Қосмекенділерге жалпы сипаттма Әдетте, даму кезеңінде су дернәсіл күйінде сақталады. Үлкенді-кішілі су ортасымен байланысы көпшілік өкілдерінде және есейгенде де болады. Олар көне саусақ қанатты балықтардан девон дәуірінде шыққан және балықтармен қазіргі құрлық омыртқалардың ортасында тұр. Қазіргі қос мекенділердің денесінің ұзындығы 2-3 см –ден 1,8 м-ге дейін барады. Терілері жұмсақ, жалаңаш, оларды көптеген шырын бездернің шірнелерінің әсерінен әр уақытта ылғалды болып тұрады. Терілері арқалы газ және су өтіп, кейбір мөлшерлі газ алмасу болып тұрады. Кейбір тері қаңқасының құрамдары топырақта тіршілік ететін аяқсыздарда (құртшаларда) және кейбір құйрықсыздарда кездеседі. Көптеген өкілдерінің терілерінде улы бездері болады.
Қазіргі қос мекенділердің қаңқасында көптеген шеміршектер кездеседі. Басы мен кеудесінің қосылған жері қозғалмайды. Алдыңғы аяқтары, әдетте, төрт саусақты, артқы- бес саусақты. Құйрықты қос мекенділердің ішінде қақпа мұрындылар артқы аяқтарын жоғалтқан. Кеуде қуысы жоқ, сондықтан ауа ауыз қуысының еттері тартылғанда өкпеге жіберіледі. Кейбір өкілдерінің өкпелері болмайды (өкпсіз саламандраларда). Мидың мишықтары нашар дамыған.Құйрықсыздардың, әдетте, орта құлағында дабыл жарғағы болады. Жүректері әдетте үш бөлімді, өкпесіздерде –екі бөлімді. Үш бөлімді жүректің сол жүрекшесіне тек өкпеден күре қандары келіп түседі, ал оң жүрекшесіне көк тамыр қандарымен қоса тері көк тамырларынан келіп күре қанға түседі. Бұл жағдай жүректе қанды таза екі түрде бөлуге мүмкіндік етпейді. Бүйректері балықтар балықтар сияқты денелік (мезонефридтер). Жыныс бездерінің және бүйректің түтіктері айналшықта ашылады.
Суық қанды жануарлар сондықтан зат алмасу процесінің өнімділігі үлкен емес. Денелерінің жылулығы тұрақты емес.
Қос мекенділердің көпшілігі суда көбейеді. Барлық дерлік құйрықсыздардың және кейбір құйрықтыларда ұрықтану сыртта өтеді, құйрықтылардың көпшілігінде және аяқсыздарда ұрықтану іштей. Әдетте, жұмыртқа туады, тірі туатындарда кездеседі. Дамулары толық өзгермен жүреді, дернәсілдері ересектерінен айырықшаланады (әсіресе құйрықсыздалардың шөміш бастылары). Уылдырықтарын жерге салатын кейбір қос мекенділердің дамулары тікелей. Кейбір құйрықтыларға жыныстық ерте жетілу тән.
Қазақстанда қос мекеділердің екі тобының: құйрықты және құйрықсыздардың екі өкілі бар.