1.Құрастыру
Тақырыбы: Балықтар Мақсаты: Су асты патшалығы жайлы білімдерін кеңейту, су жәндіктерін жапырақтан жасалу жолдарын көрсете отырып, балықтың бөліктерімен таныстыру.
Шаттық шеңбері
Аспанда күн ыстық
Ал жерде кім ыстық?
Әке мен шешеміз
Сүйікті тым ыстық.
Жасасын туыстық,
Достық пен тыныштық.
Балықтардың түрлерін сурет бойынша көрсетіп әңгімелеу, және аквариумдағы балықтар туралы өз ойларын айтқызу. Балаларға үлгі сурет бойынша талдау жасату.
Суда жүзген балықты кепкен жапырақтан жасау оңай әрі ыңғайлы. Ол үшін бізге көк немесе көгілдір қатты қағаз керек болады. Сонымен қатар бірнеше әртүрлі пішіндес кепкен жапырақтар қажет, қарақұмық, бұршақ, скотч, түрлі түсті қағаз және фломастер.
-Таңдап алған көк түсті қатты қағаздың астыңғы жағына ПВА желімімен желімдеп, үстіне қарақұмық пен бұршақты араластырып себеміз. Кепкен жапырақты қағаздың ортасына көлденең жапсырамыз, балықтың құйрығын жасау үшін, бір кішірек жапырақты таңдап аламыз да, оны бір- біріне жартылай беттестіріп жапсырамыз, ал балықтың қанаттарына кішірек жапырақтар таңдалады. Балықтың көзіне қара фломастермен жасаймыз. Су астының өсімдіктерін, ағаштың ұсақ бұтақтарын желіммен жапсырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |