Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет23/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41
Байланысты:
Аширов

(М. Әуезов. Шығармалары. 2­том. – А., 1967. – 
198­бет
).
Пьесада:
«Есіркеп: Ә-ә, солай ма? Ендеше, бірігіп ап аластағаның мен 
екем. Мен кетейін, «Жақсы ит өлігін көрсетпейді» деп пе еді? 
Ит құрлы жоқпын ба? Жоқ болайын бұл қорлықты көріп тірі 
жүргенше.
Әсия: Жеке, Жекетай, сіз неге кетесіз? Сіз жан баласына 
жазықты емессіз. Кетуші табылады. Көзіңізге күйік болмай 
кетейін, мен кетейін» 
(10­том, 182­бет).
Драма табиғатына, сахна талабына лайықтап Есіркеп, Әсия 
сөздері ықшамдала түскен. Екеуінен де күйзеліс, ширығу, 
қиналу байқалады. Әңгімеде баяндаумен берілген кейбір жайт 
пьесада диалогқа айналған.
Әңгімеде:
«...Балжан түн суығын, дауыл екпінін сезіне сала, Әсияны 
аяп: «Айналайын-ай, жаурап бітті-ау», – деп қынжыла баста-


148
ды. Есіркеп несіне мүсіркеді дегендей, ұнатпай қырыстана 
түскен еді. Соны сезген Балжан: «Аяғы да ауырлап барады», – 
деді. Бұған Есіркеп тіпті шыдай алмай: «Кімнің баласы екені 
белгі сіз ұрықты айтқаны несі?» – деді.
«Белгісіз емес, ол баланың әкесі бар. Ол – Молтай. Әсия соған 
тиген екен. Тек мезгілінде айта алмапты. Сен өзің қыңырая 
бермей, құлақ салсаңшы бір. Молтай – баланың әкесі», – деп 
тағы айтты. «Молтай!..» – деп Есіркеп үндемей қалды» 
(2­том, 
217­218­беттер). 
Пьесада:
«Балжан: Айналайын-ай. Түн болса тыным жоқ. Аяғы 
бол са ауырлап жүргені анау.
Есіркеп: Ей, сен де бір... қойшы әрі. Аяғы ауырлағанда несі 
бар?
Балжан: Е, немене? Сенің өзіңе не болып кеткен осы? Бала-
сын қайтіп ойламайсың?
Есіркеп: Иесі жоқ, әкесі жоқ баласын сен ойлауың қап па?
Балжан: Әкесі жоқ деп кім айтты?
Есіркеп: Е, не деп отыр, білуші ме ең әкесін?
Балжан: Білем.
Есіркеп: Не дейді?!
Балжан: Әкесі – Молтай!
Есіркеп. Не дейді мынау?.. Молтай...» 
(10­том, 189­бет).
Тұтастай қарағанда, әңгімедегі мотивтер, сарындар, идеялар 
пьесада ұлғайып, дамып, тереңдеп көрінген.
Драматург соғыс жылдарындағы ғылым мен тәжірибенің 
қа бысып, егіз-қатар өрлеп-өсуін бейнелеген, ғалымдар бір төбе 
емес, екеуі туған ағайындай жақын бауырластықта, еңбек майда-
нында білекке білек, тілекке тілек қосқан жағдайда алынған.
Пьеса шымылдығы ашылғанда министр кабинетіндегі зи-
ялы адамдардың салиқалы жиынынан шығамыз. Профессор, 
инс титут директоры, ғылым орталығының басшысы, ғылым 
кандидаты, аспирант – баршасы шопан қамын, мал шаруа-
шылығы ның көкейкесті, жанғабатты проблемаларын қоз ғап 
жатыр. Қысқа, келте, шолақ қайырылатын ауызекі лебіз емес, 


149
дәлел, дерек, түйіндеу, бақас атаулы қатар, аралас жүретін 
ғылыми айтыс. Оқымыстыларға етене оралымдар, байламдар, 
түйдек тіркестер кездеседі. Ұзақ жылдар соңына түсіп, ізденіп, 
тексеріп, зерттеп жүріп тапқан олжа көпшілік тарапынан 
бірден құпталып, бәйге алып, ғалымның қуанышты мәртебеге 
жетуі ежелден оңай шаруа емес. Қатардағы ортанқол жеңістер-
ді былай қойғанда, ұлы жаңалық ашқан азаматтың өзін заман-
дастары мезгілінде бағаламай әуре-сарсаңға түсірген кездері 
толып жатыр. Рас, бұрыннан қалыптасқан концепциялардан, 
орныққан теориялардан оп-оңай бас тартып, жаңа идеяларды 
тез түсініп, дереу қабылдай қою ілуде-біреудің ғана қолынан 
келмек. Ғылымда бұрынғы мектептер мен соны бағыттардың 
арасында үнемі күрес, талас, айтыс үзілмеуі – заңды құбылыс. 
Онсыз даму да болмақ емес.
Қазақстан жағдайына сәйкес келетін қойдың асыл тұқы-
мын шығару жөніндегі жиналыстан әр түрлі жайттың ұшығы 
аңғарылады. Профессор Балашов, оның аспиранты Сара 
Сейітова бір пікірді берік ұстанса, екінші топ ғылым кандида-
ты Сапарбек Бектенов жағында секілді. Ғылыми айтыс үстінде 
мінездер қайшылығы төбе көрсете бастады. Қысқа ғана тіл 
қатқан шопандар Есіркеп, Бекбол, Әсия, Молтай сөздерінде 
айшықты өрнек, шайырлы бояу бар, жарасты қалжың бар, 
жайма-шуақ күлкі бар.
Бұлардың ақ жарқын мінезі, дарқан көңілі жайлауда жақсы 
ашылады. Араларына келген профессор Балашов пен аспирант 
Сара қонақ секілді емес, әбден сіңіп, өздеріндей болып кеткен 
жандар.
Жалған сыпайыгершілік, көлгірлік жоқ, ашық сырласу, 
сеніп сыйласу. Аз қуаныштың шырқын қара қағаз бұзады. 
Есіркеп шопанның майдандағы жалғыз ұлы Сайлыбек өліпті. 
Әйелі Әсияға білдіреді. Өзгеге айтпайды, уақыт солай болған. 
Сұрапыл, қаһарлы кез кісі өлімін жасыруға мәжбүр еткен. 
Қайғы көріп, запыран шеккен сорлылар келешекке үмітті 
көзбен қарап, жылаулы күйде ертеңге сеніп жүре берген.
Ауыртпалық, қиыншылыққа қарамастан, соғыс кезіндегі 
алыс қырдағы адамдар анда-санда кішкентай нәрсенің өзін 


150
қуаныш еткен. Мұңды жүздер жылып, жасты көздер сәуле 
шашқан. Еңкейген кәрісі – таяқ ұстап қалған сорлы әкесі бар, 
зарлап қалған жесірі, еңбектеп қалған жетімі бар, алқа-қотан 
отырысып, сыңсып ән айтқан.
Қабағы қату мезгілдің бұл шындығы айтылмыш пьесадан да 
көрінеді. Бейбіт күндегі кемерінен асып төгілетін, көбік шашқан 
күлкі қайда? Жарықшақ, сынық күлкі. От шашқан, жалаң 
қылыш жүзіндей жарқ-жұрқ еткен айтыс қайда? Қоңыртөбел 
қақтығыс қана.
Халықтың айтыс дәстүрін драматургияга енгізуде Мұх-
тар Әуезов көп ізденді, батыл тәжірибе жасады. Театр заңды-
лықтарына сәйкес азды-көпті өзгертілген, лайықталған қа-
лыпта айтыс сценалары «Еңлік – Кебек», «Айман – Шолпан», 
«Қарагөз», «Абай» пьесаларының бәрінде де бар. «Асыл 
нәсілдер» пьесасының екінші актісіндегі айтыс суырыпсалма, 
ақпа-төкпе ақындардың тайталасынан көркемдік жағынан, сөз 
сұлулығы жөнінен кем түспесе, мағына, салмақ-астарға келген-
де осал соғып тұрған жоқ. Шопандар арасындағы жарыс, төл 
басын аман сақтау, малды өсіру қиындығын ғалым Бектің өзі 
ұйқастыра термелеп сөйлеп кетеді. Бірте-бірте додаға Молтай 
шопан мен Әсия шопан білек сыбанып түседі. Молтай:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет