
палық, классикалық драматургиядағы дәстүр шеңберінен 
шықпайды: олардағы оқиға қысқа мерзімді қамтиды, сюжет 
түзілуінде бірізділік бар.
Үлкен әлеуметтік төңкерістердің әсерінен халық санасы-
на түскен өзгерістерді, рухани эволюцияны бейнелеу жолында 
Мұхтар Әуезов, әсіресе, драматургияда сан алуан творчество-
лық тәжірибе жасады, қалыпты поэтика тұрғысынан қарағанда 
ерсі көрінетін шығармалар да жазды. Осы ретте «Тас түлек» 
драмасына бірталай назар аударуға болады. Бұл пьеса ең алды-
мен өзінің архитектоникасымен қызық. Әрбір көріністе драма-
тург жаңа өмір құбылыстарын алға тартады. Соның негізінде 
қаһармандар бойында пайда болған рухани, психологиялық 
9-0195


130
жаңғыруларды көреміз. Бас-аяғы тұйықталған, аз уақыт ішін-
де бұрқ ете түскен тартыс емес, бірнеше жылдарға созылған, 
тармағы мол күресті аңғарамыз.
Бір ұядан шыққан, шамалары қарайлас, құрбы-құрдас жан-
дар әуелде мінез-құлқы, іс-әрекеті жөнінен өзара дараланып, 
оқшау сипат таныта алмайды.
Алғашқы көріністерде Қондыбай байдың кәмпескелен-
уіне байланысты айтылып жатқан әр түрлі сөздердің үстінен 
түсе міз. Таптық көзқарас, әлеуметтік пиғылдарды драматург 
мінездік ерекшеліктерімен сабақтастыра көрсетуді мақсат 
тұт қан. Негізгі персонаждардың барлығы да бірден сахнаға 
шық қанда олардың ішінен Бөлтірік әрекеті көзге айқын ша-
лынады.
Оның Қондыбай болып Арпабай мен Есбикені қорқытуы 
жеңіл күлкі, арзан эффект емес, сәтті табылған деталь. Енді 
құлдық, күңдік ит тірліктен құтылып, мойнымыздан қамыт 
түсіп, теңдікке жеттік деп қуана бастаған пұшайман жандар 
тағы бұрынғы айғайды естігенде шошымай қайтеді?
Байдың қызы, оң жақта бұлғақтап өскен ерке тотай 
Шәкен нің әкесіне ермей, кедей-кепшік, жарлы-жақыбай қа-
сында қалып қоюы – маңызды әлеуметтік қадам. Ірі байлар-
ды жер аударып, енді өздері билікке ие болған жандардың 
ауылдағы күрес, тартысы – талай шығармаға арқау етілген та-
қырып. Көркем туындыны бағалағанда авторлық мақсатты, 
жанр шарттарын ұмытып, үнемі бірқалыпты талаппен, бір 
өлшеммен әсте әділ пікір айтылмаса керек. «Тас түлек» жайлы 
жазғанда драматургтің сюжет құруда шарттылық тәсілдерін 
пайдаланғанын ұмытуға болмайды. Қарқынды өмірдің аршынды 
қадамдарына ілесе түлеген, қоса жаңғырып өскен тағдырларды 
бейнелеу ерекше ескерілгендіктен автор кейіпкерлерін әдейі әр 
түрлі орайда көрсетеді.
Ауылдан кеткен жастардың құрылыс жұмысында жүрген-
дегі психологиялық өзгерістері күлкілі жайттармен сабақтасып 
жатыр: зілсіз, жайма-шуақ әзіл-қалжың. Драматург қосалқы 
персонаждарды керекті жерінде сәтті енгізген.


131
Қара көз, көрген көз деп жақаурата келіп, рулық, жершілдік 
сезімдерді ойнау арқылы өзі жем түсіретін пысықтар қашан-
да надан елдің арасында аз болған жоқ. Біреу мен біреуді шақ-
шақ ұрыстырып қойып, ортадан олжа табу және бар. Орыс 
жұмысшылары мен қазақ жұмысшыларын араздастыра оты-
рып, пәленің отын жағуға тырысқан екеуді Бөлтірік, Қамбар 
мазақ етеді. Өздерінің жетіліп қалған парасатын, толыса бас-
таған ойын танытады.
Әуелде тізеге тізе, білекке білек қосып, күрестің үлкен жо-
лына бірге аттанған жастардың келе-келе іргесі бөліне бастай-
ды. Жай кикілжің, түсінбеушілік емес, дүниетаным алшақ-
тығынан, таптық көзқарастар қайшылығынан туған қақтығыс 
бой көрсетеді.
Задында буыны қатып, бұғанасы бекіп кеткен адамның 
басқа ұлттың тілін тез үйренуі, әсіресе фонетикасы, лекси-
касы, грамматикасы ұқсамайтын тілді меңгеріп кетуі қиын 
шаруа екені анық. Драматруг қаһармандарының бойындағы 
өзгерістерді, марқаю эволюциясын сенімді штрихтармен бей-
нелейді. Ауыл жігіттерінің орыс тілін білуге күш салуы осы 
орайдағы қиындықтар, күлкілі әрекеттер, юморлық жайт-
тар, қызық мінездер сахналық әрекет, бояуы қанық диалогтар 
арқылы ашылған.
Пьесаның басында бір рет пәлелі сөздерімен, жат пиғы-
лымен көрініп қалған персонаж Әшімнің кешегі ауыл жас-
тары, қазір оқуға ден қойған Бөлтірік, Қамбар, Алатайлар-
дан айырмашылығы – кішкентайынан білім алғандығы. Ол 
жаңа заманның, прогрестің, өркендеудің кәдесіне жарау-
ды, революциялық идеалды мұрат тұтушы емес, көксейтіні 
ескілік, аздың табанына көпшіліктің түскен кезеңі, сол дәуір, 
сол баяғының моралі. Ашық майданнан тайқып, ұрлық-ғайбат 
тәсілін ұстанып, қармақ салып отыр.
Туыстығына қарамастан Қондыбай байдан безіп, оның 
әулетінен іргесін бөліп, ат құйрығын кесіп кеткен сыңай та-
нытқан Құсбектің шын сыры тереңде, қоймасы қалың жық-
пылда екен. Ұлт араздығын қоздыру ниетімен қасақана 


132
таратылған өсектің оты лап ете түскенде, жастар екі жарыла-
ды. Бір қанатта – Қамбар, Бөлтірік, екінші қанатта – Құсбек, 
Местер. Драматург осы тартысты жан-жақты көрсетпей, басқа 
жайтқа ауысып кетеді.
Бір ескеретін нәрсе, «Тас түлек» драмасындағы кейіпкер-
лер өзара туыс, ерлі-зайыпты, ағалы-қарындасты, әкелі-балалы 
қатынаста алынған. Драматургтің жаңа семьялық моральдың 
тууын көрсету талабын құптай отырып, артық кеткен, жасан-
ды, ситуацияға ұрынған кездерін айтуымыз керек.
Мінездік ерекшелігі айқын, от-жалыны мол Бөлтірік 
секілді абзал азаматтың әйелі Топайдың Бөлкебаймен кете ба-
руын тоқты-торымдай да көрмеуі, мүлде селқос қарауы – сен-
дірмейтін, псиохологиялық жағынан тиянақталмаған жағ дай. 
Жастармен бірге оқиғаға жер ортасынан ауған Арпабай мен 
Есбикенің үнемі қатысып отыруына драматург ерекше мән бер-
ген. Өз заманының екпінді ықпалы бұл екеуіне де тез әсер етіп, 
мінез, көзқараста жаңа өзгеріс, соны сипаттар туғызады. Рас, 
қаламгер адам санасына мысқалдап енетін құбылыс тарды, 
шетін күйлерді тәптіштей бейнелей алмаған.
Араға бес жыл салып қайта кездескенімізде, кешегі ауыл 
жігіттерін Алматыдан көреміз. Бұл сценада Арпабай мен Ес-
бике арасындағы диалог қызықты. Кеше ғана от қасы, ошақ 
басынан өзгеде шаруасы аз, байдың бір зекігенінен зәресі ұша-
тын сужүрек Есбике енді көшелі кісі санатына енген. Қазақ 
театрының алғашқы спектакльдері көрермен үшін үлкен бір 
қуаныш, той іспетті екендігі белгілі. Есбике аузымен айтыла-
тын Бейімбет Майлиннің «Майдан» драмасындағы қаһармандар 
жайлы баға Мұхтар Әуезовтің авторлық тұжырымымен орай-
лас келеді.
Қамбар, Бөлтіріктің бойындағы жаңа сипаттарды олардың 
республика көлемінде өтіп жатқан саяси науқандарға көзқа-
расынан аңғаруға болады. Бірақ диалогтардың мінез ашу қыз-
метінің орнына социологиялық, үгіттік жағы дендеп кеткен.
Тұтас қарағанда, бұл пьесадағы тартыс жұмысқа, оқуға 
аттанған жастардың қайтып оралып, совхозда іске кіріскен 
кезінен бастап арна табады.


133
Құрылыста қалған Сапар, Москвада оқитын Сәлкебай, То-
пай, Алатай, Алтын, Шәкен – баршасының Қамбар дирек-
тор, Бөлтірік саяси бөлімінің бастығы болып отырған совхозға 
бірінің соңынан бірі сау ете түсуінде шарттылық, жасандылық 
та жоқ емес. Малы қырылып, адамы жүдеп-жадап, азып-тозған 
шаруашылықтың ең ақсаған фермасының меңгерушісі Құсбек 
екен. Фамилиясын өзгертіп алыпты. Іс-әрекетінің кесектігі 
жөнінен өзгелерден оқшау тұр.
Бақсақ, өлді-қырылды деп өтірік есеп беріп, ретін тауып 
жеке отар жинай бастаған. Қашқан-пысқандардан, қағылған-
соғылғандардан топ құраған. Олардың басшысы – бір кезде ұры 
болған Мес.
Драматург Құсбекті кешегі үстем таптың сойылын соғу-
шы, ескілік пиғылдың адамы ретінде көрсеткенде оның екі-
жүзділігін, сатқындық психологиясын ашуға ден қойған. Құс-
бек пен оның әйелі Кәмеш арасындағы алтыншы, жетінші 
суреттердегі диалогтардың драматизмі күшті. Басына бұлт 
үйіріліп, құрсау тарылып келе жатқанын сезген жырынды 
әйелін күні бұрын қайрап, шүйлеп салып отыр. Мақтап қойып, 
арқадан қағып, қарсы ұстар қалқан етпек.
Жауласқаны – өзінің туған қайнағасы Қамбар. Алданған, 
кіріптар болған сезімді пайдаланып аман қалмақ.
Арада аз уақыт өтісімен, басына қауіп төнген кезде, қанды 
шелек Құсбек Кәмешті жер құштырып, қаңғыртып тастап 
кетеді. Оққа байлап кетеді. Тыңдаңыз, Құсбек – Кәмеш:
«– Сенің бауырың ғой, бауырың езілгір. Қал қазір осы арада.
– Құсбек-ай, не дейсің? Сен үшін кетпеп пе ем бәрінен...
– Ол – сенің бауырың, сен әйелсің, қарындасына тимейді. 
Орал шылбырына. Бөге! Болмаса Алматыға кетті, ақталуға 
кетті де, қайта оралып келіп алам.
– Не дейсің, тастадың ба? Қалмаймын, ойбай, сенен, жаным, 
ағатайым, әкет мені, әкет, өлтіріп кет мені! (Жабысады).
– Шығарма үніңді, болмаса өлтіріп кетемін. Шық алды-
нан, тап соны айт, жаңағыны, жаныңды бер, өл мен үшін. Бағана 
бер ген сертіңнің орындалатын жері, міне, осы. Не десіп ек? Бол-


134
маса, бөгеуге жарамасаң, ұрғашылық қылып, жасықтық ет-
сең – айрылдың менен. Жоқпын мен саған.
– Жаным, не дейсің, алдадың ғой (Жабысады).
– Алдағаным жоқ. Шатпа босқа! Бөге, тіпті өлтірсең де бөге 
Қамбарды, ұқтың ба?..» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет