1.Құрметті ұстаздар, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту тобының студенттері, міне, тура 26 жыл бұрын, еліміздің бірқатар жас студенттері мына сіздер мен біздердің жарқын әрі еркін болашағымыз үшін күресіп, бас-бостандықтарынан айырылатындарына қарамастан, өз өмірлерін қыршыннан қиып, барлығымызға қазіргі таңдағы егемен елдің азаматы болу бақытын сыйлады. Сондықтан да, осы еркіндікті сақтап қалу, келешекте елімізді одан әрі өркендету - әрқайсысымызға міндет.
Жиырма алты жыл, жиырма алты жыл азаттық,
Өзімізді құрсаудан да босаттық.
Ақтадық біз ата-баба үмітін,
Қолда қазір көк ту менен бостандық.
Желтоқсанның қанды суық ызғары,
Қалың әскер қазағымды қорлады.
Тәуелсіздікті қолдаған жастардың
Отан үшін табандары тозбады.
2.Алдарыңызда мектепке дейінгі тәрбие және оқыту тобының студенттердің орындауында биді қабыл алыңыздар
Жүректе намыс оты лапылдаған,
Күш-жігері жастардың сарқылмаған.
Отан үшін олар шығып алаңға
Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату–тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі.
Ән Туған жер. Орындайтын Мдт-117 және Мдт-216 тобының студенттері қабыл алыңыздар
3.Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздіккүні – ең қастерлі күн. Барлықтарыңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз. Еліміздің керегесі кең, терезесі тең болсын! Осымен Қазақстан Республикасының – 26 жылдығына арналған шағын концерттік бағдарлама аяқталды. Іс-шараға қатысқандарыңыз үшін рахмет!