Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет32/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41
Байланысты:
Аширов

(З. Ақышев. «Жаяу 
Мұса». Кітапта «Қызыл жалау». – А., 1966. – 284­285­беттер).
Сөз қайталау, сөз тіркестерін қайталау – көркемдік тә-
сілдің бір түрі. Эпостан, классикалық әдебиеттен бұл рет-
те көп нұсқа еске түседі. Ал мақсатсыз қайталау, бір сөздің 
орынсыз көлденеңдей беруі ажарсыздыққа, сүреңсіздікке, 
қарадүрсіндікке ұрындырмақ. Мына үзіндідегі «бол-болдар» 
соның дәлелі.
Бүгінгі қазақ драматургиясындағы тарихи-ғұмырнамалық 
тақырыпқа арналған шығармалардың ішінде Құдаш Мұ-
қашевтің «Дала дастаны» пьесасы көркемдік жақсы сипаттар-
мен ерекшеленеді.
Бұрын ақын ретінде көрінген қаламгердің драматургияда ғы 
алғашқы қадамында олқылық, осал жайлар мол болатын. Әуел-
гі варианттарында «Ағажан», «Таң атып келеді» деп аталған 
15-0195


226
туындыда қажетсіз көріністер, көпсөзділік, шұбалаңқылық ба-
сым еді.
Шығарма қолжазбасымен танысқан сыншылар, режис-
серлер, артистер жас драматургке көп кеңес берді. Ав-
тор театрға күнделікті келе жүріп, сахна заңдылықтарын, 
көрермен талаптарын ойластырып, пьесаны шыңдады, талай 
сценаларды қайтадан жазып шықты. Драмаға суреткер идея-
сына дөп қабысатын жаңа ат қойылды. Сөйтіп, ақынның 
драматургиядағы тырнақалдысы театр сахнасына шықты. Кім 
білген, сөйтсек, бұл Құдаштың соңғы әні, аққу әні екен ғой...
Шиырланып қалғандай, таптауырын болғандай объектінің 
жаңа бір кілтін автор сәтті тапқан. Қаһарманды архивтен, 
сарғыш қағаз, кітаптардан ауламай, тас-тастан, өзен-көлден, 
кәрі құлақ, көне көздерден, өмірден іздеген. Қазақтың арқалы, 
аруақты ақыны Ілияс Жансүгіровтің өмірінен іздеген, жас 
шағынан тапқан. Дауылпаз жыршы өскен-өнген ортадан шығу, 
інінің хабарсыз кеткен ағаға деген қайғылы, мұңды, ыстық 
махаббаты, ақын мен ақынның табысуы – «Дала дастаны» 
пьесасының сәтті жазылуына осындай алғышарттар болған деп 
білеміз.
Қазақ әдебиетінде драманы ақ өлеңмен өрнектеу үлгісі – 
М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев шығармашылығында 
жақсы жеміс берген өрнекті арна, бірақ осы бағытта ізденген 
өзге қаламгерлер сирек еді. Құдаш Мұқашев нар тәуекелмен 
қиынға құлаш сермеген. «Дала дастаны» ырғаққа, әуезділікке 
әр түрлі ұйқасқа негізделген ақ өлеңмен жазылған. Ұлттық 
өнердің классикасы «Қарагөз», «Ақан сері – Ақтоқты» сынды 
туындылармен үндестік бар.
Алғашқы көріністерде дала төсінде асау тайдай ойнақтаған 
ерке ақын Ілиясты көреміз. Тау-тас, жер-көк – бәрімен сырла-
сындай тілдеседі. Шерін айтады, мұң бөліседі. Қамсыз, қай-
ғысыз бала күнгі құрбысы Мырза – бүгін иығына жалтыратып 
погон таққан офицер. Ақын жолы мен төре жолы екі жаққа, екі 
қиырға қиғаш тартқан; бірі жұртын сүйген жүрекпен халқына 


227
қызмет етпек, бірі патша ағзамының табанын тілмен тазартса 
да, биліктің биігіне өрмелемек.
Махаббат сезімімен өртенген Қуат пен Бибі арасындағы хал, 
бір от, бір жалын Ілиясты да қинайды. Тұтқындағы сұлу қашып 
шыққан жерінен, мүлде шідер үзіп кетпек ниетінен жігіттің 
солқылдап тұрғанын аңғарып, қайта шегінеді. Тартыс осыдан 
кейін басталады.
Ең алдымен әкесінің көзіне шөп салғанды көріп, төзіп 
отырар қыз Мақпал емес. Бибіні сойылмен соққандай ауыр 
сөзбен тілдейді. Қуатпен көңілдес екенін Мақпалдан қалай 
жасырмақ Бибі? Сүйіспеншілік, жастық бұйрығы дегенді қалай 
түсіндірмек? Сахнаға пьесадағы қаһарлы кейіпкер – Қыдыр 
шығады. Тоқалы Бибіге айтатын сөзі: «Көзің неге ойнап тұр, 
кеудең неге тулайды?» Бұдан соң айыпкер мен соттың жауап-
тасуындай қысқа-қысқа диалог. Қыдырдың жұрттың көз ал-
дында Бибіні шашынан сүйреп сабауы – натуралистік сахна. 
Спектакльде бұл көріністі алып тастау дұрыс болар еді. Мақпал 
мен Қыдыр қақтығысындағы драматизм онсыз да жетіп жатыр, 
әсіре қызыл, шымқай қара бояудың қажеті жоқ.
Еш зорлық жасамаған, бір қылтанағы құрымаған ке-
йіппен Қыдыр өз отауында Ілиясты қарсы алады. Кезінде 
Құнанбайдың ұлы Абайды сынау үшін айтқан тұспал сөздеріне 
ұқсас сұрау қояды. «Ел» деп кімді айтамыз? Лапылдаған, аң-
қылдаған ақын көңілі барлығын да халық, жұрт алдындағы 
жауапкершілікпен, ел тағдырымен байланыстырады. Тізеден 
қағып жатқан қажы жоқ. Күдік, дауын аралыстыра оты-
рып, өз мүддесі үшін Ілиясты Қуатқа айдап салмақ. Өртенген 
намысының кегін солай қайтармақ. Бұған көнер ақын ба? Сонда 
табанына шоқ басқандай ашумен атылады қажы: «Бір тоқалды 
өз әкең Жансүгір де құшып жүр. Сол тоқалға Қуатты неге апа-
рып салмадың? Әлде оны өзіңе қалдырдың ба, Ілияс?»
Адам аузы бармас сөздің аяғын Қыдыр қарғыспен бітіреді. 
Нағыз қатын қарғыс. Әлгіндегі бейбіт рай, дос пейіл аз ғана сәтке 
шымылдық болған алдамшы күй екен. Бұрыннан қордаланып 
жиналған дұшпандық өшпенділік енді бұрқырап шыға келген. 


228
Ақтарылып, төгіліп жатыр. Қыдыр қажының көзіне қан толып 
кеткен. Ілияс та аянар емес.
Бірінші актінің соңғы, бесінші суретінде әр түрлі әрекет, 
сахналық қимыл, кейіпкерлер арасындағы тартыс күшейе 
түскен. Сырт көзге аңғарылмайтын, бітеу жара секілді іштей 
кеулеп бара жатқан дерт бар. Ұлы Мырза мундир киіп, офицер 
болып қайтқан қуанышына әкесі Есен болыс той жасап жатыр. 
Әкелі-балалы екеуі жұрт жиналардың алдында шүйіркелесіп 
сыр шертіскендей. Талай құқайды көрген жырынды, әккі 
көкжал бөлтірігіне түлкі заманның айла-шарғысын, қулық-
сұмдығын үйретеді. Өзінің қолын билікке жеткізген, тәңір 
тұтар пірің – Қыдыр қажы, үлгі ал, әдіс-тәсілін меңгер соның 
дейді. Кекең-кекең еткен, ноқай, даңғой офицер залым болыс 
арамдығын түсінер деңгейде емес.
Той сценасындағы әрекеттер қазақ драматургиясында қа-
лыптасқан арнаның ізімен отырады. Жұрт алдында Қуатты 
масқараламақ пиғылмен арамза Қыдыр жандайшап тыңшысы 
Желбуазды әдейі, күн ілгері дайындап алып келген. Кісіге ит 
қосқандай қылып, айтысқа салады. 
Желбуаз – Қуат айтысы фольклордағы дәстүр негізінен 
ауытқымайды. Жазықсыз жігітке қылыш ала жүгірген 
зорлыққа шыдамаған Ілияс Мырзамен арадағы бала күндер 
естелігі арқылы жалғасып жатқан болар-болмас дәнекерді 
сын 
дырады. Енді Қыдыр дұшпандығына Мырза жаулығы 
қосылады. Той үстінде бұлтсыз күнгі найзағайдай, ел-жұртты 
дүр сілкіндірген тосын хабар жетеді. Мұғалім Бейсенбай 
Көдесов жар салып тұр: «Патша тағынан құлады!» Екі ақын – 
Ілияс, Қуат бірін-бірі қостап ағыла жөнеледі. Жаңа өмірдің той-
бастары айтылады.
Ілиястың әкесі кесек, мінезді, тура адам болғаны белгілі. 
Пьесада Жансүгірдің сенімді, қызықты бейнесі жасалған. 
Алғаш онымен екінші актінің басында, алтыншы суретте ұлы-
мен бірге асау үйретіп жүрген кезінде жолығамыз. Қыдырдың 
аманатын арқалап Желбуаз да жеткен. Бұл Әуезов романында-
ғы хабаршы, атшабар да, Мүсірепов трагедиясындағы Жантық 


229
та емес, соларға ұқсайды әрі ұқсамайды. Даланың өмір қалпы 
тудырған жансыз, тыңшы. Бірді бірге ұрып жүрген алаяқ. Сон-
да қара басына келтірер пайдасы да шамалы.
Желбуаздың астына тастаған бөстегіне шалжия кетер Жан-
сүгір ме, қайта су жұқпас қудың екі аяғын бір етікке тығады. 
Қыдырдың ұлыңды тыйып ұста дегеніне құлақ асу қайда, тас-
пен атқандай байламы бар.
Аяқ астынан аттан құлаған Ілиясты табалай сөйлеген Жел-
буазға сыр бермейді. Жансүгір қабырғасын сөгіп алса көзден бір 
тамшы жас шығармас қас батырдың қайсарлығын ұстанады. 
Жүрегі елжіреп, бауыры езіліп тұрса да, түсі суық, үні қатқыл.
Драмадағы тартысты күшейтетін бір арна – Ілияс – Мақпал 
қарым-қатынасы. Қажының оң жақта бұлғақтап отырған 
қызы ерке тотай емес, есті, дүмбілез емес, сезімтал. Даланың 
құланындай жайнап тұрған асау, тарпаң ақынды сырлы құш-
тарлықпен ұнатқан. Көкіректі күйдіріп, жүректі өртеген 
жалын ақыры шыдатпай жігіт алдына әкеп тұр. Әуелгі сөзді 
қыз айтады. Еңлік мінезі аян, Татьяна қадамы да белгілі 
болған заманның перзенті ғой. Біреудің қалың малы берілген 
қалыңдығысың деген сынық сөзбен Ілияс сыпайы ғана 
шығарып салады. Ақын үшін тұла бойды балқытқан, тоқсан 
тоғыз тамырды идірген сүйіспеншілік керек секілді. Өз аяғымен 
келіп тұрған қыздан бойын тежеуінде осындай гәп бар.
Жуандықтың қамшыгері Қыдырмен жауласса да, Ілияс 
жақсы-жаман, бай-кедейдің арасын пышақ кескендей бөлетін 
күрескерлер жолына бірден түсіп кете алмайды. Драматург 
ақынға идеялық әсер берген, әлеумет майданына тартқан тұлға 
ретінде Бейсенбай Көдесов бейнесін алған. Оның сөздерінде 
ақылгөйсу, ұстаз көріну сарындары көп.
Патша құлап, қазақ даласын революция дауылы дүрілдет-
кен дәуірдің екпіні алыс қырлардағы шағын ауылдарға да 
жеткен. Қыдыр қажы белін шарт буынып, сақалды күзеп атқа 
қонды. Офицер мырза шетелге қашпақ.
Дүрбелең, сасқалаң заманда кім жау, кім дос екенін аңғар-
маған талай ауыл нақақтан зарлап қалған. Өтірік қызылмыз 


230
деп жүріп, ақтар жасаған лаңды сахара ұзақ уақыт ұмытқан 
жоқ. Жансүгір қыстағына қансырап жеткен жаралы адамның 
сұмдық әңгімесінен кейін Бейсенбайдан талай жұмбақтың 
бетін ашқан, қас пен достың ара жігін ажыратқан, күрестің 
бағда рын нұсқаған хат келеді. Сандықта ораулы жатқан ба-
баларының қылышын Жансүгірдің тебіреніп, толқып тұрып 
ұлының қолына ұстату сценасы әсерлі шыққан. Сол сәтте ақын 
жүректен жыр төгіледі. Күйбеңнен құтылып қияға, мұзарт 
шыңға тартқан қыран жыры. Ілиястың күрескерлер сапына аяқ 
басу эволюциясы тартымды детальдар, сенімді штрихтармен 
берілген.
Соңғы, сегізінші суретте әрекет мол. Пьесада персонаж көп 
емес, негізгі он шақты қаһарман түгел бірінен кейін бірі осы 
сценада сахнаға шығады. Әрқайсысының тағдыры шешілетін 
кезеңге тірелген шақ.
Күлкі тудыратын құралдарды іздегенде, қаламгер әлеу-
меттік идеяны, эстетикалық мәнді айрықша құнттағаны аб-
зал, әйтпесе физиологиялық кемшіліктер, көздің соқырлығы, 
тілдің сақаулығы, құлақтың саңыраулығы, аяқтың ақсақтығы 
келемежделіп, әжуа етілсе, натуралистік тенденцияға жол 
берілмек. Бұл орайда реалистік өнер өркен жая алмақ емес. 
Надандық салмағы еңсесін түсіріп, мәңгіртіп, намыстан 
жұрдай еткен сорлы Жабаққа адамның жаны ашиды. Мырза 
сабап жатқанда араша түскен Ілиясқа рақмет айтудың орнына, 
дауыс көтеріп балағаттайды байғұс. Осы персонажды сақау етіп 
алғаннан драматург ұтпаған. Қыдыр жұрт назарын тайдыру 
үшін залымдықпен шапанын әдейі Жабаққа кигізеді. Ұшпаққа 
шығып, жұмаққа кіргендей, төбесі көкке жеткендей мәз болып, 
қуанған сорлының талтаңдауында ауыр трагедия жатыр. Жо-
лына құрбандыққа тоқты шалғандай, селт етпеген жүрекпен 
Қыдыр қажы бейшара Жабақты бауыздап, жолға тастап жүре 
береді.
Ыстық сезім, өрт құштарлық тағы да Мақпалды әке көші-
нен бөліп алып қалып, Ілияспен кездестірген. Енді тосаңсу, 


231
сырғанақтаудан тыйылып, жас көңілдер емірене табысқан. 
Бірақ бұл көк сағымдай аз дәурен.
От қоршау қысыла бастайды. Қыдыр – сенімнің, күрестің, 
қылыштың адамы, бас сауғалап, мал қуып, тиын санап қыр аса-
тын босқын-қашқындардың қатарында ол жоқ. Диуана кейпіне 
түсіп, Ілияспен бетпе-бет келіп тұр. Баяғыда өз отауында бер-
ген қанды серттің шешімін мылтыққа тапсырып, басып қалады. 
Оқ Ілиясты емес, кеудесімен жан жарын қорғаған Мақпалды 
орып түсті. Тіршілікте соңында қалар жалғыз тұяқты Қыдыр 
өзі құртты, өзі өлтірді қызын. Бұдан әрі барар жер, басар тауы 
қалмаған Қыдырдың өзімді жайратар деп сескенбестен Ілияс 
берген мылтықпен атылып өлуі – оның кесек тұлғасына жара-
сты қадам. Әлеуметтік мәні күшті бұл бейненің психологиялық 
кескіні соңғы қылығымен ашыла түскен.
Пьеса финалында көтеріңкі леп бар. Аяулы жары Мақпалдан, 
ардақты ұстазы Бейсенбайдан айрылған Ілияс қайғы жұтып, 
қансырап, шөгіп қалмаған. Өртке қанатын күйдіргенмен, 
қайта түлеп, жаңғырып, өзгеріп, өсіп шыққандай. Келе жатқан 
азаттық таңының шапағына жырмен шашу шашып, елінің, 
халқының бұлбұл құсы болып сайраған ақынның бір қолында 
қылыш, бір қолында домбыра.
Драматург Ілияс поэзиясына вариация жасау, монтаждау-
дан аулақ, ақын шығармасының ырғақтық, әуездік ерек-
шеліктерін жақсы пайдалана отырып, рух, идея туыстығына 
қабыстырып, сырлы, сазды монологтар тудырған десек, артық 
мақтау емес. Таныс сарындардың кездесуі, термелеп кету, дра-
матизм олқылығы секілді кемшіліктері бола тұра, «Дала даста-
ны» пьесасы ақындық пафоспен, форма еркіндігімен, айшықты 
тілімен әлі талай көрерменді өзіне тартып, аруақты, ардақты 
ақын Ілияс жайлы сыр шертетін болады.
Сахнаға шыққан тарихи-ғұмырнама пьесалардың бірі – О. Бо-
дықовтың «Дала тұтқыны». Әуелгі аты «Барымташы» бо-
латын. Шығарма ықшам. Сахналық талаптар, бүгінгі театр 
мүмкіндіктері ескерілген. Автор режиссерге қажетті жәйттерді 
өзі айтып отырады – қай жерде қандай музыка, ән, күй пайдала-


232
ну, декорация, сахнаға қойылмақ заттар көрсетілген. Пьесаның 
екі бөлімі де ұқсас көрініспен басталып, ұқсас көрініспен 
бітуі спектакльге өзіндік ырғақ береді. Самодержавие билік 
құрған заман сырын сездіру үшін алынған барабан үні, сол-
дат етіктерінің дүрсілі, патша коронасы, алға тартқан уақыт 
белгісіндей сағат тықылы – орынды қолданылған детальдар.
Пьесаның бірінші актісі: Омбы. Түрме. Жеке камера. Фе-
дор Достоевский мен поручик Кринцовтың диалогының үстінен 
түсеміз. «Құлан құдыққа құласа, бүкіл Ресейді дүрілдеткен 
жазушы бүгін қол-аяғында кісен шылдыраған тұтқын. Анау 
жаналғыштың сөзінде шаруасы шамалы. Аузы бірдеңе деп жа-
уап бергенмен, ойы басқада. Әдейі қырсықтанып, сұм ниетпен 
Достоевскийдің үстіне екі адам кіргізген.
Достоевский мен тұтқын қазақтар арасындағы диалог әр 
шөптің басын бір шалады. Болар-болмас мінез ерекшеліктерін 
аңғарамыз. Ит таластырып қызықтаған содыр мінезбен Крив-
цов тұтқындарды бір-біріне айдап салып, кім басқаны сабаса, 
соны босатам дейді. Осыдан кейін тартыс, психологиялық ар-
басу басталады. Қасында еріп жүрген жолдасы Жаманбайды 
Барымташының жазықсыз Достоевскийді сабамақ болдың деп 
буындырып өлтіріп тастауы – намысты ердің аршынын көр-
сететін асау қылық.
Осыдан кейін Барымташының мінезін ашатын әрекет-
терді көре алмаймыз. Екінші бөлімде онымен тау-таста қашып 
жүрген кезінде жолығамыз. Ісі, қимылы жоқ, өткенді айтуы, 
егілуі, жасуы ғана бар. Барымташы – жүрген жүрісі, жасаған 
қылығы буалдыр персонаж: Тайман, одан соң Жоламан аузымен 
айтылатын ол жайлы сөздер өзара қайшы, шалыс келіп жатыр. 
Ақынмын деген Жоламанның Барымташыны бірде мақтап, 
бірде даттауы көңілге қонбайды.
Барымташы бойындағы трагедияның басы ашылмаған. 
Оның аузына драматург сол заманға сыйымсыз, артық, көте-
ріңкі сөздер салады. Ұлы психолог жазушы Достоевскийдің 
жан сырын, жүрек дүрсілін, сезім толқындарын беретін көр-
кемдік бояулар жетіспейді.


233
Пьесаның бірінші, екінші бөлімдерінің арасында тұтастық 
жоқ, шығарманың бас-аяғын біріктіретін тартыс-әрекет бірлігі 
жоқ. Орыс, қазақ халықтары туыстығының жақсы көрінісі – 
Достоевский мен Шоқан достығы болатын. Бір ізденсе, ізденетін 
тұс осы еді. Драматург тарихи негізі тиянақсыз материалдың 
соңына түсіп кетіп, творчестволық олжаға кенелмеген.
Ой тұжырымы: қазақ драматургиясының революциялық-
қаһармандық, тарихи-ғұмырнама тақырыпты игерудегі сан 
алуан тәжірибесі, әр түрлі ізденістері өткенге партиялық, тап-
тық көзқарастар тұрғысынан жазылмақ, терең идея, жарасым-
ды шеберлікпен айтылмақ тартысы кесек, кейіпкерлері соқта-
лы туындылар жасауға негіз береді деп білеміз.
Қоғамдық жаңа қарым-қатынастардың әсерінен адам пси-
хологиясында пайда болған соны өзгерістерді, характер құ-
былыстарын тез аңғарып, жіті бейнелеу үшін суреткердің 
азаматтық белсенділігі, ізденісі, заман тамырын қапысыз дәл ба-
сып отыруы шарт. Қияндағыны шалып қалар көз қырағылығы 
өз алдына, белгілі объектіні нысана етіп алып, ұзақ уақыт со-
циолог, экономист, философ, психолог, тарихшы секілді 
зерттеудің нәтижесінде басқаларға әлі анық көріне қоймайтын 
дүниелерді жазушы бұрын сезіп, шығармаға арқау етуі – өнерде 
қайталанып отыратын заңдылықтың бірі.
Әлеумет назарын мәнді проблемаға алғаш бұрудың ма-
ңыздылығы көркемдік, идеялық олқылықтардың орнын тол-
тыра алмайды. Өзекті мәселелер көтерген шығарманың та-
қырыбын, автор ниетін желеу етіп жеңіл талап қою – эстетика 
шарттарына қайшы екендігін әсте ұмытпау ләзім. Кейбір көпе-
көрнеу шиі шығып тұрған, социологиялық штамп, науқандық 
схема ізімен, иллюстрация қалыбымен ғана жасалған көкжасық 
нәрселердің санға еніп, санатта жүруі – қынжыларлық жәйт.
Бүгінгі заман күйлерін шертетін туындыларға қауым көзі 
бірден түседі. Әркім өзін толғантатын, қабырғасына батып 
жүрген түйткілдерге жауап іздейді. Ұқсас қиындықта басқалар 
қайтті екен? Жыбыр тірліктен, мимырт күйбеңнен босап, қиял 


234
әлемін, романтика ауылын шарлағандар келбеті қандай? Сауал 
көп.
Қазақ театрларының сахнасында қойылып жүрген пьеса-
лардың ішінде қазіргі күннің өзекті мәселелерін арқау ететін 
Әлжаппар Әбішевтің «Белгісіз батыр» драмасы да бар.
Ұзақ уақыт драматургияда еңбек еткен белгілі қаламгердің 
қалыптасқан қолтаңбасын, стильдік ерекшелігін айтылмыш 
пьесадан аңғаруға болады. Кездейсоқ, күтпеген оқиғадан тар-
тысты сабақтап алу, қашан шығарма тәмамдалғанша кейбір 
жәйттердің жұмбақ болуы, кейіпкерлердің бір-біріне деген 
көзқарасын ашық білдіруі – осы алуандас сипаттар «Белгісіз ба-
тырдан» басқа да Әбішев пьесаларында жиі кездесетін нәрселер.
Прологтағы әрекет сұрау артынан сұрау тудырады. Парижге 
ғалымдар кеңесіне барып келе жатқан физик Мардан кім өзі? 
Жартылай жарымжан, ұмыту ауруына шалдыққан Тағдыр де-
ген адамды неге сонау Франциядан алып келген?
Бұлардың жауабы көпке дейін күңгірт. Алғашқы көрі-
ністерде Алматы маңындағы дачалардың біріндегі қазіргі қа-
зақ зиялыларының тұрмысымен танысамыз. Шеше мен қыз 
арасындағы қарым-қатынасты, көршілер сыйластығын, бүгінгі 
тәрбие-тәлім қалыбын аңдаймыз. Көп адам жоқ, үш отбасының 
кісілері, онда да артық бас емес, ата-ана бауырындағы бір-бір 
перзент, бәрі де ат жалын тартып мінген, жоғары білімі барлар.
Атақты физик Марданның қызы Самал мен профессор 
Дүрмектің ұлы Иман – кішкентайынан біте қайнап, қатар өскен 
құрбылар. Әлі де әзілдері жарасқан. Екеуінің көңілі екі жерде. 
Самал талантты физик Жандосты сүйсе, Иманның да ұнатқан 
қызы – Зура физик. Осы жолы Қырымға демалысқа кеткен 
Жандос мерзімі бітпей ерте қайтып отыр. Зура Москвадан бірге 
келген. Неге?
Драматургияда қызғаныш сезімінен ұшқындап барып өртке 
айналған талай ситуациялар бейнеленген. Самал көңіліне келіп 
қалған ренішті Жандос әдейі ушықтыра түседі. Ертең келіні 
болуының басы ашылып қалған Зурамен профессор Дүрмек өзі 
ашық сөйлеспек.


235
Мемлекеттік аппаратты басқаруда, кадрларды іріктеуде 
кейбір қолайсыз жағдайлардың кесірінен, нормалардың 
бұзылуы салдарынан қабілетсіз, біліксіз, мансапқұмар, шен-
құмар әлдекімдердің мерейі үстем болған кез де бар. Дом-
бытпа сөзбен үркітіп, қорқытып, талай ақ, адал адамдарды 
тұқыртқаны, тіпті домалақ қағазбен нақақ күйдіргені де рас. 
Айтылмыш пьесадағы Дүрмек осындай уақыттың жемісі 
екендігі оның алғашқы қадамдарынан сезіле бастайды.
Белгісіз себептермен жаманатты болған Зураның әкесінің 
ескі әңгімесін қайта қоздырған Дүрмек болашақ келінінің 
қызметке орналасу, фамилиясы орайында зілді сөздер айтады. 
Ауыр айып тағып, бағындырып алу – ежелгі дағдысы. Тағы сол 
тәсіліне басады. Аспан ашылған, нормалар қалпына келген, іс 
тұтқасына, тұғырға жаңа толқын ие бола бастаған кезеңде ескі 
айла-шарғының ұшпаққа шығармайтынын қайдан білсін.
Екінші жүйе тартыс Жандос – Самал арасында. Зерттеу 
жасау үстінде сәуле ауруына шалдығып қалған физик Жан-
дос басқаларға кесірім тимесе екен, не көрсем де өзім көрсем 
дейді. Сүйген жары Самалдың ертеңгі ғұмырын жараламай, 
көңілін әдейі ерте суытпақ. Мұндай мотив «Абай» трагедия-
сында Әбіш пен Мағыш арасында бар. «Бір жылдың тоғыз күні» 
кинофильмінің өзегінде сәуле ауруына ұшыраған талапты 
ғалымның басындағы трагедия жатыр.
Мардан Франциядан алып келген Тағдыр есімді адамның 
жұмбағының шешілуі – тағы бір әрекет арнасы. Мардан, Самал, 
Гүлзәр кісі бойынан жақсылық көруге ұмтылса, Дүрмек ойын 
үнемі сенімсіздік жайлаған. Фамилиясының жаманатты екенін 
біле тұра Зураны өзі басқарып отырған маңызды ғылыми-
зерт теу институтына неге алады Мардан? Аты-жөнін, қайдан 
туғанын, не істегенін, ұлтын білмейтін мынау Тағдыр деген жа-
рыместі неге үйінде сақтайды Мардан? Бұл орайда шүйілген 
Дүрмектің мінездік, психологиялық ерекшеліктері басқа 
кейіпкерлерге қарағанда айқын ашылады.
Шетелдерге даңқы жайылған ғалым бейнесінде алынған 
Марданның әрекеті солғын, характері көрінбейді. Үлкен 


236
оқымыстыға лайық тебіреніс, толғау, көсемсөз жоқ. Әйелі Жа-
нармен арасындағы әзіл-қалжыңның өзі добал.
Соңғы пердеде журналист Самал Украинадан келген хаттың 
ізіне түсіп, кешегі соғыс сұрапылындағы бір трагедияның, 
оптимистік трагедияның құпиясын шешеді. Бұл – белгісіз ба-
тырлар, есіл ерлер жайлы сыр. Дәл нақты негізі болмағанмен, 
осы пьесадағы оқиғаларға ұқсас жағдайлар Отан соғысы тари-
хынан белгілі. Драматург азаттық жолындағы күресте қазақ, 
украин, неміс халқының ардагер ұлдары тізе қосып күрескенін 
паш еткен. Кешегі қаһарман ұшқыш Азат Найманов бүгін аты-
жөнін де білмейтін мүгедек Тағдыр аталып жүрсе, Отан үшін 
құрбан болған Сағынов дәлелсіз опасыздар қатарына қосылса, 
кешегі солардың үзеңгілес досы, қазір генерал Гюнтер барлық 
шындықтың бетін ашып отыр. Ерлік ұмытылмаса керек, батыр-
лар қастерленсін – осы идея пьеса арқауы.
Соғыстың сұмдықты зардаптары әлі жойылып біткен жоқ: 
біреулер әкесінен, жарынан, ұлынан айырылған, екіншілер 
оқ пен от арасынан тірі қайтқанмен денсаулығынан, жастық 
қайратынан айырылған, тіпті өз есімін ұмытып қалу деген нет-
кен қасірет! Ажалға қарсы шапқан досының атын оның көзін 
қайта көргенде есіне түсіреді екен адам. Азат Найманов пен гене-
рал Гюнтердің бір-бірін тану сценасы психологиялық жағынан 
сенімді. Енді Зураны фамилиясы Сағынова деп ешкім кеміте, 
қорлай алмайды, ол батырдың қызы екен, Гүлзәр батырдың 
әйелі екен.
Оқыс оқиғаға, күтпеген жағдайларға құрылған «Белгісіз 
батыр» пьесасының композициясында қазіргі драманың фор-
малық табыстары ескерілген. Самалдың хат ізімен барып, өткен 
оқиғаларды тірілтуі жайлы осыны айтуға болады.
Әрбір персонаждың шыққан ортасына, алған тәрбиесіне, 
біліміне, мінезіне лайықты сөйлеуіне драматург жете көңіл 
бөлмеген. Кейіпкерлер орынсыз, қажетсіз дөрекілікке ұрынып 
қалады: «Шешемнен қайта туайын, оған дейін осы жерде тұра 
тұрыңыз....», «Азбановтар біздің үйге келуді тоқтатқан. Оны сіз 
қалай білмейсіз? Әлде Иманыңыздың қимасы қышып оны сізге 


237
айтпай жүр ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет