Құйрықтылар. Сібір бұрыштістісі Солтүстік Қазақстанның шалғындықтанында, шалшықтарында және өзендерінде тараған. Суда тек көбею кезінде болады. Ымыртта және түнде тіршілік етеді. 40-125 уылдырық береді. Негізгі қоректеріл қос қанаттылардың дернәсілдері, қаңыздар, шаян тәрізділер және ұлулар. Бұлардың экологиялық маңызы зор.
Жетісу аяқты балықтары Жоңғар Алатауының батыс жағында өзендерде, жылғаларда, бұлақтарда теңіз деңгейінен 1700-2500м биіктікте кездеседі. Негізінен суда өмір сүреді. Ымыртта және түнде тіршілік етеді. Негізгі қоретері жауын құрттар, ызылдақтар, қос қанаттылар. Қазақстанның қызыл кітабына енген.
Кәдімгі тритон Эмбіде, Аралдың солтүстігінде, мүмкін Балхашта бөлектерген жерлерде кездеседі. Таяз, тұрақты суларда тіршілік етеді. Ашық жерлерден қашады. Ымыртта, түнде аңшылық жасайды. Құрттармен, жәндіктермен, өрмекшілермен қоректенеді. Экологиялық маңызы жоқтың қасы.
Құйрықсыздар. Жұмыр тілділер, тасбақалар, құрбақалар,көлбақалар тұқымдастарынан құралған. Барлық өкілдері пайдалы, экологиялық маңызы мол. Қызыл бауыр шұбар бақалар қоңыздармен, масалардың дернәсілдерімен, ұлулармен және өрмекшілермен, кәдімгі тасбақалар, қоңыздар, масалар, түн көбелектерінің жұлдызқұрттарымен, құрбақалар, шегіркелермен, құмырсқалармен, шыырнды ұлулармен, жұлдыз құрттармен, өрмекші тәрізділермен, уылдырықтармен қоректенеді. Аталған қоректік заттар жануарлардың және адамдардың тоғышарларының аралық иелері болып келеді. Оларды жойып адамзатқа үлкен пайда келтіреді. Көптеген бақалар көптеген ғылыми жұмыстарда және оқу мақсатында пайлаланылады. Кейбір елдерде көлбақаларды тамақ орнына қолданады.
3. Бауырмен жорғалаушыларға жалпы сипаттама Бауырмен жорғалаушылар карбон дәуірінің екінші жартысында қос мекенді стегоцефалдардан шыққан. Одан кейін ұзақ даму кезенінде нағыз құрылық жануарларына айналып, қос мекенділерге қарғанда белменді тіршілікке бейімделіп құрылыққа көбейіп және сусыз жерде дамуға үйренген.
Денелерінің ұзындығы бірнеше см-ден 10м-ге дейін жетеді. Қаңқадлары бүкіл дерлік сүйектелген. Басы мен кеудесінің қосылған жері қозғалмалы. Бас сүйегін көптеген бауырмен жорғалаушыларда жоғарыдан және бүйірлерінен жабынды сүйектер қорғап тұрады. Самай жағында ол сүйектер жұқарып тесіледі. Ол тесіктер 1 немесе 2 самай иінімен бөлінеді. Аяқтары (басқа құрлық омыртқалары сияқты) бес саусақты (кейбір топтарда саусақтарының немесе бүкіл аяқтарының жойылғаны байқалады). Көптеген бауырмен жорғалаушыларда қабырғалар төспен жалғасып көкірек қуысын құрайды сол арқылы қабырғамен тыныс алуды қамтамасыз етеді. Былай тыныс алу бірінші рет осыларда пайда болған. Құстарға және сүтқоректілерге қарғанда милары жақсы дамымаған, бірақ мишықтары жақсы дамығын, ол күрделі қимылды реттеуге байланысты. Екі қан айналу шеңбері бар, қос мекенділерге қарағанда толық бөлінген.
Жүректері үш бөлімді (2 жүрекшесі және қарынша), ал қолтырауындарда 4 бөлімді. Өкпелері торшаланған, кеңірдегі және ауа тамырлары бар. Зәр шығару мүшелері денелік бүйректер, көпшілігінде қуық бар. Аталықтарында (таутерілерде басқасында шағылысқан мүшелері (жыландармен кесірткелерде ол жұп болып келеді) бар. Терілері (су жұмсақ денелі тасбақларынан басқа) мүйізделген қабықшалармен немесе қалқаншалармен жабылған. Тері бездер жоқ, егер болса аз. Денелерінің тұрақсыздығынан олардың белсенділігі қоршаған ортаның жылуына байланысты. Дар жыныстылар. Ұрықтануы іштей. Кейбір кесірткелермен жыландарға ұрықтантанбай өсу тән. Көпшілігі жұмыртқа салады, кейбірі тірі туады, Жұмыртқалары сары уызға байлары қатты әктелген (тасбақалар мен қолтырауындарда) немесе жарғақ тәрізді (кесірткілер мен жыландарда) қабықтармен оранған. Ол қабықтар балапандарын құрғап кетуден сақтайды. Жұмыртқадағы ұрық 1-2 айдан 1 жылға (таутерілерде одан да көп) дейін дамып жетіледі. Көпшілігі ұрпағына қамқорлық жасмайды. Бауырмен жорғалаушылардың көпшілігі жыртқыштар немесе жәндік жегіштер.Кейбір кесірткелер (ешкі емердлер және игуандар) талғаусыз қоректенеді. Құршылық тасбақалар шөппен қоректенді. Көптеген бауырмен жорғалаушылардың етін таммаққа, терісін және қалқансауыттарын әшекейлі заттарға пайдалану, жыландардың уын қолдану олардың санын еддәуір қысқартады.
Қазақстанда бауырмен жорғалаушылардың екі тобы кездеседі: тасбақалар және қабыршақтылар.
Тасбақалар. Олардың тұщы су тасбақа және құрлық тасбақа тұқымдастары бар. Алдыңғылары Жайық, Арал аймағында ағысы жай тұщы су қоймаларында, Ертіс және Торғай өзенінің сағаларында өмір сүреді. 5-6 ай бойы су түбінде сіресіп жатады. Жылы кезде күндіз де түнде де тіршілік етеді. Екі рет11-16-дан жұмыртқа салады. Пайдалы, зиянды жәндіктерді жояды. Кейінгілері Оңтүстік Қазақстанда каспийден Алакөлге дейін құмдықта және шөлейттерде, кейде мәдени жерлерде кездеседі. 3-4 ай ғана белсенді тіршілік жасайды. Екі рет 1-4 жұмыртқа салады. Шөппен қоректенеді. Кәсіптік маңызы бар.