Кіші «Балапан» тобындағы балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру циклораммасы
Айы: Ақпан
Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»
Апта тақырып: Теңіз, мұхиттар әлемінде
Мақсаты: Құрлықта және суда тіршілік ететін жануарларды ажырата білуге үйрету.
Міндеттері:Балаларды теңіз астындағы жәндіктермен таныстыру; І-апта 31.01 -04.02.2022жыл
Күн тәртібі
|
Уақыты
|
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
Балаларды қабылдау
Ойындар(үстел үсті,саусақ)
Таңеретңгі гимнастика
|
8.00-8.50
|
Балалардың сәлемдесуін пысықтау.Ата-аналаремен сұхбаттасу.Балалардың қал жағдайын,көңіл күйін сұрау.Жағымды жағдай орнату. Тәрбиешімен бірге балаларды қабылдау. жағымды жағдай жасау. Дене қызуын өлшеу.тазалығын тексеру арнайы журналға тіркеу
|
«Сәлеметсіңбе,
Балабақша!»
Әнұран орындау.
|
«Қайырлы таң балабақшам!»
Әнұран орындау.
|
«Сәлеметсіңбе,
Балабақша!»
Әнұран орындау
|
«Қайырлы таң балабақшам!»
Әнұран орындау
|
«Сәлеметсіңбе,
Балабақша!»
Әнұран орындау
|
Ақпан айына арналған жаттығулар кешені №
|
Таңғы ас
|
8.50-9.20
|
Балалардың беті қолын жуып,таңғы асқа отырғызу. Асты сөйлемей ішуге және астан соң беті қолды жууға дағдыландыру.
Жаттығулар кешені.
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
|
Ойындар ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындық
Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырылға оқу қызметі
|
9.20-
9-30
9.30-10.30
|
1.Денешынықтыру
2.Сурет салу
|
1. Сенсорика
|
1.Денешынықтыру
2.Сөйлеуді дамыту
|
1.Құрастыру
2.Жаратылыстану
|
1.Музыка
2.Дене шынықтыру
|
1.Денешынықтыру
Тақырыбы: Гимнастикалық орындық үстімен қолды белде ұстап жүріп өту
Мақсаты: Мақсаты:1. Гимнастикалық орындық үстімен қолды белде ұстап тепе-теңдікті сақтап баяу жүруді үйрету.
2.Дене ептіліктерін дамыту.
3.Шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың. Жаттығуымызды бастайық
1. Арнайы жаттығулар
2. Жүгіру жаттығулары
Жақсы балалар. Енді біз қазір орындық үстімен қолды белге қойып жүреміз арақашықтықты сақтай отырып денелерімізді дұрыс бір қалыпты ұстап жүруді үйренеміз.
Қимылды ойын: «Орныңа бар»
Шарты: Балалар екі қатарға бөлініп қолына допты алып жіптердің арасынан жүгіріп өту қажет
Балаларға сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар қойылады Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Гимнастикалық орындық үстімен қолды белге қойып жүру.
Меңгеруі: Арақашықты сақтап жасау.
2.Сурет салу
Тақырыбы:Балықтар жүзеді
Мақсаты: а)езілген бояуды жүргізу арқылы қағаз бетін толық бояуға үйрету; ә)қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; б)балалардың бояумен жұмыс істеуге деегн қызығушылығын және өз жұмысына деген қуаныш сезімін ояту.
Тәрбиешінің іс-әрекеті Тәрбиеші балаларға қағаз бетіне салынған балықтың суретін көрсетеді. -Мынау – аквариум, мұнда балықтар өмір сүреді. Балаларға келесі жұмбақтың шешуін табуды ұсынады: Қызыл түсті, Мөлдір сулы. Сары түсті, Тасты, құмды. Жасыл түсті балықтар, Әйнек үйде қалықтар. Ол не, балалар?
-Сендер балықты қайдан көрдіңдер? -Балалар, бізде көптеген аквариумдар бар, сендер өздеріңе ұнаған аквариумды таңдап алып, оған судың суретін салыңдар. Ұнаған бояуларыңмен қағаз бетін түгелімен бояйсыңдар
Тәрбиеші аквариумды бояудың жолдарын көрсетеді. Қылқаламды темір бөлігінен ағаш бөлігіне дейінгі тұстан үш саусақтың арасына қатты майыстырмай ұстау керектігін түсіндіреді. Қиналған балалардың қолдарынан ұстап бояуға көмектеседі. Сергіту сәті: Өзенге біз барайық, Балық аулап алайық. Ұстап алған балықты, Аквариумға салайық.
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын талқылап, аквариумдағы балықтардың көңілдері көтерілгенін айтады.
Күтілген нәтиже:
Нені білді: балықтардың үй жағдайында аквариумда өмір сүретінін.
Қандай түсініктерді игерді: қылқаламды дұрыс ұстауды, ұқыпты бояй білуді, ептілікті, икемділікті.
Меңгерген дағдылары:түрлі түсті бояу арқылы суды көлденең бояп салуды;
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |