Жоспары: Омыртқалы жануарлар. Жылы қанды және суық қанды омыртқалылар 2



бет1/4
Дата02.12.2022
өлшемі24,1 Kb.
#160970
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
жаратылыстану
математ, 12 дарис матем

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Омыртқалы жануарлар. Жылы қанды және суық қанды омыртқалылар. Балықтар. Қосмекенділер. Жалпы сипаттама. Жорғалаушылар (рептелии)


Орындаған: Құлназарова Г


Жоспары:


1. Омыртқалы жануарлар. Жылы қанды және суық қанды омыртқалылар
2. Балықтарға жалпы сипатама.
3. Қосмекенділерге жалпы сипаттама
4. Жорғалаушылар (рептелии) жалпы сипаттама.


1. Омыртқалы жануарлар. Жылы қанды және суық қанды омыртқалылар
Омыртқалылардың арғы аталары теңізде тіршілік еткен төменгі желілер (қабықшалылар, бас сүйексіздер), содан кейін кейбірі тұщы суға енген. Омыртқалылар тұщы суда пайда болған және осы жерде біртіндеп дамудың алғашқы сатысы өткен. Дамыған қозғалыс жүйесінің арқасында су омыртқалымалы (негізінен балықтар) су қоймаларына қоныс тепкен және теңізге енген. Су қоймаларында мекендеуі, әсіресе, оттегінің кем болуы, олардың девонда құрғаққа шығуға дайындады. Бірінші құрғақ омырқалылар ерте заманғы саусақ қанатты балықтардан шыққан және қосмекенділердің тегі ихтиостегалар болуы мүмкін. Мезозияда басым болған баурмен жорғалаушылар сүт қоректілердің (триасада) және құстардың (юрада) басы болады. Біртіндеп даму процесі кезінде шеміршекті (кейбір балықтарда) немесе (басқа омыртқалыларда) омыртқалылардан құралған омыртқа жотасына ауысты (осыдан тип тармағының аты шыққан).
​Қуатты ет жүйесіне иілгіш, бірақ мықты тірек пайда болды, ағын суда өте қажет. Сондай үдемелі қозғалу жүйесінің жұмысы үшін тыныс алу, тамақтану, қан айналу, эәр шығару және сезім мүшелерімен орталық жүйке жүйесінің процестерін жетілдіру керек болды. Бұл өзгерістер, әсіресе, олардың құрылыққа шығуына және суда жүзуден құрылыққа жылжуға, бунақталған аяқтардың көмегімен, қажет болды. Ас қорыту жүйесі күрделенді, оның әртүрлі бөлімдерінде әр түрлі “апарғыш” ас қорыту ашытқылары пйда болып тағамды біртіндеп өндеген. Қуатты етті жүрегі бірнеше нгізгі (жүрек қалақшасы және қарынша) және қосымша (көк және күре тамыр) бөлімдерінен тұрады. Қан айналу жүйесі тұйықталған. Су омыртқалыларда (бас сүйексіздерде, балықтарда) тыныс алу мүшелері желбезек, құрлық омыртқалыларда – қос өкпе.
​Зәр шығару мүшелері су омыртқалыларында тұлғалық немесе мезонифридтық, ал құрлық омыртқалыларында жамбастық немесе метанефридтық бүйректер.
​Омыртқалыларда тіршілік әрекетін реттейтін ішкі бөлу жүйесі жақсы дамыған. Негізгі ішкі бөлу бездері: гипофиз, бүйрек бездері, бұғақ безі, қалқанша без, айрықша без, жыныс бездері.
​Жүйке жүйесі мидан, жұлыннан және аймақтық жүйкелерден тұрады. Ми бес бөлімнен тұрады: алдыңғы, аралық, ортаңғы, мишық, сопақша ми. Олардың әрқайсысында иіс, көру, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің жұмысын реттеп орыратын орталықтар бар. Сезім мүшелері: көре, есту, иіс сезу өте жақсы дамыған. 
​Қозғалыс мүшелері су омыртқалыларында жүзу қанаттары, құрылық омыртқалыларында аяқтары және қанаттары.
​Әдетте, омыртқалылар дара жыныстылар: жыныс бездері жұп болып келеді. Балоықтарда қос жыныстылар көп кездеседі. Дөңгелек ауыздылар, балықтар, қос мекенділер, әдетте, жұмыртқа салушылар. Тірі туу барлық топтарда кездеседі, бұлардың қатарлынан дөңгелек ауыздылар және құстар шығады, сүт қоректілерде бұл негізгі көбеюдің түрі. Қағанақтыларда: бауырмен жорғалаушыларда, құстарда және сүт қоректілерде ұрпаққа қамқорлық қасиеті бар. 
​Омыртқалылар мына кластардан тұрады: дөңгелек ауыздылар (жақ сүйексіздер), шеміршекті балықтар, сүйекті балықтар, қос мекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүт қоректілер немесе аңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет