Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет16/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41
Байланысты:
Аширов

(«Бостандық туы», 1927, 10 ақпан).
Драматург оқиға 1926 жылы болған деп анық көрсетеді. 
Шығарманың тақырыбы – қазақ ауылындағы таптық тартыс
енді ашық майданға шыққан жалшылардың сана-сезіміндегі 
өзгеріс, эволюция.
Жаңа әлеуметтік өзгерістер моральдық, семьялық қарым-
қатынастарға ерекше ықпал жасай бастаған. Екі бай құда түсіп, 
бір-біріне алыс-беріс жасап, бұрынғы ата-баба жолымен Пери-
зат сұлуды ұзатпақшы. Заман аума-төкпе болып, дүние өзге-
ріп бара жатқанда бұл қадам неғұрлым тездетуді қажет етеді.
Осындай ситуациядан басталған пьеса сан алуан жанды 
әрекеттерден, оқиғаның түрлі шырғалаңынан құралған. Пе-
ризат басыма құдай не салса, соны көтерем дейтін ескі ауыл-
дың момын, қорқақ қызы емес. Өздерінің есігінде жалшы 
болып жүрген кедей жігіт Рамазанды сүйеді. Қазақ кеңес 
әдебиетіндегі бас бостандығы үшін күреске шыққан алғашқы 
белсенді кейіпкерлердің бірі. Феодалдық сананың қалың торы-
нан, қаһарлы әке сұсынан қаймықпай, өз жүрегінің қалауы-
мен тартысқа тайсалмай түседі. Тіпті ескі әдет-ғұрпы жөнінен, 
қазақ салтынан қорқып, күмілжіген, шегіншектеген Рамазан-
ды батыл қадамға – кашып кетуге бастаушы – Перизаттың өзі. 
Ал бай ата-ана үшін қыздарының есіктерінде жүрген жалшыға 
шығуы – өліммен тең масқаралық.
Екі жастың жауыздықтан, зорлықтан қашқанда барып 
тығылған жері – орыс поселкесі. Жиырмасыншы жылдар әде-
биетінде қазақ қызы Перизат пен қазақ жігіті Рамазанды 
қамқорлыққа алған, олар үшін өз бастарын қатерге тіккен орыс 
адамдары Степан мен Мария бейнелері, сөз жоқ, жаңалықтың 
нышаны болатын. Перизаттың: «Орыс поселкесінде тұрған 
жоқсың ба? Жұрттың бәрі бостандығын алып жатыр ғой», – 
деген репликасында мән бар. Перизатқа енді өз әкесі, ағасы, 
жеңгесі – жау, орыс семьясы – дос.


109
Перизат пен Рамазанның орыс поселкесіне қашып кетуі 
пьесадағы тартыстың басталуына себеп болады. Оп-оңай жеңіле 
салайын деп тұрған ескі дәстүр, бұ- рынғы салт жоқ. Ең алды-
мен қыз әкесі, қыз ағасы күреске шығады. Перизатты қайтадан 
тартып әкеледі. Зорлықпен Рамазан екі рет қамауға алынады.
Конфликтінің күшеюіне Жарылғап бастаған жалшылардың 
күреске түсуі зор ықпал жасайды. Рамазан, Жарылғап бейне-
лері жалпы санасындағы психологиялық өзгерістерді көрсетеді. 
Есе-теңдік, бас бостандық, сүйген жарды құтқару жолындағы 
күрес, осы тартыста өзі көрген қиыншылық, зорлық, зомбы-
лық Рамазанды шынықтырып шығарады. Пьесаны сахнаға 
қойғанда осы жайттарға көңіл бөлінеді 
(«Еңбекші қазақ», 1930, 
9 желтоқсан).
Феодалдық салт-сананың қатыгездігі Толқын кемпір бей-
несі арқылы көрінеді. Ата-ана рұқсатынсыз, бата алмай, өз 
бетімен жол бұзып, есікте жүрген жалшымен қашып кеткен 
Пе ризатты ешқандай аяуға болмайды. Некесіз туған бала – 
арам бала. Сондықтан ескілік құлы Толқын кемпір жазықсыз 
сәбиді өз қолымен өлтіргенде тәңірі бұйрығын орындадым деп 
ойлайды, қылмыс жасағанын мүлде сезінбейді, осы үшін жаза-
ланатынын ұқпайды. Түгелдей алғанда, Ж. Тілепбергеновтің 
«Перизат – Рамазан» драмасы – қазақ аулында жаңа қарым-қа-
тынастардың орнай бастағанын, психологиялық өзгерістердің 
пайда болғанын көрсеткен, сахнада табыспен қойылған алғаш-
қы спектакльдердің бірі.
Жазушы өмірінің биографиялық материалдары шығарма-
шылық сапарда үнемі ықпал етіп отыратын факторлардың бірі 
екені дау туғызбайды. Уақыт шаңына көміліп, көмескіленген су-
реттер қиял қуатымен тіріліп, қанаттанып, көркем шығармаға 
айналады. 
Қазақ драматургтерінің арасында бірінші болып өңдіріс 
тақырыбына Жұмат Шаниннің пьеса жазуы әлдеқандай сырт 
әсерден, тапсырма-талаптан емес, қаламгердің ыстық ықылас, 
ынтасынан туған еді. Бала көзімен көріп, жадында қалған 
тіршілік – әкесінің ит қорлықта кен қазған күндері, тиын-тебен 


110
үшін Омбы көшесін сыпырған шағы, майдан шебінде белуардан 
саз кешкен түндері – осындай өз жүрегіндегі жаралар мазалап, 
қалам тербеткен.
Әуелде «Өлімнен үмітке» деп аталған төрт перделі драма 
қазақ театры сахнасында тұңғыш рет 1928 жылы 14 наурыз күні 
қойылды. Спектакль туралы рецензиясында Мұстапа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет