Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет24/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Байланысты:
Аширов

Жасырман, он жас қозы бір күнде өлген,
Дауыл мен бұршақ соққан сүргінде өлген. 
Мал түгіл, ажал келсе адам да өлер, 
Талай да талай асыл күлгін де өлген, –
дегенінде Әсия талмау жерден мықтап ұстап алады:
Шыныңды айт шарай топқа, Молтай ерім, 
Қозысын тастай қашқан асыл шерім.
Жеңіліп жөн сұрайсың бүгін бізден, 
Мен айтсам, жеңілгенің – қашқан жерің.
(10­том, 168­бет)


151
Уәдеге берік, ісіне адал, сөзге жүйрік, ақылды Есіркеп – 
қанша дегенмен ескіліктің адамы. Ол – құдалық жолымен қыз 
беріп, келін алған, қалың беріп, қайын барған заманнан шыққан 
кісі.
Тегінде қазақ арасында ер азаматтың түтінін өшірмеу, 
шаңырақты құлатпау – қастерленген дәстүрдің бірі. Жастайы-
нан күйеуінен айрылған жесірлер өмір бақи келін боп түскен 
жерлерінде отырып қалған кездері көп. Түптің түбінде олар 
ауыл-аймақтың ең сыйлы, ең қадірменді, аузы уәлі анасы-
на айналып, еркек орнына жүретін болады. Бесікте қалған 
жетімдердің өзін қолынан жетектеп жүріп өсіріп, мұратына 
жетеді. Әрине, әмеңгершілік қырсығына шалынған, бағы 
күйіп, бақыты сөнгендер де аз емес-ті. Қазақ әйелінің жарға 
адалдығы, туған-туысқанына қайырымдылығы, балаға махаб-
баты – ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген аманат-
тай асыл сыйы, өшпестей тамаша тағылымы.
Күйеуінің өлгенін біле тұра, оның артында тұяқ қалмаса 
да, жас өмірін солдырып, аруақ рухымен ғұмыр кешу траге-
дия екені хақ. Әсия – осы ескі рәсімді бұзған адам. Ата-енесіне 
білдірмей, олардың рұқсатын алмай, Молтаймен қосылған.
Драматург психология жағынан шытырман ситуация-
дағы кейіпкерлердің көңіл күйін, сезім тербелістерін бейнеле-
ген. Есіркептің ашу-ызасы, Әсияға кет деуі – нанымды әрекет. 
Қазақтың екі шалының бірі көрсететін қылық. Бұдан кейінгі 
тартыс қызық өрбиді. Сырлас, мұндас қайынсіңлісі Қанипа 
әкесіне тоқтау айтып, Әсияны бауырына тартады. Тентектікпен 
тұлданып, ызадан, намыстан өртенген әкесін уәж тауып, дәлел 
келтіріп тоқтатады. Екі оттың ортасында қалғандай азап шегіп, 
көздің жасын көлдетіп жүрген тағы бір жан бар, ол – Есіркеп-
тің бәйбішесі Балжан. Сұмдықтай көрінген Әсия ісі бойын 
түршіктіргенмен, ана жүрегі сорлы әйелді тентіретіп жіберуге 
қимайды. Қайта жаны ашып, жылы-жұмсақты соның аузына 
тосады.
Екі кәрі тірідей шөгіп, қайғыдан езіліп кетпесін деп ойлаған 
жақын-жуық Сайлыбектің өлімін естіртпей, біраз уақытқа жа-


152
сырып қойған. Ұлының шаһит кеткенін сезбейтін сорлы әке 
Әсияға кекпен зілденгенде, есіл азаматтың көзіне тірідей шөп 
салды, ел-жұрттың алдында алты алашқа масқаралады, қор етті 
деп кіжінеді ғой. Әйтпесе, қай келіннің аяғын қай ата кісендеп 
қойып отыр?
Ауыр күй, батпан салмақ, күйзеліс хал бір шаңырақтың 
астындағы, бір қазанның басындағы төртеуін екіұдай етіп 
жіберді. Есіркеп – жалғыз, ана үшеуі өзара күңкілдесіп сөй-
леседі. Бұрын әкедей қамқор адамы, алақанына салып әлпеш-
тейтін аяулы атасы енді Әсияның қас дұшпанына, жауына 
айналғандай. Қан майдандағы ұлы үшін ақ қар, көк мұзда мал 
жайған, жер ортасынан асқан шалды неге азапқа түсірдім деп 
күрсінгенде Әсияның жүрегі тілім-тілім боп кетеді.
Бітеу жарадай сыздап, барлығын қинап тұрған халге про-
фессор Балашов басу айтады. Қыңыр шалдың жуыр маңда 
жібитін, иілетін түрі жоқ. Не Әсия кетсін, не мен кетейін деп 
шиыршық атады.
Құм ішіндегі ерлікке парапар еңбектің ауыртпалығына 
бірте-бірте Есіркеп пен Әсия көндігіп, әрқайсысы өз жұмысын 
істеп жатыр. Ата алдында күнәлімін деп есептейтін Әсия, 
аяғының ауырлығына қарамастан, жаңа қайратпен, намыс күй-
дірген жігермен қимылдайды.
Қой соңында, жырақта жүрген төрт шопанның күйі бас-
қаларды да ойландырады. Дәміл-дәміл келіп, ыстық-суықты 
бірге көріп жүрген Балашов бір төбе, Исаның хаты Есіркептің 
жадау көңілін жадыратып, сергітіп тастайды. Жылдарға 
созылған, ұрпағына кеткен, кекті дауын жалғыз ауыз сөзбен 
шешіп берген, жеңілгенін ұққанда басын кесіп алса мыңқ ет-
пес елдің шалы Есіркеп, әсіресе, Исаның қызық мысалына 
ден қойған: «Бүркіт жұмыртқасын жалтыр тастың басына 
сақылдаған сары аязда, қаңтарда салады екен. Салады да өз ба-
уырына баспай, қасында бағып отырады. Тек күн жылынып, 
көктем болғасын басады дейді. Жұмыртқасын балдыр күнінен 
ыстық-суыққа шынықсын деп сөйтеді. Қара өзегін қақ жарып 
шыққан өз баласын жақсы көргендіктен өмірдің ауыр-жеңіліне 


153
шыдатып, солай қиында, қинауда өсіреді екен». Мақтануды да 
жек көрмейтін қарт өзімді айтып отыр деп түсінген.
Ел-жұрт сеніп тапсырған асыл төлді аман-есен қыстан алып 
шығу жайы құм жағдайында қиындай түскен. Түнгі күзетте 
Әсия тұрғанда қотанға қасқыр шабады. Рас, жүкті келіншектің 
тайыншадай арланды шоқпармен соғып алуы – сенімсіздеу 
нәрсе. Есіркептің көңілін селт еткізген бір жайт – іштегі ба-
ланың әкесі Молтай екендігін есту. Ортан қолдай азаматтың 
майдандағы жолдасының отауына қалай дәті барып енгені – 
әзірге қарт шопан үшін жұмбақ сыр. Әсияның перзенті Жолды-
бай, Олжабай еместігі жақсы екен.
Драматург шопан тірлігінің қиын-қыстау, ауыр, қысталаң 
күйлерін дәл бейнелеген. Соғыс жылдарында талай шаңырақ-
тың үстінен басқан трагедияның бір көрінісін «Асыл нәсілдер» 
пьесасынан аңғарамыз. Жеке бастың мұң-шері, қуаныш-
қайғысы қоғамдық мүдде, әлеуметтік мақсат жолында жаңа 
сапаға, соны сипатқа көшеді. Ескі дәстүр жеңіліп, гуманистік, 
адамгершілік салтқа жол береді. Қырсық шал, қисық бұтақ 
Есіркепті жас сәби, күнәсіз бөбек жеңеді. Көктеммен қоса 
жаңғырған құмды дала, соңына төл ерткен асыл нәсіл, немере 
сүйген ата – пьесаның заңды, жарасты финалы.
Шығарманың олпы-солпы, илеуі қанбаған, әбден шың-
далмаған тұстарын айтқанда, ең алдымен драмалық тілге 
тоқталу керек.
Үшінші акт, бесінші сурет:
«Әсия: Амал қанша, Молтай кетпесе білдірер едік. Ол бол-
са әскерге кететін болды. Бірге тұрмайтын болды әзірше. Ерте 
күйіндіріп қайтеміз демедік пе кәрілерді. Салғаннан айтпадық 
қой бұл кісілерге. Бір қыс та болса, мына қысқа, әсіресе, білмей-
ақ сыр қып сақтайық демедік пе. Өзің айтқан ақылың да сол 
емес пе еді?
Қанипа: Айтып ем, рас... Бірақ сол енді қапы боп тұр ғой.
Әсия: Менің бүгінгі мына жайым болмаса, ол қапы болмас 
еді ғой. Бірақ мынадай болады деп кім ойлады?..»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет