Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет25/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
Аширов

 (178­бет)
.


154
Әрине, күйзеліс үстінде, сезім алабұртқан шақта адамның 
тілді безеп, қырмызыдай сызылып тұруға мүмкіндігі жоқ, ішкі 
толқын ырқына бағынбақ. Дегенмен, драматург «бол» сөзін 
8 рет қайталағаннан еш нәрсе ұтпағаны хақ.
Пьесада Есіркеп шаңырағындағы тартыстың кернеуі 
күшті, ал ғалымдар арасында мінез-характер айқындайтын ар-
налы қақтығыс шамалы. Қойдың жаңа тұқымын шығаруға бай-
ланысты жайттар ғылыми полемика ретінде ғана берілген. 
М. Әуе 
зовтің көзі тірісінде «Асыл нәсілдер» пьесасының 
сахнаға шықпауы автордың шығарма олқылықтарын өзі де 
жақсы сезінгенінен болса керек. Қалай дегенде де, «Асыл 
нәсілдер» – қазақ драматургиясының Отан соғысы кезіндегі 
алыс қырды, колхозды ауылды, шопандардың ерлік күресін, 
ға лымдар еңбегін бейнелейтін нәрлі туындысы.
Қазақ халқының социалистік санасының қалыптасуына 
арналған Мұхтар Әуезовтің қызықты шығармаларының қа-
тарында екі туындының мәні ерекше, олардың бірі – «Әйел 
жолы», кино-әңгіме, бірі – «Алуа», пьеса. Алғашқысы –1952, 
соңғысы 1953 жылы жазылған. Екеуін текстік жағынан са-
лыстырып, тексеріп қарағанда, арқау болған өмірлік мате-
риалдың, негізгі қаһармандардың ортақ екенін көреміз. Қос 
шығарманың көптеген жерлері сөзбе-сөз дәл келеді, жолма-
жол қайталанады.
Рас, көзге айқын шалынатын алшақ жайттар да бар. Ұлт-
тық кинодраматургияда Әуезов – алғаш жол салғандардың бірі. 
Оның сценарийі бойынша қойылған «Райхан», «Абай әндері» 
фильмдері – жаңа өнердің қарлығаштары, әрине, бұлар проза, 
драматургия саласындағы кесек дүниелермен иықтас киноше-
деврлер емес.
Анда-санда, оқта-текте бір соққанымен, Әуезовтің кино-
драматургиядағы ізденістері әр түрлі ойға мегзейді. «Әйел 
жолы» сценарийімен жете танысқанда, автордың кино та-
лаптарын ерекше ескергенін, оператор, режиссер қиялына 
қозғау салатын детальдарға айрықша мән бергенін аңғарамыз. 
Көзге елестер суреттерге, ірі планға, контрасқа ден қойған. 


155
Тізбектелген эпизодтар, көпшілік сценалары, әр түрлі қосал-
қы персонаждар мол. Тұтастай қарағанда, «Әйел жолы» бола-
шақ кинофильмі жоспары атүсті жасалған эскиз нобайы емес, 
бас-аяғы тиянақталған, көркемдік деңгейі жоғары шығарма.
Бұл туындыны шыңдау, редакциялау, қайта қарау арқылы 
автор жаңа бір шығарма – пьеса жазған. Басты қаһарман Алуа 
есімі драмаға ат болып берілген. Негізінен кинодраматургия, 
театр драматургиясы – емшектес жанрлар. Дегенмен, экранға 
сыйып кететін өмір құбылыстары, тіршілік суреттері сахнаға 
бәз қалпында келе алмайтыны хақ.
Диалогқа, монологқа қойылатын талаптар ортақ болға-
нымен, сценарий композициясы мен пьеса композициясы ара-
сында көп айырма бар.
Осындай жәйттерді ойлана отырып, Әуезов «Әйел жолы» 
кино-әңгімесінің етек-жеңін ықшамдап, кино көрермендеріне 
лайықталған картиналарды драмалық сценалармен ауысты-
рып, персонаждар санын шағындап, драматизмді күшейткен. 
Сценарийде Алуаның әкесі Сатайдың өлімі тұтас эпизод, пье-
сада бұл қысқа монологпен беріледі. Жаппар, Алуа арасын-
дағы сезім күйлері сценарийде әжептәуір орын алса, пьесада 
Алуа басынан кезінде өкінішті хал кешкендігі аңғартылады. 
Майдандағы Арманның артынан Алуаның іздеп бару көрінісі 
пьесада қысқартылған. Түрксіб құрылысына қатысты көпші-
лік сценалары пьесада жоқ.
Қазақтың ескі тұрмысында әйелдің махаббат бостандығы 
үшін күресуі – Әуезовтің көптеген шығармаларында көрсе-
тіл ген әлеуметтік проблема. Үлкен суреткер сан алуан пси-
хологиялық күйлерді, сезім шырғалаңдарын, таптық шай-
қастарды бастан кешірген неше түрлі жандардың бейнесін 
жасаған. «Алуа» пьесасының алғашқы суретінен жуан феодал 
зорлығының тағы жауыз түрін көреміз. Қанды көз қадалып тұр. 
Осы кезеңді тосқан, күткен. Ендеше, сәт сағаты соғыпты. Жетім 
қозы жетіліп, көктемгі қызғалдақтай құлпыра қалыпты. Өзі 
үзеді. Басқаны неге жолатсын? Кімнің ортағы бар, өзі өсірген 
жемісті өзі жейді.


156
Байдың аты – Доғал. Қыздың аты – Алуа.
Қымыз ішіп, желігіп алған сойқынды содырлар – Сартай, 
Жалтыр, Байырлар, дәл Доғалдан бөтен біреу болса, сен қоя тұр, 
мен кірісейін деуден тайынбақ емес. Қас надандықты айныт пай 
танытатын дөрекі, дөкір сөздер. Сезімді қорлайтын, жүректі 
паршалайтын ерсі қылық. Доғалға жағыну, көзіне мақтау. 
Есі рік асау топтың құтырынған әрекеті қорғансыз, пұшайман 
қыздың күйзеліс күйін тіпті жүдете түседі.
Екінші жерде тағы бір әйел тулап отыр – Доғалдың бәйбішесі 
Қамар. Жас, сұлу тоқалдың босаға аттауы бұл үшін ақырзаман 
болмақ. Ондай қаралы күнге жеткенше, қазір шаңырағы 
құлап, қазаны неге қирап қалмайды? Оқыған қайнысы Мар-
дан дәм-тұзды сыйлай ма, әлде басқа ойлағаны бар ма, кім 
білсін, әйтеуір Қамардың сөзін сөйлеп, ағасы Доғалдың 
қомағай ниет, қырсық қадамына қарсылық айтып отыр.
Жуан жердің отымен кіріп, суымен шығып, көрер таңды 
көзімен атқызып, соры қайнап, сорпасы төгілген небір сор-
лылар намыс, ыза-кек атаулыдан айрылып қалған шақтар 
аз болмаған. Тіпті байдың күлін басқадан қызғанып, соның 
жыртысын жыртып, шашбауын көтеруді мақтан көрген 
бейшаралыққа түскен. Мұндай психология Доғал берген 
киімдерді Алуаға киіндіріп жатқан әйелдердің сөздерінен 
жақсы сезіледі. Құдай салды, мен көндім деп тағдыр тәлкегіне 
бас иетін райдан аулақ Алуа. Сексек екеуі тәуекелге бел бай-
лап, қасқыр топтың ортасынан түн жамылып қашып шыққан. 
Піскен жүзім енді аузыма түсті ме деп сілекейі шұбырып 
отырған Доғал санын бір-ақ соғады. Аттан салады. Айқау-шу. 
Ойбай. Әбігер. Қуғын.
Қыз батылдығының мәнісін екінші суретте түсінеміз. Кеңес 
өкіметі, қызыл отау қалың надандық құшағындағы сахараға 
әйел теңдігінің туын көтере келген. Сол үлкен толқынның 
лебі Ақтал бойында жатқан Жалайыр елін де шарпыған. 
Қаршадайынан жетім қалып, тесік өкпе болып өскен еті тірі 
Сексек қарындасын құлдықтан құтқару жолы жаңа заңға 
жүгіну деп түсінген. Бекінген де, тартып берген.


157
Адамдар арасындағы ескілік қарым-қатынастардың жо-
йылып, социалистік сананың қалыптасуы үшін талай қат-
қабат асулардан өтуге тура келді. Ұсақ-түйек, майда-шүйде 
кедергілер емес, басынан қар борап, дауыл соғып тұрған алапат 
қиындықтарды жеңу қажет еді. Сахараның феодалдық қоға-
мы тудырған мұсылман догматтарымен сабақтасып жатқан 
моральдық институттарды қирату қаулы-қарармен, шара, 
бұйрықпен бір күнде тынатын шаруа емес-ті.
Өрттен қашқандай, өкпелерін қолына ұстап, үкідей ұшып 
қызыл отауға жеткен Алуа мен Сексек қолма-қол қуанышқа 
кенеліп, азаттыққа жете алмайды. Драматург кейіпкерлер 
санасындағы өзгерістерді әлеуметтік факторлармен тығыз бай-
ланысты көрсетеді. Ішер тамағын, киер киімін өзі дайындай-
тын, күнде дүкенге бармайтын сахара адамы үшін әлдеқандай 
нәрсеге бола шұбаты-лып кезек тосу – дағдыда жоқ нәрсе. Үйге 
кіріп, мұңдарын айтқанға дейін Алуа мен Сексек «очередь» де-
ген сөзді түсінбей көп күлкілі жайларға ұшырайды.
Қызыл отауда өтетін сценада әрбір кейіпкер өз бойына 
лайық әрекет жасайды. Сот Сапар нелер кеселді түйінді шеш-
кен тәжірибесін, ысылған мінезін көрсетіп, Алуамен арадағы 
сөзді бірден пісіріп алады. Былқ-сылқ, екіұдай ойдан тыйылып, 
тас түйін боп бекінуін талап етеді. Орыс қызы Нина жаны ашып, 
араша түсіп отыр. Күткендей-ақ, көздеріне қан толып, ашудан 
жарылардай болып, Доғал бастаған жуандар жетеді.
Бұрынғы рәсімге, ескі ата-жолына жүгінсе, айтып тұрған 
сөздерінде шикілік жоқ. Қызды байынан, келінді қайнынан 
айырма дейді. Басына жаулық салынған, қалың малы алынған 
жесірді неге қолтығыңа аласың дейді. Қайраты қайтып, тұғыр-
дан түспеген еркек дәулеті жетіп тұрғанда көңілі кетіп тоқал 
алса, қай ағайыншылық дәстүріне, қай шариғат заңына шет еді 
дейді.
Жаңа заманның жаңа заңы басқа билік айтады. Жүрегі 
қаламаса, еркімен бармаса, әйелге зорлық етуге тыйым са-
лынбақ. Бұл шекараны аттаған адам қатал жазаланбақ.


158
Екі жақтың осылайша кеңесіп барып, қақтығысып барып 
жүгінер кісісі – түптің түбінде – Алуа. Кеше көзін төмен салып, 
иығы салбырап, ойындағысын айта алмай, бүгежектеген қыз 
енді тіріле бастаған. Жігер, намыс оянғандай. Ызғарымен дүйім 
елді тітірентетін Доғалдан қаймықпай қасқайып тұр. Некесін 
қиып, әйел қылып алғандай төндіре сөйлеген Доғалдың бетіне 
тура қарап, шарай топтың алдында «өтірік» дейді.
Әншейінде батырсып жүрген Сексектің шайлыққан жүрегі 
дұшпанның қатты айқайы шыққан кезде тіпті тулап кеткен. 
Еркек басымен қожалақ-қожалақ болып, қазан астына ты-
ғылуы – күлкілі нәрсе. Бұл жолы меселі қайтып, жердің үстімен 
келіп, астымен кеткен, ызадан жарылардай күйге жеткен 
Доғалдар қанды кекті келешек күндерден тосып кері шегінген.
Мезгіл жағынан «Алуа» пьесасы көп уақытты қамтиды. 
Драматург Қазақстан өмірінде орын алған ерекше мәнді әлеу-
меттік, саяси факторлардың әйел тағдырына жасаған ықпа лын, 
әйелдердің социализм жолындағы күресін, Отан қорғаудағы 
еңбегін, ғылымдағы табысын, бір сөзбен, кеңес заманындағы 
қазақ қызының бейнесін көрсетуді мақсат тұтқан.
Авторлық ниет, творчестволық нысана пьесаның компози-
циясына ерекше ықпал жасаған. Шағын ортадағы аз уақыт-
тың ішіндегі тартыс емес, мол мерзімді қамтитын әрекет шы-
ғарманың көркемдік бітіміне хроникалық сипат берген.
Әрбір жаңа актіде көп жыл өткеннен кейінгі Алуамен ди-
дарласамыз. Басынан қандай күйлер кешкенін, ұтқан, ұтылған 
жайларын өзі ортаға салады. Қысылмай, қымтырылмай сыр 
бөліседі. Екінші перденің басында дәл осындай қалыптағы 
Алуа сөйлеп отырады.
Қарақұстан жан сауғалап, бұтаның түбіне тығылған тұ-
рымтай емес енді ол – ес жиып, ақыл кірген, әлеуметтік кү-
реске араласуға шамасы жетіп қалған. Өз басына ешкімнің 
зорлық жасай алмайтыны айдан анық, көптің, жұрттың қамы 
қабырғасына батады. Туған жерге бұл келуі – қыдыру, серуен-
нен бөлек шаруа жөні.


159
Сарыарқаның белін басып түскен шойын жол – Түрксіб 
айшылық алыс жерлерді қысқартып, манаураған кең далаға 
ырғақ-екпін, қуат бітіріп қана қойған жоқ, адам санасына әсер 
етті, жаңа заманның жаршысындай рухани, саяси ықпал жа-
сады. Кедей-кепшік үшін паровоз ырыс-дәулет, құт-береке 
әкеле жатқандай көрінсе, бай-жуан үшін бақытты күйді ріп, 
сорды қайнататын әзірейіл, жалмауыздай елестеді. Біреуі 
тайлы-таяғы қалмай, жалаң аяқ, жалаңаш жүріп тау қопарды. 
Екіншісі шоқпар-сойыл жинап, мылтық атып, қылыш суыр-
ды. Бүгінде жұмсақ вагонда есінеп отырып, селсоқ көз тастай-
тын Үштөбе, Лепсі, Матай, Аягөз, Шар, Таңсық, Ақтоғай, 
Жалғызтөбе секілді сұлу аттар қойылған станцияларды салу 
үшін талай боздақтардың басы кеткен.
Сол қиындықтың бір көрінісі «Алуа» пьесасында бейне-
ленген. Ашық майдан, үлкен күресте жеңілген Доғал, Байыр, 
Сартай, Жәкеш секілділер енді жасырын, жымысқы амалдар-
ға көшкен. Елдің бойын темір жолдан аулақ салу мақсаты-
мен әдейі, қасақана, қастандық, зиянкестікпен құдықтарды 
былғап, тұма-бұлақ көздерін арамдаған. Алуа мұны кімдердің 
істеп жүргенін біліп қана қоймай, тыйым салудың жөнін де өзі 
тауып отыр. Қалың қауым еңбекшіге тіл қатып көмек сұрайды.
Ауылдағы тап тартысы күшейе келіп, ақыры ірі байлардың 
мал-мүлкін, дүние-байлығын кәмпескелеп, өздерін жер аудару-
ға тірелген. Сол бұғалық Ақтал бойының көкжалы Доғалдың 
мойнына түскен. Ел-жұртты, ауыл-аймақты таңғалдырған – бір 
адамның сөзі. Туған інісі Мардан ағасы Доғалды кетсін дейді. 
Оқыған, көзі ашық жігіт іргесін бөлек салып, еңбекшілермен 
бауырласып кеткен сыңай білдіреді. Ішкі сырына бойламаған 
көпшілік Мардан сөзін шындыққа балап, малданып қалған.
Қарсыласқан топтың өз ішінен жақтас тауып, соны бауыр-
ластарына шүйлеп салу – жырынды қулардың ежелгі тәсілі-
нің бірі. Ұсақ интрига – айла-шарғының үстіне қосылғанда 
көп олжа әперетін әдіс. Өздерінің адамы емес, әдейі кедейден 
шыққан Назарбекті жіберіп, Доғалды арашалап тұрған жуан-
дар осы белгілі дипломатияға көшкен. Жалтыр, Сартай, Байыр, 


160
Жөкеш бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, бірінің сөзін бі-
рі іліп алып кетуге дайын. Ұқсас сөздер. Ұқсас мінездер. Бұлар 
жеті басты жалмауыздың бір-бір басы секілді. Тек неге бекінсе 
де іштей бекініп, зілді кекпен қыстығып, үндемей түйіліп 
қалған – жалғыз Доғал.
Өзінің туған жері Ақтал бойында құрылған колхоздың 
жұмысына Алуа белсене қатысады. Баяғыда өлім тырнағынан 
құтылуына себепкер болған шопан жігіт Бейсен енді колхоз 
бастығы. Өзі уездік партия комитетінің уәкілі. Орталықтан 
келіп, газетке мақала жазбақшы болып жүрген Марданмен, су 
инженері Арманмен әр түрлі мәселелер орайында қақтығысып 
та қалады. Әсірес, соңғы жігітпен арасында түсініксіз бір сезім 
туып келе жатқандай. Жақсы көреді, бірақ кездескен сәтте 
сүйіспеншіліктің ыстық сөздері емес, шаруашылықтың дауын 
айтып кетеді.
Драматург сахналық шарттарды айрықша ойлап отырған. 
Алуаның әкесі Сатайды еске түсіруі қызықты ұзақ монолог 
арқылы сәтті берілген, Сапардың хатын кірістіру – орынды пай-
даланылған, эпикалық тәсіл. Жалғыз Алуа эволюциясы ғана 
емес, басқа персонаждардың да өсу-өрлеуі, құлдырап құлауы 
пьесада қоса өріліп отырады. Кезінде азғыруға алданып отқа 
түскен Доғал үшін жанын пида етпек болған Назарбек енді бір 
ферманың қожасы. Кінәсін жуғысы келді ме, әлде мақтанғысы 
келді ме, Алуаны қыстауымды көр деп қонаққа шақырған.
Қызы Айбала әкесінің қылығын әлі бетіне басады. Драма-
тург Айбала сөздерін жақсы даралаған. Шешен, ұтқыр сөйлеуді 
ұнататын намысты қыз мақал-мәтелді кірістіріп отырады. Бірақ 
дәл, орынды қолданбауы оның лебізіне юморлық реңк берген. 
«Албасты да қабаққа қарай басады» деудің орнына «Албасты 
да... немене, әлгі сақалға қарай басады» деп, «қуырдақтың 
үлкенін түйе сойғанда көресің» деудің орнына «қуырдақтың 
үлкенін сиыр сойғанда көресің» деп, анық білмегендіктен бірер 
сөзді бұзып, өзгертіп айтады.
Алдында ғана жасырынып Доғал келіп кеткен. Өтірік мү-
ләйімсіп, сорлы көрініп Назарбектен көмек сұраған. Жалғыз 


161
қорғаным, паналар бауырым сен ғана деп зарлаған. Уәделі сөз 
бермей, бойын аулақ салған Назарбек бәрібір астан-кестен ма-
засыз күйге түскен. Қырсық шалғанда Алуаны дәл осы кезде 
қонаққа шақыра қояр ма... Қарулы топпен суыт жеткен Доғал 
алмаған өшін, қайтармаған кегін қуып жүр.
Ашынып, қаны қарайған, жаралы жыртқыш бұл жолы кісі 
өлтіруден тайынбақ емес. Қатерлі сәттегі диалогтар психоло-
гияны дәл беретіндей ықшам, қысқа қайрылған. Бұрынғы На-
зарбек жоқ, дереу қызы Айбаланы милицияға хабарға шап-
тырады, Алуа абдырап, беталды қорқу-шошудан аулақ. Оққа 
оқпен жауап бермек.
Доғал – Алуа арасында көп жылдарға созылған тартыс 
жеке бастың өкпе-назы, кикілжің-қақтығыс сипатында емес, 
әлеуметтік таптық айқас. Драматург осы ойды құптайды. 
Сондықтан бұлардың жекпе-жегі сөз тәжікесі, шешендікпен 
шешілмей, мылтықпен, оқпен тәмамдалуы заңды. Жаралы 
Алуаның басын сүйеп, аузына су тамызып отырғандардың жуан 
ортасында Арман мен Нинаның болуында мән бар. Бірі – дос, 
бірі – жар.
Бұдан кейін сегіз жылдың белесті кезеңдері әкелген 
өзгерістерді Алуаның үшінші актінің басындағы ұзақ моно-
логынан білеміз. Уақыт өткен сайын қаһармандар тұлғасы 
іріленіп өседі. Бұл сөздің Алуаға тікелей қатысы бар. Бір 
кездегі ауылдың аяншақ, қорғансыз қызы келе-келе маңызды 
мәселелер орайында кесек ой толғайтын, күрделі шаруаларды 
өзі шешетін қайраткер деңгейіне көтеріледі. Оның қабырғасы-
на қатты бататын – әсіресе қыздардың келешегі, әйелдердің 
күнделікті тіршілігі. Қазан-ошақтың қасындағы, отын-судың 
маңындағы күйбеңмен ғана қалып қоймаса екен деген ойды 
тілек етіп айтпайды, қажетті кезде талап қылып қояды. Бри-
гадирге: «Бәсе, баласы жоқ әйел жоқ, бір әйелдің қамын ой-
лау сізде жоқ. Адам ба, бұл жұрт мал ма? Күн көзінде, жауын 
астында жас бала, қозы-лақтан жаман, ескерусіз жатыр. Кеше 
мен өз көзіммен көргенде сондай түршіктім. Тіпті қозы-лаққа 
осындай қырсыз болған шопан көрдің бе? Олай болса, табан 
11-0195


162
жерде сотталатыныңды білер ең. Ең алдымен үйшік-лашық 
соған әзірлер ең. Бітті сөз. Үш күн ішінде ясли ашылады, сон-
да ғана аналар жұмысқа алаңсыз араласады», – деп шүйліге-
ді. Адамға деген ыстық махаббат, жан жылуы бар. Қайратты 
ашу, қатаң принцип бар. Ауыл еңбеккерлеріне жағдай жасау, 
қамқорлықты күшейту жайлы осындай кенеулі ойды кейін 
«Өскен өркен» романының қаһарманы, обком хатшысы Нил 
Карпов зор жауапкершілік трибунасында, Орталық Комитеттің 
Пленумында айтатын болады. Ет жүрегі елжіреп, гуманистік 
сезіммен тебіреніп, толқып айтады.
Жеке бастың рақат-тыныштығын көпшілік ісінің ауырт-
палығына айырбастаған Алуаның мінезіндегі қатқылдықты 
ұзақ жылдар сынап, саралап жүріп, ақыры инженер Арман 
оның бойындағы суықтық, сезімсіздік мезгіл, заман әсерінен ту-
ған сипат екенін ұғынады. Өмір талқысынан, тіршілік күре-
сінен өтіп, білісіп барып табысқан жандар. Күй шертіп, қобыз 
тартып жүрген Сексек әзір жалғыз. Бұл – юморлық бейне. Аласа 
бойлы Сексек өзінен биік әйел алмақ емес. Басқа жұрт ой іздесе, 
бұл бой іздейді. Алуаға жанашыр көңілі бәз-баяғы қалпында.
Соғыстың отты күндеріндегі әйелдер мойнындағы жүк 
батпан салмақпен ауырлана түскен. Аудандық партия коми-
тетінің бірінші хатшысы Бейсен майданға кеткен. Арман 
да аттанған. Енді Алуа бірінші хатшы. Алыс қырдағы көп 
ауыртпалықты арқалап қалған жандардың басындағы халдерді 
айқындап көрсетуді драматург ескермеген. Плакаттық, үгіттік 
ыңғайдағы сцена бар. Бір кездегі сот, артынан облыстық пар-
тия комитетінің хатшысы, енді Қазақстан Орталық Партия 
Комитетінің хатшысы болған Сапар Сейілов Ақтал бойына өзі 
келіп, колхозшылардың үндеу қабылдауына қатысады.
Үндеуді әрбір персонаждың бөліп-бөліп айтуында тапқыр-
лық жатыр. Бұл да драмаға эпика элементтерін енгізудің үлгісі.
Пьесадағы бір жүлге тартыс Алуаның диссертациялық 
еңбегіне байланысты өрбиді. Ғылыми айтыс, проблема тала-
сының тамыры тереңде жатыр.


163
Алғашқыда оқыған азамат, журналист ретінде бірер жерден 
төбе көрсеткен Мардан кейін тарих ғылымының докторы, про-
фессор болып шығады. Туған ағасын жер аударуды мақұлдауы, 
басқа қылықтарының астарлы мәні сезіле бастайды. Бұл 
кейіпкер арқылы драматург кейбір оқығанның бұлтақты, 
тайғанақты жолын бейнелеуді мақсат еткен. Схема, штамп ізі де 
жоқ емес. Қазақстан тарихын зерттеудің әр түрлі кезеңінде қап 
дегізген, шаң берген мезгілдер тудырған кейбір сарындардың 
жаман салқыны «Алуа» пьесасына да зиян жасаған. Керексіз, 
кертартпа делініп, қазақ эпосын түгелдей сызып тастауға қол 
көтерген дүмше зиялылар шыққан, халықтың, ұлттың мүддесін 
ұмытып, дәулет-байлық, дәреже-мансап жолына арды, жанды 
қиған кейбір көкезулер кезінде ұлы талант Мұхтар Әуезовтің 
өзіне де аз қиянат жасамаған. Бұл орайдағы ащы шындықтар, 
дәл фактілер, болған оқиғалар, әсіресе, «Дос – Бедел дос» пьеса-
сында айқын көрінген.
Түптеп келгенде, Алуа мен Мардан арасындағы тартыс, ғы-
лыми проблеманы әр қилы түсіну полемика емес, концепция, 
тарихи дамуға көзқарас қайшылығынан туған.
Нелер қылкөпірден аман өткен Алуа диссертация қорғау 
күніне қатардағы ізденушілердің, кітапхана, архивте сарылып 
отырып, көп факті тапқан, содан ғана пікір қорытқандардың 
біреуі болып қана келмеген. Өмірдің әлсізді лақтырып тастап, 
мықтыны шыңдайтын тас диірменіне әбден тартылған, жаны 
сірі қажырлы әйел үшін бұл диссертация қорғау – принципті 
қорғау.
Төртінші перде негізінен Ғылыми кеңес мәжілісіне арнал-
ған. Драматург төрешілер сөзін протоколдық күйінде алмай, 
мінез, характер ашуға лайықтап берген. Көп жылдар бойы 
айтқан ескертпесін орындамай, өз бетінше кеткен зерттеушінің 
еңбегін Мардан енді аямақ емес. Тырп еткізбестей, орнынан 
тұра алмайтындай етіп, тұқыртып бір-ақ ұруы керек: «Тағы 
қайталап айтамын, құрметті Ғылым кеңесі мүшелері, диссер-
тант Сатаева Алуа көп еңбек етіп, тарихтық ғылымға қажет 
болған деректерді жинап алса да, білгенін пайдалана білмеген. 


164
Бар еңбегін азға, саязға сайған. Ғылымдық зерттеу емес, женот-
дел үгітшілеріне блокнот ретінде жүрерлік брошюра, қатарынан 
аспайтын немесе журналдық мақаланың бойынан озбайтын ар-
зан шындықтарды тізген».
Аямас қаталдық, темірдей ауыр соққы. Прокурордың айып-
тау үкіміндей.
Қорғасындай зіл батпан байлаудың соңғы тұжырымы: «Мұн-
дайлық еңбегі үшін Сатаеваға тарихтың ғылым кандидаты 
атағын беру мүмкін емес деп қорытамын».
Драматург ғылыми стиль мақамын сақтай отырып, Мар-
данның Алуаға деген өшпенділігі, айықпас қастық, сейілмес 
дұшпандығын жақсы берген. Бұрын бітеу жарадай сыздап, 
ұзақ жылдар көмулі жатқан бомба секілді жаулықтың бұрқ 
етіп сыртқа шыққан жері осы. Әдейі сәйгүлікті бәйгеге қосып 
жіберіп, қарақшыдан тосу – жендеттердің ежелгі әдеті.
Қарсыласы күтпеген жерден, аяқ астынан дүрсе қоя бер-
мей, сары ауруша созылып келген тайталастың осылай бет алуы 
Алуаны қажырлы қайратқа мінгізген. Табандап, қасқайып 
тұрып жауап береді. Бұл – сөз таласы, логика қақтығысының 
ауқымына сыймайтын дау. Алуа бүкіл өмірін еске алып, талай 
қиын асу, тайғанақ қиялардан өзіне атылған дұшпан оқтарын 
санап береді. Кезін тосып, сәтін күтіп отырған қылыш суыры-
лады.
Үлкен шайқаста жеңген Алуаны ғылыми дәреже алу 
қуанышының үстіне тағы бір сүйініш күтіп тұрған. Ақтал 
бойының әйелдерімен қоса бұған да Социалистік Еңбек Ері 
атағы беріліпті.
Ең соңғы суретте Алуаны Азия, Африка әйелдерінің ор-
тасында, Пекинде көреміз. Ауыл-аймақ, аудан, облыс емес, 
енді күллі Шығыс қыздарының атынан додаға түскен түрік, 
иран, араб өкілдерімен мұсылмандық, шариғат орайында да-
уласса, жапон әйелдерімен буддизм хақында пікір таласты-
рады. Социализм жемісін, коммунистік идеалдарды мақтан 
тұтып сөйлейді. Әлеуметтік маңызды проблемаларға орай кесек 


165
пікірлер айтып тұрған Алуа – бүгінгі кеңес әйелінің жиынтық 
бейнесіндей әсер етеді.
Айтылмыш пьесаның мол эпизодтылығы, хроникалығы, 
көп жылдарды қамтуы әуелгі сценарий негізінен жасал ған-
дығына да байланысты. Драматург қазақ әйелінің өсу жолын 
көрсе тетін патетикалық, публицистикалық сарынды шы ғарма 
тудырған. Әрекетке бай, көптеген дараланған характерлер бар, 
драматизмі күшті, шарттылық тәсілдер қолданылған бұл пьеса-
ны Р. Сейітметов 1983 жылы сахнаға шығарды.
Драматургияда заман шындығын бейнелеу жолындағы Мұх-
тар Әуезовтің сан алуан ізденістері, барлау тәжірибелері, түптеп 
келгенде, бір арнаға саяды. Ол социалистік реализм талаптары-
на жауап беретін, тұлғалы қаһармандарды көрсететін, жаңа си-
патты сахналық шығармалар үшін күресті.


166


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет