2. Балықтарға жалпы сипатама.(Шеміршекті балықтар) Денелерінің ұзындығы 6 см-ден 20 см-ге жетеді. Қаңқасы шеміршекті, көбінесе әктелген. Омыртқасы және қабырғасы бар немесе жоқ. Тері сүйектері болмайды. Қабыршақтары бар. Жүзу қанаттарының ескектері майысқақ жіптерімен бекілген. Желбезек саңлаулары (5-7) сыртқа ашылған, кейбіреуінің 4 саңлауы терімен көмкерілген. Жүзу торсықтары болмайды. Ішектің ширатылған қақпағы бар. Жүректің қолқасы бар. Артқы және несеп-жыныс тесіктері құрсақ жүзу қанаттарының түбінен ашылады. Іштей ұрықтанады. Аталықтардың жыныс қалақтары жұп (птеригопод), құрсақ жүзу қанаттарынан пайда болған. Тірі туушылар (сирек кездеседі), жұмыртқа тірі туушылар немесе үлкен жұмыртқалар салады. Шеміршекті балықтардың ішкі ортасының қысымы негізінен қанға араласқан несеп нәрімен реттеледі. Қуыс сұйықтарының қысымы сыртқы ортаға қарғанда жоғары. Шеміршекті балықтарды тұщы суда ұстаса ішкі қысым кеміп олар өліп қалады. Тұщы су өкілдері ішкі жоғарғы қысымды ұстап тұру үшін көп мөлшерде несеп бөледі. Қабыршағы, кейде жылтыр терісі бар. Тістері іреукеленген, өте көп, әр түрлі пішінді және көлемді, оларға тән және әр түрлі тістердің бірінен кейін бірі орналасуы. Желбезек жабқыштары болмайды. 5-7 жұп сыртқы желбезек саңлаулары болады. Желбезек жапырақшалары тақта тәрізді (осыдан тақта желбезектілер аты шыққан) желбезек аралық қалқандарда орналасқан. Жақ және тіл асты иектің ортасында орналасқан бүрікпесі бар. Артқы және несеп-жыныс түтігі айналшыққа ашылған. Қозғалу мүшелері: жұпсыз арлық, аналық және құйрықтық, жұп кеуде және құрсақ жүзу қанаттары.
Ас қорыту жүйесі. Тақта желбезектілердің көпшілігі жыртқыштар. Ауыз қуысы кең, жақтарының бірнеше қатардан орналасқантістері бар. Ауыз қуысынан кейін жұтқыншақ, қысқа өңеш, кең қарын, ішек және айналшық келеді. Ішектің бас жағынан бауырдың және ұйқы бездерінің түтіктері қосылған. Тақта желбезектілер дара жыныстылар. Жыныс бездері жұп болады. Ұрықтану іштей. Сүйекті балықтар. Денесінің ұзындығы 0,7-1,1 см-ден 5-7 м-ге дейін, салмағы 1,5 тоннаға жетеді. Ішкі қаңқа әдетте азды – көпті сүйектелген, ал егер шеміршекті болса, онда әктелген. Тері сүйектері бар. Қабыршағы кіреукелі, косминді немесе сүйекті (циклой\идты немесетарақшалы). Жүзу қанаттарының ескектері шеміршекті немесе сүйекті шыбыртармен сүйемелденген. Желбезектері қалқандармен бөлінген. Желбезек тесіктері қалқанмен жабылған. Жүзу торсықтары кейбір өкілдерінде екінші рет болмайды. Ширатылған ішектін қақпағы және жүректің қолқасы тек көне балықтарда болады. Ұрықтану әдетте сырттай, тірі туатындары болады. Ішкі қысымды реттеу тұщы су және теңіз балықтарында негізінде әр түрлі: біріншілері ратық суды желбезегі немесе терісі арқылы шығарады, екіншілері артық тұздарды бүйректері және желбезектер ірақылы шығарады. Ішкі қысымды реттеу процессінің ауытқуы балықтардың әр түрлі тұздылықтағы су қоймаларында өмір сүруге мүмкіндік береді. Өрістегіш балықтар теңіз суларынан тұщы суларға және кері қайта алады.
Қазіргі тіршілік ететін сүйекті балықтар екі класс тармағына кіреді: сәуле қанаттылар, ескек қанаттылар.
Сәуле қанаттылардың жұп жүзу қанаттары сәуле тәрізді орналасқан сүйектен құралған тарамдарға сүйенеді. Желбезек арқылы тыныс алады. Жүзу торсықтары тақ, ішектің үстінде жатады. Мына тобырлардан тұрады: бекіре тәрізділер, албырт тәрізділер, шортан тәрізділер, шаншар балық тәрізділер, тұқы тәрізділер, жайын тәрізділер, жұмсақ қанат тәрізділер, тұқы түсті тәрізділер, алабұға тәрізділер.