Қимылды ойын: «Орныңа бар»
Шарты: Балалар екі қатарға бөлініп қолына допты алып жіптердің арасынан жүгіріп өту қажет
Балаларға сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар қойылады Күтілетін нәтиже: Білуі тиіс: Гимнастикалық орындық үстімен қолды белге қойып жүру.
Меңгеруі: Арақашықты сақтап жасау.
2.Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Суды жақсы көретіндер
Мақсаты:
Білімділік: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету. Судың ерекшелігіне, қажеттілігіне және қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Балаларды сөйлету арқылы тілін дамыту.
Шаттық шеңбер:
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын кун келді.
Келіп шықты кун бугін!
Қайырлы таң, балалар!
Жұмбақ:
1. Қанаты бар - ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды. (Балық)
- Дұрыс айтасыңдар балалар!
Бұл - балық. Балық суда тіршілік етеді. Ол желбезектерімен тыныс алады.
2. Аппақ жүнді үлпілдек,
Жалғыз жүрген тым сирек. (Қоян)
- Қоян да құрлықта тіршілік етеді. Ағаштың бұтақтары мен тамырларын қорек етеді. Қоянның тіршілігі үшінде су өте қажет.
3. Шелектеп су құйсаң да су жұқпас (Үйрек)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Үйрек - үй құсы. Жабайы үйректер де болады. Олар - су құстары. Суда жүзеді.
Су және суда тіршілік ететін жануарларды таныстыру.
Дид. ойын: «Көлеңкесін тап!»
Шарты: Балалар балықтарды көлеңкесіне орналастырады.
- Балалар, сендер балықтарды көлеңкесіне дұрыс орналастырып, алтын балықтың достарын тез тауып бердіңдер.
Сергіту сәті:
Таза суда балық жүзді,
Аққу мойнын созды.
Қаз қанатын жайды,
Үйрек келіп қонды.
Дидактикалық ойын: «Кім қайда тұрады?»
Шарты: Суда және құрлықта мекендейтін жануарларды ажыратып, оларды орналастыру.
Күтілетін нәтиже: Балалар судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы біледі;